Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.
Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз.
Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық дамуында 1920 жылғы Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Сол тұста жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі күн сайын өзекті мəселеге айналған болатын. Оның ең басты себебі мен қажеттілігі Орталық Мəскеу болатын. 1918 жылғы Конституцияның өзгеріске ұшырауы мен жаңадан негізгі заңның қабылдануының басты себептері мен алғышарттарын анықтап көрелік. Біріншіден, 1918 жылғы Конституция Кеңес билігінің жаңадан қалыптаса бастаған кезінде жəне текетірес, даулы жағдайда қабылданған болатын. Екіншіден, Түркістан Республикасы Конституциясының кейбір нормалары РСФСР-дің 1918 жылғы Конституциясынан алшақ болатын. Үшіншіден, Түркістан Республикасы Кеңестік үлгідегі алғашқы автономды республика болғандықтан, шын мəнінде кең көлемді құзыретке ие болатын. Бұл əрине, өз кезегінде Орталықтың саясатына тура келмеді. Төртіншіден, Түркістан Республикасы мен РСФСР-дің өзара құқықтық байланысы мен əрекет ету механизмі нашар жұмыс жасады. Бесіншіден, Кеңестік мемлекет басқару жүйесінде жаңадан пайда болған мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық тұрғыдан рəсімдеудің қажеттілігі туындады. Алтыншыдан, Түркістан Республикасынан сыртқы байланыс жасау құзыретінен айыру мақсаты болды жəне т.б. себептер мен алғышарттарды атап өтуге болады.
Жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі жөнінде М. Матаеваның пікіріне тоқталып көрелік:
«Принятая IX съездом Советов Туркестана в сентября 1920 года Конституция ТАССР также явилась воплощением прежнего колониального режима, преобразованного центром в «советскую» модель автономии со всеми вытекающими отсюда правами и обязанностями. Проект Конституции ТАССР был разработан Турккомиссией еще весной 1920 года. На съезде необходимость пересмотра основных положений Конституции обьяснялась следующими причинами: Конституция 1918 года была «составлена на основе отрывочных полученных из центра сведений», неудачно «сконструривана», «не имела в своей системе того, что надлежить иметь всякой конституции», ее положения в свете последних постановлений ВЦИК Советов о Туркестанской республике были «значительно устаревшими»» [1, С. 156].
Сонымен, 1920 жылдың 24 қыркүйегінде Түркістан Кеңестерінің 9-шы съезінде республиканың негізгі заңы – жаңа Конституция қабылданды. Бұл Конституцияның жобасы Мəскеуде бекітіліп, оның түбірі даярланып қойылған болатын. Мəселен, жаңа Конституцияны қабылдамас бұрын, орталық Мəскеу республикада көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырған болатын. «ЦК РКП(б) и после утверждения Положения об автономии Туркестана непосредственно занимался вопросом о взаимоотношениях центра и Туркестана. В решении ЦК РКП(б) от 29 июня 1920 г. «Об организации власти в Туркестане» указывалось, что в Туркестане необходимо наличие постоянного представительства ВЦИК, СНК и ЦК РКП, на которое было бы возложено: а) непосредственное управление теми областями, которые составляют исключительную компетенцию федеральной власти; б) контроль за проведением в жизнь директив и декретов центральной власти, а равно и приостановление или изменение этих директив и декретов в порядке приспособления их к местным экономическим и бытовым условиям, согласование» [2, лл. 7-8].
Жоғарыда атап өткеніміздей, Орталық Түркістан Республикасының маңызды құзыреттерін шектеп, оны федералды билік органдарына, яғни Орталыққа беріп отырды. 1918 жəне 1920 ж. Конституция нормаларына салыстырмалы талдау жүргізетін болсақ, онда ол айдан анық көрінері сөзсіз.
1920 жылғы Конституция бойынша Орталық билік пен Түркістан Республикасының өзара байланысын айқындайтын нақты нормаларды, дəлірек айтқанда күшті орталықтандырылған, вертикальды билік жүйесінің қалыптасқанын көреміз. «Согласно постановления Всероссийского Центрального Исполнительного Комитета о Туркестанской Социалистической Советской республике взаймоотношения последней с Федеральной властью определяются следующим образом:
А. К исключительной компетенции федеральной власти принадлежит а) Дело Внешних Сношений,б) Внешная торговля, в) Военное дело.
