Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарифтер және сауда бойынша бас келісімнің, дүниежүзілік сауда ұйымының қалыптасуы

Екінші дүниежүзілік соғыстың  аяғына қарай ашық нарық пен дискриминацияламау саудадағы ұзақ мерзімді бейбітшіліктің жақсы кепілі болады деп есептеген көптеген АҚШ ресми өкілдерінің философиясын дискриминацияламау және ашық нарық қағидалары белгілі бір деңгейде көрсетті, ал АҚШ-тың соғыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және саяси басымдығы Ұлыбритания және оның доминиондары тарапынан қарсылыққа қарамастан осы ойлар мен көзқарастардың кеңінен таралуын қамтамасыз етті. 1945-1948 жылдар аралығында Лондон, Женева және Гаванада өткен дипломатиялық раундтар барысында АҚШ ұсыныстары «өңделіп» халықаралық келісімнің жобасы нысанын қабылдады, оның идеологиясы АҚШ-тың қолданыстағы сауда заңнамасына негізделген болатын. Гавана хартиясы бойынша келіссөздер, ең біріншіден, оның қатысушыларының барлығы АҚШ-тың «либералды» сауда философиясын бөліспегеннен, өте қиын өткенін атап өткен жөн. Осылайша, Британ ұлттар бірлестігінің саудадағы дискриминацияламаудың жалпы ережесіне қоспағанда өзара преференциялар жүйесін сақтап қалуға көндіруі сәтсіз болмады. Соғыс нәтижесінде күйреген экономикаларын қалыпқа келтіру кезеңін бастан өткізіп отырған өзге де мемлекеттер АҚШ орнатқан «еркін сауда» ережелерін қабылдауға асықпады. Осындай қарама-қайшылықтар мен түрлі көзқарастардың нәтижесі Гаванада  қабылданған  мәтін  бол-  ды, ол негізінен, өзінде көрсетілген басты қағидалардан көптеген алып тастаушылықтар мен ескертпелерді көздеген болатын, сондықтан сол кездегі АҚШ президенті Г. Трумэн осы шартты Сенаттың ратификациялауына ұсынбай, өзінің «қолдану туралы уақытша хаттамасының» негізіндегі атқарушылық жарлығымен күшіне енгізді [1].

Сонымен қатар ресейлік зерттеуші А. Куряевтің  пікірінше,  ГАТТ-қа  қол  қою барысында тарифтердің  қысқаруын  есептемегенде, 1950 жылдары ешқадай нақты табысқа қол жеткізілмеді, оның себебін автор 1934 жылғы Заңды кезекті ұзарту барысында 1950 жылдары АҚШ Конгресі маңызды протекционистік өзгертулер енгізді. Нақтырақ айтсақ, келесідей өзгертулер:

  • ішкі салаларға маңызды шығын келтіруі мүмкін тарифтерді кез келген азайтуды АҚШ президентімен талқылауға кедергі келтірген импорттық баждарды төмендету шегін белгілеу ескертпесі;
  • импорттан зардап шеккен кез келген ішкі салаға Халықаралық сауда комиссиясына (1975 жылға дейін АҚШ тарифтері бойынша Комиссия) петиция жіберу, ал комиссия өз кезегінде АҚШ президентіне тарифтерді азайту бойынша кез келген келісімдерді кері шақыртып алу туралы ұсыныс енгізе алатындай, бас тарту мүмкіндігінің ескертпесі. Саладағы өнімді пайдалану көлеміндегі импорт үлесінің артуы салаға зиянның жеткілікті «дәйегі» болып отыр;
  • елдің қорғанысы үшін маңызды салалар үшін залал келтіруі мүмкін болғанда тарифтердің қысқаруына кедергі келтіретін (сәйкесінше келісімге қол жеткен күннің өзінде) ұлттық қауіпсіздік бойынша ескертпе.

Тарифтердің айтарлықтай  қысқаруы міндетті түрде басқа салаларға кері әсерін тигізгендіктен (салыстырмалы түрде мемлекеттің    артықшылығы    жоқ    салаларда),   А. Куряевтің ойынша, бұндай саудалық шектеулер (әсіресе бас тарту мүмкіндігі ескертпесі) тарифтерді одан әрі шектеуге үлкен кедергі келтіреді [2].

