Еуропалық Одақты Батыс пен Шығыстың арасындағы əскери-саяси күрестің бір бөлігі деп қарастырған КСРО ұзақ уақыт бойы еуропалық интеграцияға теріс көзқараста болды. Бұрынғы Кеңес Одағы жəне сол кездердегі Еуропалық Экономикалық Қауымдастық географиялық орналасулары бойынша көршілер болғанымен, белгілі бір кезеңге дейін ешқандай жақ ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасамады. Ол кездері ЕЭҚ жəне КСРО-ның экономикалық құрылымы, саяси режимдері əртүрлі болды, өз мемлекеттеріндегі азаматтық қоғамның құрылысын əртүрлі көрді.
ХХ ғасырдың 70-жылдары Кеңес Одағы Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің шеңберінде, Шығыс Еуропаның социалистік елдерімен ынтымақтастығын дамытуға ұмтылды. ЕЭҚ өз кезегінде Экономикалық Өзара Көмек Кеңесін сауда серіктесі ретінде мойындаудан бас тартты. Алайда «қайта құру дəуірі» басталғаннан кейін, КСРО-да Еуропалық Экономикалық Қауымдастыққа деген көзқарас өзгерді. ЕЭҚ Экономикалық Өзара Көмек Кеңесімен 1988 жылы 25 шілдеде бірлескен Декларацияға қол қояды, ол құжат Экономикалық Өзара Көмек Кеңесін жəне оған кіретін мемлекеттерді заңды түрде мойындауын белгілейді. Бұл Декларация КСРО-ға өзара сауда қарым-қатынастарының тар шеңберінен шығуға мүмкіндік берді [1].
1988 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақтың Комиссиясына рес- ми қатынастар орнату ұсынысы туралы вербальды нотасын жібергеннен кейін, КСРО мен Еуропалық қауымдастық арасындағы ресми қатынастар орнатылды [2]. Өзара мойындау 1989 жылы 18 желтоқсанда ЕЭҚ, ЕКББ жəне Еуроатоммен бір жағынан, КСРО-мен екінші жағынан сауда, коммерция жəне экономикалық ынтымақтастық Келісімінің қол қойылуына əкелді.
КСРО ыдырағаннан кейін, Ресей өзін Кеңес Одағының құқықтық мирасқоры деп жариялады, яғни сəйкесінше оның барлық шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдарға жəне жеке несие берушілерге қарыздарын өз мойнына алды. Сонымен қатар ол КСРО жəне ЕЭҚ пен Еуроатом арасындағы 1989 жылдың 18 желтоқсанында қол қойылған сауда, коммерциялық жəне экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімнің міндеттеріне жауапты болып қалды. 1991 жылы желтоқсан айының соңында Еуропалық Одақ Ресейді ресми түрде мойындайтыны туралы хабарлады. ЕО өз жағынан Бірлескен мəлімдеме қабылдады, онда мүше-елдердің бұрынғы КСРО территориясында пайда болған барлық жаңа мемлекеттерді мойындауға жəне олармен келесідей қағидалар: БҰҰ-ның Жарғысынжəне Хельсинкиқорытынды актісі мен Париж Хартиясының міндеттерін құрметтеу; Тек бейбіт жолмен өзгертілуі мүмкін барлық шекаралардың қол сұғылмаушылығын құрметтеу; ЕҚЫК міндеттеріне сəйкес этникалық жəне ұлттық азшылық құқықтарының сақталуының кепілі; Қарусыздандыру, ядролық қаруды таратпау, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық міндеттерін мойындау негізінде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуға дайындығы айтылды [3].
