Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Банктік қызметтің конституциялық құқықтық негіздері

Банктік қызметті құқықтық реттеу мəселесінің өзектілігі бүгінгі қаржылық дағдарыс жағдайында айқын көрініс тауып отыр. Мемлекеттің осы саланы құқықтық реттеуінің салдары республикамыздың қаржы жүйесінің тұрақты дамуына əсері ерекше екендігі аян. Банкілік қызметтің құқықтық негізіне тоқталатын болсақ, алдымен біз Ата Заңымызға тоқталамыз, Конституцияның бірінші бабының екінші тармағында: «Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу», - деп қарастырылды. Мемлекетіміздің қызметінің принциптерінің бірі ретінде бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму қарастырылып, осы қағиданы іс-жүзіне асыруды негізге ала отырып Елбасымыз бірінші мықты экономиканы қалыптастыру мақсатын мемлекеттік органдардың алдына қойып отыр. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық негіздері Конституцияның 4-бабында төмендегідей қарастырылады: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сəйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң жəне Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.

2. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар жəне Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.

3. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде тiкелей қолданылады. 4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады», - деп қарастырылады. Ата Заңға сəйкес банк саласындағы қолданылатын құқық ретінде конституция тікелей қолданылады. Конституция банк жүйесінің нарық жолымен дамуға бар жағдайды қарастырады, атап айтсақ, Конституцияның 6-шы бабына сəйкес «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады жəне бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi» деп көрсетіліп, мемлекет меншік түрлері - мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiкті тануы оның дəлелі деп білеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың кəсіпкерлік қызметпен айналысуына еркіндік беру арқылы кепілдік береді, Ата Заңымыздың 24-бабында: «Əркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсiп түрiн еркiн  таңдауына құқығы бар», - деп қарастырылады. Сондай-ақ Конституцияның 26-бабында əркімге кəсіпкерлік еркіндігін бере отырып, өз мүлкін кəсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқық берумен экономиканың нарық жолымен дамуына жол ашады. Конституцияның 26-бабының 4-ші тармағында төмендегідей мəтінде қарастырады: «Əркiмнiң кəсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кəсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Монополистiк қызмет заңмен реттеледi əрi  шектеледi. Жосықсыз бəсекеге тыйым  салынады». Бұл дегеніміз  əркімнің кəсіпкерлікпен айналысуға құқылы екенін көрсетеді. Конституцияға сəйкес ел президенті жыл сайынғы халыққа елдегі жағдай мен Республикамыздың дамуының негізгі бағыттарын айқындайды.

«Əлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ [1]. Жинақталған экономикалық əлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Біз шағын жəне орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. Ұлттық жəне трансұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік», - деген өзінің 2010 жылғы халыққа жолдауында мемлекет басшысы [2]. Президент Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын қарастырып бекітті, бұл тұжырымдамаға сəйкес банк жүйесінің негізгі даму бағыттары қарастырылады. «Қадағалау тұжырымдамасы əлемдік практикада кеңінен пайдала- нылатын, тəуекелдерді бағалауға негізделген тəсілге барынша жақындатылады. Реттеу практикасына тəуекелдер карталары енгізілетін болады. Стресс-тестинг, ертерек ден қою жəне тəуекелдерді шектеу бойынша жоспарларды əзірлеу рəсімдерін бұдан əрі жетілдіру болжануда.

