Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық құқықты қолдану тәжірибесінде кінә және себепті байланысты ескеру

Азаматтық құқықтық жауаптылық мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеу азаматтық құқық ғылымының міндеті болып табылады. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде өз рөлін атқаратыны сөзсіз. Азаматтық құқықта азаматтық құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері ерекше орын алады. Осындай ерекше назар аударуды қажет ететін ұғымдардың қатарына субъектінің кінәсі және себепті байланыс жатады.

Құқықтық ғылымның әртүрлі өкілдерімен мәні сан қырынан талқыланған басқа ұғымды юриспруденцияда табу оңайға соқпас. Кінә мәселесі жылдар бойы даулы болып келеді, және бүгінде де ол толық шешуін таба қойған жоқ. Азаматтық заңдарда «кінә» категориясы көрініс тапқанмен,    ол    толық    ашып  көрсетілмейді, міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылықтың негізі (ҚР АК-нің 159 бабы) аясында, зиян келтіргені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері (ҚР АК-нің 917 бабы) шеңберінде де кінә түсінігі қалыптаспаған. Кінә мәселесін зерттеуші цивилист-ғалымдар талқыланып отырған ұғымға әртүрлі анықтамалар береді. Атап айтқанда: «Кінә – бұл әлеуметтік қоғамда қорғауға алынған мүдделерге тұлғаның теріс көзқарасымен анықталатын құқықбұзушылық, ал ол кезегінде саналы іс-әрекетіне ұштасатын құқықбұзушының өзінің құқыққа қайшы іс-әрекетіне   және  оның  салдарына  деген психикалық  көзқарасы  [1].  Бұл  жерде  кінә түсінігіне қоғам мүддесіне деген теріс көзқарасты енгізумен келісу қиынға соғады. Себебі, құқықбұзушылық тұлғамен құқыққа сай әрекет етудемін деген сеніммен саналы түрде жүзеге асырылуы мүмкін екендігін ескеруіміз керек. Сонымен қатар, мұндай теріс көзқарас құқықбұзушылықты абайсызда жасаған кезде болмауы мүмкін.

Кінәнің кері мағынада да түсінілуі сирек кездеспейді: өзінің құқыққа қайшы әрекетіне деген психикалық көзқарасы ретінде емес, керісінше, өзінің құқыққа сай әрекетіне деген теріс, жағымсыз көзқарасы ретінде [2]. Сондайақ, кінә өз іс-әрекетінің қолайсыз зардаптарын болдырмауға қатысты құқықбұзушының өзіне жүктелген міндеттемелердің сипатына қарай талап етілген барлық мүмкін болатын шараларды қолданбауы деген ұғым да кездеседі [3], яғни бұл жерде азаматтық құқықтық қатынастардың парасатты және адал қатысушысынан нақты жағдайда күтілген іс-әрекеттің абстрактілі үлгісі қолданылып отыр. Жалпы алғанда, авторлардың әртүрлі түсіндірмелеріне қарамастан, кінә құқықбұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне және оның нәтижесіне деген психикалық көзқарасы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда кінә ұғымының негізіне алынып отырған адамның «психикалық көзқарасы» ұғымының өзін анықтап, ашып көрсетуді қажет етуі мүмкін. Әрине, «психикалық көзқарас» ұғымының «заңи» анықтамасы жоқ екендігі белгілі, себебі бұл құбылыс белгілі бір категорияларды, ұғымдарды, заңдылықтарды юриспруденция алып пайдаланатын психологиялық ғылыммен зерттеледі және анықталады. Әдебиеттерде кездесетін психикалық көзқарас ұғымына  «сана  мен  еріктің  арақатынасы» деп берілетін анықтама дұрыс  та,  бірақ  толық  емес және жеткіліксіз болып келеді. Адамның психикалық  өмірінің  басты   жақтары   бо-  лып психикалық үрдістер (адамның сыртқы әлеммен әртүрлі байланысқа түсуі кезіндегі психикалық қызметінің өзгеру кезектілігі, ойлау қызметінен бастап қозғалыс реакциясына дейін), психикалық қатынастар (адамның болмыспен таңдамалы, белсенді, оң немесе теріс байланысы), психикалық жай-күйі, тұлғаның психикалық қасиеті (қарым-қатынас, жай-күй және қызметтің қасиеті) түседі. Осы тұрғыдан психолог ғалымдар кінә ұғымына былай деп анықтама береді: «Кінә – белгілі бір шекте  ойды және сезімді, іс-әрекетті басқара алатын тиімді психикалық жүйе» [4]. Бірақ қоғамның қазіргі даму деңгейінде ғылым жауаптылық мәселесін шешу барысында құқықбұзушылық жасау кезіндегі адам санасындағы  болып жатқан психикалық процестерді тікелей зерттей алмайды. Бұл ішкі процестерді тек ол сыртта көрініс табатын субъектінің іс-әрекетіне қарап бағалауға болады.