Дегенмен, 1962 ж. АҚШ Конгресі 1934 жылғы сауда келісімдері бойынша Заңды алмастырған, сауданы кеңейту туралы Заң қабылдады және оны қабылдаудың басты себебі ЕЭҚ-тың (Ортақ нарық) құрылуымен пайда болған  жаңа  жағдаймен  байланысты.   Бірінші рет ЕЭҚ ГАТТ бастауымен өткен келіссөздерге қатысушы-мемлекеттер   атынан алдындағы «Диллон» раундында (1960-1962 жж.) қатысты. Жаңа Заң президентті мемлекеттер арасындағы тарифтерді 1962 жылғы деңгейден 50%-ына дейін қысқарту, 1962 жылы 5% не одан да төменді құраған баждарды толықтай алып тастау туралы келіссөздер жүргізуге  өкілеттендірді,  ол алдындағы сауда келісімдері туралы Заңда көзделген «тауар үшін тауар» қағидасын алмастырды. 1962 жылғы сауданы кеңейту туралы Заңның күшіне енуі АҚШ-қа ГАТТ бастамасымен «Кеннеди» раунды атауымен белгілі кең ауқымды көпжақты сауда келіссөздерін өткізу бастама көтеруге мүмкіндік берді [2, С.92-93].

1962 жылғы сауданы кеңейту туралы Заң 1974 ж. Сауда реформасы туралы Заңмен алмастырылды, ол президентті тарифтерді 60%ға дейін қысқарту туралы және 5% және одан төмен деңгейдегі тарифтерді алып тастау туралы келіссөздер жүргізуге, сонымен қатар тарифтік емес сауда барьерлерін азайту туралы келіссөздер жүргізуге өкілеттендірді. Осы Заң негізінде АҚШ «Токио» раундындағы тарифтер бойынша көпжақты келіссөздерге қатысты. 1974 ж. сауда реформасы туралы Заңның орнына 1984 ж. Сауда және тарифтер бойынша жаңа Заң қабылданды, оның ережелерін ескере отырып АҚШ 1986 ж. «Уругвай» раундындағы көпжақты сауда келіссөздеріне қатысты. Осылайша, халықаралық сауданы реттеудің соғыстан кейінгі жүйесінің тағдыры АҚШ-тың ішкі саясатымен тығыз байланыста болды [2, С.93].

Бұл қорытынды мынадай фактімен дәлелденеді: ГАТТ шеңберінде өткен әрбір көпжақты сауда келіссөздерінің жаңа раундының алдында көбінесе осындай келіссөздердің бастамашысы болатын АҚШ-тың сауда заңнамасы мен саясатында өзгерістер болып өтетін.

Д. Сальваторенің айтуынша, халықаралық сауданың соғыстан кейінгі тарихында 2 кезеңді атап өтсе болады:

  • ГАТТ-тың пайда болуынан 1960 жылдардың аяғы – 1970 жылдардың басы, тарифтер мен белгілі бір деңгейде тарифтік емес барьерлер төмендеді;
  • 1970 жылдардың басынан бастап, тарифтердің төмендеуімен қатар  тарифтік  емес барьерлерді қолдану кеңінен жүзеге асты. Тарифтік емес барьерлермен реттелетін АҚШ, ЕО  және  Жапонияның  саудадағы үлесі 1965 жылғы 25%-дан 1986 жылы 48%-ға дейін өсті, бұл алдыдағы онжылдықтарда қол жеткізілген либерализацияның біршама бөлігінің жаңа протекционизммен тоқтатылғанын білдіреді [3].

ГАТТ-тың бірінші үш сауда  раундында (1949 ж. – Аннеси (Франция); 1951 ж. – Торквей (Ұлыбритания); 1956 ж. – Женева) біршама прогреске қол жеткізілді: америкалықтар мен канадалықтар – экономикасы соғыстан кейінгі қалыптасу кезеңіндегі және сандық шектеулермен қорғалған Еуропа елдерінің пайдасына біршама жеңілдіктерге келісім берді. Диллон раунды (1960-1961 жылдар) ірі халықаралық сауда келіссөздерінің жаңа кезеңін ашты, себебі «Ортақ нарықтың» құрылуынан кейін жүргізілді және ГАТТ-тың талап етуі бойынша өзінің кеден тарифтерін қайта қараған Еуропа елдерінің гүлденуін білдірді. Диллон раунды Батыстың жетекші елдерінің арасында кеден баждарын біршама қысқарту туралы келісім жасалуына алып келді, бірақ іс жүзінде бұл тек шектелген тауарлар санына жүзеге асырылған болатын. Жалпы тарифтердің төмендеуі орташа алғанда шамамен 7-8%-ды құрады [1, С.23].

