Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан халқы туралы конституциялық заңнаманың қалыптасуы және даму кезеңдері

Қазақстан халқы туралы конституциялық заңнама дамудың бірнеше сатысынан өткен болатын. Қазақстан халқы моделінің конституциялық тұрғыда қалыптасуы да, осыған сәйкес бірнеше уақытта әртүрлі экономикалық даму үрдістерін қамтиды. Конституциялық деңгейде Қазақстан халқы ұғымының қалыптасып дамуы да кешегі КСРО өкіметінің тәжірибесімен байланысты. Әрине, қазақ халқының заңдық тұрғыда бекіп дамуы, қазақ хандығының белді заңдары Қасым, Есім және Тәуке заңдарымен тікелей байланысты деп айтсақ болады. Ал классикалық деңгейде, Қазақстан халқының ұғымы кеңес өкіметі тұсында конституциялық деңгейде бекіді. Осыған сәйкес Қазақстан халқы ұғымының конституциялық деңгейде қалыптасуын екі кезеңге бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең – Кеңестік Қазақстандағы Қазақстан халқы ұғымының конституциялық деңгейде орнығып, бекуі;

Екінші кезең – тәуелсіз Қазақстанның конституциялық заңнамасында Қазақстан халқы ұғымының одан әрі өрістеп, дамуы.

Кеңестік Қазақстандағы Қазақстан халқы туралы конституциялық заңнаманың дамуы, негізінен 26 наурыз 1937 жылы қабылданған Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының конституциясымен  байланысты болып  келеді. Біз  сөз  етіп  отырған конституциясының 1-3 баптар аралығында мынандай норма бекітілді: “Қазақтың Советтік Социалистік Республикасы – жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті.

Қазақ ССР-ның саяси негізі – помещиктердің, капиталистер мен байлардың үкімет билігін құлатып, пролетариат диктатурасын орнатып, қазақ халқын патша үкіметінің, орыс империалист буржуазиясының ұлт қысымшылығынан азат етіп, ұлтшыл контреволюцияны қиратып жеңгендіктің нәтижесінде өсіп, нығайған еңбекшілер депутаттарының Советтері.

Қазақ ССР-ында барлық өкімет билігі – қаладағы, ауыл мен деревнядағы еңбекшілер- дікі бұлардың атынан билік жүргізетін еңбекшілер депутаттарының Советтерінікі” [1, 11 б]. 1937 жылғы конституцияның 2-тарауында мемлекеттік құрылыс мәселесінде, 13-бапта мемлекеттік билікті жүзеге асыру мәселесі тәртіптелген. Онда былай делінген: “Одақтас республикалардың экономика және саяси жөнінен әрі Отан қорғау жөнінен  өзара  жәрдемдесу ісін жүзеге асыру мақсатымен, Қазақтың Советтік Социалистік Республикасы басқа да тең праволы Советтік Социалистік Республикалармен: Ресей СФСР-ымен, Украин ССР-мен, Белорусь ССР-мен, Әзірбайжан ССР-мен, Грузин ССР-мен, Армян ССР-мен, Түрікмен ССР-мен, Өзбек ССР-мен, Тәжік ССР-мен, Қырғыз ССР-мен өз еркімен қосылып, союздық мемлекетке – Советтік Социалистік Республикалар Союзына бірігіп отыр.

Осыған сүйеніп, Қазақ СССР-ы СССР Конституциясының 14-статьясында көрсетілген праволарды СССР-ға оның атынан басқаратын жоғары өкімет орындары мен мемлекет басқару органдарына қамтамасыз етіп береді.

СССР Конституциясының 14-статьясында айтылғандардан басқаның бәрінде де Қазақ ССР-ы өзінің суверендік праволарын толық сақтай отырып, мемлекеттік өкімет билігін өз бетімен іске асырады” [2, 13 б]. Қазақстан халқының егемендігі көріп отырсақ, одақтас республикалар аясында да белгілі дәрежеде бөлінетіндігі байқалады. Конституцияның 19- бабында мемлекеттегі билікті жоғарғы өкімет органдары мен басқару органдары жүзеге асыратындығы айқындалған. “Қазақ Советтік Социалистік Республикасының қарауына, оның атынан басқаратын жоғарғы өкімет билігі орындары мен мемлекет басқару орындарының қарауына кіретін жұмыстар мыналар:

  • Қазақ ССР-ының Конституциясын белгілеу және соның орындалуын контрольдеу;
  • облыстардың шекараларын және аудан-ауданға бөлінуін белгілеу;
  • Қазақ ССР-ының составында жаңа облыстардың құрылуын СССР Ұлы Советінің бекітуіне тапсыру;
  • Қазақ ССР-ының заңдарын шығару;
  • мемлекет тәртібін және азаматтардың праволарын қорғау;
  • Қазақ ССР-ының халық шаруашылығының планын бекіту;
  • Қазақ ССР-ының мемлекет бюджетін бекіту;
  • СССР заңдарына   сәйкес   түрде    мемлекеттік    және   жергілікті    салықтар   мен алымдарды, салықтан басқа да  доходтарды белгілеу;
  • облыстардың жергілікті бюджеттерінің іске асырылуына басшылық ету;
  • сақтық, жинақ жұмыстарына басшылық ету;
  • республикаға қараған   банкілерді,    өндіріс,    ауыл    шаурашылық    және   сауда кәсіпорындары мен ұйымдарын басқару және жергілікті өндіріске басшылық ету;
  • Союзға бағынатын кәсіпорындардың жай-күйі мен басқарылуын контрольдеп, байқап отыру;
  • жерді, кендерді, ормандарды және суларды пайдаланудың тәртібін белгілеу;
  • ауыл шаруашылық артелі уставының жүзеге асырылуына және колхоздарды нығайту ісіне басшылық ету;
  • далалардағы және халық мекендеген басқа жерлердегі пәтер үй мен коммуналдық шаруашылық, үй салу мен қала көркейту істеріне басшылық ету;
  • жол салдыру, жергілікті транспорт пен қатынас орындарына басшылық ету;
  • еңбек туралы заңдар шығару;
  • денсаулық сақтау ісіне басшылық ету;
  • әлеуметтік қамсыздандыру ісіне басшылық ету;
  • бастауыш, орта дәрежелі және жоғары дәрежелі оқу ісіне басшылық ету;
  • Қазақ ССР-ындағы мәдениет-ағарту, ғылым ұйымдары мен мекемелеріне басшылық ету және жалпы республикалық маңызы бар мәдениет–ағарту, ғылым ұйымдары мен мекемелерін басқару;
  • дене тәрбиесі мен спорт ісіне басшылық ету және ұйымдастыру,
  • Қазақ ССР-ының сот орындарын ұйымдастыру;
  • Қазақ ССР-ының азаматтық праволарын беру;
  • Қазақ ССР-ының сот орындарының үкім еткен азаматтарына амнистия жасау және кешірім беру” [3, 14-15 бб]. Кеңестік саясатқа сәйкес ең жоғарғы билік халыққа тиесілі болды. Ал ол билікті жүзеге асыру құқығы өкілді органдарға берілген болатын. 1937 жылғы конституцияда оның 20-21 баптарында бұл туралы былай делінген: “Қазақ ССР-ындағы мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы орны – Қазақ ССР-ының Ұлы Советі. Қазақ ССР-ының Ұлы Советі Қазақ ССР-ы Конституциясының 13 және 19-статьялары бойынша Қазақ ССР- ына берілген барлық праволарды іске асырып отырады; өйткені, Конституция бойынша бұл праволар Қазақ ССР-ының Ұлы Советіне қарайтын Қазақ ССР-ы орындарының; Қазақ ССР- ының Ұлы Советі Президиумының, Қазақ ССР-ының Халық комиссарлары Советінің және Қазақ ССР-ының Халық Комиссариаттарының компетенциясына кірмейді” [4, 14-15 бб].

Қазақстан халқының конституциялық құқықтық тұрғыда дамуы Кеңестік Қазақстанның екінші Конституциясы 20 сәуір 1978 жылы қабылданған негізгі заңда одан әрі дамытылды. Конституцияның бірінші тарауында, яғни саяси жүйе мәселесіне арналған бөлімнің 1, 2, 3- баптарында мемлекеттің сипаты, биліктің негізгі көзі және билікті жүзеге асырудың қағидалары мынандай нормативтік тұрғыда айқындалды: “Қазақ Советтік Социалистік Республикасы – республика жұмысшыларының, шаруаларының және интеллегенциясының, барлық ұлттары еңбекшілерінің еркі мен мүдделерін білдіретін социалистік жалпы халықтық мемлекет.

Қазақ ССР-інде бүкіл өкімет билігі – халықтың қолында.

Халық мемлекеттік өкімет билігін Қазақ ССР-ның саяси негізін құрайтын халық депутаттарының Советтері арқылы жүзеге асырады.

Басқа мемлекеттік органдардың бәрі халық депутаттары Советтерінің бақылауында болады және соларға есеп беріп отырады.

Совет мемлекеттерінің ұйымдастырылуы мен қызметі демократиялық централизм принципіне сәйкес құрылады, бұл барлық мемлекеттік өкімет органдарының төменнен жоғарыға дейін сайланып қойылатындығы, олардың халыққа есеп беріп тұратындығы, жоғарғы органдар шешімдерінің төменгі органдар үшін міндеттілігі. Демократиялық централизм бірыңғай басшылықты жергілікті жерлердегі инициативамен және творчестволық белсендікпен әрбір мемлекеттік органның және лауазымды адамның тапсырылған іске жауапкершілігін ұштастырады” [5, 34 б]. Көріп отырғанымыздай, ең жоғарғы мемлекеттік билік халықтың қолында шоғырланса да, оны жүзеге асыру құқығы Қазақ ССР-ның Жоғарғы Советіне берілді. “Қазақ ССР мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органы Қазақ ССР Жоғарғы Советі болып табылады.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі ССР Конституциясымен осы Конституция бойынша Қазақ СССР-ның қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге праволы.