Кінәнің түсінігін, мәнін және мағынасын анықтау кезінде тарихқа экскурс жасау бұл ғылыми зерттеудің салтына  деген  құрмет  емес, керісінше осы категорияның құқықтық табиғатын анықтау үшін қажетті  құрал  болып табылады. Ертеректе, мемлекеттің жазалау шарасы жәбірленуші немесе оның туғантуысқандары жағынан кек қайтару арқылы реттеумен шектелген, қанды кек билік құрған дәуірде кінәнің ішкі жағы ешқандай мәнге ие болмаған. Өкпелі тұлға өзіне келген зиян үшін, кінәлінің бұл зиянды келтіруін тілегені немесе тілемегеніне қарамастан кек қайтарып отырған [5]. Оның іс-әрекеті абайсызда болуы не зиян келтірген тұлғаның қазіргі тілмен айтқанда есі дұрыс емес болуы мүмкіндігіне  қарамастан зиян келтіруші тұлға жазаланатын болған. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кезеңде құқық бұзушының өз іс-әрекетіне деген субъективтік қатынасы ретінде кінә туралы ұғым қалыптаспаған болатын, сол себепті де жауаптылық кінә жоқ тұлғаларға да қолданылуы мүмкін болған.

Жауаптылыққа деген қазіргі көзқарастың дамуына адамның еркіне назар аударған рим құқықтанушылары өз үлесін қосты. Олардың ойынша адамның кінәсі жоқ деп есептелінеді, егер сақ адам болжап білуі мүмкін мән-жай болжалынбаса  не  қауіптілік  туралы  әсте одан құтылу мүмкін емес болған жағдайда хабар берілсе [6]. Бұл тұрғыда заңгер Гай былай деп ой тастайды: «Ең сақ деген адам жасау тиіс әрекет жасалынбаса онда кінәға орын жоқ», ал цивилистердің  өзге  өкілі:  «Үлкен ұқыпсыздық кінә, ал үлкен кінә – жауыз ниет» [6, 199 с.]. Осы кезеңнен бастап кінә азаматтық құқықтық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты мәніне ие болды, «кінәсіз жауаптылық жоқ» екендігі мойындалды.

Кінә туралы мәселені қою мүмкіндігінің философиялық алғышарттары ретінде табиғаттың объективтік заңдылықтары мен адамның тануға деген мүмкіншіліктері, сондайақ шешім қабылдау мүмкіндігі мен саналы түрде мақсатты және оған жету үшін қажетті әрекеттерді таңдау түріндегі ерік бостандығы табылады. Субъективтік-идеалистік философияда жауаптылық индетерминистік негізге ие болды: «ерік кез-келген іс-әрекетте өз-өзіне заң...» [7]. Г.Гегель құқықты ерік бостандығының идеясы ретінде объективтік идеализм тұрғысынан қарастыра отырып, былай деп ой тастайды: «Бар болмыс ерік бостандығының бар болмысы» [8], ал, ерік өзін бар болмысқа айналдыратын ойлау [8, 68 с.]. Ес пен еріктің болуы, философтың ойы бойынша, жауаптылыққа қабілеттіліктің жалпы шарты болып табылады. Кінә «субъекті ойлаушы ретінде білді және тіледі деп тұжырымдаудан» тұрады [8, 69 с.].

Қорытындылай келе, кінә анықтамасын келесідей нысанда нақтылауға болады: «Кінә бұл тұлғаның құқыққа қарсы  өз  әрекетіне  және оның нәтижесіне деген қасақана және абайсыздық нысанындағы психикалық көзқарасы». Алғаш кеңес әдебиеттерінде 1925 жылы қалыптасқан бұл анықтама біршама редакциялық өзгерістермен әртүрлі авторлармен беріліп келеді.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің маңызды талаптары қатарында, сонымен бірге субъектінің кінәсімен тығыз байланыста болатын құбылыстардың бірі себепті байланыс.