ХХ ғасырдың 90-жылдарының басы шетелдік мемлекет үкіметтерінің жəне халықаралық ұйымдардың, соның ішінде, ең алдымен, еуропалық елдердің Ресеймен байланыстарын дамыту мақсатында тегін гуманитарлық жəне техникалық көмек көрсету сияқты көптеген инициативаларымен сипатталады.Осыжобаларға бөлінетін қаражат көлемі бойынша бірінші орынды көпшілік еуропалық мемлекеттерді біріктіретін ұйым – Еуропалық Одақ алып отыр. Көмек көрсету туралы ұсыныстарын ресми түрде Ресейге жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуде демеу болу жəне сол кезеңдегі теріс əлеуметтік салдарларды жұмсартумен негіздеді. 1990 жылы 14-15 желтоқсанда Римде өткен Еуропалық Кеңестің отырысында КСРОның экономикалық реформаларына Еуропалық Қауымдастықтың қаржылық көмегі туралы Келісімге қол жеткізілді. Бұл мақсаттарға жету үшін бұрынғы КСРО республикалары жəне Монғолияның нарықтық экономикаға өтуіне көмектесуге бағытталған ТАСИС бағдарламасы құрылды [4]. 1994 жылдан 2006 жыл аралығында Еуропалық Одақ пен Ресей арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы ТАСИС арқылы қаржыландырылды. Ресей Федерациясы осы бағдарлама арқылы посткеңестік кеңістіктегі ең үлкен көлемдегі қаржыландыру жобаларын, яғни бағдарлама бюджетінің жартысын иеленді. 1991 жылы Бағдарлама жіберілгеннен кейін Ресейдің 58 аймағында 1500-ден аса жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы бағасы 2,7 миллиард еуроны құрады [5]. ТАСИС бағдарламасынан бөлек, Ресей көпжақты мемлекетаралық бағдарламаларға қатысты, оның ішінде аймақтық бағдарлама жəне көрші елдермен ынтымақтастық бағдарламасы. Көмек келесі бағыттар бойынша: мемлекеттік өнеркəсіптерді қайта ұйымдастыру жəне жеке секторды дамыту; мемлекеттік басқару жүйесін, əлеуметтік қызмет көрсету жəне білім беруді реформалау; ауылшаруашылығы; энергетика, транспорт, байланыс; ядролық қауіпсіздік жəне қоршаған ортаны қорғау жəне т.б. көрсетілді:
ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек) бағдарламасы Ресей тарихының бір бөлігі болып қалды [6]. 2006 жылы 31 желтоқсанда ЕО кеңесінің регламентінің мерзімі бітті, оның негізінде ЕО 16 жыл бойы Ресейге техникалық көмек көрсетті. Техникалық көмек өз ішіне кеңес беру, сондай-ақ олардың кадрларының кəсіби дайындығын қамтиды.
ТАСИС-тің орнына 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропалық көршілестік жəне серіктестік құралы туралы жаңа Ереже жұмыс істейді. Бұл құжатқа сəйкес, қаржылық ынтымақтастықтың мəні жобаларды қаржыландыру болып қала береді. Соған қарамастан, ТАСИС-тен еуропалық көршілестік жəне серіктестік құралы туралы жаңа ереженің ауысуы ынтымақтастық сипатына бірқатар өзгерістер енгізді. Бірлескен қаржыландыру жəне жобаларды таңдау ортақ стратегиялық мүдделерге сай жүзеге асатын болды.
1992 жылы Мəскеуде Ресей-ЕО арасындағы алғаш жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Оның басты нəтижесі қатынастардың жаңа сипатын анықтайтын Еуропалық Одақ пен Ресей арасында жаңа келісім дайындау болды. Соның нəтижесінде, 1994 жылдың 24 маусымында Корфу аралында ЕО мен Ресей арасында Серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісімге (Agreement on Partnership and Cooperation) қол қойылды.
1992 жылдың басынан 1998 жылдың тамызына дейін Ресей мен ЕО арасындағы ынтымақтастық ұлғаймалы сызық бойынша, бірақ белгілі бір қиындықтарға кездесіп, толқын тəрізді дамыды. Жыл сайын сауда айналымы жəне РФ экономикасына батыс еуропалық қаржы салу көлемдері біртіндеп өсіп отырды.
