Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни экстремизмнің терроризм (лаңкестік) және сепаратизммен өзара арақатынасы

Халықаралық терроризм, сепаратизм, экстремизм, оның ішінде діни экстремизм халықаралық қауымдастыққа және жалпы адамзатқа қауіп төндіріп отырған келеңсіз құбылыстар болып табылады. Олар құқық тұрғысынан қылмыстар деп дәрежеленеді. Аталған қылмыстар халықаралық сипаттағы қылмыстар болып табылады. Әмбебаптық, аймақтық, екіжақты мемлекеттераралық шарттарда қылмыстар болып танылып, мойындалады.

Халықаралық қылмыскерлікпен күресу мәселелері халықаралық қылмыстық құқық ғылымы бойынша зерттеледі. Терроризм, сепаратизм және діни экстремизм құбылыстары халықаралық құқық жүйесінде қалыптасуы мен дамуының тарихи негіздері әр қилы, бір жағынан бір-біріне біршама ұқсас деуге болады. Көптеген тарихи, ғылыми, сонымен бірге қасиетті жазба кітаптардың мәтіндерін зерттегенде, жоғарыда аталған терминдердің тікелей айтылмаса да, аталмыш құбылыстардың өз уақыттарында белгілі бір тарихи үрдістерде қалыптасып әрі дамып келгендігі анық.

Ең әуелі терроризм, сепаратизм және діни экстремизм ұғымдарын қазіргі уақытта халықаралық шарттардағы құқықтық анықтамалары контексінде талдау қажет. БҰҰ аясында қабылданған әмбебаптық халықаралық құқықтық актілердің ешқайсысында, әсіресе терроризмге қатысты конвенцияларда, халықаралық терроризмнің құқықтық анықтамасы көрсетілмеген. Тек халықаралық терроризмнің әр түрі бойынша арнайы конвенциялар қабылданған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1994 жылдың 9 желтоқсанында 49/60 резолюцияны қабылдады. Халықаралық терроризмді жою туралы Декларация атты факультативтік актінің кіріспесінде халықаралық терроризмнің барлық түрлері мен құбылыстары, тікелей немесе жанама тұрғыдан мемлекеттердің қатысуымен, терроризмнің іс-әрекеттері ешқандай жазығы жоқ адамдардың өміріне қауіп төндіруде немесе оларды өлімге ұшыратуда, халықаралық қатынастарға қатерлі салдары болуда, мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіруде, сонымен қатар көптеген аймақтарда террористік актілер шыдамсыздық немесе экстремизм негізінде жүзеге асуда деп көрсетілген.

2000 жылы 28 тамызда БҰҰ Бас Ассамблеяның 55-інші сессиясында, БҰҰ Бас Ассамблеясының  алтыншы комитетінің  ұсынысы   бойынша,166 п. күн тәртібінде «Халықаралық терроризмді жоюдың шаралары» атты жоба қарастырылды. Бұл жобада халықаралық терроризммен күресуді жалпы қамтитын арнайы халықаралық шартты дайындау туралы ұсыныс жасалған болатын. Алайда осы күнге дейін бұл шарттың мәтіні расталғанмен, оған мемлекеттердің ресми өкілдері арқылы қол қойылған жоқ. Бірақ бұл шарт жобасының назар аударуға тұрарлық тұстары жоқ емес. Олай деп тұжырымдама жасауымыздың себебі, тұңғыш рет осы жоба негізінде халықаралық келісім тәжірибесінде терроризмнің құқықтық анықтамасы берілген. Сондай-ақ осы конвенцияның кіріспесінде үш бірдей қысқаша анықтамалар көрсетілген. Мысалы, солардың бірі мына мазмұнда жазылған: « ... терроризм актілері әлемдегі барлық оның белгілі түрлерінде ... еш кінәсіз адамдардың өміріне қауіп төндіреді немесе олардың өліміне әкеліп соғады, негізгі құқықтарға қауіп тудырады және адами тұлғаның абыройына шындығында қауіп келтіреді».

Сонымен, әмбебап шарттардың (бұл, дәлелдеп айтқан кезде 13 конвенция және қосымша 3 хаттама) ешқайсысында терроризмнің толыққанды құқықтық анықтамасы жоқтың қасы деуге болады. Тек соңғы талданған жобада ғана оның жан-жақты қамтылған анықтамасы болмаса да, ішінара түпнұсқасы берілген.