Азаматтық кодекстің 917 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес)  зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Азаматтық құқықта зиян келтіргені үшін   жауаптылыққа   тартудың   негізі ретінде азаматтық құқықбұзушылықтың құрамы түседі, яғни оның құрамын теорияда қалыптасқан құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік), зиян, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік) пен келген зиянның арасындағы себепті байланыс және құқық бұзушының кінәсі құрайды. Азаматтық құқық ғылымындағы беделді ғалымдармен қалыптастырылған және өз қолдауын тауып отырған бұл концепция толығымен қылмыстық құқықтан «қарызға алынғанымен» оған келіспеу қиынға   соғар.   Әрине,   жауаптылыққа    тарту кезінде оның төрт негізі де қажет болатын жағдайлар бар, бірақ тәжірибеде аталынған негіздердің бірдей қатар жүретін кездері көп кездеспейді. Соның ішінде зиян келтіргені  үшін жауаптылыққа тарту кезіндегі себепті байланыстың маңызына тоқталып өтейік.

Жалпы, зиян келтірушінің субъективтік жай-күйіне назар аудару қажеттігі немесе қажет емес  екендігі  азаматтық  құқық   теориясында әртүрлі шешімін табады. Бұл көзқарастар легі негізгі екі концепцияға арқа сүйейді: зиян келтіру қағидасы және кінә қағидасы. Бірінші көзқарасты жақтаушылар азаматтық құқықтық жауаптылықтың негізі ретінде тек бір ғана жағдайдың болуын – зиянның келуін мойындайды, олар бұл келген зиянның субъективтік себептеріне назар аудармайды. Зиян келтірушіге жауаптылықты жүктеу кезінде олар тек құқыққа қайшы әрекет пен зиянның арасында себепті байланысты анықтауды ғана қажет етеді. Екінші қағиданы ұстанушылар жауаптылыққа тартудың негізі ретінде кінәні қарастырады, яғни бұл кез-келген зиян емес, тек зиян келтірушінің кінәсінің нәтижесінде келген зиянның өтелуі міндетті екендігін білдіреді. Қалай дегенмен де екі қағиданы ұстанушыларды біріктіретін жайт ол жауаптылыққа тарту кезінде негіз болатын құқыққа қайшы әрекет пен себепті байланыс.

Тәжірибеде жауапкердің кінәсін анықтау келесі мән-жайларды анықтауды қажет ететіні сөзсіз: 1) әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа қайшылық жағдайы; 2) зиянды нәтижелердің келу жағдайы; 3) осы әрекет пен оның салдары арасындағы себепті байланыс. Соңғысының болуы жауаптылық белгісінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Егер де әрекеттің құқыққа қайшылығы және  оның  салдары (зиян) нақты мән-жайларға жататын болса, себепті байланыс өз сипатына қарай объективті болғанымен, бірақ дауды шешуші әрбір соттың ішкі наным-сеніміне қарай дәлелдемелерге баға беру арқылы анықталады. Сондықтан болар заң әдебиеттерінде себепті байланыстың ұғымын беру мәселесі өршіп отыр.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікте зиянды өтеу кезінде себепті байланысты анықтау маңызды роль атқарады. Зиянды өтеу негізі, тіпті тарихи тұрғыдан алып қарастырсақ та, келген зиянның оны келтірген субъектінің құқыққа қайшы әрекетіне оның нәтижесі ретінде тиесілі болатындығымен сипатталады. Зиянды өтеу, яғни, әрекет пен оған сәйкес зиянды (нәтижені) бір-бірімен салыстыруға негізделген. Ал бұл өз кезегінде себепті байланысты анықтау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Себепті байланыс қана құқықбұзушылықпенкелгензиянныңобъективті байланыстылығын, яғни зиянның оған сәйкес әрекетке тиістілігін анықтайды. О. Иоффенің сөзімен айтқанда «... себепті байланыстың ұғымының өзінен белгілі болғандай, оған туындаған салдар, және де оны туғызуға себеп болған мән-жайлар, сонымен қатар олардың арасындағы себепті-салдарлық байланыс жатады» [9]. Екі құбылыстың арасындағы объективті байланысты анықтау арқылы себепті байланыс құқықбұзушылық жүзеге асырылған жағдайды таңдаудың дұрыстығын айқындайды. Ал бұл өз кезегінде зиянды өтеу осы жағдайдың шегінде ғана жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Тиісінше, осы құқықбұзушылық жағдайы шеңберінде орын алған құқықбұзушылықпен байланысты зиян ғана өтелуге жатады. Бұл тұрғыда Т.В. Церетелидің себепті байланыстың ұғымын  анықтаудағы  ойын  келтіруге болады:

«Адамның іс-әрекеті мен туындаған қоғамға қауіпті нәтижесінің арасындағы себепті байланыс, тек қана бұл іс-әрекетсіз қылмыстық нәтиже орын алуы мүмкін емес болғанда ғана пайда болады, және егер де іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде тұлға өзінің араласуы арқылы осы оқиғаның легіне әсер етуіне нақты мүмкіндігі болса [10]. Әрине, тарихи қалыптасқан және көптеген ғалымдардың қолдауын тауып отырған бұл анықтамаға сын айту қиынға соғар. Бірақ, сонда да болса себепті байланысқа авторлармен анықтама берілген кезде «зиян келтіру дәрежесі» сынды ұғымды қолдану қажет сияқты. Себебі, заңда және сот тәжірибесінде жауаптылыққа тарту, сондай-ақ оның көлемін анықтау туралы мәселені шешу кезінде зиян келтіру дәрежесі есепке   алынатыны   сөзсіз.   Басқаша айтқанда,себепті байланыстың дәрежесін анықтау арқылы сот жәбірленушінің де кінә дәрежесінің бар екенін, сондай-ақ, тиісінше, жауапкердің жауаптылық деңгейін анықтай алады (мәселен, жоғарғы қауіптілік көзімен, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың іс-әрекетінен келген зиянды өтеу туралы істер бойынша).

Тәжірибеде кейде қай тараптың әрекеті нәтижесінде зиянның келгенін және зиянның келуіне ықпал ету дәрежесін анықтау қиынға соғады. Басқаша айтқанда, себепті байланыс жауапкердің құқықбұзушылығы мен оның нәтижесіндегі зиянның арасындағы байланысты нақты анықтайтын «құрал» болғанымен, талапкердің іс-әрекеті мен зиянның арасындағы байланысты анықтауға нақты бағытталмаған. Нақты бағытталмауы талапкердің іс-әрекетінің құқықбұзушылық іс-әрекетпен бір қатарда тұрғандығымен   түсіндіріледі,   зиянның келуіне себепші болған құқықбұзушылық іс-әрекет талапкердің іс-әрекетін «жауып» қалады. Сәйкесінше, себепті байланыс арқылы талапкердің іс-әрекетінің келген зиянға әсер  ету дәрежесін анықтау мүмкін болмай қалады. Бірақ та, зиянның келуіне талапкердің де ісәрекеті әсер еткендіктен оның маңыздылығы жоғары. Мұндай жағдайларда талапкердің іс-әрекетінің әсер ету дәрежесін анықтауда судьяның тәжірибесі, оның ішкі наным-сенімі де өз ықпалын тигізері сөзсіз.

Мәселен, Атырау қалалық сотында азамат Ж.-ның ЖШС «ЖЖ1»-ге қойған жол көлік апаты нәтижесінде жоғарғы қауіптілік көзімен келген зиянды өтеуге байланысты талабы бойынша азаматтық іс қаралған. Бұл оқиғада себепті байланысты анықтау кезінде жол көлік апаты жауапкер жақтан жүргізуші Б.-ның кінәсінен жол жүру Ережесінің 20.3 тармағын, яғни иiлгiш тiркемемен сүйреткен кезде сүйретушi және сүйрелетiн көлiк құралдарының арасындағы рұқсат етілген қашықтықты (4-6 м)  сақтамау (іс бойынша бұл қашықтық 15 метр болған) салдарынан орын алғаны сотпен қорытынды жасалған. Жүргізуші жауапкер Б.-ның талапкердің 80 км/с жылдамдықпен жүре отырып рұқсат етілген жылдамдықтан асырғаны туралы  көрсетілімін  сот  жол  жүру Ережесінің

