Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу барысында сезікті мен айыпталушының құқығын қамтамасыз етудегі кейбір мəселелері

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, əрбір қылмыс жасауда ұсталған, қамалған, айыпталушының тиісінше, ұстау, қамау немесе айып тағу сəтінен бастап қорғаушының көмегін пайдалану құқығы бар. [1, 8]. Осы конституциялық ережені шын мəнінде қорғаушының заңгерлік көмегімен алу əрбір тұлғаға оның ресми процесуалдық мəртебесіне қарамастан, сонымен қатар егер өкілетті билік органдары осы тұлғаға қатысты бостандық пен жеке қол сұқпаушылық нақты шектелетін шаралар қолданылған жағдайда, ұсталған немесе сезікті деп тануға кепілдік береді.

Аталмыш конституциялық норманы дамыта отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары, қорғаушы, тұлғаны айыпты ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған сəттен бастап іске қатысуға, ал нақты тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, қылмыс жасауда сезікті тұлғаны ұстаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚР ҚІЖК) 132, 134- баптарында қарастырылған жағдайларда бұлтартпау шарасын қолдану, қылмыс жасауда сезікті тұлғаға сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы қаулыны оқыған, процессуалдық мəжбүрлеу немесе қылмыс жасауда сезікті тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын  қозғайтын басқа да процессуалдық əрекеттерді жүзеге асырған, нақты тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған сəттен бастап немесе қылмыс жасауда сезікті тұлғаны нақты ұстаған сəттен бастап, немесе қылмыс жасауда сезікті тұлғаға сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы қаулыны оқыған сəттен бастап, яғни процессуалдық мəжбүрлеу немесе қылмыс жасауда сезікті тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын басқа да процессуалдық əрекеттерді жүзеге асырған сəттен бастап іске қатысуға жіберілетіндігін белгілейді. Осылайша, кез келген бұлтартпау шарасы таңдалған əрбір сезікті немесе айыпталушының қорғаушы көмегін алуға құқығы бар. [2, 48].

Сезікті немесе айыпталушы қорғаушысының процессуалдық қызметі қылмыстық-процесуалдық қызметтің бір түрі болып табылады. Оның болмысы, біздің пікірімізше, келесі негізгі ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, ол жекеменшік-бұқаралық сипатқа ие. Екіншіден, оның негізгі мақсаты күдік немесе айыптауды теріске шығару, олардың жауапкершілігін жоққа шығаратын немесе жеңілдететін жағдайларды анықтау, сонымен қатар олардың жеке жəне мүліктік құқықтарын қорғау болып табылады. Үшіншіден, қорғаушының процессуалдық қызметінің мақсаты қорғалушының заңды мүдделеріне сəйкес келетін іс бойынша осындай нəтижеге қол жеткізуі болып табылады. Нақты жағынан – бұл айыпталушы мен сезіктінің пайдасына куəлік етуші барлық жағдайларды белгілеу, ал заңгерлік тұрғыдан – осы жағдайларға сəйкес заңды жəне негізделген шешім шығару.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабына сəйкес, қорғаудың басты мазмұны сезікті мен айыпталушыға білікті заңгерлік көмек көрсетуде болып табылады. Осы конституциялық ереженің нақты мəні бойынша қорғаушының қылмыстық істегі рөлі қорғалушыға өзінің құқықтары мен міндеттерін заңгерлік тұрғыдан білімді түрде жүзеге асыруға көмек көрсетуге саюы керек. Бірақ қорғау функциясының жанама түрі бола отырып, қорғаушының қылмыстық-процессуалдық қызметі біртекті болып табылмайды. Оның көп аспектілі сипаты бұлтартпау шарасы таңдалған сезікті немесе айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша қорғаушының қызметінің түрлі бағыттарынан (түрлерінен) көрінеді. Олардың ішіндегі негізгілері:

  • сезікті немесе айыпталушыға құқықтық көмек көрсету;
  • қорғаушының дəлелдеуге қатысуы;
  • сезікті немесе айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Осы анықтаудың негізіне қылмыстық істегі қорғаушының алдында тұрған үш басты міндет салынған. Заңда ҚІЖК-де белгіленген тəртіпте сезіктілер немесе айыпталушылардың қорғауын  жүзеге асыратын жəне оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде заңгерлік көмек көрсететін тұлға ретінде қорғаушыны анықтай отырып, тікелей көрсетілген (ҚР ҚІЖК 72-бабы 1-т.); қорғаушыға ҚР ҚІЖК 125-бабы 3-б. белгіленген тəртіпте заңгерлік көмек көрсетуге қажетті дəлелдер жинау жəне ұсыну өкілеттерін бере отырып; ҚР ҚІЖК 84-бабына сəйкес маман тарту; арыздар мен қарсылық жариялау жəне т.б.

Сезікті немесе айыпталушының құқықтарын қорғауды біз дербес міндет, сонымен қатар қызмет түрі ретінде оның (құқықтарды қорғау) қылмыстық істе тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету болмысына сəйкес келетіндіктен жəне қорғаушының процессуалдық қызметінің міндеттері мен түрлерімен толық сəйкес келмейтіндіктен бөлектеп көрсетеміз. Сондықтан сезікті мен айыпталу- шының қорғаушының білікті заңгерлік көмегімен алу бойынша конституциялық кепілдігі қорғалушыға құқықтық көмек көрсетуге, дəлелдеуге қорғаушының қатысуы, сонымен қатар сезікті немесе айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған [3, 54].

Білікті заңгерлік көмек əсіресе қылмыстық қудалау жүргізілген тұлғаға, оның іске қатысуының бастапқы кезеңінде əсіресе маңызды. Сот талқылауы сəтінде сотталушы өзінің құқықтарымен танысып, оларды алдын ала тергеу барысында пайдаланудың белгілі тəжірибесіне ие болып табылады. Сонымен қатар сот ісінің сайыскерлігі мен жариялылығы оған қылмыстық сот ісін жүргізудің басқа қатысушылары осындай құқықтарды қалай іске асырғандығын көріп, естуге мүмкіндік береді [4, 34].

Əлбетте, əр іс бойынша қорғаушыға берілетін құқықтық көмектің көлемін алдын ала тура анықтау мүмкін емес. Оның сипаты көбінесе нақты қорғалушы жасады деген күдік тағылған немесе айыпталған қылмыстық істің ерекшеліктері, қылмыстың түрі мен санатына, сонымен қатар оның құқықтық мəдениетіне байланысты болып келеді. Олардың бірі тек құқықтарын түсіндірумен шектелсе, екіншілері процессуалдық құжаттарды жасауда көмекке, үшіншілері оларға процессуалдық жəне материалдық заңды түсіндіруге зəру болуы мүмкін, ал төртіншілеріне бірқатар мəселелер бойынша көмек керек болады. [5, 41].

Сезікті немесе айыпталушыға қорғаушының заңгерлік көмегімен алу керек болатын мəселелер, əрине жоғарыда аталған тармақтар шеңберінен шығып кетуі де ықтимал. Біз оларды іс жүзінде дəл солар қорғаушының бұлтартпау шарасы таңдалған сезікті немесе айыпталушыға берілетін құқықтық көмектің мазмұнын құрайтындықтан, бөлектеп көрсетеміз. Осы ойлармен қорғаушының сезікті немесе айыпталушыға біз атап кеткен алты тармақтың шегінде өзінің қорғалушысына берген толық құқықтық көмегімен анағұрлым егжей-тегжейлі қарастырған жөн секілді көрінеді.