К.В. Ремчуковтың айтуынша, 1960 жылдардың ортасында «Кеннеди раундында» антидемпингтік келісім қабылданды, ал 1970 жылдарыәлемдіксауданыреттеужүйесітарифтік емес шаралардың регламенттелуімен және «рамалы» келісімдермен байытылды. Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы наразылықтар өсе түсті, оған сауда раундтарын өткізу мерзімдерінің бірден ұзартылуы дәлел бола алады: егер 1940 және 1950 жылдары келіссөзге қатысушылар бір жылдан аз мерзімде бітірсе, 1960 жылдардан бастап раундтар 6-7 жылға созылды, оған әсіресе «Кеннеди раундынан» кейін талқылайтын сұрақтардың әртүрлілігінің өсуімен де түсіндіріледі. Және де келіссөздерге қатысушылардың санының осы раундтан бастап бірден өсуі әлемдік сауданы реттеу ережелерінің маңызының артуын және нақты қажеттіліктің – ережелер мен оны қиындату және детализациялауда өсуін көрсетеді [4].

Бұған «Кеннеди раунды» көптеген бұрынғы отар елдер мен халықтардың өз мемлекеттік тәуелсіздігін алып, ГАТТ-қа тікелей қатысуға мүмкіндіктерінің пайда болған кезеңге сай келуін де жатқызса болады.

Кеннеди раундының өзі 1963 ж. кеден тарифтерін бірден 50%-ға төмендетуді  ұсынған АҚШ пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын мүлде қарастырудан алып тастаған және   баждарды   сызықтық    төмендетуден  бас  тартқан   ЕЭҚ   арасындағы   конфронтация жағдайында ашылды. Келіссөздер кеден баждарының прецедентсіз төмендеуіне алып келді, бес жыл ішінде өнеркәсіптік тауарлар үшін орташа қысқарту 36% болды және соңғы өнімдердің әлемдік саудасының үштен біріне қатысты болды [1, С.23-24].

70-жылдардың басындағы энергетикалық дағдарыс көптеген елдердің протекционистік саясатын қайта асықтырды, оның нәтижесінде әлемдік сауда жүйесін – оның ережелерін тереңдету мен қиындау арқылы түпкілікті өзгерту мен реформалау қажеттілігін туындатты.

Дәл сондықтан К.В. Ремчуковтың ойынша, Токио раундында (1973-1979 жж.) 102 мемлекет қатысты, ол Кеннеди раундымен салыстырғанда 1,6 есе көп, ал ең үлкен табысқа әдеттегідей тарифтерді төмендету саласында қол жеткізілді: тоғыз ірі әлемдік нарықта кеден баждары орташа алғанда үштен бірге төмендетілді, оның нәтижесінде олардың өнеркәсіптік тауарларға орташа мөлшері 4,7%-ға дейін  қысқартылды, ал тарифтердің орташа деңгейінің төмендетілуі олардың «гармонизациясымен» қатар, яғни түрлі тауар топтары бойынша тарифтер арасындағы өзгешелікті қысқарту арқылы жүзеге асты. Бірақ тарифтерді төмендету туралы келісімді қоспағанда, толығымен қарастыратын болсақ, Токио раунды сәтсіздікке ұшырады, себебі әлемдік саудаға қатысушылардың әртүрлілігі ауылшаруашылығы өнімдері саудасындағы басты проблемалар бойынша терең келіспеушіліктерді жеңіп шығуға да, ұлттық өндірушілердің позициясына зиян келтіретін импортты шектеу үшін төтенше тәртіпте жүргізілетін «қорғаныс шаралары» туралы жаңа келісім жасауға да  мүмкіндік бермеді [4, С.29].

