Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы астана шартының қабылдануы және еуразЭқ-тың бастапқы қадамдары

2000 жылдың 10 қазанында Астанада Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерімен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы туралы Шартқа қол қойылды [1]. Бұл Шарт бес мемлекеттің ынтымақтастығын сапасы жағынан жаңа деңгейге көтерді, алдында қыбылданған құжаттарда белгіленген мақсаттарға жету үшін бірлестіктің құқықтық және ұйымдық ресімдерінің нысаны болды.

Шартқа қол қойған мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қауымдастық (бұдан әрі ЕурАзЭҚ немесе Қауымдастық) деп аталатын жаңа халықаралық ұйымды құрды.

Басты міндет – 1995 жылғы Кеден одағы туралы Келісімде [2], 1996 жылғы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Шартта [3] және 1999 жылғы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартта [4] белгіленген сатылар бойынша осы құжаттарда бекітілген мақсаттарға жету.

Астанадағы мәжілістің нәтижелері бойынша қабылданған Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы Мәлімдемеде бес мемлекеттің басшылары:

  • Қауымдастықтың басымдықтарын кеңейтілген түрде белгіледі;
  • ұйымның басты мақсаты ЕурАзЭҚ шеңберінде толық қанды кеден одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік құру екендігін тағы да мәлімдеді;
  • ЕурАзЭҚ қалыптасуы ынтымақтастықтың ұйытқысы және ТМД шегіндегі жалпы форматтағы өзара әріптестікті белсендірудің қозғағышы болатынына сенім білдірді;
  • ұйымның мақсаттары мен қағидаларына келісетін және өз мойнына тиісті міндеттерді алуға дайын мемлекеттер үшін ұйымның есігі ашық екендігін жариялады.

Бұл ұстаным, әрине, Достастықтағы көп деңгейлі және түрлі жылдамдықтағы интеграция тұжырымдамасына толығымен сәйкес келетінін айтып кетейік.

2001 жылдың 31 мамырында өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің бірінші мәжілісінде Қауымдастық механизмінің қызмет етуін қамтамасыз ететін бірінші кезектегі құжаттар қабылданды (Мемлекетаралық Кеңес туралы Ереже, Интеграциялық комитеттің Ережесі, Тұрақты өкілдер Комиссиясы туралы  Уақытша

Ереже, Бюджеттің қалыптастырылуы мен орындалу тәртібі туралы Ереже, ЕурАзЭҚ лауазымды адамдары мен қызметкерлері туралы Ереже және т.с.с.), ЕурАзЭҚ артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға қол қойылды және Қауымдастықты қалыптастыру бойынша Шаралар бекітілді.

2002 жылдың 13 мамырында Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің екінші мәжілісі болды [5].

Орталық мәселе ұлттық экономикалардың шығындарын барынша төмендету мақсатында Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезіндегі ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру мәселесінің талқылануы болды. Ресейдің ДСҰ-ға кіру шарттары ЕурАзЭҚ басқа қатысушы елдері үшін негіз ретінде қабылданып, ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздер кезінде барынша ескерілу тиістігі жөнінде шешім қабылданды. Мұның себебі – саяси және экономикалық салмағы бар Ресейге кірудің жағымды шарттарына қол жеткізу жеңілдеу болатыны ескерілді (яғни, көп ескертпелердің болмауы, бейімделу кезеңінің барынша созылуы және т.с.с.).

Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде өзара саудадағы арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолданбау жағдайындағы ішкі нарықтарды қорғау шаралары, көлік тарифтерін келісімге келтіру және Көлік одағын құру, бірыңғай шекаралық саясатты жүргізу мәселелері талқыланды.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі екінші мәжілісінде басқа құжаттар ішінде Молдавия мен Украинаға Қауымдастық жанында байқаушы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылданды.

2005 жылы ЕурАзЭҚ құрамына мүше болып кіріп, 2007 жылы оның құрамынан шығып кеткен Өзбекстанды да атап кетейік.

Қазіргі кезде Қауымдастық қызметіне қатысу жағынан ТМД-ң басқа да мемлекеттері қызығушылық білдіреді.