Шоғырландырылған негізде қадағалауды бұдан əрі дамыту қадағалау, бағалау жəне қажет болуына орай жүйелік тəуекелдерге қатысты шаралар қабылдау үшін жекелеген банктік конгломерат институттарының жəне нарықтардың сенімділігіне негізгі көңіл бөлінетін реттеу мен қадағалау құрылымын бағдарға алатын болады. Банктік конгломераттарды реттеу мен қадағалау пруден- циалдық реттеуді жетілдіру жəне банктік конгломерат қатысушылары ұшырауы ықтимал əлеуетті тəуекелдерді іс жүзінде анықтауға бағытталған топтарды инспекциялау арқылы күшейтілетін болады. Сондай-ақ басқа елдердің қадағалау органдарымен неғұрлым тығыз ынтымақтастық жəне олармен ақпарат алмасу арқылы трансшекаралық қадағалауды дамыту қамтамасыз етіледі. Тəуекелдерді басқару деңгейін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарындағы, сондай-ақ жекелеген қаржы өнімдері бойынша тəуекелдерді бағалаудың сандық жəне статистикалық əдістерін енгізуге жəне қолдануды кеңейтуге қойылатын талаптар біртіндеп арттырылатын болады», - деп қарастырылды жолдауда, бұл тұжырымдаға сəйкес қаржы жүйесі жаңа бағытта дамиды. Бүгінгі дағдарыс жағдайында мемлекет қаржыны үнемдеу бағытын ұстана отырып мемлекеттік қаржының жұмсалуын қатаң бақылауға алғаны жөн. Президент Конституцияға сəйкес Ұлттық Банкінің төрағасын Сенаттың келісімімен қызметке тағайындайды, Республика Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады жəне қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды  жəне қызметтен босатады, бұл органдардың құрамына Қаржылық Бақылау Агенттігін  жатқызуымызға болады. Конституцияға сəйкес Президент, Республика, Премьер-Министрдiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын жəне жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн бекітетіндігі Конституцияға сəйкес жүргізіледі.

Конституцияның 54-бабына сəйкес Парламент мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық жəне өзге де көмек көрсетуі туралы мəселелерді шешетіндігі қарастырылады. Соны- мен бірге банктік қызмет аясының мемлекеттік құқықтық реттеу Конституцияның негізінде қабылданған заңдар мен нормативті актілердің негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясаты, оның ішінде монетарлық саясатты, негізінен, Конституцияның негі- зінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің "Қазақстан-2030" - Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: "Экономиканы ілгерілету мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальді жəне монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті əлеуметтік саясатқа аударамыз", - деген болатын. Осыған орай банктік қызметтің құқықтық негіздері оның конституциялық негіздері банктік қызметтің дамуына тікелей əсер ететіндігі айқын. Банктік заңдардың бүгінгі банк жүйесінің дамуына өз кезегінде əсер еткені белгілі, сол себепті Конституцияға Ұлттық Банктің негізгі мақсаты жайлы мағлұматты енгізсек, сонымен қатар Ұлттық Банктің Парламент алдындағы есеп беру мəселесін конституциялық негізде қарастырсақ абзал болатын еді. Қазақстан Республикасының жаңа банк жүйесі 1995-2010 жылдары жүргізілген экономикалық реформалар кезеңінде, жекешелендіру жəне əртүрлі меншік нысандағы кредиттік-қаржылық институттарды жаңадан дамыту негізінде құрылымданып қалыптасқан болатын. Бүгінде осы кредиттік-қаржылық институттар жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкі мен оның құрылымдық мекемелерінен, деңгейаралық (мысалы, ерекше құқықтық мəртебесі бар Қазақстанның Даму Банкі) банктерден,  сондай-ақ  коммерциялық  банктерден  тұратын  екі деңгейлі  банк жүйесін құрайды.

Жоғарғы деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі өз функцияларын қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге орай жүзеге асыру барысында нарықтық жəне нарықтық емес экономикалық-қаржылық мəн- жайларды ұштастыруға атсалысады.

Осындай мəн-жайлардың басым бағыттарындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің басқарушы–реттеуші ықпалы кредиттік-қаржылық жүйені мемлекеттік басқару сипатында көрініс табады, сондай-ақ бүгінгі нарық жағдайындағы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ақша- кредиттік ұйымдарының ұйымдастырылуын, олардың клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі тиісті ақшалай-кредиттік мəн-жайларды, кредиттік, қаржылық құқықтық тəртіпті сақтау мақсатында осы аядағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындалған көлемдегі ықпалды іс-əрекеттерін күшейтуге өз үлесін қосады [3].

Нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі аталған жайттар  Қазақстан Ұлттық Банкі жүзеге асыратын барлық іс-шаралардың ықпалы нарықтық икемділігімен жəне өркениеттілігімен ерекшеленетіндіктен, банктік қызметтер барысында үйлесімді көрініс табады. Осыған байланысты, Ұлттық Банк пен өзге де уəкілетті мемлекеттік органдар тарапынан жүзеге асырылатын басқарушы-реттеуші қызметтер көзге ұрып тұрмайды, яғни аса байқалмайды деп айта аламыз. Демек, бұл жердегі қоғамдық-мемлекеттік басымды мүдделер мен өктем билік механизмі нарықтық талаптарға бағынады. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі банктердің қызметтерін реттеу жəне қадағалау барысында, яғни ақша - кредит жүйесіндегі реттеуді жүзеге асыру кезінде бүкіл банк жүйесінің өкілі ретінде көрініс табады. Сонымен бірге ол көптеген кредиттік-қаржылық қатынастардағы мемлекеттің өкілі болып табылады.

Осындай қысқаша сипаттамадан мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Егер Қазақстан Ұлттық Банкі толығымен нарықтық құрылымға айналатын болса, онда ол: а) Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

ə) мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын əзірлеу жəне жүргізу; б) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

в) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

г) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу сияқты мемлекетке аса қажетті функцияларды, соның ішінде қаржыларды қайта бөлу функциясын атқара алмайды;

  1. Егер Қазақстан Ұлттық Банкі құзыретті əрі өктем мемлекеттік органға айналса, онда оның нарықтық бағдарлы қызметінің тиімділігі, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктері де күрт төмендейді.

Бұл жерде тағы бір ескеретін маңызды жайт, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның мекемелерінің жəне екінші деңгейдегі басқа да банктердің іс-əрекеттері мен операциялары банктік қызмет болып табылады. Оның себебі осындай субъектілер жүргізетін банктік операциялар өзара тығыз байланысты жəне заң жүзінде нақтылы айқындалған мақсатты бағытта болғандықтан, тек банктер ғана жүзеге асыратын айрықша қызмет түрі банктік қызметтің өзегі ретінде көрініс табады.

Сонымен, Ұлттық Банк тарапынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі тұрғысынан жүзеге асырылатын басқарушы жəне реттеуші-қадағалаушы қызметтер əкімшілік-құқықтық ұйымдастыру сипатында болады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк қызметінің жекелеген немесе мемлекет пен қоғам үшін маңызды мəселелері бойынша өз құзыретінің шегіндегі реттеуді жəне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ коммерциялық банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жұмыс істеулері үшін жалпы жағдайлар жасауға жəрдемдеседі, яғни аталған субъектілердің пəрменді, қоғам, мемлекет жəне халық мүдделеріне сай жұмыс істеулерін ұйымдастыруға атсалысады [4].

Демек, Қазақстан Ұлттық Банкінің басқарушы-реттеуші қызметі ұйымдастырушы-құқықтық сипатымен айрықшаланады. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялық жəне мемлекеттік банктердің қызметтерін ұйымдастыру мен бақылау-қадағалау жөніндегі заңға тəуелді іс- қимылдары банктік əкімшілік жүргізу болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға болады. “Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономика- мызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық жəне резервтік орталығы ретінде ақша-несие жəне валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге жəне еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады”, - деп қазақстандық ғалымдар Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі маңызды орнын көрсеткен. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң  қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Осы қаржы жылында Ұлттық Банк қаржы саласын басқаратын мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің құзыретін іс жүзіне асырады [5].

Ұлттық Банктің жылдық есебі Ұлттық банк туралы заңның 66-бапқа сəйкес Қазақстан Ұлттық Банкi  жыл  сайын  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  бекiтуiне  жылдық  есеп  берiп   отырады. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уəкiлеттi органға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын жəне кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн берiп отырады. Бұл дегеніміз Ұлттық Банк өз қызметін атқару барысында мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыста болады. Ұлттық Банк туралы заңға сəйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:

  • ақша-кредит саясаты жəне қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарастырады жəне президент оны бекітеді [6].