А. Куряевтің айтуынша, Токио раунды (19731979 жылдар) аяқталғаннан кейін жаңа протекционизм сауда саясатындағы басыңқы ағымға айналды. Бес жаңа жүріс-тұрыс кодексі – 1) субсидиялар және компенсациялық баж бойынша; 2) тауарларды кедендік бағалау бойынша; 3) техникалық барьерлер бойынша; 4) лицензиялау бойынша; 5) мемлекеттік сатып алулар бойынша және жаңа антидемпингтік кодекс – импортты шектеудің тарифтік емес  шараларын  тарату  мен  асыра  пайдаланушылықтарды тоқтата не тым құрығанда баяулата алмады, себебі протекционизмнің осы нысандарын іс жүзінде заңдастырған болатын. 1980 жылдары мемлекеттер Токио раунды барысында заңдастырылған протекционистік шараларды белсене пайдаланды: 1981–1990 жылдары АҚШ қорғаныс және компенсациялық баждарға және антидемпингтік шараларға – 802 рет, Австралия – 502, Канада – 474, ЕЭҚ – 422 рет жүгінген болатын [2, С.97].

Сауда әріптестерін дискриминациялау практикасы кеңінен қолданылды, сауда даулары ГАТТ шеңберінен тыс қаралып, шешілетін болды және көптеген жағдайларда оның ережелеріне тікелей қайшы келетін (мысалы, экспортты «ерікті» шектеу туралы келісімдер). Ірі мемлекеттер арасындағы келіспеушіліктер аясы кеңейе түсіп, енді өнеркәсіптік өніммен сауданы ғана емес, қызметтер саудасын да қамтыды. АҚШ пен Еуропа арасындағы ауылшаруашылық экспортын субсидиялау бойынша даулар өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы факторлардың нәтижесінде 1980 жылдардың ортасында халықаралық сауда саласындағы әлемдік тәртіп құлдырау шегінде тұрды [5].

К.В. Ремчуковтың пікірінше, көптеген маңызды мәселелер бойынша жалпы келісімге келудің мүмкін болмауы ГАТТ қатысушыларын, әсіресе дамыған мемлекеттерді, ГАТТ-тың ДСҰ болып құрылғанына дейінгі дамуында басты бағыты болған жолды – ГАТТ-тың салыстырмалы аз мүшесін қамтитын бөлек көпжақты келісімдер жасау – табуға мәжбүрледі. Нәтижесінде олардың кейбірі барлық мүшелері үшін міндетті ДСҰ-ны құру туралы Келісімнің шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерге трансформацияланды, қалғандары шектеулі сандағы қатысушылармен келісімдер болып қалып қалды [4, С.29-30].

А. Куряевтің ойынша, ГАТТ жүйесінің дезинтеграциясы 50-жылдардың ортасынан – ГАТТ құқықтық режимінен маңызды ауытқушылықтар мен сауданың жекелеген салаларына қатысты секторлық келісімдер жасасу негізінде басталды. Осылайша, ГАТТ режимінің бірінші жіктелуі, ғалымның айтуынша, 1955 жылы ГАТТ АҚШ-қа, ауылшаруашылық тауарлар импортын шектеуге рұқсат ететін және нәтижесінде осы тауарлармен сауда ГАТТ жүйесінің реттеу саласынан іс жүзінде шығып қалған, ГАТТ нормаларынан біршама ауытқуға құқық (waver) берген кезінде болды. Өзінің   әрекет ету кезеңінде ГАТТ 115 рет келісуші тараптарға айрықша жағдайларға байланысты ГАТТ ережелерінен ауытқуға құқық берген болатын. ГАТТ құқықтық режимінің дезинтеграциясын ГАТТ бастамасымен 1961 ж. сауданың тоқыма секторынан бастап, 1974 ж. көпталшық бойынша келісім жасауға алып келген секторлық келісімдер жасау тәжірибесі тездетті. Соның салдарынан экспортты ерікті түрде шектеу туралы екіжақты келісімдер сияқты ГАТТ-тың нормаларына мүлде қайшы келетін механизмдері бар арнайы келісімдер тұрақты түрде пайда бола  баста-  ды. А. Куряев айтқандай, құқықтық режимнің жіктелу құбылысы 1970 жылдары Токио раунды келіссөздерінде күшейе түсті, нәтижесінде, ешбірінде ГАТТ-қа мүше мемлекеттердің үштен бірі болсын қатыспайтын, ГАТТ-тың өте аз келісуші таратарымен қабылданған, Кодекстер деп аталатын, көптеген (жүз шақты) жекелеген қосымша келісімдер қабылданды. Әрбір бұндай келісім белгілі бір деңгейде ГАТТ қағидаларынан ауытқушылықтарды заңдастырды      [2, С. 99].