Б. Все декреты и распоряжения федеральной власти РСФСР изданные в области путей сообщения, почти и телеграфов механически вводятся в действие на территории Туркестанской Социалистической Советской Республики.
Комиссары путей сообщения почт и телеграфов Туркестанской республики назначаются по соглашению ТЦИКС и подлежащих Народных Комиссариатов РСФСР, коим они подчинены.
В. Центральный Совет Народного Хозйства и Народный комиссариат продовольствия ТССР действуют согласно планов соответственного установленных Высшим Советом Народного Хозйства и Народным Комиссариатом Продовольствия РСФСР.
Председатель ЦСНХ и комиссар продовольствия Туркестанской Социалистической Советской Республики назначаются ТЦИКС по соглашению с подлежащими народными комиссариатами РСФСР.
Г. Народный комиссар финансов Туркестанской республики избирается ТЦИКС и утверждается Народным Комиссариатом РСФСР» [3, С. 5-6].
1918 жылғы Конституция шын мəнінде Түркістан АССР-не кең көлемді құзыреттер берген болатын. Республикада орын алған мəселелерді орталықтың келісімінсіз шешуіне мүмкіндіктерге ие болатын. Ол құзыреттер Конституцияның жетінші бөлімінде нақты анықталған. «Трудящийся и эксплуатируемый народ Туркестана на основании § 8 Всероссийской Конституции, ставя своей задачей наилучшее исполнение главы 12 Всероссийской Конституции (§ 61), принимая во внимание отдаленность Туркестанской Республики от центра, ее обширную территорию, этнографические, топографические и бытовые особенности ее, устанавливает следующие свои самостоятельные права:
- Право законодательства в пределах, устанавливаемых настоящей Конституцией.
- Право распоряжения и управления землей, водами, недрами Туркестанской Республики.
- Право учреждения должностей и норм оплаты труда, выборы должностных лиц всех отраслей управления, за исключением федеральных, и право отвода и контроля в отношении Федерации.
П р и м е ч а н и е. Федеральному управлению подлежит: оборона, внешнее сношение, почта- телеграф, морское дело, железные дороги, таможни, торговля, промышленность и финансы.
- Право изменения, применительно к местным условиям, оснований военной организации, принятых федеральной властью.
- Право непосредственных сношений через федеральных представителей с прилегающими странами по вопросам местного хозяйства, соседства и милиции.
- Право займов и финансовых соглашений в пределах Российской Федерации.
- Право установления налогов и повинностей, за исключением федеральных.
- Право изменения оснований судоустройства и судопроизводства гражданского и уголовного, равно гражданских и уголовных законов, применительно к бытовым особенностям Республики.
- Право амнистии общей и частичной в пределах Туркестанской Республики.
- Право изменения избирательного закона в отношении нормы представительства.
- Право установления и изменения границ и компетенции областных и национальных союзов, входящих в состав Туркестанской Республики, и разрешения споров между ними.
- Право принятия в состав Туркестанской Республики новых членов в пределах российской федерации и утверждения выхода ранее вошедших в нее членов.
- Право общего административного разделения территории Туркестанской Республики.
- Право самостоятельного установления общего на территории Туркестанской Республики плана народного хозяйства, в развитие основ хозяйства, выработанных федеральной властью.
- Право своего бюджета» [4, С. 5-6]. Ал 1920 жылғы Конституцияға сəйкес Республиканың өзіндік құзыреттері шектеліп, көптеген маңызды əрі негізгі құзыреттер Орталықтың еншісіне беріліп отырды. «Трудящиеся и эксплоатируемые народы Туркестана, принимая во внимание отделенность Туркестанской Социалистической Советской республики от центра, ее обширную территорию этнографические и бытовые особенности ее, на основании ст. 8 Конституции РСФСР устанавливают следующие свои самостоятельные права.
