Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқыту технологияларын пайдаланудың маңызы

Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді.

Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген:

«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз... Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» [1]. Елбасы Н. Назарбаев аталмыш Жолдауда «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған да болар. Қазіргі таңдағы нәтижеге бағытталған білім оқу процесінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді. Бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту» емес, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан тұрады.

Тіл пәнін үйретудің, оқытудың, сол тілде сөйлеуді қалыптастырудың, дамытудың негізгі құралдары-оқу жоспары, оқыту бағдарламасы және оқытушының ізденімпаздығы, шеберлігі, жаңашылдығы. Тіл үйрену үшін студенттердің жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу қажет.

Тілдік фактілер-қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі нысаны. Адамның ойлауы тіл арқылы шындықты көрсетеді. Өмірде, қоршаған ортада болған нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді. Студенттерге қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде оқытушылардың ескеретін жұмыстары көп-ақ. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде оқытушы білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады [2]. Қай педагогикалық технологиялар болмасын, ол – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік  шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған, ол оқушының өздігінен жұмыс істеуіне, өздігінен ізденіп білім алуына итермелейді.

Қазіргі кезде интернет, мобильді байланыс көздері, белсенді тақта, цифрлы технологиялар сияқты жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Психологтар В.  Давыдов, В. Рубцов жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек деген. Студенттерді технологиялық прогрестің барлық жаңалықтары өте қызықтырып отырады. Сондықтан да тұлғаны дамыту мақсатында оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін пайдалану өте маңызды рөл атқарады [3]. Бұл технологияның қазақ тілі пәнін оқытуда да қолдану мүмкіндіктері мол. Сабақта қолдану кезінде оның мынандай мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

  • сабақтың, тақырыптың моделін құру;
  • материалды толығымен жинақтау:
  • қосымша мәліметтермен толықтыру;
  • сабақты компьютер арқылы өткізу;
  • уақыт үнемдеуге болады; Материалды безендіру;
  • оқытудың ғылыми дәлелдерін арттыру; Сабақтың белгілі бір кезеңіне назар аудару;
  • керек кезінде материалға қайта оралу, еске түсіру, қайталап, жаңғырту;
  • оқушылардың өз бетімен материалды пайдалана алуы, т.б.

Белсенді тақтаның мүмкіндіктері АКТ-ты жақсы меңгерген оқытушыға сабақ үрдісінде таптырмас құрал деуге болады. Қазақ  тілінен тіл ұстарту жұмыстары, сөз таптары, т.б тақырыптарды өткенде оқушы қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында оқытудың мұндай тәсілдері мен құралдарын қолдануда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолданған жөн. Инновациялық әдіс-тәсілдерді ретімен ендіру арқылы оқытушы студенттің қызығушылығын күшейтіп, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасын көтереді. Осындай жұмыстар өз нәтижесін береді:

  • оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілдері дамиды;
  • лексикалық сөздік қоры байиды;
  • тілді үйренуге деген қызығушылығы, өз күшіне деген сенімі артады;

Студенттердің білім сапасын жетілдіруде озық технологияларды пайдалану үшін оқытушының білімі жеткілікті, жаңалықты білуге, меңгеруге құштар болуы қажет.

Инновациялық іс-әрекет ойдағыдай нәтиже беру үшін оқытушының ақыл-ой дамуының көрсеткіштері аса жоғары болу керек. Сонда ғана педагогикалық іс-әрекетке деген шығармашылық қатынастың қалыптасып, дамуына қажетті мотивациялық алғы шарт пайда болады [4]. Бүгінгі күннің оқыту технологиялары заман талабына сай болуы қажет. Технология ұғымын жүйелеуде көптеген терминдер тілдік қолданыста пайдаланылып келеді: инновациялық технология, жаңа технология, озық технология, интербелсенді технология, педагогикалық технология, педагогикалық инноватика, инновациялық процесс, шеберлікпен оқыту т.б.