Ұлттық банк мемлекеттік орган ретінде мелекеттің банк саласындағы саясатты мемлекеттің арнайы қабылдаған бағдарламалары шенңберінде жүзеге асырады. Ұлттық Банкі жүргізетін банктік əкімшілік аясындағы əртүрлі меншік нысанына негізделген барлық банктердің қызметтері объективті жəне субьективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты бағыттағы тəртіптеуші ықпалдың ауқымында болады.

Ұйымдастыру жөнінде тұжырымдалған бірнеше автордың көзқарастары мен пікірлеріне тоқталып өткеніміз диссертациялық ізденіс  мақсатына  сай  келетін  сияқты.  Қазақстандық  ғалым  Х. Ибрагимовтың пайымдауынша, "Ұйымдастыру (осы сөздің тар мағынасында) біртұтас басқару жүйесінің құрамдас бөліктері – басқарушы жəне басқарылушы жүйелерді қалыптастыруға; басқару жүйесінің құрылымын қалыптастыруға, жұмыскерлерді (қызметкерлерді) тағайындауға, олардың өзара қатынастарының тəртібін айқындауға арналған басқару функциясы" болып табылады.

Мемлекеттік басқару аясының көкейкесті мəселелерін көптеген жылдар бойы зерттеп жүрген ғалым Е. Баянов "Мемлекеттік басқару – ерекше субъектілер тобының (органдарының, лауазымды адамдардың) экономика, əкімшілік-саяси жəне əлеуметтік-мəдениет аяларына басшылық жасау процесінде міндеттер мен функцияларды іс жүзінде орындаудан тұратын заңға тəуелді, заңдық- биліктік, ұйымдастыру қызметі" деп тұжырымдаған.

Əкімшілік құқық жəне жергілікті өзін-өзі басқару салаларының маманы қазақстандық ғалым А. Тарановтың көзқарасы бойынша: "Қандай болмасын билік тармағының, соның ішінде атқарушы биліктің жұмыс істеуі, көбінесе басқару əдістерінің қолданылуымен айқындалады. Басқару əдістері: əкімшілік құқық субъектілерінің қызметтерін ұйымдастыру; басқару процесінде туындаған нақтылы мəселелерді шешу; басқарушылардың еріктеріне ықпал ету тəрізді жолдар мен тəсілдерден тұрады". Сонымен қатар ол: "Басқарушы субъектінің қызметін ұйымдастыру - басқарушы процестерді ресімдеу, құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру жəне олардың арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ оларды билік жүйесіне енгізу, яғни белгілі бір міндеттерді шешу арқылы тиісті нəтижелерге қол жеткізу үшін қажетті уəкілетті органды құруды ұйымдастыру", - деген ойын дəлелдеп көрсеткен.

Демек, Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан қоғамның əлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын замана тынысына сай құруды, сондай-ақ ақша - кредит жəне қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздей отырып, коммерциялық жəне мемлекеттік банктердің қызметтеріне қатысты жүзеге асырылатын ұйымдастыру іс шаралары Қазақстан Республикасы банк жүйесін одан əрі жетілдіруге жəне деңгейаралық, коммерциялық банктердің еліміздегі жəне халықаралық банктік қатынастардағы заңды əрі өркениетті қадамдарын қамтамасыз етуге бағытталған деп тұжырымдауға болады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
  2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008. «Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатынастар: теориялық жəне қаржылық-құқықтық аспектісі»/ А.А. Аралбаева.
  3. Ақша, несие, банктер/ жалпы ред. Ғ.С. Сейтқасымов. - Алматы: Экономика,
  4. Банковское дело/ под. ред. Г.Г. Коробовой. - М.: Омега-Л,
  5. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банктік қызмет туралы», 1995 жылдың 31 тамызда қабылданған,«Юрист» баспасы.
  6. Банковское право Республики Казахстан/ Л.Давыдова, Д. Райманов. - Алматы: Жеті жарғы, 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.