- Право ведения и распоряжения землей, недрами и водами находящимся в пределах Туркестанской республики.
- Право законодательства и управления в пределах устанавливаемых настоящей конституцией.
- Право учреждения должностей и установления норм оплаты труда, выбора и назначения должностных лиц всех отраслей управления за исключением подлежащих ведению Федеральной власти.
- Право устанавления налогов и повинностей независимо от таковых установленных федеральной властью.
- Право устанавления правовых норм и оснований судоустройства и судопройзводства, приме- нительно к правосознанию трудящегося населения Республики.
- Право устанавления и изменения границ территорий и компетенции областных и нацио- нальных объеденений, входящих в состав Туркестанской Социалистической Советской Республики и разрешение возникающих между ними спорных вопросов.
- Установление административного деления территории Туркестанской Социалистической республики.
- Право помилования и амнистии частной и общей в пределах Туркестанской Социалистиче- ской Советской республики.
- Право устанавления бюджета ТССР с последующим представлением такового на утверждение ВЦИК» [5, С. 6].
Жаңа Конституция негізінде көптеген мемлекеттік органдар таратылды. Оның маңыздылары- ның бірі ретінде өлкеде Кеңес өкіметінің орнауында маңызды рөл атқарған революциялық комитетті атауға болады. «На основе Конституции 1920 года и решения IX съезда Советов в Туркестане в 1920- 1921 гг. были упразднены ревкомы, проведены выборы и перевыборы Советов и создана единая система органов Советского государства, обеспечившая полный контакт всех местных органов с центральными» [6, С. 119].
Сонымен қатар атқарушы билік органдар жүйесінде, атап айтқанда Халық Комиссариаттары өзгерістерге ұшырады. 1918 жылғы Конституция бойынша 15 Комиссариат қызмет етсе, ал 1920 жылғы Конституцияға сəйкес 14 Комиссариаттың қызметі айқындалды. Кейбір Комиссариаттардың қызметі тоқтатылды. Мəселен, жергілікті республикалардан сыртқы істер мен əскери істер функция- лары Орталыққа берілгендіктен, Сыртқы Істер Комиссариаты мен Əскери Істер Комиссариаты таратылды. Сонымен қатар 1920 жылғы Конституция бойынша Ұлт мəселесі жөніндегі Халық Комис- сариатының қызметі көрініс таппады, яғни саяси маңызды Комиссариаттар қызметі Орталықтың еншісіне берілді.
Оның есесіне жаңа Комиссариаттардың пайда болғанын байқауға болады. Мəселен, бұрынғы еңбек жəне əлеуметтік қамсыздандыру Комиссариаты екіге бөлініп, жеке Комиссариаттарға айналды. Сондай-ақ Орталық Статистика Басқармасы мен Жұмысшы-Шаруа Инспекциясы пайда болды.
Жалпы, 1920 жылғы Конституцияның қабылдануы орталық Мəскеу тарапынан ұйымдастырыл- ған саяси қадам болды. Конституция нормалары толығымен РСФСР-дің Конституциясына сəйкестендірілді. Бұдан былай Түркістан АССР-і қағаз жүзінде жəне іс жүзінде де Орталықтың ойындағы Автономиялы республикаға айналды.
Әдебиеттер
- Матаева М. Конституционная история Казахстана и Стран Центральной Азии. XX век (сравнительно-правовые исследования). – Астана: Елорда, 2006. – 150 с.
- ЦПА ИМЛ при ЦК КПСС, фонд 79, оп 1, лл. 7-8.
- Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая IX-м Туркестанским Съездом Советов от 24 сентября 1920 года. – Ташкент,
- Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая VI-м Туркестанским Съездом Советов от 15 октября 1918 года. – Ташкент,
- Конституция Туркестанской Республики Российской Социалистической Советской Федерации, принятая IX-м Туркестанским Съездом Советов от 24 сентября 1920 года. – Ташкент,
- Гордиенко А.А. Создание Советской национальной государственности в Средней Азии. – Москва: «Юридическая литература», – 1959. – 249 с.