1996 жылы Ресей Еуропа Кеңесіне қабылданды, бұл Ресейдің Орталық жəне Шығыс Еуропа мен Балтық елдерімен арасындағы қарым-қатынастарына оң əсерін тигізді. Ал ынтымақтастық саласындағы қиындықтарға келетін болсақ, оның екеуі 1995 жылдың көктемі жəне 1999 жыл қазан – 2000 жылдың бірінші жартысы, ресейлік əскерлердің Шешенстандағы əрекеттерімен байланысты еді, ал 1997 жылдың көктеміндегі жəне 1999 жылдың наурыз-сəуір айларындағы дағдарыс НАТО-ның кеңеюі жəне сəйкесінше Югославияны бомбалау салдары болды.
Қарым-қатынастардың жақсаруының негізгі шарты макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу жəне 1999-2000 жылдардың қорытындысы бойынша экономикалық өсім болды. Ресей мен ЕО Серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім негізінде белсенді əрекеттесу тарихы тек 2000 жылдың мамырынан өз бастауын алады, осы кезде ынтымақтастық механизмдері жəне келісімді жүзеге асыру бірден белсендіріледі. Мəскеу жəне Брюссель сол сəттен бері бір-бірін стратегиялық серіктестер ретінде қөретіндіктерін қайталаудан шаршамайды. Ресей мен ЕО арасындағы қатынастар саяси декларациялар жəне салтанатты кездесу-саммиттер кезеңінен күнделікті іскерлік ынтымақтастық кезеңіне өтті. Диалог келесі бағыттар бойынша жүргізілді: жылына екі рет Ресей-ЕО саммиті, Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесулер, “Жоғары деңгейдегі” кездесулер, жұмысшы топтар жəне бағыттар бойынша жобаларды қоса есптегендегі Ресей мен ЕО мүше-мемлекеттер арасындағы екіжақты саяси диалог. Əрекеттесу тек жоғары, яғни мемлекет көшбасшылары деңгейінде ғана емес, сонымен қатар аймақтық деңгейде де күшейді. Аймақтық басқарушылар көп жағдайда халықаралық диалогтың белсендірек қатысушылары болып табылады, мысалға Иркутск облысы еуропалық мемлекеттерді ынтымақтастыққа шақырудан алдыңғы орында [7]. Ресей мен ЕО интеграциясы мақсатындағы нағыз ынтымақтастық перспективасы 2001 жылы пайда болды, яғни Ресейдің қатысуымен Ортақ еуропалық экономикалық кеңістік құру. 2001 жылдың мамырындағы ЕО-Ресей саммитінде бірыңғай еуропалық экономикалық кеңістік концепциясын жасау үшін жоғары деңгейдегі топ құру шешімі қабылданды. Топтың мандаты ЕО-Ресей саммитінде сол жылдың қазан айында келісілген болатын. Идеяның мəні ЕО бірыңғай нарығына тəн, ЕО жəне Ресей арасындағы сауда мен инвестициялардың дамуына көмектесетін, нормативтік базаларды жақындастыру концепциясын құру болды. Жоғары деңгейдегі топ өзінің осы инициатива бойынша қорытынды баяндамасын 2003 жылдың қараша айы Рим қаласында өткен ЕО-Ресей саммитінде көрсеткен болатын. Сол жылы Санкт-Петербургте өткен саммитте Ресей мен ЕО серіктестігінің болашақ даму көрінісі ұсынылды. Төрт ортақ кеңістік құру туралы олардың бірлескен жұмысы туралы шешім қабылданды.
2004 жылы 21 мамырда Еуропалық Комиссия мен Ресей Федерациясы нарықтарға кіру мүмкіндігі туралы екіжақты келіссөздерді аяқтап, Ресейдің ДСҰ-ға қосылу процесіне серпін берді. ЕО Ресейдегі тиімді экономикалық реформаларды жүргізуде оның ДСҰ-ға мүшелігі маңызды рөл ойнайтынын мойындай- ды. Ресейдің ДСҰ-ға косылуынан екі жақ та ұтады. Бұл, ең алдымен, үлкен тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар Ресей территориясында жұмыс істеуге немесе экспортқа мүдделі ЕО-ның іскер топтарының қол жеткізуінде жақсы нəтиже береді. Ал өз кезегінде, ресейлік іскер топтар ДСҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің нарығына кепілді экспорт каналдарына қол жеткізеді.
