Көлік қылмысы және көліктік-әкімшілік деликтінің арақатынасының кейбір мәселелері жайлы

Егер жалпылама алатын болсақ, көлік қылмысы, яғни қылмыстар ұғымдары және көліктік-әкімшілік  деликті,  яғни  құқықбұзушылық,  екі  ұғымдар  жалпы  көрсеткішке  – «құқық бұзушылық» ұғымына келіп саяды.  «delict» латын термині   этимологиялық тұрғыдан «құқықбұзушылық» сияқты әлеуметтік құбылысты білдіреді. Көптеген заңгер ғалымдардың арқасында «деликт» термині біраз тарлау шеңберде, яғни азаматтық-құқықтық, әкімшілік- құқықтық және тәртіптік-құқықтық тәртіптегі құқықбұзушылықтарға қатысты пайдаланыла бастады, сонымен қатар қылмыс сол деликтінің өзі болып табылады, бірақ бұрыннан айтылып жүргендей «delictum sui generis», яғни «айрықша текті құқықбұзушылық». Келтірілген сөз тіркесі (терминология) қылмыстық құқық заңгер-мамандарының аясы арасында қолданылатындығын атап өткен жөн. Бұл ретте, осы формула қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде қандай да бір институтының ұғымына жатпайтын қылмыстық әрекеттерді бөліп көрсету үшін пайдаланылады. Осылайша, ауыр, аса ауыр қылмысты алдын ала уәде берілген жасырудың құрамы қылмысқа қатысуды құрайды, ал сол жасыру, егер оған алдын ала уәде берілген жағдайда, қылмысқа қатысу ретінде емес (ҚК-тің 27-бабы), delictum sui generis, яғни айрықша текті құқықбұзушылық ретінде қарастырылады (ҚК-тің 363-бабы).

Алдан ала жасалған ескертулерден кейін біздің талқылауымыздың нысанына қайтып оралайық.

Осылай, біз қылмыстық қылмыс сапасына ие деликтілерге және әкімшілік құқықбұзу- шылық сапасына ие деликтілерге кезігеміз.

Көлікті пайдалану саласындағы қылмыс деликтісін қылмыскер (әкімшілік) деликтісінен ажырату үшін пайдаланылатын критерийлерге байланысты сөз қозғалады. Қылмыстық репрессияны гуманизациялау қарқынына, яғни бірқатар қылмыстарды, оның ішінде көліктік қылмыстарды деқылмысизациялау, оларды әкімшілік деликтілер (теріс қылықтар) қатарына жатқызуға байланысты  мәселе айрықша көкейтестілікке ие болады.

Қылмыстық деликтілерді әкімшілік ретінде саралауда жіберілген қателіктер мемле- кетке қымбат түсуі мүмкін, өйткені теріс қылықтарды кримналға айналдыра отырып, заң шығарушы тиімді қорғаудың қандай да бір құндылықтарынан айыра отырып, сол арқылы қоғам мен оның азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төнетін болады.

Қоғам мен азаматтар кері жағдайда да зиян шегетін болады.

Барлық деликтілердің негізінде сандық және сапалық өлшеуіштерді ескере отырып, оларды түрлерге жіктеуге мүмкіндік беретін жалпы нәрсе салынуы керек. Құқықтық әдебиетте қалыптасқан пікір бойынша осындай қасиеттер қоғамдық қауіптілік ретінде қызмет етеді [1]. Кейбір   авторлар   әлі   де   қоғамдық   қауіптілік   тек   қылмыстарға, ал қалған  барлық құқықбұзушылықтарға қоғамдық зиян ғана тән болып келеді деп есептейді [2]. Біздің ұстанымға келетін болсақ, біз қоғамдық қауіптілікке барлық дерлік құқықбұзушылықтар қасиеттеріне жатқызған пікірге қосыламыз. «Қоғамдық қауіптілік» ұстанымын теріс қылықтарға қатысты «қоғамдық зиян» ұғымына ауыстыру тілдік эквилибристика, яғни сопылардың жаттығуы сияқты көрінеді.

Қылмысты теріс қылықтан ажырату критерийлеріне келетін болсақ, кейде «сан» және «сапа» санаттарына жүгіну қажет. Пәлсапалық әдебиетте (әсіресе маркстік  әдебиетте)  сандық жиынтықтарға қатысты постулат және белгілі кезеңде (эволюцияда) сапалық түрлендіруге (революция) айналдыру бөліп көрсетіледі. Осы постулатты пайдалана отырып, бірқатар авторлар белгілі бір кезеңде қоғамдық қауіптің жинақталуының тұрақты процесі әрекеттерді қылмысизациялау қажеттілігі туындайтындай шектерге жетеді деп болжайды. Өздерінің ұстанымдарын растау үшін әкімшілік және қоғамдық преюдициясы бар Совет қылмыстық құқығында сәнге айналып кеткен қылмыстық-құқықтық нормаларды жасауға сілтемелерге бөлінеді. Әкімшілік преюдициясы бар қылмыстық-құқықтық нормаларының үлгілеріне жүгіну біздіңше, аса сәтті қадам емес. Бұл нормалар әкімшілік деликті (теріс қылық) шеңберінен шықпайтын және өзінің нақты жиынтығында субъективті еркі бойынша қылмыс құрамын жасанды түрде иеленетін, өзінің қоғамдық қаупінің деңгейі бойынша бірдей теріс қылықтарды қарастырады. Ғылыми зерттеуде, оның кез келген  көрінісінде, оның ішінде қоғамдық құбылыстарда оларды жүйелеу, типтендіру және т.б. барысында критерийлер негізіне алынуы тиіс құбылыстардың объективті қасиеттеріне сүйеніп, іс жүргізу керек. Біз қарастырып отырған аспектілерде сөз қозғалып отырған сандық жинақтаулар қылмыстық құқықта емес, криминологиялық зерттеулерде, оның ішінде қылмыскердің криминологиялық сипатында болуы мүмкін.