Жалпы халықаралық шарттардың мәтінінде терроризмнің мына элементтері келтіріледі: жекелеген тұлғаларды немесе ұйымдарды, мемлекетті немесе мемлекеттерді, өкіметті немесе халықаралық ұйымдарды қандай бір іс-әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу; ірі экономикалық зиян келтіру, ірі жоюларды жүргізу, кепілдікке алу, әуе және теңіз кемелерді, станционарлық платформаларды басып алу, қоғамдық және мемлекеттік түрлі объектілерге елеулі зардап келтіру, халықаралық персоналдарға (жеке лауазымды тұлғаларға) қарсы бағытталған қылмыстар, халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіру, мемлекеттердің дипломатиялық қатынастарына қауіп төндіру, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және мемлекеттердің аумақтық мызғымастығы мен қауіпсіздігіне қауіпті тудыру және тағы да басқа жағдайлар.

Әрине, терроризмнің бірнеше түрлері болғандықтан, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде осы әлеуметтік-саяси және криминалдық құбылыстың дефинициясын (анықтамасын) айқындау әзірге күрделі мәселе болып табылады. Кейбір ғалымдар оның күрделігі мына екі жағдайдан туындайды деп есептейді: біріншіден, террористік құбылыстарды  бағалау  жолдарының  саясилануы  мен  идеологиялануы;  екіншіден, барлық кең спектр тұрғыдағы террористік құбылыстарды бір қалыпты шеңберде біріктіріп, анықтау мүмкіндігі болмауы, өйткені уақыт өткен сайын терроризмнің формалары мен тактикалары трансформацияға, яғни өзгеруге ұшырауда.

Ғылыми айналымда терроризмді айқындаудың 200-ден астам анықтамасы  кездеседі. К.З. Алимов терроризмді анықтаудың қиындығы мына негізгі төрт мәселеге байланысты деп есептейді. Біріншіден, уақыт өткен сайын терроризмнің анықтамалары өзгеруде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін терроризмнің «жаңа» формалары мен түрлері туындады және осы күнге дейін жалғасуда. Екіншіден, «террорист» термині келеңсіз ярлык болып табылады және оны қолдану – бұл саяси акт, сондықтан оның қауіпті салдары бар. Үшіншіден, терроризм әртүрлі мемлекеттік шенеуніктер, жазушылармен, журналистермен «анықталады», өйткені олардың мәселенің күрделігін түсінуге мүмкіншілігі немесе қалауы жоқ. Төртіншіден, көптеген қарама-қайшы тарихи, саяси, әлеуметтік, философиялық және құқықтық анықтамалар баршылық. Осының барлығы аталған терминнің дәл мәнін  және оның қолдану жолын қиындатады [1, 303].

Осы аталған автор, өзінің пікірі бойынша, терроризм анықтамаларын мына төмендегі топтарға жіктейді: кейбір авторлар терроризмді анықтауда пәндік  ауқымды  қолданады (саяси, құқықтық), басқалар – логикалық процедураны (анализ, синтез), үшіншілер – терроризмді ұйымдастыру мен таратудағы мемлекеттердің рөлін (мемлекеттік, мемлекеттің қолдауымен), төртіншілер – саяси және құқықтық ауқымын және оның әлемдік қауымдастыққа әсері, ал бесіншілер жинақталған ұғымы жағынан жүйеленеді [1, 306].

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен осы ұйымның Бас Ассамблеясының құзыреті шеңберінде қабылданған халықаралық әмбебаптық және факультативтік актілерде, Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесі ұйымдары аясында қабылданған халықаралық құқықтық актілер, сонымен қатар ТМД, ШЫҰ және басқа да халықаралық аймақтық ұйымдар қарамағында қабылданған халықаралық-құқықтық актілерде «халықаралық терроризм» терминіне қатысты толыққанды құқықтық анықтама әлі де жасалынған жоқ. Бұған қарамастан, «халықаралық терроризм»,«терроризм», «сепаратизм» және «экстремизм» деп аталынған барлық құбылыстарды, оның ішінде «діни экстремизм» терминдеріне қатысты құқықтық анықтамаларды беруші ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасаған дұрыс деп санаймыз.