2004 жылдың 9 ақпанында Еуропалық Комиссия Ресей мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар туралы Хабарламасын жариялады. Онда ЕО мен Ресей арасындағы серіктестіктің тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұсынылған болатын. 2004 жылдың ақпанында Еуропалық Одақтың сыртқы байланыстар бойынша Кеңесі осы екіжақты қатынастардың барлық аспектілері бойынша талқылау жəне бағалау жүргізген болатын. Кеңес Еуропалық Одақтың Ресеймен тек құқықтар мен міндеттерге, өзара сенім жəне ашық диалогқа негізделген нақты стратегиялық серіктестік құруға жігерлігін растады. Кеңес, сонымен қатар екі жақтың серіктестікті ортақ құндылықтарды, Серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде мүдделерін өзара жүзеге асыру, соның ішінде төрт ортақ кеңістікті дамыту арқылы ынталандыру керектігіне ерекше назар аудартты [8].
Алайда 2004 жылы төрт кеңістік концепциясын толтыру туралы келіссөздер баяу жүріп жатты. Салыстырмалы түрде экономикалық кеңістік құруда тараптар көбірек жетістікке жеткен болатын. Ішкі жəне сыртқы қауіпсіздік мəселелері туралы айтатын болсақ, ЕО-ның 2004 жылы жүзеге асырылған кеңеюі жаңа қиындықтарды туғызды жəне осы жағдайда Ресеймен қарымқатынастары шекаралас мемлекеттерімен байланыс рангіне дейін түсірілген болатын, ондай мемлекеттердің қатарына, сонымен бірге Украина, Молдавия, Грузия, т.б. мемлекеттер кірді.
Еуропалық Одақ 10 жаңа мемлекеттің қосылуынан кейін ЕО-ның штаб-пəтерінде Ресейге деген негативті қатынас күшейеді. Бұл 2004 жылы 10 қазанда ЕО-ға мүше 11 мемлекеттің (Польша, Чехия, Венгрия, Словакия, Эстония, Латвия, Литва, Дания, Швеция, Финляндия жəне Австрия) СІМ басшыларының кездесуінен кейін анық байқалды. Онда ЕО-ның сыртқы саясатында “кіші елдер” рөлін арттыру, яғни нақтырақ айтатын болсақ, ЕО-ның Ресейге қатысты саясатын қатайту ұсынылды.
2004 жылдың қыркүйегінен бастап, сынға алудың жаңа объектісі РФ президенті Владимир Путиннің Ресейді мемлекеттік қайта құруы болды. Тараптардың бір-біріне деген туындаған наразылықтарының мəселесіне келсек, Ресей тарапынан:
- ЕО-ның Ресеймен диалогты “Жаңа серіктестік” жоспарының шеңберінде жүргізу ұсынысы – ЕО-ның шекаралас мемлекеттермен ынтымақтастықтың бірыңғай жоспары, бұл Ресейді солтүстік африкалық мемлекеттер деңгейіне қою болып саналды;
- Ресейдің негізгі территориясы мен калининградтық облыс арасындағы жүк жəне жолаушы тасымалы мəселелерінің шешілмеуі;
- Латвия жəне Эстониядағы орыс тілді азшылық құқықтарына шек қойылуы;
- Ресейдің посткеңестік кеңістікте сыртқы саяси ықпалын сақтап қалуына ЕО-ның қарсыласу əрекеттері.
Еуропалық Одақтың Ресейге қатысты наразылығы:
- Шешенстанда адам құқықтарының жəне азаматтық бостандықтарының бұзылуы;
- Приднестровьеде жəне Грузияда ресейлік əскери базалардың сақталуы, Ресейдің ішкі грузиндік қақтығыстарға араласуы (Абхазия жəне Оңтүстік Осетия);
- Энерготасымалдаушыларға əлемдік бағалармен салыстырғанда ішкі ресейлік бағаның төмен болуы;
- Қонбай ұшып өту транссібірлік маршрутты қолданғаны үшін еуропалық əуе компанияларынан Ресейдің компенсациялық өтемдерді төлетуі болды.
