Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық даму теориясы мен тәжірибесін талдау

Инновациялық даму теориясының макродеңгейі ұлттық инновациялық жүйелердің (ҰИЖ) қалыптасу тұжырымдамасын көрсетеді, ол 1980-1990 жылдары дами бастады. Ұлттық инновациялық жүйе деп инновациялық өнімдерді жасау мен өткізу барысында өзара әрекеттесетін және мемлекеттік инновациялық жүйені дамыту саласында жүргізетін саясаттың шеңберінде өзінің қызметін жүзеге асыратын инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілерінің жиынтығы түсіндіріледі. ҰИЖ тұжырымдамасын негізгі әзірлеушілер К. Фримен [1], Б. Лундвалл [2] және Р. Нельсон [3] болды, олардың институционалдық аспектісіне және инновациялық қызметтің институционалдық мән-мағынасына тікелей әсеріне ерекше көңіл бөле отырып, оқу және білімді жинақтау үдерістеріне маңызды рөл берді.

Қазақстан индустриясының жоғары технологиялық өндірістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі 20052015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданған [4], оның мақсаты отандық және шетелдік ғылыми әлеуетті пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті түпкі өнімді жасау болып табылатын ашық түрдегі инновациялық жүйені қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының ҰИЖ төрт негізгі элементтен тұрады – бұл ғылыми әлеует, инновациялық кәсіпкерлік, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым [4].

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан Республикасының ҰИЖ даму механизмдерінің бірқатар кемшіліктері бар екендігін де атап өту қажет:

  • іргелі зерттеулерді, әсіресе тәжірибелік-құрастырушылық әзірлемелерді шамалы мөлшерде, тікелей қаржыландыру, оның нәтижесінде көптеген университеттер өздерінің өнертабыстары мен зертханалық үлгілерін өнеркәсіпте іске асыра алмайды;
  • мәселені реттеудің жанама шаралары жүйесінде тәжірибелік-құрастырушылық әзірлемелер сатысын аяқтауға және өнеркәсіппен байланыстарды іске асыруға ықпал етпейтін қағаз жүзінде құрылған, бірақ жұмыс істемейтін инновациялық инфрақұрылым қиындық тудырады;
  • ұйымдастырушы инноваторларға жанама қолдау көрсетудің шамалы деңгейдегі шаралары, оның ішінде салық несиесі, венчурлық несиелеу бойынша отандық инновациялық бизнеске тең келмейтін шаралар.

Инновациялардың қатысуымен экономикалық дамудың маңызды тәсілі кластерлер теориясында айтылған. Экономикалық әдебиетте кластер бірыңғай технологиялық тізбекпен байланысты және секторлық тәсілдің баламасы болып табылатын мамандандырылған жеткізушілердің, негізгі өндірушілер мен тұтынушылар желілерін өңірлік шоғырландыру базасында қалыптасқан индустриялық кешен ретінде анықталады [5, 6 б.]. Кластерлер теориясының дамуына үлкен үлес қосқан американдық ғалым М. Портер [7]. Оның пікірінше кластер – бұл географиялық жағынан көрші компаниялардың (жеткізушілер, өндірушілер және т.б.) және белгілі бір салада қызмет ететін және бірін-бірі өзара толықтыратын, олармен байланысты ұйымдар (білім беру орындары, мемлекеттік басқару органдары, инфрақұрылымдық компаниялар) тобы.

Кластердің графикалық құрылымы 1-суретте берілген. Суреттен көретініміздей, кластер өнеркәсіптік-өндірістік өзектен және оның толыққанды қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық сегменттен тұрады. Инфрақұрылымдық сегмент – бұл білікті кадрларды даярлауды, инновацияларды дайындауды қамтамасыз ететін, қаржылық, ақпараттық және басқа да қызметтер көрсететін әртүрлі бағыттағы мекемелердің желісі. Инфрақұрылымдық сегментте мемлекетке ерекше рөл беріледі. Кластерлік саясат саласындағы мемлекеттік органдардың негізгі міндеті кластерлік бастамаларды жасау мен іске асыруды ынталандыру және қолдау болып табылады.