Қорғаушының қорғалушыға оның құқықтық мəртебесін түсіндіру қызметіндегі негізгі орынды сезікті немесе айыпталушыға оның құқықтарын түсіндіру мен оларды пайдалану бойынша кеңестер мен нұсқаулар бере алады [6, 21]. Қорғалушының өз құқықтарымен танысу маңыздылығын артық бағалау қиын, өйткені сезікті немесе айыпталушы олардың мəнін түсініп-білгенше  жəне  оларды қалай жүзеге асыру қажеттігін жаттап алғанша, оның қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңды мүдделерін қамтамасыз ету табыстылығы байланысты болады. Осы істің күрделілігі сезікті немесе айыпталушыға қысқа мерзім ішінде оған берілген қызметтердің бүкіл кешенінің маңызын есте сақтау мен түсінуде болып табылады. Біз осыған дейін айтып кеткендей, тəжірибе осы іс қатысушыларына тергеу жүргізетін тұлғаның олардың құқықтарын түсіндіруі оларды толық көлемде есте сақтауды да қамтамасыз етпейтіндігін көрсетті.

Сезіктінің өз құқықтарын табысты түрде есте сақтауының процессуалдық кепілдіктерінің бірі біз ертерек ұсынған тергеушінің сезіктіге оның тізімде келтірілген құқықтарын түсіндіру хаттамасының көшірмесін беру міндеті болуы мүмкін [7, 37]. Алайда сезікті, сондай-ақ айыпталушы өз құқықтарын пайдалануға нақты жағдайлар туындату үшін оларды жай ғана білу жеткіліксіз. Олардың мəнін түсініп, дұрыс қолдана білу қажет. Əрине, осының бəрін қылмыстық іс жүргізу қатысушыларына анықтаушы, тергеуші жəне прокурор түсіндіре алады жəне түсіндіруге міндетті. Бірақ бұл мақсатына үнемі жете бермейді, өйткені қылмыстық қудалау жүргізіліп жатқан тұлға көбінесе қате түсінік сезімінен тергеу жүргізетін тұлғаның сөздеріне сенбейді. Сондықтан қорғалушыға оның құқықтарын пайдаланудың болмысы мен процессуалдық тəртібін түсіндіру сезіктімен бірінші қарым-қатынаста-ақ орындалуы тиіс қорғаушының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Іске уақтылы кіріскен қорғаушы өзінің қорғалушысымен бірінші жауап алуға дейін кездесу құқығын бұлтартпау шарасын қабылдау, өзгерту немесе болдырмау туралы мəселені шешу үшін осы тергеу амалының маңыздылығын ескере отырып, қолдануға міндетті болып табылады. Қорғаушы өзінің клиентіне түсініктер мен жауап беру қорғалушының ұдайы құқығы болып табыла бермейтіндігін түсіндіруі тиіс. ҚР Конституциясының 77-бабына сəйкес ол өзіне қарсы, өзінің  жұбайы мен жақын туыстарына қарсы куəгерлік етуге міндетті емес. Сезікті немесе айыпталушының жауап беруден бас тартуы, сонымен қатар қасақана жалған айту оған қылмыстық немесе басқа да жауапкершілік шараларын қолдануға негіз болып табылмайды. Сондықтан одан жауап алу сезікті немесе айыпталушы жауап беруден бас тартпаған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

Сол мезгілде қорғалушы өзінің жауаптары тек дəлелдер көзі емес, сонымен қатар  заңсыз  немесе негізсіз қолданылған бұлтартпау шарасынан қорғаныс құралы болып табылатындығын да білуі тиіс. Қамау немесе басқа да бұлтартпау шарасын қолданғаннан кейін бірден жүзеге асырылуы тиіс бірінші жауап алу кезінде сезікті бірінші рет өзінің жауап беру құқығын жүзеге  асыратын болады. Ол тергеушінің бұлтартпау шарасын тудыратын немесе таңдалған бұлтартпау шарасын біраз жұмсағырақ шараға өзгертуге мүмкіндік беретін сезіктің қажеттілігіне көзін жеткізетін мəліметтерді хабарлауы мүмкін.