Қарым-қатынастарда прогрестің болмауы 2004 жылдың 11 қарашасына белгіленген РесейЕО саммитін кейінге калдыруға əкелді. Саммит сонда да 2004 жылы 25 қарашада өткізіледі, алайдаолУкраинадағыпрезидентсайлауларының нəтижелерін талқылауға арналды жəне іс жүзінде ЕО мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ешқандай септігін тигізбеді.
2005 жылы 10 мамырда Мəскеуде ЕО- Ресей саммиті өтіп, онда төрт кеңістік бойынша “жол картасы” қабылданды [9]. Саммиттің қорытындысы бойынша 2005 жылдың қазанында шешілмеген мəселелер: ЕО елдеріне барушы ресейліктер үшін визалық режимді жеңілдету, Еуропадан өз отандарына заңсыз ресейлік иммигранттардың оралуы, сонымен қатар Мəскеу жəне үш Балтық мемлекеттерімен арадағы қатынастарының қиындауы болды.
Еуропалық Комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу “бүкіл Еуропаның көзқарасын”: Ресеймен жақсы достық жəне сындарлы қатынастарда болуға Еуроодақ жəне оның барлық елдері мүдделі. Бұған көптеген экономикалық, саяси, мəдени себептер бар. “Біз Ресей үшін нөмірі бірінші серіктес болып табыламыз. Біз Ресейдің басты экономикалық серіктесіміз жəне Ресей де экономикалық тұрғыда біз үшін маңызды. Міне, сондықтан да Ресей мен Еуроодақ арасындағы ортақ экономикалық қана емес мəдени де, кеңістікті құру үшін мүмкін барлық нəрсені жасауымыз қажет”, – деген болатын [10].
Ресей жəне ЕО қатынастары əлемдік саясаттың кез келген мəселелерін түрлі деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін көрнекті институционалды архитектурадан тұрады. Қазіргі таңда Ресей-Еуроодақ əрекеттесу форматы, бір жағынан, Ресей Президенті, екінші жағынан, Еуропалық Комиссия жəне Еурокомиссия төрағаларының қатысуымен өтетін саммиттерді, «Ресей Үкіметі – Еурокомиссия» форматындағы кездесулерді; Серіктестіктің тұрақты кеңесі жиналыстарын; саяси директорлар деңгейіндегі кездесулерді; Салалық диалогтар шеңберіндегі (энергетика, транспорт, өнеркəсіп саясаты, ақпараттық қоғам, космос саласындағы ынтымақтастық жəне т.б.) жəне жекеленген сыртқы саяси мəселелер бойынша кəсіби кеңестерді біріктіреді.
2002 жылы 27 тамызда Ресей президенті Владимир Путин Еуропалық Комиссия төрағасына жəне ЕО-ға мүше елдерінің басшыларына ЕО кеңеюі жағдайында Калининград облысының тіршілігін қамтамасыз ету мəселесі туралы жолдауын бағыттады. Онда перспективада өзара сапар жасаудың визасыз режиміне өтуді ұсынған болатын. Бұл жолдау Ресей жəне Еуропалық Одақ мемлекеттері азаматтарының визасыз сапар жасау мүмкіндігі мəселесі бойынша келіссөздердің басталуының ресми бастамасы болды. ЕО Ресеймен визасыз режим орнату мүмкіндігінен бас тартпады, керісінше 2002 жылы 30 қыркүйекте Брюселльде өткен ЕО Кеңесінің отырысында Ресеймен арада визасыз қатынастарды орнату мəселесін ұзақ уақытты перспективада жеке қарастыру туралы шешім қабылданды [11]. 2010 жылы 19 қазанда Довилде өткен ресей-герман-француз саммитінде, Германия, Ресей жəне Франция көшбасшылары Əрекет ету жоспарына келіседі, осыған орай Николя Саркозиге сүйенетін болсақ, 10-15 жылдан кейін Ресей жəне Еуропалық Одақ ешқандай визасыз жəне ортақ қауіпсіздік жүйесі бар бірыңғай экономикалық кеңістіктің көрінісі болуы мүмкін. 2010 жылы 25 қарашада Süddeutsche Zeitung неміс газетіндегі мақалада Ресейдің премьерминистрі Владимир Путин ЕО-ға Владивостоктан Лиссабонға дейінгі территорияда орналаса алатын экономикалық альянс құруға ұсыныс жасады [12]. Негізінде ЕО мен Ресей арасындағы серіктестікті дамытудың активизациясының басты себептерінің бірі – Ресейдің Сібір жəне Қиыр Шығыстық территорияларын экономикалық игеру жəне оның нəтижесі экономикалық альянсты құру болып табылады.