Кластердің маңызды ерекше белгісі оның инновациялық бағытталуы болып табылады. Едәуір табысты кластерлер әрі қарай «нарық тауашаларына» шыға отырып, өндіріс техникасы мен технологиясы саласында «серпіліс» жүзеге асырылатын немесе күтілетін жерде қалыптасады. Базистік инновациядан кластер түрінде олардың бірлестігіне ауысу – бұл жай ғана рәсім емес, бірақ макродеңгейге жататын сапалы санатқа ауысу [8]. Бастапқыда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін зерттеулерде ғана пайдаланылған кластерлік тәсіл қазіргі уақытта ауқымды міндеттерді шешу, оның ішінде салалар мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кезінде қолданылады [6].

«Қазақстан 2050» стратегиясы [9] бойын-  ша Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ел өнеркәсіп әлеуетін, ғылыми және білім беру орталықтарын, кәсіпкерлік құрылымдарды шоғырландыра отырып, сауда-өнеркәсіп палаталары мен басқа да іскерлік құрылымдардың көмек көрсетуінің арқасында кластерлік бірлестіктерді қалыптастыруда.

Қазақстан дамуының басты негізі оның мұнай-газ ресурстары болып табылады. Сондықтан Ресейдің, АҚШ, Қытай, Индонезия мен әзірбайжан елдерінің компанияларымен ынтымақтастық жасауға бағытталған ұлттық мұнай химиялық кластері болып табылады. Мұнай мен газдың экспортынан басқа кластердің аясында пластмасса, полипропилен мен басқа да материалдардың өндірісі қарастырылады.

Индустриялық серпіліс үшін басынан жеті сала белгіленген, олардың ішінде агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі, мұнайды қайта өңдеу, металлургия, ядролық энергетикамен бірге энергетика саласы бар. Инновациялар саласында оның ережелерін Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада [10], Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялықинновациялық даму стратегиясында [11], Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасында нақтыланады [12].

Осы  бағдарламаларға  сәйкес  Қазақстан  да инновацияларды шоғырландырудың негізгі орындары (инновациялардың кластерлері) технопарктер болуы тиіс. Технопарктер жүйесін қалыптастыру жөніндегі қызметтің басында (шамамен бес жыл бұрын) мұндай күш-жігер сол кезде қазақстандық әзірлеушілер ұсынатын барлық (шамамен 300) инновациялық бастамаларды біртіндеп қамтитындығы көзделген, алайда бұл көрсеткішке әлі қол жеткізілген жоқ [13].

Қазіргі уақытта республикада технопарктердің екі деңгейлі жүйесі қалыптасқан – Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, өскемен, Петропавл және Астана қалаларындағы алты ұлттық және жеті ірі өңірлік технопарктер.

Келесі ұлттық ғылыми-технологиялық парктерді атап өту қажет: Ақпараттық технологиялар паркі (АТП) (Алатау ауылы); Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі (Атырау қаласы); «Тоқамақ» ядролық технологиялар паркі (Курчатов қаласы); ғарыштық мониторинг технопаркі (Алматы, Астана және Приозерск қалалары). Жуық арада «Назарбаев университетінің» базасында (Астана қаласы) ғылыми ЕЭА қалыптастыру белгіленген.

Ұлттық технопарктер Қазақстанда экономиканың болашақ бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін өнеркәсіптің жаңа жоғары технологиялық салаларын құруға бағытталған. Ұлттық технопарктердің ерекше белгісі олардың қызметінде салалық бағытталуының және жеңілдетілген түрде салық салынатын Арнайы экономикалық аймақ (АЭА) тәртібінің болуы.

