Қазақстандық төрағалықтың күн тəртібінің басымды бағыттары Душанбеде өткен ИКҰ СІМ 37-Кеңесінде белгілі болды. ҚР мемлекеттік хатшысы жəне Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Қ. Саудабаев ИКҰ жəне ЕҚЫҰ, ИКҰ жəне АӨСШК арасындағы байланыстарды дамыту бастамасын ұсынды. Ол, сонымен қатар ОА-ның ең аз дамыған елдеріне, соның ішінде Қырғызстан жəне Ауғанстанға қаржылық-экономикалық көмек көрсету бойынша ұзақмерзімді бағдарламаны қабылдауға шақырды.
Қазақстандық сарапшылар күткендей, 2011 жылы ИКҰ шеңберінде өткен саяси пікірталастарға араб-израиль қақтығысын реттеу механизмдерін іздеу, Ирак жəне Ауғанстан территорияларындағы қақтығыстар, АҚШ жəне Иран арасындағы қарсыласудың күшеюі жəне пəкістандық ядролық арсеналдың қауіпсіздік мəселелері ықпал етті [4]. Бұның барлығы ИКҰ жұмысының нəтижелі болуына жағдай жасайтын өзара келісілген шешімдерді қабылдау жəне жүзеге асыру құралдарының жетіспеушілігі, резолюциялардың декларация күйінде қала беруі үлкен кедергі болып табылады. Бұдан басқа ұйымның жетекші мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы белгілі-бір деңгейде кері ықпал етеді. Мысалы, Иран өзінің ұлттық ядролық бағдарламасын жүзеге асыру барысында сыртқы күштер ықпалын төмендетуді көздесе, Сауд Арабиясы керісінше аймақтағы ядролық бағдарламалар жарысы қаупін тоқтатуға тырысады. Ал кейбір мемлекеттер үшін керісінше, экономикалық даму мəселелері бірінші кезекте тұр.
Осыған байланысты төраға ретіндегі Қазақстанның алдында келесідей:
- ұлттық ядролық бағдарламаны тоқтатуда мəмілеге келмейтін Иранның қатаң ұстанымы;
- палестиндік-израильдік реттеу тəсілдерінің əртүрлілігі;
- АҚШ-тың Иракта жалғастырып отырған əскери кампаниясы жəне оның аймақтағы салдары;
- қазіргі кездегі Ауғанстандағы бітімгершілік əрекеттердің нəтижесіздігі, сонымен бірге ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы аталған қарамақайшылықтар бойынша өзіндік нақты ұстанымдарын анықтау мəселесі де тұрды. Өйткені аталған мəселелердің кез келген біреуі ушыққан жағдайда ИКҰ-ның əрекет ету қабілетінің бəсеңдегенін көрсеткен болар еді. Сондықтан Қазақстан өзінің төрағалық қызметінде пікірталастардың ушығуына жол бермеуге, ислам елдерінің халықаралық саясатын біріктіретін механизмдерді іске қосуға тырысты деп айтуға болады.
Бұл механизмдер келесідей басымды бағыттарды талқыға салу арқылы жүзеге асыру мүмкін болды:
- Экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдары, болашағы.
- Исламдық банкинг, халал индустриясын дамыту, оның мүмкіндіктерін кеңейту.
- Лаңкестік, діни экстремизмге қарсы əрекет.
- Исламофобиямен күресу жолдары жəне мұсылмандар құқығын қорғау мəселесі.
- Жоғары білім, ғылым жəне техника саласындағы ынтымақтастық.
ИКҰ-ның онжылдық əрекеттер жоспарында ислам əлемінің алдында тұрған маңызды қатерлер көрсетілген [1]. Идеялық-саяси салада сабырлылық жəне толеранттылық құндылықтарын бекіту мəселелері, экстремизм жəне зорлық-зомбылықтан бас тарту, ланкестік жəне исламофобиямен күресу, мұсылман елдерімен ынтымақтастықты дамыту жəне олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтату, Палестина мəселесі, мұсылмандық қауымның құқықтары, біржақты санкциялардан бас тарту сияқты мəселелер бар. Бұл мəселелердің шешілуі тиімді стратегияны қалыптастыру арқылы жаңа міндеттерді талап етеді.
Соңғы жылдары мұсылмандар құқығының бұзылу фактілері кең тарап отыр. Ол Батыстың дəстүрлі христиандар мекендейтін елдерінде мұсылмандардың көбеюінің жəне осыған байланысты əлеуметтік жəне саяси жанжалдардың туындауының салдарынан болып отыр. Көбінесе діннің сыртқы атрибуттарына қатысты мəселелер жиі кездеседі, мысалы, хиджаб кию, сондай-ақ экстремизм бойынша жазғыруларға негізделген құқыққа қайшы келетін жазалау əрекеттерін жатқызуға болады.