Германияның белгілі криминалист ғалымы А. Пфаль-Траубергер терроризмнің міндетті компоненттері мыналар болуы тиіс деп есептейді: саяси мақсаттың болуы, қорқытуы үшін зорлықтың мақсатты бағытталуын, ұйымдық құрылымның болуын және террористік іс- әрекеттер субъектілерінің қоғамнан ажырауы [1, 300]. Саяси мақсат терроризмнің тек бір ғана міндетті компоненті деуге болмайды. Себебі кейбір террористік ұйымдарда саяси мақсаттардан гөрі, әсіресе діни, сепаратистік және этникалық мақсаттар басымдау болып келеді.

Ресейлік  ғалым  Л.А. Моджорян  терроризмге  мынадай   құқықтық  анықтама береді:

«Терроризм – бұл белгілі саяси нәтижелерге жету мақсатында, мемлекеттік құқықтық  тәртіпті тұрақсыздандыруға және қаламаған мемлекеттік пен саяси тұлғаларды жоюға бағытталған жеке тұлғалардың, ұйымдардың немесе өкіметтік ұйымдардың жүзеге асырған зорлық актілері» [1, 304]. Бұл анықтамадағы террорлық актілердің субъектілері негізінен дұрыс анықталған. Алайда автор тек екі объектіні ғана тілге тиек етіп көрсетеді. Сонымен бірге тек саяси мақсатқа жету деген ұғымды ғана қолданады. Одан басқа мақсаттардың бар екендігі де ресейлік ғалымның көзқарасында көрініс таппаған.

Тағы бір Ресей ғалымы В.П. Емельянов терроризмге өзіндік анықтамасын мына мазмұнда береді: «Барлық терроризм – бұл әскери немесе саяси зорлықтың актілері емес, тек қылмыстық зорлықтың актілері, тіпті іс-әрекеттерінде саяси мотивацияның болуы террористерді саяси күшке айналдырмайды, өйткені кез келген ұйым тұрғылықты халықтың кең ауқымына өздерінің іс-әрекеттерімен танылғанда ғана саяси ұйым болып табылады» [1, 304]. Бұл ғалымның ұйымның саясилығы жөніндегі ойымен келісуге болады. Бірақ оның терроризм саяси акті болып табылмайды делінген пікірімен келісуге болмайды, себебі терроризм формалары мен түрлері әртүрлі болып келеді, тіпті мақсат мен мотивациялары да басқаша болады. Яғни, айтпағымыз, саяси терроризм – саяси зорлықтың қайнар көзі.

Ресейлік ғалымдарға қарағанда америкалық бірқатар ғалымдар терроризмге анықтама беруден гөрі, оған сипаттама беру оңай деген көзқарасты ұстанады [1, 304]. «Терроризм - күрделі, динамикалық және көпжоспарлы болып келеді», - деп санайды А.В. Змеевский пен В.Е. Тарабарин. «Ол құқықтық тұрғыдан басқа, психологиялық, тарихи, техникалық және басқа да мәселелерді қамтиды» [1, 304].

Жоғарыда аталып өтілген ғалым К.З. Алимов өзінің монографиялық еңбегінде  терроризм мәселелерін талдап және зерттеп мына құқықтық анықтаманы тұжырымдайды:

«Терроризм - өлтірулерде, диверсияларда, саботаждарда, ұрлауларда және басқа да іс- әрекеттерде адамдардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп келтіретін, идеологиялық мотивацияланған зорлықты жүйелі қолдануды сипаттайтын саяси күрестің тактикасы» [1, 307]. К.З. Алимовтың терроризмге қатысты берілген бұл құқықтық анықтамасында іс- әрекеттердің бағытталатын объектілері толық қамтылмаған. Алайда терроризмді тек саяси күрестің тактикасы ғана деп есептеу жеткіліксіз. Бұл тұрғыда «Саяси күрестің тактикасы» делінген сөздің орнына одан да кең ұғымдағы «өзіндік мүдделі күрестің тактикасы» деп айту әбден қисынды болар еді.