Тарифтердің өте төмен деңгейге дейін төмендеуі, салыстырмалы түрде әлсіз экономикаларды да, күшті экономикалардың жекелеген салаларын да қорғансыз қылып, халықаралық бәсекелестікті күшейтті. Негізінен, дәл осы бәсекелестікті қатайтудан туған 70-жылдар 80-жылдардың басындағы әлемдік дағдарыстар жаңа, тарифтік емес құралдармен жүзеге асатын протекционизм қажеттілігін туындатты. Жалпыдан шектеулі қатысушылармен жасалатын жекелеген келісімдерге өту тенденциясы өз шегіне жетті: әлемдік сауда мәселелерін реттеудің басты құралына бір-бірімен бәсекелесуші дамушы мемлекеттердің нарықты бөлу туралы екіжақты келісімдері айналды. Сонымен қатар ауылшаруашылығы өнімдерінің нарығындағы шиеленісті жағдай дамыған мемлекеттерді «субсидия жарысын» бастауға мәжбүрледі. Бұның барлығы әлемдік сауда либерализациясының негізгі қағидаларына қайшы келді. Оған қоса ГАТТ-тың ұйымдастырушылық құрылымы мен бәсекелестіктің күшеюі нәтижесінде өз әрекет қабілеттілігін жоғалтқан, оның шеңберінде дауларды шешу жүйесі сынға ұшырады [4, С.32].

В.  Мельниковтың  бағалауы  бойынша,  1970 жылдардың басындағы  дағдарыстар  өзінің қалпына келтіру және  модернизация-  лау міндеттерін орындап, алдына қоятын жаңа тапсырма  болмай,  жаңаланбай,  құри  бастаған барлық институттарына қатысты: неғұрлым олар қатаң құрылымданса, соғұрлым тез дағдарысқа ұшыраған соғыстан кейінгі әлемдік экономикалық жүйенің құлдырауын білдірді. Бірінші болып оның құрамына 1970 жылдардың басында Бреттон-Вудс жүйесі құлағаннан кейін дәстүрлі қызмет аясынан айырылып, өздерін сақтап қалу үшін толықтай мақсаттарын, міндеттерін және ең бастысы, қызмет етуінің механизмін   өзгерткен   Халықаралық   Валюта Қоры мен Дүниежүзілік Банк кірді.  Осы-  лай ГАТТ қиындықтары барлық дүниежүзілік экономикалық жүйесінің трансформациясының заңды нәтижесі болып табылды. Жалпы алғанда, ұйым болып табылмаған, тек әртүрлі деңгейлі келісімдердің пакеті ретінде болған ГАТТ әлсіз құрылымдануына байланысты оның қайта құрылуы кеш басталып, дүниежүзілік экономиканың трансформациясының кезеңі посткеңестік және жаһанданумен тұспа-тұс келді. ГАТТ аморфтығы үлкен тұрақтылықты сақтай отырып, алдыңғыны дамытуда бір кезеңді тастап кетті, бірақ 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдарда бұл одан әрі ірі мәселелерге алып келді [6].

