Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан халқы ассамблеясының құзыреттері

“Қазақстан халқы Ассамблеясы” тарихына тоқталатын болсақ, сонау 1992 жылы Қазақстан халықтарының 1-ші форумында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан халықтары Ассамблеясын” құру туралы тың идея ұсынған болатын. Сол идея 1995 жылы 1 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ел тарихында тұңғыш рет “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” құрылды.

“Қазақстан халқы Ассамблеясының” пайда болуы, еліміздің ішкі және сыртқы саяси ахуалына елеулі оң әсерін тигізді. Осы жөнінде БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы К. Аннан бұл теңдесі жоқ ұйым туралы өте жоғары пікір білдірді: “Қазақстан бүгінгі таңда басқа мемлекеттердің тұрақты дамуына, ұлтаралық келісімнің үлгісіне айналып отыр. “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметінің арқасында әр түрлі этникалық, мәдени, діни топтар мемлекетте өздерінің өміріне қатысты маңызды мәселелерді шешуге қол жеткізіп отыр”, - деп өз ойын білдірді.

Көптеген шетелдік және отандық БАҚ өкілдері қазақстандық даму моделі туралы әңгіме қозғалып жүр. Себебі, бүкіл әлем, соның ішінде еуропалық мемлекеттер Қазақстанда болып жатқан өзгерістерден қалыс қала алмайды. Себебі, Қазақстан бәрімізге белгілі 2010 жылы ТМД мемлекеттерінің арасында тұңғыш рет ОБСЕ-ге төрағалық етеді. Сондықтан да Қазақстанға көз тігуі айтпаса да түсінікті.

Сол себепті де, қазақстандықтардың алдында қоғамды одан әрі демократияландыру  мен азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру міндеті тұр.

2002 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті “Қазақстан халықтары Ассамблеясының” 2007 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды.

Ал “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметі тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі 2007 жылғы 21 мамырдағы елімізде орын алған Конституциялық реформаның нәтижесінде “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” Конституциялық статусқа ие болады. Оны еліміз тарихында алтын әріппен жазылатын саяси оқиға деп бағалауымыз қажет. Қазақстандағы ұлттық саясаттың құқықтық негізі, әрине Конституция болып табылады.

Жаңа мәтінмен толықтырылған Конституциямыздың 51-бабына сәйкес “Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайлану өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі” делінген.

Қазақстан халықтары Ассамблеясына конституциялық құқықтық мәртебенің берілуі бір жағынан “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” үшін үлкен мәртебе болғанымен, екінші жағынан оларға күрделі міндеттер жүктеліп отыр.

Қазіргі таңда “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” қызметін реттейтін негізгі құқықтық құжаттардың қатарына Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті туралы заңы, “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” стратегиясын және де “Қазақстан халықтары Ассамблеясы” туралы арнайы заңды жатқызуға болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазанда қабылданған заңға сәйкес “Қазақстан халқы Ассамблеясы” (бұдан әрі - Ассамблея) – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблея  өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер [1, 2 б.].

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақстандық патриотизмді, ұлт бірлігін және ұлт аралық татуластықты сақтауға қызмет ету болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың ұйытқысы да және этносаралық келісімді қамтамасыз етуші құрылым.

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде белгілі бір негізгі міндеттерді атқаратын ұйымға жатады. “Ассамблеяның негізгі міндеттері мыналар:

  • Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
  • Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
  • Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
  • Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады” [2, 2 б.].

Қазақстан халықтар Ассамблеясының қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
  • этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру;
  • демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау;
  • этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспасөз қызметін жүзеге асыру;
  • этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;
  • мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларын қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу;
  • шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарн нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;
  • этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
  • этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
  • этносаралық қақтығыстар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамлық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семнарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
  • этносаралық және конфессиаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
  • Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет болып табылады” [3, 3 б.].

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің қызметін жүзеге асыру барысында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығына, халық пен мемлекет мүддесіне және жариялық қағидаларына және дербес жауапкершілік негізіне сүйеніп, өзінің қызметін жүзеге асырып отырады. Бұл айтылғанның барлығы ассамблеяның қызметінің басты қағидаларын құрайды.

“Ассамблеяның және облыстар (республикалық) маңызы бар қала, Астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының-этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып, өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.

Ассмблеяға мүшелікке кандидатуралар:

  • Облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі;
  • Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;
  • Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.

Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы.

  • Этномәдени қоғамдық бірлестіктерден облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі;
  • Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелік барлық кандидаттар кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекітуіне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін [4, 2 б.].

Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері де өзінің қызметін жүзеге асыру барысында осы қағидаларды басшылыққа алуы қажет және сонымен қатар, қызметін жүзеге асыру барысында заң бойынша мынандай мәселелерге көңіл бөлуі қажет:

  • мемлекеттік ұлттық сасатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;
  • этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым- қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруда нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
  • этносаралық қатынастар мәселесі бойынша конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

  • этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;
  • ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындатуға;
  • ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;
  • мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол беремуге;
  • ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады” [5, 2-3 бб.].

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы №70-ІҮ Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 21 қазан.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.