Технологияның өндірістік және әлеуметтік технология секілді түрлері бар. Соның ішінде әлеуметтік технология адамдық факторды қарастырып, субъектінің өсуі мен дамуына барынша ықпалдасады. Субъектіні жаңа сапалық деңгейге жеткізу мен дамытудың жолдары тек оқыту үрдісінде ғана жүзеге аса алады. Осыған байланысты технология педагогикамен ажырамас бірлікте қарастырылады. Энциклопедиялық сөздікте педагогикалық инновацияны... білім беру процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін немесе жаңартатын білім саласындағы жаңалық [5] десе, ал, Қ. Мұқанованың зерттеу еңбегінде: педагогикалық технологияалдын ала жоспарланған нәтижеге жеткізетін реттелген әрекеттер жүйесі. Ол ғылыми тұрғыдан негізделіп, оқытушының кәсіби біліктілігін жетілдіретін, оқытуда межеленген түпкі нәтижеге жетуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жүйесі [6] деп түсіндіреді. Яғни жоғарыда аталған анықтамалардан педагогикалық технология оқыту жүйесінде жаңалықты, тиімділікті, түпкі нәтижені қажет ететіндігін түсінеміз. Бұл ретте, инновацияның алатын орны  ерекше.

Қ. Бұзаубақова инновацияны белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс десе, ал педагогикалық инновацияны педагогикалық жүйедегі жаңашылдық деп таниды да, инновацияның модификациялық, комбинаторлық, радикалдық түрлерін ажыратып көрсетеді [7]. Ескіні өзгерістер енгізіп дамытуды – модификациялық инновация, бұрынғы әдіс-тәсілдерді пайдаланып жаңадан құрастыруды-комбинаторлық инновация, жаңадан енгізілген оқыту жүйесін радикалдық инновация дейді. Соның негізінде жаңашылдықтың қандай сипатта, формада болатынын байқауымызға болады.

К. Өстеміров педагогикалық технологияны анықтауда мынадай тұжырымды анықтамалар тізбегін ұсынады:

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы [8].

Инновациялық оқыту – жаңашылдықпен оқыту дәстүрі, нормативті оқытумен салыстырғандағы білімді игертудің ерекше балама түрі. Ол оқытушы мен студенттердің дамуын қамтиды; оларды демократиялық ұстаным негізінде ортақ шығармашылық және нәтижелі қызмет пен қаруландырады; оқу білім беру жүйесіне жаңалық ендіреді [9].

Инновациялық технология бойынша оқыту білімді меңгертуге емес, жеке әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, субъектінің өзіне тән жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін назарға алып дамыту – басты міндеттердің бірі. Ә. Әлімов инновациялық технологияларға интербелсенді оқу/оқыту деген атау береді. Интербелсенді оқу дегеніміз – өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйренуші, үйренуші-өзімен-өзі форматтарында жасаған қарымқатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттері) [10]. Өзара бірлескен әрекетке құрылған бұл оқыту  технологиясының  тиімділігі шәкірт өзі ғана үйреніп қоймай, оны басқаға түсіндіре білу деңгейіне жетеді. Құрастырылған білім (конструктивизм) іздену, тану және ойтолғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекетттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды игеру сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекетттер арқылы зерттейді.

Қазір педагогика жаңалықтарын қолданылып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай пайдалана білу оқытудың мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өз тәжірибемізде алдымызға қойған мақсатымыз студенттің сабаққа деген өзіндік қызығушылығын арттыру, ынта-қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, студенттердің оқудағы іс-әрекеті арқылы оқу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуда бірлесе әрекет ету.

Сабақ барысында АКТ, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы мақсат, міндеттерді іске асырады. Сын тұрғысынан ойлау студенттің өзіне сенімділігін; әртүрлі ортада өзін еркін ұстауын; топтағы өзара көмекті; тілдік құзіреттілігін; мәтіндегі мәселелерді байланыстырып, салыстыруын, тірек сөздерді таба білуін; іскерлік дағдыларын; өз бетімен ізденісін дамытады.