Іс жүзінде ГАТТ БҰҰ Жарғысы түсінігіндегі халықаралық  ұйым емес, контракт  сияқты «жеке» келісім ретінде қарастырылды: оның формальды мүшелігі, соған сәйкес бюджеті және қызметкерлері болған емес. Бұндай жағдай халықаралық сауда саласындағы халықаралық келісімде келесі кемшіліктердің сақталуын білдірді:

  • ГАТТ бастапқы мүшелері – экономикалық жағдайы жақсы дамыған мемлекеттерге, келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауды тәжірибеде «икемді» қолдануға мүмкіндік берген міндеттемелерден  (ағыл.  –  waivers)  және «ата ескертпелерінен» уақытша босату;
  • саудадағы тарифтік емес барьерлерді қолдануды реттейтін, уақыт өте келе мемлекеттер арасында тауар алмасуға елеулі (тарифтермен салыстырғанда) кедергі бола бастаған саны шектелген тәртіптер;
  • ауылшаруашылық өнімдерін сатудың тиімді емес ережелері, бұларға ГАТТ нормалары таратылған жоқ, өйткені бұл сұрақтарды шикізат тауарларын сатуға қатысты Халықаралық Еңбек Ұйымын құру жөнінде Келісімнің басқа бөлімдерімен реттеуге жоспарланған болатын;
  • ұйымдастырушылық жоспарда ГАТТ-тың келешектегі эволюциясының мүмкіндігінің аздығы мен институционалды жағдайының минималды болуы [1, С.21].

Айта кететін жайт, Токио раундының бірде-бір келісіміне ГАТТ-тың барлық мүшемемлекеттері қол қойған жоқ, сондықтан бұл келісімдерге қол қоймаған мемлекеттер алдына ең қолайлы жағдай жасау режимі  туралы сұрақ қойылды (айқындалған жағдай мәселесі). Осы келісімдерде қарастырылған мәселе – келісімдерге қол қоймаған мемлекеттер артықшылықтарды иелену мәселесі. Сонымен қатар осы уақытта дауларды реттеуде әртүрлі ережелер болды, ал ГАТТ-тың ұлғаюы даулы мәселелердің өсуіне алып  келді.  ГАТТқа қол қоюының 40-жылдығы кезінде оның қызметін талдаған кезде тарифтердің қысқартуы мен  сандық  шектеулердің   алып   тасталынуы байқалды. Сонымен қоса ГАТТ саудаға кедергі келтіретін тарифті емес барьерлердің үлкен санын азайтатын және күшін әлсірететін келісімдер мен заңдар жинағын орнатты. «Жаман басқарушылық комплексін» есепке ала отырып, ГАТТ қызметі көптеген қатысушылар үшін кері зардаптар тигізді [1, С.27].

1982 жылдың қараша айында Женевада ауыл  шаруашылық  өнімдерін  сатуды  реттеу мәселелері бойынша  алауыздықтарды  жеңе алмау салдарынан іске аспаған ГАТТ мүше-мемлекеттер  министрлерінің   кеңесі өтті, бірақ жаңа Уругвай раунды шеңберінде келіссөздердің негізін салған күн тәртібін  жасап шығарды. ГАТТ мүшелері арасында алауыздықтардың  терең  болуы  1986   жылдың 20 қыркүйегінде Пунта-дель Эстеде Уругвай раунды бойынша министрлер Декларациясы қабылданған министрлердің жаңа кездесуін көптеген дискуссиялардың арқасында тек төрт жылдан кейін дайындай алды [4, С.33]. Күн тәртібінде ГАТТ-тың тек  дәстүрлі  сұрақтар ғана емес ауыл шаруашылық, тарифтер,  тоқыма өнеркәсібі, антидемпинг, субсидия-  лар, қауіпсіздік, сонымен қатар саудамен байланысты интеллектуалды меншік пен қызмет, инвестициялық шаралар сияқты «жаңа сұрақтар» енгізілді. Уругвай раунд нәтижесі бойынша «бірыңғай міндеттемелер алынады», яғни әрбір мүше өзіне «пакеттегі» барлық міндеттемелерді немесе бірде-біреуін алмайды деп арнай келісілген еді [1,  С.27].

Тауарды сату және қызмет саудасы бойынша келіссөздер бөлек өтіп, әрбір сұрақ бойынша дербес топтарда қарастырылды. Шағын топтар келіссөздеріндегі ұсақ сұрақтардың ішінде мыналар қарастырылады:

  • тарифтік емес барьерлер;
  • ауыл шаруашылығы;
  • субсидиялар мен компенсациялық шаралар;
  • интеллектуалдық меншік құқығы және жалған тауарлар;
  • тауарлар қауіпсіздігі;
  • тоқыма өнімдері;
  • инвестициялық саясат;
  • дауларды шешу [1, С.25].