Жалпы алғанда ЕурАзЭҚ қатысушы елдер санының көбеюін оң қабақпен қабылдай отырып, ЕурАзЭҚ мемлекеттері бұл процесті жасанды тездетуге талпынбайды. Мұның себебі ЕурАзЭҚ құрамына кіргісі келген мемлекеттер оған қатысуға байланысты барлық міндеттемелерді, оның ішінде ең алдымен сыртқы экономикалық саясат саласындағы міндеттемелерді толығымен қабылдауға дайын болуы керек.

2002 жылдың шілде айында Бішкекте өткен ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің vi мәжілісінде Қауымдастықтың одан әрі дамуына қатысты 30-ға жуық мәселе қарастырылды. Мәжіліске қатысушылар интеграциялық «бестіктің» шарттық-құқықтық қана емес, нақты экономика секторында да бірігу процестерін жеделдетуге мүмкіндіктері бар екендігін бір ауыздан қабылдап мойындады.

2002  жылдың  20  қыркүйегінде   Астана-  да өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі-  нің үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті мәжілісінде сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан ары дамыту, Қауымдастықтың сыртқы шекараларын қорғау міндетінің орындалу, кедендік және салықтық органдар жұмысын жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Экономикалық мәселелер  блогы  бойын-  ша ортақ кедендік тарифті қалыптастыру жұмысының жүруі талқыланды, ДСҰ құрамына кіру кезіндегі келіссөздердегі мемлекеттердің ұстанымдарын үйлестіру және  унификациялау бойынша қадамдар келісімге келтірілді, ЕурАзЭҚ аумағындағы жеке тұлғаның бірыңғай салықтық куәлігі туралы Ереже бекітілді. Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтің ортақ тауарлық номенклатурасы мен жаппай ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Мәжіліске қатысушылар Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 2003 жылдың басында ЕурАзЭҚ шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықты дамытуға арналған кеңейтілген бизнес-форум өткізу қажеттілігі жөніндегі бастамасын қолдады.

Мұндай Форумның өткізілу қажеттілігі ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінде – Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында – бірыңғай экономикалық  кеңістікті  құру  бағытында   өтіп жатқан белсенді экономикалық реформалармен және өзара интеграция мәселелерін шешудегі тәжірибемен алмасудың өзектілігімен түсіндірілді.

Форум 2003 жылдың 19-20 ақпанында Мәскеу қаласында өтті. Бұл Форумның мақсаттары төмендегідей болды:

  • экономикалық интеграцияны тереңдету негізінде Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің экономикаларының тұрақты дамуына қолдау көрсету;
  • нарықтық реформалардың келісімге келтірілген саясатын жүзеге асыру;
  • ЕурАзЭҚ іскерлік топтарының ынтымақтастығын барынша кеңейту;
  • жобалар мен даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін инвестициялар тарту;
  • ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің әлемдік экономикалық жүйеге енуі үшін біріккен ісәрекеттерді жоспарлау;
  • Қауымдастыққа мүше болып табылатын барлық мемлекеттердің халықтарының өмір сүру жағдайын жоғарылату мен тұрақты экономикалық өсімге жету бойынша іс-шараларды дайындау және талқылау.

Форумға мемлекет және үкімет басшыларының, ЕурАзЭҚ мемлекеттері парламенттерінің, министрліктері мен ведомстовалары өкілдерінің, қаржылық және кәсіпкерлік ұйымдардың басшыларының, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуы оның  маңыздылығын  көрсетті  және  билік   пен бизнес өкілдерінің Қауымдастық шеңберіндегі тауарлардың, қызметтердің, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына көмектесетін жағымды экономикалық жағдайды қалыптастыру динамикасының жеткіліксіз болып отырғанын байқатты.

Экономикалық   форум  шеңберінде жеті «дөңгелек үстелдің» жұмысы ұйымдастырылды және олардың үстінде экономиканың нақты секторындағы мәселелер мен ғылыми және өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалану мәселелері, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің ДСҰ мүше болуына байланысты өзара саудасаттық, тауарларды өндіру мен қызметтер көрсету мәселелері, интеграцияның валюталыққаржылық тұстары, кедендік және көлік мәселелері, жанармай және энергетикалық секторлардағы өзара пайдалы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қауымдастықтың ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен мүмкіндіктері кең де терең талқыға алынып, қарастырылды.

