Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген заңнаманың негізгі бастауы, тірегі болып табылады. Қолданыстағы салалық заңнама Конституция талаптарына сүйене отыра әрі қарай дамиды және өрби түседі. Соның ішінде еліміздің Конституциясы азаматтык іс жүргізу саласының да негізгі бастауы. Азаматтық іс жүргізу саласында Қазақстан Республикасының Конституциясының алатын орны мен атқаратын қызметін айқындау барысында, жалпы Конституцияның мәні мен маңызына тоқталып өтпей болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен оның азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының бұдан бұрынғы 1993 жылғы Конституциясымен салыстырғанда жаңа Конституция барынша жетілдірілген ішкі біртұтастығымен және қазіргі заманғы либералдық- демократиялық құндылықты толық баянды етумен барабар, еліміздің даму тенденцияларымен, мемлекет биліктерінің шегін белгілеп беруімен ерекшеленеді [1, 24-25 бб.]. Конституцияға барлық құқық салаларының бағыттары оның ішінде азаматтық іс жүргізуде негізделе отыра, жузеге асырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының ағымдағы заңнамада атқаратын рөліне байланысты еліміздегі оқулықтардың бірінде мынадай тұжырым берілген болатын: "Таким образом, Конституция Республики Казахстан, являясь юридической базой развития текущего законодательства, предопре- деляет содержание производных нормативных правовых актов. Объекты регулирования Конституции и текущего законодательства могут иметь точки соприкосновения, но не являются тождественными. В этой связи необходимо обратить внимание на основные аспекты разграничения объекта конституционного регулирования и текущего законодательства:
- Конституция, являясь Основным законом общества и государства, актом высшей юридической силы, содержит учредительные, первичные нормы, закрепляющие основы конституционного строя республики, основы правового положения личности, основы правового статуса органов государства и местного самоуправления; а акты текущего законодательства воспроизводят, развивают и конкретизируют конституционные нормы;
- нормы Конституции направлены на комплексное, всеохватывающее регулирование основополагающих общественных отношений; акты текущего законодательства регулируют лишь отдельные сферы (стороны) этих отношений;
- Конституция закрепляет основные начала важнейших государственно-правовых институтов, устанавливает их фундамент; акты же текущего законодательства завершают нормативно-правовое оформление этих институтов;
- Конституция в отличие от актов текущего законодательства,регулирующих зачастую процессуальные отношения, содержит материально-правовые нормы" [2, С. 87]. Бұл өте орынды пікір деп санаймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы азаматтық іс жүргізудің негізгі талаптарын жалпы Конституцияда бекітілген принциптерден, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты ұстанымдардан көре аламыз. Еліміздегі азаматтық іс жүргізу, негізінен демократиялық, гуманистік, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, билікті бөлу, сот тәуелсіздігіне, жалпы азаматтық қоғаммен құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асуы қажет. Сонда ғана біз азаматтық іс жүргізудің дамыған елдерде қолданылатын, демократиялық үрдістердің деңгейіне жете аламыз. Бұл талаптардың сақталуы елімізді дамыған елу мемлекеттің деңгейіне көтеруге негіз болатын алғышарттардың бірі деп те санауға болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты Конституцияда көрініс тапқан талаптар азаматтык іс жүргізудің де негізгі айқындаушы қағидаларын құрайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 7-бөлімі, еліміздегі соттардың мәртебесі мен сот төрелігіне арналған. Конституцияның 77-бабында көрініс тапқан мына талаптар:
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Накты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
- адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
- жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни кызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындау негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері
Республиканың барлық соттар мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады [3, 29 б.]. Міне, мұның барлығы азаматтық іс жүргізу саласында соттың басшылыққа алатын және өз кызметінде пайдаланатын қағидалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық іс жүргізу саласындағы демократиялық талаптардың барлық мүмкіндіктерін, оның негіздерін орнықтырған басты құқыктық құжат. Конституция талаптарының негізгі идеялық өзегін бұзбай әрі қарай өрбіту, қолданыстағы заңнаманың басты міндеті болып табылады. Заң шығарушы әрқашан да осы жағдайға үлкен мән беруі қажет. Сонда ғана біз азаматтық іс жүргізудің конституциялық талаптарын қамтамасыз еткен боламыз.
Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық іс жүргізу саласында жариялық, демократиялық принциптерді бекіткен негізгі заң болып табылады.
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті жарғы, - 368 б.
- Конституционное право Республики Казахстан: Учебник / Сост. А.Т. Ащеулов. - Алматы: КазГЮА, 2001. - 656 с.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист 2004. - 36 б.