Келіссөздер өте қиын өтті, тек  1993 жылдың 15 желтоқсанында АҚШ пен ЕО туындаған алауыздықты шеше біліп, 1994 жылдың 15 сәуірінде Марракеште (Марокко) келіссөздерге қатысқан көпшілік мүше-мемлекеттердің министрлері қорытынды құжатқа қол қойып, Уругвай раундын аяқтап, Дүниежүзілік Сауда Ұйымын құрды. Раундқа ресми түрде қатысқан 125 мемлекеттің 111-і Қорытынды актіге қол қойды, 104-і ДСҰ туралы Келісімге қол қойды. Бірақ көптеген мемлекеттер осы құжаттарды олардың ратификациялау шартымен қабылдайтыны туралы ескертпе жасады. Қорытынды актіге қол қоймаған 14 мемлекеттің 7-еуі ұлттық заңнамада көрсетілген шектеулерге байланысты қол қоя алған жоқ.Сонымен қатар бірнеше қатар шешімдер мен декларациялар қабылданған еді [1, С.29]. Уругвайраундында, соныменқатар ГАТТ-тың дәстүрлі саласы тарифтерді төмендетуде елеулі алға басуларға жетті: деңгейінің төмендеуімен қатар біржақты тәртіпте көтерілмейтін тарифтермен қатысты қолдану аясы кеңейтілді. Келіссөздердегі мүше-мемлекеттері өз  алдына  алған тарифтерді   түсіру арқылы  нарықтарға кіруге мүмкіндікті  қамтамасыз  ету міндеттемелері 22,5 мың беттен тұратын ұлттық тарифтік тізімге енгізілген еді [4, С.34].

Қорытынды. Осылайша, ДСҰ өзінің дамуында бүгінгі жағдайына дейін жеткілікті ұзақ және күрделі  жол  өтті.  Әмбебап   халықаралық   сауда ұйымы ретінде ГАТТ/ДСҰ-ның даму және қалыптасуының шолуы әлемдік сауданың көптеген қазіргі заманғы мәселелері бұл ұйымның бұрынғы кезеңдерінде негізделгендігін көрсетеді. Ресейлік ғалым В.Г. Вельяминовтың әділ бағасы бойынша,   ГАТТ/ДСҰ   шеңберінде  халықаралық экономикалық қатынастарды жан-жақты құқықтық реттеуді бүгінгі күні, шындығында, жаһанды-әмбебап ретінде қарастыруға болады, себебі тіпті ДСҰ-ға формальды түрде қатыспайтын елдер, егер әлемдік нарыққа енгісі келсе, өзінің сыртқы  экономикалық  және  одан  кеңірек, ДСҰ-ның қағидалары мен стандарттарына жалпы экономикалық реттеулерін бейімдей отырып, еріксіз түрде осы нарықтың ДСҰ ережелерімен танылатын реттелу шарттарын ұстануына мәжбүр болады [7, С.163]. Қазіргі кезеңдегі ДСҰ мәні мен рөліне нақты сипаттама осы деп ойлаймын.

 

 

әдебиеттер

 

  1. Основы торговой политики и правила ВТО. – М.: Международные отношения, 2005. – С.108.
  2. Куряев А. Кризис системы ГАТТ/ВТО // Промышленная политика и международные отношения (Сб. ст.): в 2-х кн. Книга 1 / под общ. ред. Ю.В. Кузнецова. – Челябинск: Социум, 2005. – 162 с. – С.
  3. Сальваторе Д. Международная экономика. – М., – 292 с. – С.157.
  4. Ремчуков К.В. Россия и ВТО. Правда и вымыслы. – М.: Международные отношения, – 320 с. – С. 203.
  5. the New Protectionist W enzo Grilli, ed. Macmillan, 1990. – P.20. // Цит. по: Куряев//http://www.sotsium.ru/books/124/189/ kouryaev_ crisis%20of%20managed%20trade.html
  6. Мельников В. Международные финансовые институты и их роль в трансформационных процессах постсоциалистических стран. – М.: Эпикон, 1999. – 146 с. – С.104.
  7. Вельяминов Г.М. Международное экономическое право и процесс (Академический курс): учебник. – М.: Волтерс Клувер, 2004. – 496 с. – С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.