Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның Орталық Азиядағы қауіпсіздік стратегиялары

Орталық Азия аймағы – қауіпсіздік тұрғысынан алғанда дүниежүзінің ең маңызды да күрделі аймақтарының бірі. Еуропаны Қытаймен, Ресейді Ислам әлемімен байланыстыратын Орталық Азия аймағы геостратегиялық орналасуы жағынан бірнеше ірі аймақтардың қауіпсіздік жүйелерінің түйіскен нүктесінде орналасқан. Сонымен қатар Орталық Азияның Ресей, Қытай, Еуропа, Үндістан, Иран, Пәкістан және Түркия сияқты ықпалды күштердің арасында тығыз орналасуы бұл аймақтың геосаяси рөлін де арттыра түсуде. Әсіресе Ресей, АҚШ және Қытай сияқты үлкен  күштердің  осы аймаққа қатысты геосаяси жобалары мен геоэкономикалық мүдделері үнемі ескерілуі қажет.

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты туындаған келіспеушіліктер, Ауғанстандағы белгісіздік кезеңінің әлі аяқталмауы, Кавказдағы шиеленістің аймаққа жағымсыз ықпал ету қаупі, радикалды исламизм пен діни экстремизмнің көрініс беруі, Каспий теңізі мәртебесінің әлі күнге шейін айқындалмауы, тіпті, Шығыс Түркістан мәселесі, Орталық Азия елдер арасындағы су және жер ресурстарына қатысты келіспеушіліктердің болуы сияқты бірнеше күрмеулі  мәселелер аталмыш географияның қаншалықты күрделі екендігін көрсетеді.

Орталық Азия үшін қауіпсіздік ұғымы тұрақтылықты білдіреді.  Тұрақтылық дегеніміз осы аймақтың әр түрлі сыртқы және жағымсыз әсерлерге қарсы қорғана білуі. Орталық Азия қауіпсіздігінің елдік, аймақтық және сыртқы үш өлшемін атауға болады.

Орталық Азияның ең тұрақты елі ретінде Қазақстанды атаған қисынды. Орталық Азияда мемлекет деңгейінде ұлтаралық тұрақтылықты сақтап, әртүрліқақтығыстарданөзіналысұстаған елдерге Қазақстанды және салыстырмалы  түрде Түрікменстанды жатқызуға болады. Тәжікстанда 90-шы жылдарда болған азаматтық соғыс, кейін, Таулы Бадахшан аумағындағы оқиғалар, қазіргі кезге дейін шешілмеген терең әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелер; Қырғызстанда 2000 жылдардың соңындағы «демократиялық» өзгерістерге байланысты туындаған дағдарыстар, Жалалабад пен  Оштағы қайғылы оқиғалар, халықтың күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалы; Өзбекстанда 2005 жылы орын алған Әндижан оқиғалары, халық санының жылдам өсімі, су ресурстарына байланысты туындаған экономикалық қиындықтар аймақтағы мәселелердің өте күрделілігін көрсетеді. Десек те, Қазақстанда да ешкім күтпеген жағымсыз оқиғалар орын алды. Мысалы, діни әсірешілдердің бірнеше лаңкестік оқиғалар ұйымдастыруы, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы Қазақстанда да кейбір шешілмеген қауіпсіздік мәселелердің болғанын көрсетті.

Сарапшы Ерлан Кариннің ойынша, Орталық Азияның мәселелерін екі топқа бөліп қарастыру қажет. Біріншіден, «аймақтағы елдердің кейбір қатынастарының белгілі деңгейде бұзылғандығын» айту керек. Су ресурстары мен жер мәселесі кейбір елдердің арасында үлкен келіспеушіліктер туғызуда. Бұл келіспеушіліктер шешілмеген жағдайда аймаққа төнген қауіпқатерлерге қарсы ұжымдық қорғану  мәселесі  де өте күрделене түседі. Әсіресе, шекара мәселелерінің толық күйде шешілмеуі аймақтағы елдер арасындағы қатынастардың тепе-теңдігіне кері әсер етіп, аймақтық сенім мен тұрақтылыққа зиян келтіреді.

Өзбекстанға келсек, аймақта тұрақтылықтың қамтамасыз  етілуі,  Ауғанстандағы  жағдайдың жақсаруы, шекараларға жақын су ресурстарының тиімді пайдалануы, ішкі тұрақтылықты сақтау мақсатында жұмыс істеуде. Десек те, Өзбекстанның Тәжікстан мен Қырғызстанмен арадағы қатынастары көптеген күрделі мәселелерді де қамтиды.

Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар ішкі саяси дағдарыстың күшеюіне және жаңа сайлаулар кезеңінің жақындауына байланысты жергілікті элиталар арасындағы шиеленістің артуы жағдайында дамуда. Орталық Азияның қауіпсіздігі бұл аймақтағы елдердің өздеріне байланысты болуымен бірге Ресей,  Қытай  және  АҚШ  сияқты  күшті  орталықтардың  да үйлестірілген және теңдестірілген қолдауына сүйенеді. ШЫҰ және ҰҚКҰ секілді аймақтық қауіпсіздік саласында қызмет жасап жатқан халықаралық құрылымдар Орталық Азияда қауіпсіздіктің нығаюы үшін мейлінше жасампаз, икемді және жұмсақ ұстаным ұсынып, аймақтағы елдердің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын барынша қолдауы тиіс. Өйткені ресми мәліметтер бойынша, атал-  мыш үш алпауыт ел де Орталық Азияның экономикалық дамуын, саяси тұрақтылығын, әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қалайды.

Әзірше, аймақтағы елдер қауіпсіздік  сияқты басқа да мәселелер бойынша өте нәтижелі ынтымақтастық жүргізіп отыр деп айта алмаймыз. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері тек Ауғанстандағы жағдаймен ғана байланысты емес, бұған қоса аймақтың ішкі мәселелерімен де тығыз байланысты. 2014 жылы İsaF (Қауіпсіздікке қолдау көрсету жөніндегі халықаралық күштер) коалиция күштерінің Ауғанстаннан шығарылуы Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына да алып келуі мүмкін. Бұл жағдай Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік жүйесінің біршама әлсіреуі тұрғысынан алғанда қауіпті. Есірткі сияқты заңсыз сауданың Ауғанстаннан бастау алатыны да жалпыға мәлім [1, 2 б.].

Кейбір сарапшылардың айтуынша, 2014 жылдан соң АҚШ Орталық Азиямен тығыз қатынастардыдамытып,аймақтыңмәселелерімен жақыннан айналыса бастауы ықтимал. Басқа саясаттанушылардың  айтуынша,  Орталық Азия АҚШ үшін тек табиғи ресурстардың экспорттаушысы болып қана  қалады.  Десек  те, үлкен геосаяси ойынның бір бөлігі болып табылатын Ауғанстан жобасы «Үлкен Орталық Азия» идеясымен де байланысты. Ресей болса, аймақтың қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті өз мойынына алып, Еуразия Одағы және ҰҚКҰ сияқты жобаларының көмегімен аймаққа экономикалық және әскери құралдар арқылы ықпал етпекші. Кейбір мамандар Ресей мен Қытайдың Орталық Азияны бірге бағыттау мәселесінде бейресми түрде өзара келісіп алғандығын алға тартуда. Бұл мәлімет  рас болса, АҚШ-тың да Орталық Азияда болуы қажеттілікке айналуы мүмкін. Қытайға келсек, Түрікменстан-Қытай табиғи газ құбыры және Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары сияқты өзінің энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты жобаларға көбірек мән беруде. Бұл жайт, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан сияқты табиғи ресурстарды экспорттайтын елдер үшін мүмкіндігінше тәуелсіз және анағұрлым тиімді энергетикалық саясат жүргізу, әртүрлі рисктер мен тәуекелдерді азайту тұрғысынан өте маңызды. Аталған үш елдің барлығы да өз энергетикалық жобаларының жүзеге асырылуы үшін аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлуде.

Осылайша, үлкен күштер бұл аймақтың қауіпсіздігі мен тепе-теңдігін сақтау үшін  ортақ жауапкершілікке ие болып отыр. Бірақ аймақішілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде негізгі жауапкершілік Орталық Азия мемлекеттерінің мойнына жүктелген. Орталық Азияның қауіпсіздігі алдымен осы аймақтағы  елдердің  өздеріне  байланысты.  Бұл мәселеде Қазақстанның қосқан үлесі өте қомақты. Қазақстан шекараларға қатысты барлық мәселелерді түбегейлі шеше алған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Сондай-ақ Қазақстанның ешбір көршісімен ешбір күрделі мәселесі жоқ. Қазақстандықтардың  немесе қазақ халқының төзімділігі мен кеңпейілдігінің арқасында елімізде ешбір этникалық топпен немесе өзге ұлтпен айтарлықтай қақтығыстар орын алған емес.