Әрине, «терроризм» термині жөніндегі анықтамаларды бірыңғай танылған жүйеге келтірудің қиындығын ескеріп, жоғарыда атап өткен зерттеушілердің тұжырымдамаларына талдау жасай отырып, оған өзіндік түсінігімізді мынадай кең мазмұндағы анықтамада білдіреміз: «Терроризм – қоғам немесе халықаралық қауымдастықтың өмірінде халықаралық құқықтық категориялық құбылыс ретінде, радикализм мен экстремизм құбылыстарының салдарынан, бір террористік ұйымның немесе бірнеше террористік ұйымдардың террористік идеологиялық мотивацияланған базасында немесе тікелей немесе жанама түрде мемлекеттердің қолдауымен немесе халықаралық қылмыстық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы құрылған, ең шеткі террористік көзқарастар мен іс-әрекеттердің жақтаушылары болып табылатын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалардың талаптарына немесе басқа да негіздердің қағидаларына қасақана яки қайшы мотивациялық ниет пен мақсатты ұстанатын, өзіндік мүдделі күресті жүргізетін, өзіндік тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін, әртүрлі әдістермен және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы, белгілі бір мемлекеттің азаматтарына немесе шетел азаматтарының өміріне, заңды құқықтары мен бостандықтарына, тарихи қалыптасқан қоғамдар мен ұлттардың құндылықтарына, ұлттық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, қылмыстық зардап келтіруге, қорқытып үрейлендіруге және тиісті жағдайды жасауға немесе мәжбүрлеуге бағытталған, халықаралық, аймақтық және ұлттық немесе арнайы құрылған соттардың үкімімен террористік ұйымдар деп танылған, мемлекеттердің не террористік ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттерге және қоғамдарға аса қауіпті іс-әрекеттері». Мұндай әмбебаптық сипатқа ие анықтаманы беруіміздің негізгі себебі, терроризмді тек ғылыми, құқықтық тұрғыдан ғана емес, тәжірибелік көзқарас тұрғысынан да жүйелеп қарастыруымызда болып отыр.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлер мен көзқарастарды жүйелі түрде талдау арқылы толықтыра келе, «терроризм» мен «діни экстремизм» терминдерінің құқықтық арақатынасын анықтау мақсатында, терроризмнің негізгі бір түрі болып табылатын «діни терроризм» терминіне құқықтық анықтаманы мына мазмұнда ұсынуды жөн көреміз: «Діни терроризм – халықаралық қауымдастық немесе қоғам шеңберінде халықаралық-құқықтық категориялық құбылыс ретінде, діни сипаттағы радикализм және экстремизм  құбылыстарының салдарынан, бір немесе бірнеше діни террористік ұйымның идеологиялық базасында немесе мемлекеттің тікелей немесе жанама қолдауымен немесе халықаралық қылмыстық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы құрылған, ең шеткі діни террористік көзқарастар мен іс-әрекеттердің жақтаушылары болып табылатын, басқа дүниетанымдар, діни сенімдер мен діни ұстанымдарға шыдамсыздығымен қарайтын, халықаралық шарттардың және ұлттық занңамалардың талаптарына қарсы қасақана, дәстүрлі діндердің қағидаларына қайшы ниет пен мақсат ұстанатын, өзіндік діни террористік мақсаттарына жетуі үшін, тек өзіндік діни террористік идеологиясына сүйеніп, әртүрлі әдістер және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы, белгілі бір мемлекеттердің азаматтары немесе шетел азаматтарының өміріне, денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына, тарихи қалыптасқан қоғамдардың ұлттық құндылықтарына, тарихи қалыптасқан діндераралық немесе бір дін немесе бірнеше діндерге қатысты діни ағымдар арасындағы төзімділік пен өзара түсіністікті, ұлттық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, қылмыстық зардап келтіруге, қорқытып үрейлендіруге және тиісті жағдайды жасауға немесе мәжбүрлеуге бағытталған, халықаралық, аймақтық, ұлттық немесе арнайы құрылған соттардың үкімімен діни террористік ұйымдар деп танылған, мемлекеттердің не діни террористік ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттерге және қоғамдарға аса қауіпті іс-әрекеттері». Яғни, жете байқағанымыздай, екі термин мазмұны жағынан  өзара етене байланысты. Діни терроризм осы қылмыс түрінің негізгі ажырамас бөлігі болып қарастырылып, онымен бірге ортақ белгілерге ие. Сонымен қатар діни тұрғысы айырмашылығынан өзіндік ерекше белгілерге де тәуелді.

Жоғарыда «терроризм» мен «діни терроризм» терминдеріне құқықтық анықтамалар берілді. Енді осы терминдерінің өзара қатынасы, құқықтық ерекшеліктері мен айырмашылықтарына жеке тоқталайық. Терроризм – бұл кешенді құбылысты айқындайтын, кеңейтілген ұғым. Террористік актілер мен іс-әрекеттер қорқыту мен үркіту арқылы белгілі тактикалық және стратегиялық мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылады. Яғни, осындай нақты зорлық әрекеттері арқылы саяси, діни террористік, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға   жетуге   өзіндік   террористік   іс-әрекеттерді    жүзеге    асыруға   бағытталады.

