Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жапонияның Орталық Азиядағы саясаты

ХХ ғасырдың аяғында тəуелсіздік алған Орталық Азия (ОА) елдері геосаяси тұрғыда əлемдік саясаттың басты орталықтарының ұлттық мүдделері тоғысқан аймаққа айналды. Каспий теңізінің көмірсутек жəне  биологиялық ресурстары, сондай-ақ салынып жатқан транспорттық жол тораптары болашақта ХХІ ғасырдағы ерекше маңыздылыққа ие теңіздік хабарламалардың баламасына айналуы мүмкін. Халықаралық қауымдастық үшін ең басты сұрақ ОА-дағы ресурстарға еркін қол жетушілік пен транспорттық коммуникацияларға бақылау орнатудақандайелдің айқындаушыстратегиялық ықпалы бекітілетіні болып табылады. АҚШ, Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің, Ресей жəне Қытайдың ОА-ға деген мүдделері Жапонияны да қатыстырмай қоймады [1]. Жапонияның алдағы дамуы энергетикалық  шикізат  пен  оның жеткізілуінің қауіпсіз жолдарына тəуелді болғанымен, экономикалық күштілігі бойынша əлемде үшінші держава екендігі белгілі.

Жапония ОА мемлекеттерінің өз тəуелсіздігіне қол жеткізген уақыттан бастап осы аймаққа деген саясаты аса жоғары белсенділік танытпады. Алайда кейінгі жылдары бірқатар саяси жəне экономикалық факторлармен айқындалатын Жапонияның ОА елдеріне деген мүддесінің артуы байқалуда. Жапонияның ОА-ға деген сыртқы саясатындағы анық стратегияның құрылуы мен өзгертілуі оның көптеген параметрлер бойынша сол қалыптасқан аймақпен келісе алатындығымен байланысты. ОА-ның энергетикалық ресурсты экспорттау саласында Таяу Шығысқа балама ретінде шыға алатын территория имиджі пайда болды. Жапонияның ОА-дағы саясаты бірқатар жылдар бойы көптеген зерттеушілердің тұрақты қызығушылығын туғызып келеді. Бұған себеп Жапонияның ОАға қатысты саясатында маңыздылығының артуы болып табылады [2].

Жапонияның жоспарлары араға 2-3 жыл салып тұрақты түрде өзгеріп отырады. 19912008 жылдар аралығында Жапония ОА-ға өз байланысты бастамаларын алға қоя бастады.

1991-1992 жылдары – Жапония ең алғашқы мемлекеттер қатарында ОА мемлекеттерінің тəуелсіздігін мойындап, олармен дипломатиялық қатынастар орнатты. 1993 жылы премьер-министр Рютаро Хасимотоның Жапонияның Ресей жəне ОА елдерімен экономикалық жəне саяси ынтымақтастықтарды анықтаған «Еуразиялық дипломатия» бағдарламасы Жапонияның осы елдерге бағыттаған дипломатиялық концепциясы еді. Бұл құжатқа сəйкес Жапонияның ОА-  ға қатысты саяси бағыты 3 басты қағидатты құрайды:

  • сенім мен өзара түсіністікті тереңдету бойынша саяси диалог;
  • аймақтың гүлденуін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды игеру саласындағы ынтымақтастық пен экономикалық ынтымақтастық;
  • ядролық қаруды таратпау, демократизация жəне тұрақтану арқылы аймақтағы бейбітшілікті қорғау.

Аталмыш «Еуразиялық дипломатия» концепциясы Жапонияның премьер-министрі Хасимотоның 1997 жылғы 24  шілдедегі  сөзінен кейін кең тарала бастады. Хасимото өз сөзінде халықаралық қатынастар мен саясаттағы ерекше геостратегиялық кеңістік ретінде еуразиялық құрлықтың  маңызды  рөлін  атап  көрсетті.  Ол «Еуразияны» айта отырып, шын мəнісінде Хасимото Еуропаға қарай бағытталған, Қытайдан ОА арқылы Каспий маңы территорияларын басып өтетін «Жібек жолы» туралы сөзіне назар аудару керек. Хасимото: «Жапонияның Жібек жолының тарихтағы атағымен пайда болған осы аймаққа деген тамыры тереңге кеткен қызығушылығы бар», – деген-ді. Оның меңзеп отырғаны – Каспий маңындағы мұнай мен газ Жапония сыртқы саясатының маңыздылығы болса керек-ті. Жапония СІМ-нің «Көгілдір кітабында»1998 жылға дейін ҚХР, ҚР, Ресеймен «еуразиялық дипломатия» контекстінде өте тығыз қатынастарды нығайту қажеттілігі айтылып келді, алайда аталмыш терминнің пайда болуы Жапонияның Каспий маңының энергетикалық ресурстары ерекше көңіл бөлуімен байланысты [3].