Қазақстанның ШЫҰ, ҰҚКҰ, НАТО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ секілді халықаралық құрылымдармен ынтымақтасуы Орталық Азияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда өте маңызды. Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесінің ары қарай жетілдірілуі үшін аймақтағы елдердің өзара ынтымақтастықты арттырулары қажет.

Орталық Азияның тұрақтылығы туралы сөз болғанда көбінесе сыртқы геосаяси күштер мен олардың аймақтық саясаты туралы көп айтылып, аймақтың ішкі факторлары ұмыт қалдырылады. Қазақстанның қауіпсіздік және тұрақтылық саясатының негізін қазақ халқының бейбіт қатар өмір сүру дүниетанымы мен пацифистік философиясы құрауы тиіс. Қазақстанның тұрақты, ашық, төзімді және бейбіт ел ретінде танылуының негізінде жергілікті фактор –  қазақ ұлтына (қазақстандықтарға) тән терең қауіпсіздік ұғымы мен нәзік тепе-теңдік түсінігі жатыр. Орталық Азияның қауіпсіздігіндегі Қазақстанның үлесі мен стратегиялары өте үлкен  маңызға  ие  болуда.  Қазақстанда  тұрақ тылықтың орнауы бірінші кезекте бейбіт халық қазақтардың арқасында (есебінен) және солардың ұлтқұраушы мүдделеріне сай жүзеге асып отыр [2, 76 б.].

Сөзіміздің дәлелді болуы үшін нақты айғақтарды келтірейік. Қазақстан ЕҚЫҰ,  ИЫҰ, ҰҚКҰ, АӨСШК және ШЫҰ сияқты ұйымдарды басқара білген орташа мемлекет. Қазақстанның еуразиялық, түркі, мұсылман, Орта Азиялық сипаттары оның философиялық, мәдени және саяси ұстанымына да әсер еткен. Қазақстан Еуразия құрлығында жаңа қауіпсіздік архитектурасының құрылуы, ТМД аумағында жаңа қауіпсіздік ұғымының қалыптастырылуы, Еуропа-Шығыс  әлемдері   арасында   түсіністік көпірінің құрылуы, АӨСШК шеңберінде Азия кеңістігінде сенім мен қауіпсіздіктің нығайтылуы, «Жібек жолы» ескі сауда жолдарының қайта жаңғыртылуы, Орталық Азия одағы идеясының жетілдірілуі, Еуразияда дінаралық диалогтың орнауы, Түркі елдерінің ынтымақтасуы, Ауғанстанға гуманитарлық көмектің көрсетілуі, Иран ядролық бағдарламасының талқылануы, Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау шараларына үлкен үлес қосып келеді. Қазақстан өзінің ядролық арсеналынан өз еркімен бастартқан бейбіт елдердің бірі ретінде ядролық қарусыздануда да көшбасшы қатарында. Қазақстанның ядролық қарудан бастартуы агрессиялық ел болудан гөрі жауы жоқ, бейбіт ел болғысы келгендігінің  бірден-бір  дәлелі. Бұл да елбасының ерік-жігерімен қатар қазақ халқының бейбіт дүниетанымдық көзқарасымен тікелей байланысты.

Қазақстанда 2013 жылы Иран ядролық мәселесіне байланысты 5+1 тобының екі кездесуі, Ауғанстан мәселесі бойынша кездесулер, Астанада Еуразия халықаралық медиа форумы өтті. Бұл шараларды өткізу арқылы Қазақстан халықаралық қауымдастыққа маңызды белгі берді. Қазақстандықтар, оның ішінде қазақтар бүкіл әлемге бейбітшілік, төзімділік, қауіпсіздік, сыйластық, ілгерілеужәне диалог сияқты рухани түсініктерді жеткізгісі келеді. Бұл жерде қазақ ұлтының үлесін әсірелеп тұрған жоқпыз. Қазақстан – тыныштық пен тұрақтылықты қалайтын мемлекет. Қазақстан диалог, түсіністік, қауіпсіздік пен сенімді орнату бағытында   өз   саясатын   жүргізуде.   Әлемнің күшті орталықтарынан «тұрақтылық» сөзін жиі естілгенімен, «диалог» (түсіністік) сөзі сирек естіледі.

Қазақстан Астана eXPo-2017 көрмесін ұйымдастыру арқылы өзін әлемге танытқысы, жарнама жасағысы, көкжиегін кеңейткісі, әлемдегі өзгерістерді дұрыс түсінгісі, дүниежүзіндегі үрдістерге интеграцияланғысы, әлемге ашылғысы келеді. Бұлар мәселенің жәй үстіртін себептері ғана.