ҚР қолданыстағы заңнамасының шамамен бестен бір бөлігі әкімшілік құқық саласына, төрттен бір бөлігі – көлікте, өндірісте және әскери қызметтегі тәртіпке байланысты болып келеді. Қылмыскер тұлғасының және қылмыстың өзінің қалыптасуының күрделі процесі әкімшілік және басқа да ережелер ортақ тіршілігінің жадау әкімшілік ережелерін бұзудың тұтас сатыларынан өтеді. Тіпті, ҚК-тің 295, 296-баптары бойынша абайсыз қылмыстар істері бойынша, біздің зерттеуіміз көрсеткендей, қылмыс жасағанға дейін көптеген кінәлі тұлғаларға тәртіптік және әкімшілік әсердегі шаралар қолданылған. Осыған ұқсас деректер басқа да көптеген авторлардың еңбектерінде бар (К.В. Ахмедов, А.И. Коробеев, К.В. Нигол, Н.Ф. Кузнеца). Келтірілген деректер осы деликтілердің сипатына (мазмұнына) қатысты болмайды, олар құқықбұзушылықтардың сандық көрсеткіштерін растайды. Сандық көрсеткіш критерийі ретінде әкімшілік деликтіні қылмыстан ажырату үшін пайдалану есебіне А.И. Мурзиновтың сілтемесін келтіруге болады, онда сындарлы шегіне жете отырып, қоғамдық қауіптің концентрациясы міндетті түрде құқықбұзушылықтың осы түріне тән қоғамдық қауіп сапасының пайда болуына әкеліп соқтырады [3]. Осы жерде қоғамдық қауіптің концентрациясы туралы айта келе, автор сандық көрсеткіштер туралы емес, дәл осындай қоғамдық қауіп туралы баса айтады. Қылмыс қасиеті жоқ кез келген түрдегі деликтілер олардың санына қарамастан, қылмыстық қасиеттен (сападан) ада деликті болып қала береді.

Осыған дейін айтылғандай, көліктік қылмыстардың құрамдары олардың объективті жағынан әрекеттен (қауіпсіздік ережелерін бұзу) және туындаған қоғамдық қауіпті нәтижеден тұратындығымен ерекше болып табылады. Бұл жердегі қайшылық тудыратын құбылыс, абстрактілі түрде алынған, басқа белгімен (салдармен) байланыстан тыс оқшауланған әрекеттің өзі (қауіпсіздік ережелерін бұзу) қылмыс емес, ал әкімшілік деликті құрамын тудырады. Яғни, критерийді сандық көрсеткіштерден емес, олар ҚК-те қарастырылған қоғамға қауіпті нәтиже тудыруға байланысты ие болатын әрекеттің (құқықбұзушылықтың) объективті сапалы қасиеттерден, яғни қылмыстық қасиеттерден, қауіптің деңгейінен іздеген жөн. Қауіп деңгейі бағалау санаты болып табылады. Қоғамдық қауіп деңгейін әкімшілік көліктік деликтіні көліктік қылмыстық деликтіден ажырату критерийі ретінде бағалау аса қиындық тудырмайды, өйткені олардың арасындағы тарау ретінде қоғамдық қауіпті салдардың  барлығы  немесе  жоқтығы  қызмет  етеді,  ол  туралы  қылмыстық  заңда  немесе әкімшілік кодексте көрсетілетін болады. Осылайша, жүргізушінің озып кету ережелерін бұзуы әкімшілік теріс қылықты құрайды, ал адамдарды жазатайым оқиғаға ұшыратқан апат тудырған құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 296-бабының 1, 2, 3-бөлімдерінде қарастырылған көліктік қылмыстар құрамын жасайды.

Әкімшілік құқықбұзушылықтармен салыстырғанда, көліктегі қылмыстар үшін, қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі үшін емес, тек осы ережелерді бұзу арқылы адам денсаулығына зиян келтіру немесе оны өліміне әкеліп соқтыратын немесе айтарлықтай материалдық шығын келтіретін жағдайда қылмыстық қудалау басталады. Барлық басқа белгілер қоғамдық қауіпті қылмыстық бағалау шектерінде пайдаланылуы және осы әр тектес деликтілерді көлікті пайдалану саласында бір-бірінен ажырату үшін емес, жасалған көліктік қылмыс үшін, қарастырылатын жазалауды жекешелендіру үшін ескерілуі мүмкін.

 

Әдебиеттер

  1. Кисин В.Р. Административное правонарушение: понятие, состав, квалификация. - М., 1991. – С. 5-6.; Шиндяпина М.Д. Стадии юридической ответственности. - М.,
  2. Бахрах Д.К. Административное право России. – М., 2000.; Братусь С.К. Юридическая ответственность и законность. - М., 2001. - С. 127-128.
  3. Мурзинов А.И. Преступление и административное правонарушение. – М., 1985. – С.3.
Жыл: 2009
Қала: Алматы