10.3 тармағына сәйкес (елдi мекендерден тыс жерлерде жеңiл автомобильдерге автоарналарда – 110 км/сағ. артық емес, қалған жолдарда 90 км/сағ. артық емес жылдамдықпен) Атырау-Доссор жолында қозғалыс жылдамдығы 90 км/с екенін басшылыққа ала отырып негізсіз деп қарастырмаған. Жоғарыдағыларды ескере отырыпсотжауапкердіңқұқықбұзушылықіс-әрекеті мен жол көлік апаты арасындағы тікелей себепті байланысты анықтаған. Бірақ, соттың мұндай қорытындысы меніңше даулы болып табылады, себебі, жол жүру Ережесінің 10.1. тармағына сәйкес жүргiзушi көлiк құралын белгiленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелiлiгiн, көлiк құралы  мен жүктiң ерекшелiгiн және жай-күйiн, қозғалыс бағытындағы көрiнуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере оты-  рып жүргiзуi керек. Бұл жағдайда сот барлық дәлелдемелерге баға бере отырып жол көлік апатының тікелей себепшісі ретінде жауапкержүргізушінің сүйреу кезіндегі тиісті ара қашықтықты сақтамауы деп қорытынды жасаған. Бірақ та жол көлік апатының болуына талапкердің жол жиегінде тұрған және сүйреуге алып жатқан жауапкердің көлігіне жақындауы кезінде өз жылдамдығын төмендетпеуі де себепкер болуы мүмкіндігін қарастыруы қажет.

Тәжірибеде құқықбұзушылықтың орын алуына тек құқық бұзушының ғана емес, сондай-ақ жәбірленушінің де тікелей кінәсі болған кезде жауаптылық мәселесі әртүрлі шешіледі. Мұндай жағдайларда себепті байланыстың өзін екі тұрғыдан қарастыруға болады: 1) жәбірленушінің кінәсі зиян келтірушіні жауаптылықтан босатуына әкеп соғатын себепті байланыс; 2) жәбірленушінің кінәсі  зиян  келтірушіні  жауаптылықтан босатпайтын себепті байланыс. Азаматтық құқықта жәбірленушінің қасақаналық кінәсінің болуы зиян келтірген тұлғаны әрдайым жауаптылықтан босатуына әкеп соғады. Мәселен, тұлғаның өз өмірімен қоштасуы мақсатында көліктің астына түсуі. Ал, жәбірленушінің өрескел абайсыздықтағы кінәсі анықталған жағдайда зиян келтірген тұлғаны жауаптылықтан босатпайды, бірақ өтелетін зиянның мөлшеріне әсер етеді.

Сонымен, азаматтық құқықбұзушылық құрамында орын алған себепті байланыс құқықбұзушылық құрамының басқа түрлеріне қарағанда азаматтық құқықтық жауаптылық негіздерінің ерекше маңызы бар бір түрі болып табылады. Ескере кететін жағдай, жалпы ереже бойынша жауаптылыққа тарту кезінде негіз болатын мән-жайлар ретінде құқықбұзушылықтың толық құрамы қарастырылғанымен де, заңда көзделген кей жағдайларда толық болуы міндетті емес. Мәселен, жауаптылыққа тарту кезінде кінәнің азаматтық құқықтың мәнінің болмауы. Ал, құқыққа қайшы әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланыс жауаптылықтың туындауының міндетті шарты бола отырып келесіден көрініс табады: 1) әрекет уақытқа сәйкес зиянның алдында болады; 2) әрекет зиянды туғызады.

Жоғарыдағылардың нәтижесінде шығатын қорытынды, себепті байланыс азаматтық құқықтық жауаптылықтың міндетті, маңызды негізі болып табылады, және де бұл бір құбылыс (себеп) пен екінші құбылыстың (нәтиже) арасындағы объективті байланыс.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Иоффе О.С. Ответственность по советскому гражданскому праву. – Л.: Издательство Ленинградского Университета, 1955. – С.124.
  2. Варул П. Методологические проблемы исследования гражданско-правовой ответственности. – Таллин: Ээсти раамат, – С. 47.
  3. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: Общие положения. – М.: Издательство Статут, – С.582-613. 4 Орлов Ю.М. Вина. – М.: Слайдинг, 1997. – С.36.
  4. 5 Сергеевич В. Лекции и исследование Древней истории русского права. – М.: Книга по требованию, 1899. – С.18. 6 Пиляева В.В. Римское частное право. – СПб.: Питер, 2002. – С.208.
  5. 7 Кант И. Соч. Т.4. – М.: Мысль, 1965. – С.289.
  6. Гегель Г. Философия права. – М.: Мысль, 1990. – С.89.
  7. Иоффе О.С. Причинная связь как условие гражданско-правовой ответственности. Гражданское право. Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие. – Алматы, Нур-Пресс, 2003. – С.350.
  8. Церетели Т.В. Причинная связь в уголовном праве: Автореф. дисс... докт. юрид. наук. – М., 1949. – С.11.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.