Кейбір шетелдік сарапшыларды геосаяси ықпалы шектеулі Қазақстанның неліктен осыншама көп геосаяси істермен айналысатындығы, жоғары деңгейдегі жиындарды жиі ұйымдастыратындығы, соларға үлкен қаржы салатындығы қызықтырады. Қазақстан жүргізіп отырған тұрақтылық саясатының дұрыс түсінілуі аймақтағы көршілес елдерді жаңа диалог пен ынтымақтастық кезеңіне жетелеуі мүмкін.

Қазақстанның қауіпсіздік стратегиялары үш философиялық негізге сүйенуі тиіс.

Орталық Азия бос саяси алаң, идеологиялық бостық емес. Қазірге дейін Орталық Азия  үлкен күштер тарапынан субъектіден гөрі объект ретінде қарастырылып келді. Десек те, аймақтың үш экономикалық ұстыны Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан дамудың жаңа үлгілері мен ішкі қуат көздерін белсенді түрде іздеуде, айналасын қайта бағалауда, ішкі өзгерістерді басынан өткізуде. Тәуелсіздік жылдарында кімнің дос, кімнің бәсекелес екендігін өздерінше түсініп, белгілі тәжірибе жинақтаған. Әзірше Орталық Азия әлсіз аймақ ретінде үлкен көршілерінің қысымын сезінуде. Аймақта Ресей мен Қытайдың қысымын біраз азайтатын балама күшке қажеттілік сезілуде. Бұл күштерге мамандар Түркия, Үндістан және Иранды жатқызады. Бұл тұрғыда Түркияның орны ерекше. Түркия 90-жылдары Орталық Азияда күрделі стратегиялар жетілдіріп, ақылды саясат жүргізуге теориялық, психологиялық және институционалды тұрғыдан дайын болмады. Қазір Түркия өз күшіне сенген, ықпалды ойыншыға айналды. Қазақстан Түркиямен тең және прагматистік қатынастар орнатқан жөн. Батыс қазір өз экономикасымен шұғылдануда және Ресейдің аймақтағы ықпалын әлсіретуге күш жұмсағысы келмейді. Орталық Азиядағы ішкі динамикалар мен жергілікті факторларды түсіне алмау, кең ауқымды стратегия  дамыта  алмау   Түркияның  Орталық Азиядағы саясатындағы басты  мәселелері болып табылады.

Ресей мен Қытайдың ұқсас бәсекелестік саясаты және Батыстың екі қырлы саясаты жергілікті элита үшін бір белгі. Ресейдің басты стратегиясы аймақтағы статус-квоны сақтап қалуға бағытталған.

Қазақтар Еуразия мен Орталық Азиядағы ең бейбіт, космополит және әлемдік деңгейде ойлайтын ұлт. Қазақстан – аймақтың ең тыныш және бейбітшіл елі. Қазақ халқының философиялық және дүниетанымдық көзқарасы адамның өзіне негізделген, яғни антропоцентристік сипатқа ие. Бұл көзқарасқа сәйкес барлық адамдар нәсілі, діні мен түсіне қарамастан бір-біріне көрші, қонақ және бауыр. Қазақтар (Қазақстан) Еуразияның жаңадан күшейіп келе жатқан тың ойыншысы. Алдағы 20 жылда Қазақстан ұлт-мемлекет моделіне өте бастауы мүмкін. Қазақ тілі мен мәдениетінің бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін ең күшті құрал екендігі ашық айтылуда.

Қазақстан – Еуразияның төрінде ерекше орынға ие ел. Ғасырлар бойы Қазақ жері Батыс пен Шығыс арасындағы әртүрлі империялар мен мәдениеттердің жалғастырушысы болып келгендіктен, оның халқы да бөтен мәдениет пен пікірлерге төзімшіл болып өсті, толерантты болып қалыптасты.