Форумға қатысушылар сауда-экономикалық әріптестікті тереңдетудегі жағымды қадамдарға көңіл бөлді, нақты атап айтқанда, олар:

  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің ұлттық мүдделер тепе-теңдігі негізінде мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруге арналған Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы;
  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің аумағында өндірілген тауарларға қатысты өзара сауда-саттықтағы шектеулер мен кеден баждарын алып тастау жағынан ЕурАзЭҚ мүшемемлекеттер арасындағы еркін сауда режимінің жүзеге асырылуы;
  • Қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің шаруашылық субъектілері үшін сауда, салық, валюталық және кедендік заңнама жағынан тең жағдай жасаудың құқықтық негізін орнатқан ЕурАзЭҚ шеңберінде бірқатар мемлекетаралық және үкіметаралық шешімдердің қабылдануы;
  • кеңесуші-үйлестіруші органдардың тиімді қызмет етуі: салық органдарының, кедендік органдардың, энергетикалық саясат бойын-  ша, сауда-тарифтік мәселелер бойынша, көлік саясаты бойынша, орталық (ұлттық) банктер басшыларының, құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша кеңестер мен комиссиялардың тиімді қызмет етуі.

Форумға қатысушылар «дөңгелек үстелдер» жұмысыныңқорытындынәтижелерінмақұлдады және келесі шаралардың қабылдануын қажетті деп тапты:

  • мемлекетаралық қарым-қатынастардың жалпы және ұйымдық мәселелерінен интеграцияның тәжірибелік мәселелерін шешуге өту, ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің іскерлік топтарының өкілдерін интеграциялық процестерге кеңірек тарту;
  • Қауымдастық елдері арасындағы пайда әкелетін бизнесті жүргізу мен капиталдардың қозғалысына көмектесетін жағымды экономикалық шарттарды қалыптастыруды белсендіру;
  • Біріккен инновациялық және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру негізінде экономикалардың құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыруда өзара әріптестікті жылжыту;
  • Біріккен бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру механизмдерін, оның ішінде Қауымдастық бюджетінен қаржыландыру, бюджеттен тыс қаражаттарды тарту арқылы қаржыландыру механизмдерін ойластыру;
  • интеграциялық процестердің дамуының тұжырымдық негіздері мен ғылыми-әдістемелік тәсілдерін дайындауға Қауымдастықтың ғылым өкілдерінің ынтымақтастығын кеңейту;
  • ЕурАзЭҚ органдарының басшылығымен халықаралық ғылыми конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ Қауымдастық елдерінің өндірушілерінің көрмелері мен жәрмеңкелерін үнемі өткізіп отыру;
  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің өзара сауда-саттығында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылмауы жағдайында Қауымдастық елдерінің ішкі нарықтарын қорғау механизмдерін дайындау;
  • ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің ДСҰ құрамына кіру кезіндегі  ұстанымдары мен міндеттемелерін келісімге келтіру кезінде олардың өзара әрекеттерін қамтамасыз ету;
  • ұлттық валюталардың валюталық бағамдарын келісімге келтіру механизмін дайындау;
  • ЕурАзЭҚ ортақ төлем жүйесін құру;
  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің шаруашылық субъектілері үшін тең жағдай қалыптастыру мақсатында ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің сауда, салық, валюталық және кедендік заңнамаларын гармонизациялау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің Көлік одағын қалыптастыру бойынша, бірыңғай темір жол тарифтерін қолдану қағидаларын келісімге келтіру бойынша жұмысты белсендіру;
  • Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру және ұлттық экономикаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты факторлардың бірі ретінде ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің энергетика саласындағы интеграцияны тереңдету;
  • әрбір мүше-мемлекеттің және жалпы Қауымдастықтың мүдделерін  ескере  оты-  рып, ортақ аграрлық нарық пен оның инфрақұрылымының қалыптастырылуын белсендіру;
  • «ЕурАзЭҚ-тың Іскерлік Кеңесі» Ассоциациясы жанында тәжірибелік сипаттағы зерттеулерді ұйымдастыру, экономиканың әртүрлі секторларындағы интеграциялық ынтымақтастық технологияларын сыннан өткізу және тарату үшін коммерциялық емес консалтингтік орталықты ашу мүмкіндігін қарастыру;
  • Қауымдастық мемлекеттерінде интеграциялық процестерді     тиімді   ақпараттық қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған арнайы мамандандырылған бұқаралық ақпарат құралдарын құру.