Сол кездегі Ресей Федерациясының премьерминистрі Путиннің сөзіне сүйенсек, дағдарыс ЕО мен Ресейдің экономикаларының осал жерлерінің бар екенін көрсетті. Ресей қазіргі күнге дейін шикізаттық нарыққа тəуелді. Еуропа кемшілігінің бірі ретінде Путин экономиканың деиндустриализациясын атады, бұл өз кезегінде ЕО-ның нарықтағы, сонымен қатар жоғары технологиялы тауарлар нарығындағы позицияларын жоғалтуына əкеледі. Премьердің ойынша, жағдайды өзгерту үшін екі экономикалық жүйенің де жақсы жақтарын нақты қолдану керек. Ресей Еуропаға ресурстар, инвестициялық капитал, жаңа технологиялар ұсына алады.
Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас белгілі жемістерін беруде. Оның дəлелі экономикалық, саяси, əлеуметтік, қауіпсіздік саласындағы жасалған көптеген келісімшарттар жəне олардың жүзеге асуы, өзара жасалған бағдарламаларды келтіруге болады. ЕО – Ресейдің ірі сыртқы сауда əріптесі. Ресейдің сыртқы саудасының географиясында, əсіресе мұнай-газ компаниялары үшін кеңес уақтындағы құбырлық теміржол, автокөліктік, порттық транспорттық инфрақұрылым маңызды рөлге ие. Сонымен қатар Ресейдің Еуропаға жақын орналасқан аймақтары Азияға жақын аймақтарынан əлдеқайда жақсы дамыған, бұл өз кезегінде Ресейге тауарларды импорттау үшін маңызды екенін көрсеткен болатын.
Ресей мен ЕО арасындағы қатынастың маңызды салаларының бірі ол саяси сала болып табылатыны айдан анық. Осыған орай, Ресей мен ЕО арасындағы ортақ саяси кеңістік құру Еуропада тұрақтылықтың маңызды факторы жəне екі əріптестің де стратегиялық мүдделеріне жауап береді. Ресей үшін нарықтық реформалардың жүзеге асуы – демократияның дамуы мен жеделдеуіне қажетті алғы шарттар болатын жағымды сыртқы ортаның құрылуы. ЕО үшін шығыс шекарадағы тұрақтылық интеграциялық процестердің одан арғы дамуының кепілі. Ресей мен ЕО арасында ортақ саяси кеңістік құрылмайынша еуропалық жəне халықаралық маңызды қауіпсіздік проблемаларын, сондай-ақ экономикалық проблемаларды өз тұрғысында шешу мүмкін емес. Ортақ саяси кеңістік концепциясына Санкт-Петербургтік инициативасы Ресей мен ЕО-ның экономика, сыртқы жəне ішкі қауіпсіздік, ғылым, мəдениет пен білім беру саласындағы төрт ортақ кеңістік құру туралы толықтай сай келеді.