Келеңсіз тенденциялардың қатарына əлемде орын алып жатқан исламофобияны да жатқызуға болады. Ислам қағидаларының бұрмалануы мұсылмандардың діни сезімдеріне тіл тигізуіне жəне олардың негізгі құқықтарының бұзылуына алып келуде [2]. Бұл мəселе Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Дін мен мемлекеттің қарымқатынасы, исламның қоғамдағы рөлі қандай болуы керек, бұл – біз үшін өте көкейкесті мəселе. Ислам экономикалық жəне əлеуметтік өмірде, дəстүрді сақтауда, қоғамның жан-жақты дамуында оңтайлы рөл атқаруы тиіс.
Қазіргі кезде ИКҰ-ның экономикалық потенциалы өсіп келеді. 2000 жылы ұйымға мүше мемлекеттердің ЖІӨ 3,7 трлн. АҚШ долларын құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 7,5 трлн.ға жеткен. Бұл əлемдік деңгейдің 12,03%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер ИКҰ-ның əлем- дік экономикадағы салмағының өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Бұған қоса ОПЕК-тің 12 мүшесінің 9-ы ИКҰ-ға мүше-мемлекеттер. Ал мұнайдың əлемдік қорының 2/3 бөлігі жəне əлемдік мұнай өндірісінің 40%-ы ОПЕК-ке тиесілі. ИКҰ-ға мүше елдердің сауда көлемінің өсу факторларының бірі – мұнайдың əлемдік бағаларының өсуі болып табылады. Ұйымға мүше ЖІӨ ірі көлемде болған мемлекеттерге Индонезия, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы жатады. Қазақстан 12-ші орында тұр [3]. Бұл елдердің экономикалық жəне энергетикалық потенциалын ескере отырып, экономика жəне ғылым саласында мұсылмандық елдердің даму жəне өркендеу деңгейлерін жоғарылатуға мүмкіндіктері бар.
Экономикаға ислам қағидаларын енгізу, əсіресе əлемдік экономикалық дағдарыстан кейін маңызды бола түсті. Жаңа қағидалар банк қызметі саласында қажет, өйткені бүгінгі күнгі əлемге əділетті қаржы жүйесінің қажеттілігін осы дағдарыс көрсетіп берді. Ислам экономикасының құндылығы, оның əлеуметтік бағдарында, пайда табуды емес, халықтың мүддесін көтеруді бірінші орынға қоюында болып отыр.
Ислам қағидаларын экономикаға енгізу шеңберіндегі Қазақстандағы қабылданған шаралар, ең алдымен, еліміздегі халал индустриясының дамуымен байланысты. Осы саладағы ахуалды қарастыратын болсақ, 2000 жылы Қазақстанда «Халал» техникалық комитеті құрылды, елдегі 15 кəсіпорынға сертификаттар берілді. Азық-түлік халал өнімдерін шығарумен айналысатын кəсіпорындардың басқа да халалкосметика, халал-фармацевтика салаларын дамыту тенденциялары орын алып келеді. Бұл салада Қазақстан ұйымға төрағалық шеңберінде кіші жəне орта бизнесті қолдау Қорын құру бастамасын ұсынды.
ИКҰ-ның 2006-2016 жылдарға арналған он жылдық əрекеттер жоспарында экономиканы диверсификациялау жəне интеграциялық үрдістерді жандандыру бағыты орын алған. Жоспарда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруда Қазақстан экономикалық ынтымақтастықтың 4 бағытын анықтады – сауда, транспорт, туризм жəне қаржы.
Қазақстан ИКҰ мүше-мемлекеттеріне бидай, ұн, арпа, жем, тыңайтқыш, сонымен қатар мұнай жəне мұнай өнімдері, болат, құбырлар жəне металл өнімдерін экспорттайды. Біздің елімізге ИКҰ-ға мүше елдерден киім, жиһаз, автокөліктер, дəрі-дəрмек, косметика, бояулар, құрал-жабдықтар келеді. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануына бірлескен өнеркəсіптер үлкен үлес қосып отыр. Бұл саланы дамытуға бағытталған бірқатар жобалар да жүзеге асып келеді. Мысалы, ИКҰ шеңберінде сауда жəне экономикалық ынтымақтастық бойынша тұрақты Комитет өз қызметін атқарып келеді. Айта кету керек Қазақстан осы комитет төрағасының орынбасары ретінде тағайындалды. Азық-түлік саласында өзара көмек көрсету жүйесін құру мақсатында азық-түлік қауіпсіздігі Қорын құру бастамасын алға тартты. Қазіргі кезде осы ұсыныстың жүзеге асу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанның ИКҰ-мен экономикалық қатынастарының дамуының көрінісі ретінде елімізде исламдық қаржыландыру жəне исламдық банк жүйесі туралы заңның қабылдануын айтуға болады.