Халықаралық құқық мамандығының 3-курс студенттеріне өткен «Дипломатия тарихы. Елші. Елшілік» тақырыбындағы сабағымызда үй тапсырмасын сұрау барысында топтастыру стратегиясы арқылы қызығушылықты оятуға талпыныс жасадық. Бұл жұмысымыз студенттерді үйге берілген тапсырма негізінде нота, елші, сенім грамотасы сөздері бойынша 3 топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды. Үйге берілген «Дипломатиялық қабылдау» мәтінін әрбір топ таныстырылым түрінде көрсетіп, әр топтың мүшелері сабаққа толық қатысып, өзге топтардың сұрақтарына жауап берді.Студенттер Қазақстан, Германия, Франция мемлекеттеріндегі дипломатиялық қабылдаулардың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне толық тоқталып, дипломатиялық протокол, дипломатиялық этикет терминдеріне тиянақты жауап бере білді. Әр топтың мүшелері өз тапсырмаларын тақтаға шығып белсенділікпен қорғай білді. Әрбір топтың топ басшылары бағалау бетшесіне топқа бөлінуден бастап бағалауды орындайды. Бағалау критерийлері топтағы студенттің тақырыпты аша білуі, сөйлеу шеберлігі, таныстырылымның безендірілуі, сұрақтарға жауап беруі, белсенділігі негізінде жалпы бағасы шығарылады, топ басшысы сабақ соңында бағалауға түсініктеме береді.

Шығармашыл, ізденімпаз, танымы кең тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі, оның жолы – студенттің танымдық ізденісін тиімді ұйымдастыру. Осы тұрғыда студентпен әртүрлі тапсырмалар орындауға болады. Ендігі кезекте «Дипломатия тарихы. Елші. Елшілік» атты жаңа сабағымызға көшу үшін «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы алдын-ала дайындалған слайдтар көрсетіледі. Студенттерден тақтаға назар аударып: экрандағы суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауларын сұраймын. Абылайхан, Қазбек би, Қ. Тоқаев, жоғары дәрежедегі кездесулер, елшілердің машинасы т.б. суреттерді көрсету арқылы топтар ақылдасып, сабақтың тақырыбын табады. Содан кейін «Интервью» стратегиясы арқылы төмендегі сұрақтармен жұмыс істеймін.

  1. Қазақ дипломатиясы тарихынан кімдерді білесіз?
  1. Басқа елдің қандай дипломаттарын білесіз?
  2. Одақ кезінде Қазақстан бойынша Тұңғыш Төтенше және Өкілетті елші дәрежесін алған кім және қай мемлекетте еңбек етті?
  3. Көршіңізбен Қазыбек бидің елшілікке баруы туралы сұхбаттасыңыз.
  4. ҚР-да елшіліктер саны қанша?
  5. Шетелде қанша ҚР елшіліктері жұмыс істейді?

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: тақырып бойынша лексикалық бірліктерді меңгереді, көсемше, есімше, етістіктіктің өткен шақтарының қолданылуына жаттықтыру;
  2. Дамытушылық: студенттердің топта постермен жұмыс жасауда шығармашылық қабілеттерін, сұраққа толық жауап беру немесе өзіндік пікір айту, сөйлеу тілін, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
  3. Тәрбиелік: топпен жұмыста, сыйластыққа тәрбиелеу.
  4. Кітаппен жұмыс – студенттер оқулықта берілген мәтіндермен өз беттерінше жұмыс жасайды. Оқып болғаннан кейін бір-біріне айтып талдайды.

Жаңа сабақта оқытушы тарапынан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Бразилия, АҚШ және Канададан келген елшілерден Сенім грамотасын қабылдау сәтінен түсірілген бейнебаянмен толықтырылды. Студенттер Сенім грамотасын қабылдау қалай жүзеге асатындығын, оған дейін елшілер қандай сатыдан өтетіндігін өздері мәтіннен оқығандарымен қорытындылады.

Сабақты бекітуде өтілген материалдың меңгерілгендігін анықтау үшін 2 топ бір-біріне сұрақтар дайындайды.