1998 жыл – «Жібек жолы дипломатиясы», демократиялық қайта құруды қолдау, экономикалық реформаларға жəрдемдесу, табиғи ресурстарды барлау жəне транспорттық инфрақұрылымның қайта құрылуына бағытталған еді. Ең бастысы, Жапония «Жібек жолы елдері» деген терминді ресми түрде қолданды жəне сонымен қатар алғаш рет Орталық Азия елдері Жапонияның сыртқы саясатындағы басым бағыттарының бірі болып табылатындығы мəлімделінді.

2004 жылы – «Орталық Азия + Жапония» диалогі шеңберіндегі бастамасы ынтымақтастық пен аймақтық өзара əрекеттестікке жəрдемдесу мақсатында тұрақты кездесулер өткізуді қарастырды. Диалогте ынтымақтастықтың 5 бағыты анықталған:

  • саяси диалог;
  • ішкі аймақтық ынтымақтастықты дамыту;
  • бизнесті көтермелеу;
  • интеллектуалды диалог;
  • мəдени қатынастар;

2006 жылы «Орталық Азияның бейбітшілік пен   тұрақтылықтың   дəлізіне трансформация» ОА мемлекеттеріне болашаққа бағытталған көпжылдық қадам жасау болып табылады. Бұл бастама ОА-ға Жапония Сыртқы істер министрі Таро Асомен алға қойылған өзінше бір жаңа қадамды көрсетеді. Оның сөзінде ОА – Жапония сыртқы саясатының тиісті жаңа бағыты екендігі аталып өтілді. Сонымен қатар министр белгілі аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің болашақта табиғи ресурстарды игеру үшін де, тасымалдау үшін де аса маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Орталық Азия» деген ұғымда Жапония оның ҚХР-ның Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданы жəне Ауғанстанды қосатын шынайы географиялық мəні емес, КСРО-ның бұрынғы бес мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан жəне Түрікменстанның қазіргі шекаралары аумағын қамтитынын ескерте кеткен жөн.

«Орталық Азия + Жапония» диалогының ашылу форумынан кейін 2005 жылы Жапония бастамасымен Азия даму банкі жолымен құрылған Орталық-Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық  ұйымына  Ауғанстан  мемлекеті де кірді. Бұл Жапонияның ОА-дан ОңтүстікШығыс Азия нарығына шығу мақсатында оңтүстік бағытта мұнай-газ құбырларын құру бойынша жобаларын қолдайтындығымен байланысты. Жапонияның мұндай жоспарлары ОА мемлекеттерімен келешектегі қарым-қатынастарды дамытуына айтарлықтай əсер етеді деп сендіреді.

Жапония ОА-ның табиғи байлығына мүдделі екендігін жасырмайды жəне бірнеше жылдар бойы өз мүдделерінің негізін түсінуге мүмкіндік жасап келеді. Осыған орай, мемлекеттердің əрбірімен қатынастар орнату олардың толықтай ресурстық мүмкіндігіне бағынышты болды. Осы салада дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберіндегі қаржылық көмек те белгіленді.  Бір қарағанда осы аймақтағы Жапония  саясаты оның географиялық алыс орналасуы себепті болашағы жоқ болып көрінеді. Дегенмен Жапонияның доктриналарын, концепциясы мен бастамаларын сараптай отырып, ОАдағы жапондық саясат бүгінгі күннің уақытша қатынастары емес, ертеңгі күннің ұзақ мерзімді болашағы деп сенімділікпен айтуға болады. Дипломатияның бүкіл тарихы бойынша Жапония ешқашан да «бір рет қолданатын» акциялармен шектелген емес, ал оның саясаты əрдайым ұзақ  мерзімді  шараларды  жасауға бағытталды.