Қазақстандық технологиялық парктерге тән белгінің бірі олардың жұмысқа алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын және ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, ірі кәсіпорындардың аумағында орналасуы. Мысалы, 13 қазақстандық алдыңғы қатарлы техпорактердің үшеуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҰТУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ секілді жоғары оқу оындарының аумағында орналасқан, қалған 10-ы өз қызметін ірі өнеркә-  сіп кәсіпорындары мен ғылыми орталықтардың аумағында жүзеге асырады.

Қазақстанның технопарктерінде меншіктің аралас құрамы басым болып келеді, яғни мемлекеттік және жеке меншік сектор бірлесіп, жоғары технологиялық жобаларды іске асыруға қатысады. Қазақстандық технопарктердің бір бөлігі бизнес-инкубаторлардан тұрады. Бинзес инкубаторлар – бұл шектелген уақыттың ішінде (екіден бес жылға дейін) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындар, жеңілдетілген шарттармен үй-жайларды жалға алатын ғимарат немесе бірнеше ғимараттар [13].

Қазақстан Республикасының Үкіметі инновациялық инфрақұрылым объектілеріне қатысты бірқатар артықшылықтарды қарастырған. Мысалы, Алатау ауылындағы АТП АЭА-да корпоративтік салық жартысына азайтылған, жер және мүлік салығынан қатысушылар толығымен босатылған, ал қызметтерді іске асыру айналымдары қосымша құн салығынан босатылады. Қатысушылар әкелінетін тауарларға кедендік төлемдерден босатылған және даму институттарынан жеңілдетілген тәртіппен қаржыландыру алады.

Осылайша, Қазақстанда технологиялық парктер секілді инновациялық құрылымдарды енгізу жеткілікті түрде белсенді жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. Сонымен бірге, жоғарыда аталған жобалар қазіргі уақытқа дейін индустриялық-инновациялық даму міндеттерін қоса алғанда, өздеріне жүктелген функцияларды толық көлемде орындамайды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Freeman , Clark J., Soete L. Unemployment and the echnical Innovation: A Study of Long Waves and Economic Development. – London: Frances Pinter, 1982. – 214 p.
  2. Lundvall B.-A. (ed.) Innovation Systems: owards a heory of Innovation and Interactive Learning. – London: Pinter Publishers, 1992. – 342 p.
  3. Nelson, R. (ed.) National Innovation Systems: A Comparative Analysis / R. Nelson. – New York: Oxford University Press, 1993. – 541 p.
  4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2005 года № 387 «Об утверждении Программы по формированию и развитию национальной инновационной системы Республики Казахстан на 2005 – 2015 годы» // http:// ru.government.kz/docs/p050387_rus.html
  5. Ашхотов В.Ю. Отраслевые драйверы устойчивого развития региональной экономики: методология исследования, инструментарий оценки и позиционирования: автореф… док. экон. наук. – Кисловодск: КЮГСА им. С.А. Кокоева, – 46 с.
  6. Куприянов С.В., Стрябкова Е.А. Кластер как форма организации и современного развития промышленности (теория и методология). – Белгород: БелГТУ, – 97 с.
  7. Портер М. Конкурентная стратегия: методика анализа отраслей и конкурентов. – М.: Альпина Бизнес Букс, – 453 с.
  8. Hove van den , Roelandt ., Grosfeld . Cluster specialization patterns and innovation styles. – Haag: Dutch Ministry of Economic Affairs, 1998. – 108 p.
  9. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // КАЗИНФОРМ: [http://inform.kz/kaz/article/2518877], 12.2012
  10. Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2014 года № 874 «Об утверждении Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы» // [http://adilet.zan.kz/ rus/docs/U1400000874]
  11. Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года № 1096 «О Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы» // [http://ru.government.kz/docs/uhtm]
  12. Указ Президента Республики Казахстан от 4 июня 2013 года № 579 «Об утверждении Концепции инновационного развития Республики Казахстан до 2020 года» // [http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1300000579]
  13. Инновационно-технологические кластеры стран-членов МЦНТИ (информационный материал) // Международный центр научной и технической информации. – 2013 (февраль) // [http://icsti.ru/uploaded/201304/cluster.pdf]

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.