Жоғарыда айтылған жетістіктерге қарамастан Ресей мен ЕО арасында кикілжің жағдайлар біршама баршылық. Ресей мен ЕО арасында жалғасушы белсенді қатынастарға жəне олардың халықаралық қауіпсіздіктен энергетика салаларында тəуелсіздігіне қарамастан бүгінде ең көп талқыланатын мəселе екі əріптестер арасындағы қатынастың дағдарысы. КСРО-ның құлағанынан кейін ЕО мен Ресей қатынасындағы пайда болған проблемалар саны, сондай-ақ сапалық сипатқа да ие болды. ЕО Ресейде қысқа мерзім ішінде шынайы демократия орнайды деп күтті, ал Ресей ЕО-мен өзара іс-əрекетте экономикалық ғажайыптарға жəне Еуропадағы салмақты орынға ие болуды күтті. Сонымен қатар Ресейде де, ЕО-да да терең ішкі өзгерістер үдерісінде болып, ішкі күн тəртібіне көбірек назар салды. Оған бүгінгі күні ЕО елдерінде Ресей мен ЕО-ның құндылықтар принципі бірбіріне сай келмейтіндігі жəне осы Еуропадағы интеграциялық процестерге Ресейдің қосыла алмай жатқандығы себеп болуда. Сондай-ақ 1997 жылы жасалған Серіктестік жəне ынтымақтастық келісімінің мерзімі 2007 жылы бітті. Онда қойылған негізгі мақсаттарға қол жеткізілді.
Еуропалық Одақ ресейлік экономиканы нарықтық деп мойындады, Ресейдің ДСҰға қосылу шарттары келісілді, Калининградтағы транзит мəселесіне байланысты өзара келісілген шешім қабылданды, Ресей Орталық-Шығыс Еуропа аймағындағы ЕО-ның жаңа мүшелерін серіктестік жəне ынтымақтастық келісімінің толыққанды қатысушылары ретінде мойындады, Киото хаттамасын ратификациялады жəне визаны беруді жеңілдету бойынша тараптар арасында келісімшарттарға қол қойылды. Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының жаңа қадамдары мен бағыттары əлі алда.
Əдебиеттер
- 1 Совместная декларация об установлении официальных отношений между Советом Экономической Взаимопомощи и Европейским Экономическим Сообществом (Люксембург, 25 июня 1988 года) //Вестник МИД СССР. – М., 1988. – №14. – С.18. 2 Вербальная нота. 9 июня 1988г. (о желании Правительства СССР установить официальные отношения с Европейскими
- Сообществами) // Вестник Министерства иностранных дел СССР. – М., 1988. – № 14. – С.19.
- Совместное заявление о признании бывших советских республик (опубликовано в Гааге и Брюсселе 31 декабря 1991 г.)//www.eu-law.ru
- Ткаченко С.Л. Некоторые аспекты экономических отношений России и ЕС в 1990-1995 гг. //Вестник Санкт-Петербургского университета. Серия 6. №1. С.211.
- Briefing, №22.Statistical Annex on Enlargement (5th update) // European Secretariat Working Party Task-force «Enlargement». Luxembourg, 6 July 1999. P.57, 60.
- Кукеева Ф.Т. ТАСИСвЦентральнойАзии // ЕвропейскийСоюзиЦентральнаяАзия. Алматы, 2000. С.12.
- Энтин. M.JL, Келлерманн А. Практика применения СПС: новое развитие // Московский журнал международного права.№ 3(59). С.34.
- Тиммерман Х. Калининград как пилотный регион для формирования партнерства между ЕС и Россией. – М.: Комитет
- «Россия в объединенной Европе». 2002. С.23.«Дорожные карты» по четырем общим пространствам (Москва, 10 мая 2005 года) //www.russianmission.eu
- Баррозу Ж.-М. Выступление на пресс-конференции по итогам саммита Россия-Евросоюз. // Ж.-М. Баррозу. Выступление. Официальный сайт президента России.
- Войников В. Правовые основы сотрудничества Росси и ЕС в области обеспечения свободы передвижения. //Интернет-журнал «Вся Европа.ru» М., 2007. №10(15).Путин В. Von LissabonbisWladiwostok //www.sueddeutsche.de