Нəтижесінде жапондық прагматизм ОА-дағы сыртқы саясаттың негізгі ұстанымдары болатын 3 бағытты анықтады: ОА-ға ұзақ мерзімді болашақтық жоспар негізінде қадам жасау; аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне ашық аймақтық ынтымақтастықты қолдау; аймақтағы өзара тиімді əріптестікті қарастыру.

Осы айтылғандарды сараптай келе, келесідей қорытындыға келуге болады. Жапония өзінің ұзақ мерзімді болжамдарын Ауғанстанмен, нақтырақ айтсақ, Ауғанстан мен Пəкістан арқылы ресурстарды тасымалдаудың қауіпсіз жолдарын салумен байланыстырады. Таро Асо өз сөзінде Ауғанстанның тұрақтылығы ОА-дағы жағдайға тікелей əсер ететіндігін бірнеше рет басып айтқан. Токионың пікірінше, тұрақтылық кепілі ретінде əскери құрамды ұстап отырған АҚШ болуы қажет. Əрине, қазір сол бағыттағы қауіпсіздікті сақтау Американың қолынан келетіндігін болжау өте қиын, дегенмен бұл жерде маңыздысы – АҚШ пен Жапонияда өз жоспарларын аймақта іске асыру үшін мүмкіндіктері мен уақытының болуы [4].

Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары Ютакa Банноның aйтуы бойынша, Жапон тарабы Орталық Азияның өздері үшін құндылығы «келесі үш мəнмəтінде» деп санайды:

«Біріншіден, геосаяси көзқарас жағынан ОА стратегиялық маңыздылыққа ие. Шығыс-Батыс пен Солтүстік-Оңтүстік Еуразияны байланыстыратын жолдар қиылысында орналасқан ОАның тұрақты дамуы еуразиялық тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады.

Екіншіден, құнды табиғи ресурстар, соның ішінде табиғи газ, мұнай, уран жəне сирек кездесетін элементтер біздің мемлекет үшін өте маңызды. Үшіншіден, бұл аймақ қазіргі халықаралық қауымдастықтың   өзекті   мəселелерін,  соның ішінде Ауғанстанның тұрақтылығы; лаңкестік исламдық экстремизмнің таралуын алдын алу; есірткі айналымын тиімді бақылануын шешуде маңызды рөл атқарады» [5].

Жапония Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ) секілді аймақтық ұйымдар мен Ортаазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық секілді аймақ шеңберінде қолға алынған ынтымақтастық жобалары арқылы ынтымақтастықтың əлі де дамуын теріске шығармайды. Жапондық үкіметтің ұстанымы Жапония дипломатиялық  саясатын  ОА  елдеріне қарасты көтермелеу, нақтырақ айтқанда, Диалогтар шеңберінде дамыту болып табылады.

Мысалға, «Токиолық диалог» осы бағыттардың бірі – интеллектуалды диалогқа жатады. Онда Жапония жəне ОА елдерінің сарапшылары мен ғалымдарының қатысуымен «Track-2» форматтағы талқылаулар жүргізіледі.

Талқылаулардың мақсаты үкіметаралық диалогтарға ұсыныстар жасай отырып, ОА мен Жапония арасындағы интеллектуалды алмасудың кеңейтілуі болып табылады. Алыстағы Жапонияның аймақтағы мəселелерге деген мүддесін түсіну мақсатында токиолық диалогтар тақырыптарын айтып көрелік.

Бірінші токиолық диалог «ОА-дағы аймақтық ынтымақтастықтың  келешек мүмкіндіктеріне»,«ОА мемлекеттерінің өзге елдермен қатынасына» арналған  болатын.   Екінші   токиолық   диалог барысында «су ресурстар мен электроэнергия мəелелері бойынша ОА-дағы аймақтық ынтымақтастықтың  келешектік мүмкіндіктері»,«ОА-дағы энергоресурстардың жеткізу маршруттарының диверсификациясы» (2007 ж. қаңтар) тақырыптары қозғалды. Үшінші токиолық диалог «Қоршаған орта («ОА-дағы топырақты қорғау саласындағы ынтымақтастық» жəне «ОА-ның қоршаған ортасына климат ауысуының əсері мен контрөлшемдер»)» (2009 ж. ақпан) тақырыптарында жүргізілді [6].