Қазақ ССР Конституциясын қабылдап, оған өзгерістер енгізуді; Қазақ ССР-ның экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік бюджетін және олардың орындалуы туралы есептерді бекітуді; өзіне есеп беріп отыратын органдар құруды тек қана Қазақ ССР Жоғарғы Советі жүзеге асырады.

Қазақ ССР-ның заңдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі немесе Қазақ ССР жоғарғы Советінің шешімі бойынша өткізілетін халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданады” [6, 56 б]. Қазақстан Рсепубликасы өзінің  тәуелсіздігін алғаннан   кейін   дамыған   елдердің тәжірибесіне сүйене отыра, мемлекеттілікті қалыптастырып, дамытуға бет бұрған болатын. Халық билігіне байланысты және жалпы билік мәселесі де осы қағидалар аясында айқындалған  болатын.  Тәуелсіз  мемлекетімізде  Қазақстан  халқы  ұғымын конституциялық деңгейде қалыптастыру мәселесі өзінің бастауын 25 қазан 1990 жылы қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясынан алады. Онда билік мәселесі туралы былай делінген: “Республикада мемлекеттік өкімет  билігі, оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады.

Заң шығару билігін Қазақ ССР Жоғарғы Советі жүзеге асырады.

Президент Республиканың басшысы болып табылады және онда ең жоғары өкімшілік – атқару  билік болады.

Ең жоғарғы сот билігін Қазақ ССР Жоғарғы Соты жүргізеді” [7, 109 б]. Бұл қағида кейінгі 16 желтоқсан 1991 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздгі туралы конституциялық заңында мынандай негізде өрбіді: “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі бұл биліктің заңдық, атқарушы және сот билігі болып бөлінуі принципін басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады.

Республика халқы атынан сөйлеу хұқы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне беріледі.

Заң шығару билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады.

Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Жоғарғы Арбитраждық Соты атқарады.

Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады” [8, 135 б]. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның дамуында қабылданған 28 қаңтар 1993 жылғы Конституцияда Қазақстан халқының конституциялық тұрғыдағы сипаты айқындалды. Аталған конституцияның преамбуласында былай делінді: “Қазақстан халқы Республика мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Халық мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру құқығын халықтың қандай да бір бөлігі не ұйым, немесе жекелеген адам иемдене алмайды.

Қазақстанның бүкіл халқы атынан билік жүргізуге өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Республика Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің ғана құқы бар” [9, 148-149 бб]. Біз сөз етіп отырған конституцияның 3-бөлімі, 11-тарауы 59-61 баптары мемлекет және оның органдары мен институттарының жалпы мәселелерін қамтитын, сонда мемлекетке, оның ор- гандарына, мемлекеттік қызметшілерге мынандай сипаттама берілді: “Мемлекет халықтың ресми өкілі болып табылады және өзінің органдары мен институттары арқылы оның еркін білдіріп, іске асырады.

Мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдар заң жүзінде белгіленген өкілеттік шеңберінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің Респуб- лика халқы мен оның әрбір азаматы алдындағы жауапкершілігіне, мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару кезіндегі құқылық теңдікке негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілер азаматтар құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекет пен оның органдарының беделін қолдауға тиіс” [10, 160 б].

Кейіннен Қазақстан халқы конституциялық категория ретінде 30 тамыз 1995 жылы қабылданған конституцияда одан әрі дамытылған болатын.

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан халқы ұғымының конституциялық деңгейде бекуі және дамуы үлкен тарихи тәжірибені жинақтаған ұғымды айқындайды. Қазіргі кезеңде қазақ халқы мен Қазақстан халқы ұғымдары бір мағынаны білдіретін түсінік екендігі бекіген. Сондықтан Қазақстан халқы бүкіл Қазақстан аумағы мекендейтін, тарихи тағдыр біріктірген қазақ ұлтынан және басқа да ұлт өкілдерінен құралады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы) 26 март 1937 ж. // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, – 11-32 бб.
  2. Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы) 26 март 1937 ж. // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, – 11-32 бб.
  3. Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы) 26 март 1937 ж. // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, – 11-32 бб.
  4. Қазақтың Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы (Негізгі Заңы) 26 март 1937 ж. // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, – 11-32 бб.
  5. Тоғызыншы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 апрельде қабылданған   Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасының  Конституциясы  (Негізгі Заңы) // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 33-72 бб.
  6. Тоғызыншы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 апрельде қабылданған   Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасының  Конституциясы  (Негізгі Заңы) // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 33-72 бб.
  7. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декаларция 1990 жыл 25 қазан // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 107-111 бб.
  8. 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 132-137бб.
  9. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 148-178 бб.
  10. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы // Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері. Конституциялық актілер / Ж. Бәйішев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 148-178 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.