Сонымен қатар Қауымдастық елдерінің интеграциялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытында билік пен бизнестің нақты ісәрекеттері де жоспарланды, атап айтқанда:

  • Қауымдастық елдеріндегі әуе қозғалысын ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін құру жобалары бойынша ұсыныстар;
  • Қауымдастық елдерінің қалалық электр көлігіндегі қажеттіліктерін бірігіп қанағаттандыру және өндіру;
  • Қырғызстандағы воластанит пен мәрмәр тас кен орындарын игеру;
  • Тәжікстанның жеңіл және кен өнеркәсіптерін дамыту;
  • Ресейлік-белорустық «Қорғаныс жүйелері» («Оборонные системы») халықаралық қаржылық-өнеркәсіптік топтың негізінде ЕурАзЭҚ елдерінің қорғаныс кешені кәсіпорындарының қатысуымен мемлекетаралық қаржылық-өнеркәсіптік топ құру;
  • халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәліздерін құру бойынша жұмысты белсендіру және екінші Панеуропалық дәлізді ҚазақстанҚытай бағытында созу;
  • Еуропалық Одақта қолданып келе жатқан «екі шекара – бір тоқтау» жүйесін ЕурАзЭҚ елдерінде кеңінен тарату;
  • Қырғызстан мен Тәжікістан аумақтарындағы гидроэлектр-станциялар     құрылысын

Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының қатысуымен аяқтау;

  • Интеграциялық Комитет жанында Қауымдастық елдерінің жаппай коммуникациялар ведомстволарының, ЕурАзЭҚ елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен Ақпараттық саясат бойынша Кеңес құру;
  • Халықаралық (Еуразиялық) газ альянсын құру және құқықтық тұрғыдан ресімдеу;
  • Аграрлық саясат бойынша Кеңес құру;
  • болашақта Қауымдастықтың ортақ валютасын енгізу қажеттілігін ескере отырып, валюталық интеграцияның негізгі сатыларын белгілеу;
  • Қауымдастық елдерінің экономикалық дамуы негізгі көрсеткіштерінің белгілерін келісімге келтіру (инфляция, бюджеттік дефицит, ұлттық валюталар бағамының өзгеру шектері және т.б.).

2003 жылдың 27 ақпанындағы ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің мәжілісінде Бірінші Экономикалық Форумның Декларациясы және Форумның нәтижелері жөнінде ЕурАзЭҚ Бас хатшысының ақпараты ескерілді, бұл мәселе бойынша үкіметтер деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңес шешімінің жобасы мақұлданды.

Жұртшылықты, шағын, орта және ірі бизнес өкілдерін кеңінен тарту арқылы өткізілетін осындай форумдар ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екендігін тағы да дәлелдейді.

 

 

әдебиеттер

 

  1. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества (г. Астана, 10 октября 2000 года) // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С.118-123.
  2. Соглашение между Российской Федерацией и Республикой Белоруссией о Таможенном союзе // Собрание законодательства Российской Федерации. – 4 ноября 1996 г. – №45. – Ст.
  3. Договор об углублении интеграции в экономической и гуманитарной областях от 29 марта 1996 года // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С. 97-101.
  4. Договор о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года // Айдарбаев С.Ж. Интеграционные процессы на постсоветском пространстве: сборник международно-правовых документов. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – С.101-113.
  5. Мемлекет басшылары деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің екінші мәжілісінің материалдары (2002 жыл 13 мамыр, Мәскеу) // Официальный сайт: 2005-2013 «Евразийское Экономическое Сообщество» www.evrazes.ru

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.