Төртінші токиолық диалог «ОА-дағы транспортты-логистикалық инфрақұрылымның жабдықталуы» (2010 ж. ақпан) тақырыбына арналған. Жапония теңізге шығу жолы жоқ ОА елдерінің ұзақ əрі өз бетінше дамуы мен гүлденуі үшін алда автомобильді, теміржол жолдары, теңіз жəне əуе порттарын құрайтын тек транспортты-логистикалық инфрақұрылымның жоспарлы жабдықталуы ғана емес, сондай-ақ жалпы аймақтық дамуға бағытталған сəйкес аймақтық ынтымақтастық қажет» деп ойлайды [7] . Жапония үкіметі «іс-қимыл  жоспарын» қабылдады. Ол «Транспорт саласын» аймақтық ынтымақтастықты іске асырудың басымдылық нүктесі ретінде анықтады. Қазіргі уақытта ОА елдері үшін ортақ маңызды іс бүкіл əлеммен, Жапониямен қоса, инвестициялық жəне сауда қатынастарын ілгерілету үшін жаһандық экономикамен ынтымақтастық болып отыр. Осылайша, болашақта Жапония үшін маңызды болып саналатын ОА  аймағымен сауда-инвестициялық  байланыстарды жоғарғы деңгейге көтеру көзделуде.

Сауда-экономикалық жəне инвестициялық топтардың диалогтық алаңға белсенді араласуы қарастырылған. 2011 жылдың шілдесінде жалпы ОА аймағының экономикалық дамуына ат салысу, транспортты-логистикалық желінің жалпы жабдықталуы мен аймақтан тыс нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мəселелер талқыланды.

Осыдан ОА-ның шетел капиталдардың қызығушылығын тудыратын бірыңғай нарық ретінде дамуы жəне қандай жолмен жапондық бизнес ОА экономикасының дамуына өз үлесін қоса алады деген логикалық байланысты сұрақтар туындайды.

ОА аймағында Халықаралық Ынтымақтастық бойынша Жапондық Агенттік (LIСА), Халықаралық ынтымақтастықтың жапондық банкі (JBIC), Экспортты жəне шетелдік инвестициялық операцияларды сақтандыру жөніндегі Жапония мемлекеттік агенттігі (NEXI) жəне Жапонияның сыртқы саудасын дамытуға жəрдемдесу ұйымы (JETRO) секілді жапондық үкіметтік ұйымдар жұмыс істейді. Жапония болашақта осы қызметті аймақтың экономикалық дамуымен байланыстыру үшін «тиімді ынтымақтастыққа жағдай жасайды».

Жапония нарықтық экономикамен басқару жүйесі жəне экономикалық айырбас жүргізу (нарықтық экономикамен басқару, нормативтіқұқықтық базаны күшейту, инвестициялық келісімшарттар, басқа келісімдер, инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүйенің негізін қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

ОА аймағындағы жалпы экономикалық даму бойынша шаралар арасында Жапонияның электр станциялары мен электрлік желілері, оңтүстіксолтүстік, батыс-шығыс транспорттық дəліздерін дамыту жолымен аймақтағы экономикалық дамуына ат салысатын Орталық Азиялық Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық (CAREC), басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын көрсетіп өтейік. Болашақ дамуға ресми көмек (ДРК) жəне басқа жобалар шеңберіндегі мүмкін болатын ынтымақтастықтар қаралады.

ОА елдері өз тарапынан Жапония алдыңғы қатарлы технологияларға ие салалардағы қайта жаңартыла алтын жəне балама энергияның бастауын пайдалануға қызығушылық  танытып отыр. Жапониядан технологияны жіберу арқылы өндірісті жаңарту мақсатында Көлік өндіру, медициналық құралдар, құрылыс материалдары, əртүрлі  өндірістік салалардағы, фармацевтикалық,текстиль жəне ауылшаруашылығындағы инвестициялық ынтымақтастыққа негіз салынды.