Орталық Азиядағы жергілікті динамикалар мен ішкі күштер КСРО кезінде де әлсіретіліп, бейтараптандырылса да, толықтай жойыла алмады. Қазір, аймақ күшеюде, жаңадан күш жинауда, түлеуде. Бұл жерде біз жергілікті ұлтшылдықтан гөрі аймақтағы интеллектуалдық, демографиялық, қоғамдық, ұлттық,  аймақішілік, экономикалық, мәдени факторлардың ықпалдасуы туралы айтып тұрмыз. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік  істерінде  жасампаз рөл атқарғанын елбасы ғана емес, алдымен,  бүкіл Қазақстан халқы қалайды. Қазақстанның саяси құндылықтары мен ұлттық қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы дүниетаным мен философиялық түсініктер құрауы тиіс. Қазақстанда ішкі тұрақтылықтың орнауына қазаққа тән көшпенділік дүниетанымның, сопылық жұмсақ исламның, «Кеңес халқы» жобасының, Назарбаев феноменінің, ішкі қауіпсіздік саясатының әсері зор болды. [3, 1-2 б.].

Қазақстан Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі  мен тұрақтылығы үшін ең  көп күш жұмсайтын мемлекет. Қазақстан Иран, Ауғанстан, Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты мазасыз мемлекеттермен қоршалған. Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтарының ең үлкен мәселесі білімсіздік пен кедейлік. Яғни білім мен адами даму деңгейінің төмендігі діннің, қоршаған орта мен дүниенің қате түсінілуіне алып  келеді.  Білім  мен  экономика  әлсіз болған сайын, жұмыссыздық та арта түседі. Қазақстанда Түркия мен Малайзиядағыдай исламның толерантты және жұмсақ үлгілеріне қолдау көрсеткен жөн. Салафи және такфири топтар толеранттылық пен қоғамдық келісім мәселесіндепайдалыпікірұсынаалмасыдаанық. Президент Н. Назарбаев айтқандай, мұсылман әлемі жаһандық экономикалық өзгерістер мен саяси үрдістерге бейімделуі керек.

Ауғанстандағы ахуалдың қалпына келіп, тынышталуы Қазақстан үшін расында өте маңызды. Қазақстан – Ауғанстанға жәрдем берудің толық, жан-жоспарын әзірлеген жалғыз Орталық Азиялық мемлекет. Орталық Азия жаңа өзгерістер кезеңіне аяқ басып отыр. Осы тұрғыда аймақтық қауіпсіздік мәселесі үлкен мәнге ие болары сөзсіз. Бірақ 2014 жылы İsaF әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуы аймақта өмірдің аяқталғанын білдірмейді. Өкінішке орай, Ауғанстан әлі аймақтық тұрақсыздық пен экстремизмнің ошағы болып отыр [4, 2 б.].

Қазақстан Орталық Азия елдерінің тұрақтылық пен бейбітшілікте өмір сүргендігін қамтамасыз ету мақсатында қолынан келгенше әрекет етуде. Қазақтар өздеріне тән терең қауіпсіздік ұғымдарын аймақтағы басқа халықтармен бөлісуі қажет. Мәселелердің қақтығыс пен соғыс жолымен шешілмейтіндігін халқымыз өте жақсы түсінген. Әрбір халық тұрақтылықты, өрлеу мен бейбітшілікті таңдайды. Қазақстан қоршаған ортасы тұрақты, тыныш болғанда ғана бірқалыпты дами алады. Тұрақты, сенімді және қауіпсіз көршілермен қоршалған мемлекет әртүрлі сыртқы қауіптерден қорғалған деуге болады [5, 2 б.].

Кез келген ұлттың күшеюі, жаңалануы, өсуі және дамуы тек тұрақты жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, қазақ халқына тән қауіпсіздік ұғымы осындай. Егер әрбір ел осындай байсалды ұстанымға ие болғанда, аймақта және дүниеде бейбітшілік пен сенімділік салтанат құратын еді. Қазақстанның қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы үлгідегі қауіпсіздік ұғымдары құрауы тиіс.

 

 

әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н. Ауғанстан маңызды тарихи кезеңге аяқ басқалы тұр // «Егемен Қазақстан» ұлттық республикалық газеті.№ 116, 27 сәуір 2013 ж. б. 1-2.
  2. Claude salhani. «İslam without a veil. Kazakhstan’s Path of Moderation». Potomac books. Washington D.C. 2011. 201.
  3. Ашық үнқатысу алаңы// «Егемен Қазақстан» ұлттық республикалық газеті. – № 115, 26 сәуір 2013 ж. б. 1-3
  4. Төрежан Қ. Ауғанстан мәселесі Алматыда қаралды // Айқын республикалық қоғами және саяси газеті. №75, 27 сәуір 2013 ж. б. 1-2.
  5. Серікова Ж. Нурсултан Назарбаев: Геополитическое легкомыслие дорого обходится человечеству // Известия Казахстана. – № 77, 26-28 апреля 2013 г.   стр. 1-2.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.