Қаржы саласында 2003-2009 жылдар аралығында қазақстандық банктер тарапынан
29 исламдық қаржы институтынан 538 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат тартылған.
Қазақстанда араб, исламдық инвесторларды көбейту мақсатында 2004 жылы «Инвестициялық қорлар» жөніндегі ҚР Заңына «Исламдық инвестициялық қорлар» бабы енгізілді.
Инвестицияларды тарту үдерісі Қазақстанда исламдық банктердің ашылуымен де жүріп отыр. Мысалы, 2010 жылы 17 наурызда ашылған «Al-Hilal» банкіне банктік операцияларды жүргізуге лицензия берілді. Исламдық банкинг, əсіресе экономикалық дағдарыс жəне дағдарыстан кейінгі экономикалық даму кезеңінде тиімді қаржылық құрал ретінде маңыздылығы өте зор. Қаржы, банк саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюі еліміздегі инвестициялық көлемнің көбеюіне септігін тигізеді.
Қазіргі кезде транспорттық дəліздерді кеңейту жобалары да жүзеге асып келеді. Мысалы, Ақтаудан Түрікменстанға дейін жəне ирандық шекараға дейінгі теміржолдың құрылуы Парсы шығанағына апаратын трансирандық магистральға қосылуға мүмкіндік туғызады.
2011 жылы 28-30 маусым аралығында Астанада өткен сыртқы істер министрлерінің 38-Кеңесінде Ислам конференциясы ұйымы Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) болып өзгерілуі бұл ұйымның мəселені кеңесіп шешетін алаңнан ауқымды өзара əрекет ететін алаңға айналғандығын көрсетеді.
2011 жылы маусым айында Астанада VIIші Əлемдік Исламдық Экономикалық форум өткізілді. Форум шеңберінде исламдық банкинг, қаржы құрылымдарын, халал индустриясын дамыту мəселелері кеңінен қарастырылды. Бұндай шаралар экономика саласындағы исламдық құндылықтардың орнын жəне оның маңыздылығын анықтауға септігін тигізеді.
Осыдан үш жыл бұрын ИКҰ-ға мүшемемлекеттер ұйым кеңістігінде əйелдер құқықтарын дамыту бойынша əрекеттер жоспарын қабылдады. Осы мақсатта əйелдер мəселелері бойынша Исламдық орталықтың ашылуы көзделді. Сонымен қатар 2009 жылы Душанбеде Сыртқы істер министрлерінің саммитінде қабылданған резолюцияға сəйкес, отбасы мəселелері бойынша ИКҰ-ның арнайы Департаменті ашылды. Бұл тақырып бойынша маңызды шара ретінде ИКҰ-ның 2012 жылы Астанада мұсылман əлемі əйелдерінің мəселелері бойынша халықаралық конференция өткізілді.
Бұдан басқа, ИКҰ-ның əлеуметтік-экономикалық жəне мəдениет саласындағы қызметі аясында Қазақстан денсаулық сақтау бойынша денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші конференциясын, ғылым, технология, мəдениет, білім беру, экология салалары бойынша шаралар өткізді. Сонымен қатар ИКҰ-ның су концепциясының қабылдануына өз үлесін қосты, Сирия жəне Сомали мемлекеттеріне гуманитарлық көмек көрсетудегі қызметін жəне ұйымның Орталық Азиямен ынтымақтасудың əрекеттер жоспарын орындады. Мысалы, Сомалидегі гуманитарлық дағдарыстың салдарын жоюға 350 млн. АҚШ долларын жұмылдыра алды, ал сириялық босқындардың қажеттіліктеріне Қазақстан өз тарапынан 200 млн. доллар бөлді [5].
Қорыта келгенде, қазіргі кезде əлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа, араб əлеміндегі саяси толқуларға қарамастан, Қазақстан өз міндетін жауапкершілікпен атқарды. Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалық етуі ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан жоғары бағаланды жəне бұл еліміз үшін үлкен жетістіктердің біріне айналды. 2012 жылдың қараша айында өткен ИЫҰ СІМ-нің 39-шы Кеңесінде төрағалық Джибути мемлекетіне өтті.
Əдебиеттер
- 1 Лама Шариф К.К. К председательству Казахстана в Организации Исламская Конференция. – Алматы, 2010. – С.36 2 Islamophobia // OIC journal Isssue 1. www.oic-oci.org/english-article/islamophobia.htm
- Алшанов Р. Казахстан и ОИК // Казправда, 12.2010
- Майер Н. Казахстанское представительство в ОИК //Деловой Казахстан, 01.2011.
- Королев А. Казахстан передает эстафету председательства в ОИС //zakon.kz, 24.11.2012. http://www.zakon.kz/4525052kazakhstan-peredaet-jestafetu.html