Табиғи апаттарға ұшыраған ОА елдері үшін экономиканы жаңарту жағынан ғана емес, басқа да жағдайлар үшін Жапонияның мол тəжірибесі қажет. Ең алдымен, Жапонияның бастан өткізген қиын əрі қасіретті жағдайларын барынша оңай қабылдау біліктілігін үйренген жөн. Жапондықтардың «өмір» философиясы қоршаған ортаның өзгеруімен бірге өзгереді, табиғи катаклизм-жер сілкінісі жəне 2011жылғы жойқын цунамидің артынша жаңа мəнге ие болады.

Кезінде «табиғатпен күрес жəне дүлей апаттардың алдын алу» талпыныстарын ұстанған Жапония, қазір де «апаттардың салдарының азайтылуы» үшін жаңа талпыныстарға, яғни апаттарға қарсы тұратын берік мемлекетке айналу мақсатында екі дүркін жəне үш дүркін қауіпсіздік шараларын қабылдау дайындығынан өтуде. Ютака Банно: «Қиын жағдайды жақсы мүмкіндікке айналдыру өте маңызды», – деп санайды. Жер сілкінісі жапондық өндіріске үлкен шығын əкелгенімен, Жапония апаттармен жұмыс істеу тəжірибесімен мүлдем басқа үлгідегі қоғам құратын болады.

Аймақтық логистиканың кедергісіз қызмет атқаруын қиындататын  факторлардың бірі деп аймақтағы əр елдің саясаттарындағы айырмашылықтары аталған. Өздерінің мемлекеттік шекараларын бақылауға байланысты саясат, ортақ сауда-экономикалық жүйе құрудағы қиындықтарға əкелетін сауда-экономикалық жүйелер əртүрлі. Сонымен қатар заңдар, нормативті-құқықтық актілер, т.б. шарттар инвестициялық қызмет үшін кедергі келтіреді; кедендік рəсімдердің күрделенбеуі талаптанылады; жемқорлық пен парақорлық байқалады.

«Жапон-Ортаазиялық экономикалық форумның» төрағасы, сонымен бірге ОА мəселелері бойынша арнайы өкіл, Жапония СІМ-нің Еуропа Департаментінің Бас директорының Орынбасары Тойохиса Кодзукидің пікірімен келісеміз. Ол Жапония мен Орталық Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланыстардың одан əрі тереңдеуі үшін ОА елдерінің жапондық мəдениет пен менталитетті жəне жапондықтарға тəн болжап айту, міндеттерді орындау, ұзақ мерзімді келешекке аса көңіл бөлу керектігін түсіну де маңызды деп санайды [7].

Болашақта Жапонияның Орталық Азия елдерімен қатынасы қалай жасалады деген сұраққа сенімді түрде Орталық Азия елдерінің əрқайсысының стратегиялық потенциалына байланысты деуге болады.

 

 

 

Əдебиеттер

  1. Усубалиев Э. Центральноазиатское направление внешней политики Японии (1991-2003) // Москва. – 2004, – с. 3
  2. Политика Японии // Сотрудничество и безопасность в ЦА: состояние и перспективы // отв. ред. Б.К. Султанова. – Алматы:КИСИ при президенте РК, 2008. – с. 233-242.
  3. Усубалиев Э. “Трансформация Центральной Азии в коридор мира и стабильности” – новая инициатива Японии //Аналитика // Дальний Восток // Япония // 21 марта 2007. – С. 4
  4. Ютака Банно. Вступительная речь Парламентского заместителя министра иностранных дел Японии, 26 Июля 2011 г. //Японско-Центральноазиатский экономический форум: www.mofa.go.jp/announce/announce/2011/12/1201_07.html
  5. Губайдуллина М.Ш. Комментарий к публикации Акио Кавато о четвертом Форуме «Центральная Азия плюс Япония»// Вестник КазНУ. Серия МО и МП. – 2012. – № 4. С.71.
  6. Тойохиса Кодзуки. Chairperson›s Summary, July 2011 // «Central Asia plus Japan» Economic Forum: mofa.go.jp/region/ europe/dialogue/pdfs/forum1107_csummary_r.pdf

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.