Сезікті немесе айыпталушыға оның құқықтарын түсіндіре отырып, қорғаушы қорғалушының оған берілген құқықтық қорғану құралдарын пайдалану тактикасы мен əдістемесіне байланысты мəселелерге назар аударуы керек. Қорғаушының кеңестері мен нұсқаулары сезікті немесе айыпталушыға өзінің құқықтарын өздігінен қамтамасыз етуге жəне солардың көмегімен алдын ала тергеуде өзінің заңды мүдделерін дербес қорғау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

Сезікті немесе айыпталушы қылмыстық іс жүргізу қатысушысы ретінде тек құқықтарға ие болып қана қоймай, қорғаушы түсіндіруі тиіс процесуалдық міндеттерді көтереді. Осы міндеттерді түсіндіру белгілі бір қиындықты тудыратынын атап кеткен жөн, өйткені заңда олардың шағын тізімі жоқ.

Сезікті, айыпталушы сияқты да екі ұшты мағынадағы міндеттер көтереді: олардың бірі заңда көрсетілген белгілі бір əрекеттерге жол бермеуде көрініс табады; басқалары қажеттілік туындаған жағдайда заңда жазылған əрекеттер жасауда болып табылады. Олардың құқықтық регламенттеу сипаты да əртүрлі. Сезікті міндеттерінің кейбіріне заңда тікелей нұсқаулар көрсетілген (мысалы, анықтаушы, тергеуші, прокурордың шақырулары бойынша келу (19-тарау), басқалары осы міндеттерді корреспонденциялайтын тергеуші мен соттың қылмыстық-процессуалдық нормаларында бекітілгендерден туындайды (мысалы, соттың сот талқылауындағы тəртіпке қатысты заңды  жарлығын орындау міндеті (ҚР ҚІЖК 327-бабы жəне т.б.).

Сезікті немесе айыпталушыға ол үшін жағымды жəне жағымсыз жағдайлардың мəнін түсіндіру маңызды болып табылады, өйткені олардың барлығы немесе жоқтығына бұлтартпау шарасын таңдау байланысты болып табылады. Бұлтартпау шарасын таңдау барысында ескерілетін жағдайлардың тізбесін біліп, айыпталушы мысалы, оның тұлғасын жақсы жағынан сипаттайтын мəліметтерді қорғаушыға хабарлауы немесе тергеушіге өзі бере алады, немесе өзінің ауыр отбасылық жағдайы немесе науқас күйін көрсетіп, осылайша бұлтартпау шарасын болдырмау немесе өзгерту туралы арызын түсіндіруі тиіс.

Сезіктіге немесе айыпталушыға оның құқықтарын қорғаушының өзі де қылмыстық іске кіріскеннен кейін түсіндіруі тиіс. Қорғаушы қорғалушыны өзінің міндеттері туралы да хабардар етуі тиіс. Қорғалушы оның қорғаушысы адамгерлішік жəне кəсіби этика талаптарына сəйкес, тек заңды құралдар мен тəсілдермен əрекет етуге құқылы екендігін білуі керек, өйткені қорғаушының  кез келген заңды əрекеттері оның қорғалушысы (сенім білдіруші) үшін құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ кез келген заңсыз əрекеттер – қорғаушы үшін жеке түрде құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Қорғаушы сезікті немесе айыпталушыға оның істің жағымды соңына үміт аз болса да, өзі алған қорғаудан бас тартуға құқығының жоқтығы туралы түсіндіруге міндетті.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2008. - 8 бет.
  2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13 желтоқсан 1997 ж. – Алматы: Юрист, – 48 б.
  3. Международное публичное право: Сборник документов. Т. - М.: Юраит, 2007. – 54 с.
  4. Уголовно-процессуальное право: учебник. 2-е изд. / под ред. П.А. Лупинской. - М., – 34 с.
  5. Витрук Н.В. Основы теории правового положения личности в социалистическом обществе. - М., – 41 с.
  6. Якупов Р.Х. Уголовный процесс: Учебник для вузов / под ред. В.Н. Галузо. - М., 1998. – 21 с.
  7. Халиков К.Х. и др. Судебные реформы в Центральноазиатских странах (На примере Республики Казахстан и Республики Узбекистан): учебное пособие. – Т.: Turon-Iqbol, 2006. – 37 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.