1 және 2-топқа берілетін тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Ал 3-топқа: Венн диаграммасы бойынша жұмыс беріледі. Әйгілі дипломаттар Талейран мен Абылайхан сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар. (Венн диаграммасы арқылы) Талейран мен Абылайхан сөздері экранда шығып тұрады. Студенттер тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

Бағалау: әр студенттің берген жауабын объективті түрде талдау. Топбасшылары өз тобындағы студенттердің бүгінгі сабақтағы алған бағаларын айтып береді. (Мұнда неліктен, неге?) сұрақтарға жауап беретіндей, бағаларды  дәлелдеп шынайы, нақты бір-бірін бағалайтын болады.

Үйге тапсырма: студенттерге үй тапсырмасының мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

  1. БАҚ-тан «Елдестірмек елшіден» айдарымен берілген материалдар жинау.
  2. «Елші қандай болу керек?» шығарма жазу. Қорыту: сабақтан күтілетін нәтиже рефлексия (оқушыларға «Не білдім? Не ұнады? Тілек» кері байланысын ұсыну). Студенттер стикерге сабаққа қатысты ойларын жазады, тақтаға жапсырады, тілектерін білдіреді.

Топтық жұмыс студенттерге бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырып қана қоймай, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Топқа бөлініп бірлесіп жұмыс жасау-ынтымақтастықты қалыптастырудың бір жолы. Сол себепті күнделікті сабақтарда студенттерді топқа бөліп отырғызуды қалыптастыру керек. «Жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,деген мақалдардың мағынасын түсініп, жолдастарына көмектескендері жөн. Сабақта топпен орындалатын тапсырмалар жиі берілу керек. Мысалы, постер дайындау, мәтін беріп бір-біріне түсіндіру, бірлесіп топта талқылау  т.б. Осындай тапсырмаларды орындау барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығы оянып, шығармшылық белсенділіктері артып,  әр берген жауабына ұпай жинау арқылы, сабақ соңында топ басшысының бағалауына әсер ететінін біліп, сабаққа белсене қатысуға барынша талпынып отырады. Топ мүшелерінің кезекпен сөйлеуі бұрын сабаққа көп қатыспайтын студенттердің де назардан тыс қалмай ашылуына септігін тигізеді. Топпен бірлесе жұмыс жасау барысында студенттер алған білімдерін қорытындылай, талдай, жүйелей отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Өз бетінше және бірлесе жұмыс істеу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік, дағдыларын қалыптастырады, тілдік құзіреттіліктерін арттырады.

Қорыта айтқанда, әрбір сабақта оқыту технологияларын пайдалану арқылы студенттер бірлесе жұмыстануда өз ойымен қатар өзгенің де ойымен санаса отырып, бір-біріне түсіністікпен қарауды үйренеді. Бірін-бірі тыңдап, сенім артып, қолдау көрсетуді үйренеді. Ұжыммен бірлесе еңбектеніп, өздерінің осы жұмысқа өз үлесін қосқандығын сезінгендері олардың қандай да болмасын жетістікке жеткендігін аңғартады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Егемен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл.
  2. Исаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 230 б.
  3. Тасмағанбетова А.Г. 12 жылдық білім беру. – Астана, 2010.– №1 (85). – 69 б.
  4. Пірімбетова М.Б. Білімдегі жаңалықтар. –Астана:-2009.-№3 (27). -72 б.
  5. Білім және Ғылым. Энциклопедиялық сөздік/ред.басқ.Ж.Қ.Түймебаев. – Алматы: Атамұра, 2009. – 135 б.
  6. Мұқанова Қ.Қ. Қазақ тілін журналистика бөлім студенттеріне қарқынды оқыту технологиясы. Пед.ғылым.д-рығылыми дәреж. алу үшін дайындал.дисс.автореф.-Алматы, 2005. – 26 б.
  7. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. – Тараз:ТарМУ, 2003. – 185 б.
  8. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялармен оқыту құралдары. – Алматы: ЖШС Казпрофтех. – 227 б.
  9. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: педагогика және психология: ред.бас.А.Қ.Құсайынов.
  10. Алматы: Мектеп, 2007. – 380 б.
  11. Әлімов А.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2013. – 448 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.