«Терроризм» терминіне құқықтық анықтама кешенді аспектілер тұрғысынан беріледі. Өйткені терроризм бірнеше құбылысты түрлерден тұрады. Яғни, олар саяси терроризм, діни терроризм, этникалық негіздегі терроризм және басқа да түрлері. Саяси терроризмнің діни терроризмнен негізгі айырмашылығы мынада: біріншінің ең басты мақсаты - саяси билікке қол жеткізу, ал діни терроризмнің ең басты мақсаты - саяси билікке жету арқылы тек діни террористік идеологияға негізделген мемлекетті құру. Этникалық негіздегі терроризмнің ең басты мақсаты - өзіңе жақын орналасқан «этникалық негізі туыс» мемлекетке қосылу. Бұл дегеніміз - құр халықтың қосылуы ғана емес, мүмкіншілігі болса жерімен қоса бірігу. Діни экстремизм – діни терроризм құбылысына ұласуға және оның туындауына серіппе беретін саты. Ол өзіндік діни террористік мақсаттарына жету жолындағы шешуші саты рөлін атқарады. Діни радикализм өздерінің діни сипаттағы радикалды мақсаттарына жетелеп апаратын ең алғашқы сатысы болып есептелінеді. Бұған мынадай нақты тәжірибелік дәлелді келтіруге болады. Мысалы, «Хизбут-тахрир» партиясы өздерінің ең басты мақсаты ретінде халифаттық мемлекет құруды жасырмайды. Бұл партия өздерінің ең басты  мақсаттарына жету мақсатында үш саты бойынша іс-әрекет етеді. Партияның ең бастапқы сатысы және іс- әрекеттерінің негізгі әдісі – мәдени-білім беру («ан-нахийату сақафийа»). Бұл бағыт  бойынша қойылған тапсырма - мұсылмандардың, тіпті мұсылман еместердің дұрыс саяси санасын қалыптастыру [2, 4]. Бұл жоғарыда тұжырымдалған діни радикализмнің сатысы. Екінші саты - «қоғамға саяси және мәдени кіргізу» арқылы жүзеге асып аяқталатын ойлау революциясы. Бұл кезең діни экстремизмнің сатысына жатады. Үшінші кезең немесе саты - өкіметті басып алу [2, 5]. Бұл діни терроризмнің негізгі шешуші сатысы болып табылады. Осыған ұқсас діни террористік ұйымдардың қатарына Жапониядағы «Аум Синрике», Израильдегі «Кох» және басқа да ұйымдарды жатқызуға болады.

Саяси террористік ұйымдар мына эволюциялық тізбекпен қалыптасып, дамиды: саяси радикализм – саяси экстремизм – саяси терроризм. Саяси террористік ұйымдар қатарына

«Аль-Каида» ұйымы және тағы басқа ұйымдар жатқызылады. Ал этникалық негіздегі террористік ұйымдар мынандай эволюциялық тізбек бойынша қалыптасып дамиды: этноцентризм (этносепаратизм, ирредентизм) – этникалық экстремизм – этникалық негіздегі терроризм. Этникалық негіздегі ұйымдар қатарына Испаниядағы «БАСК» ұйымы және тағы басқа да ұйымдарды жатқызуға болады. Бұл жерде ең маңызды ескерілетін мына жайт бар. Діни террористік ұйымның ең басты идеологиялық базасы ретінде діни террористік идеология   болып   қолданылады. Ал  саяси  террористік   ұйым  мен   этникалық негіздегі террористік ұйым діни террористік идеологияны қосымша құрал ретінде пайдаланады. Сол сияқты діни террористік ұйымдар да діни-саяси аралас террористік идеологияны қосымша құрал ретінде ұстанады.

Ендігі кезекте «сепаратизм» (фр. «separatizme», лат. «separatus» – бөлектеу) делінген ұғымға құқықтық анықтама беруден бұрын, әуелі оның қалыптасу мен даму тарихынан бастаймыз. Америкалық саясаттанушы Д. Горовиц сепаратизмге ірі мемлекеттің құзыретінен топтың және бір бөлігі болып табылатын аумағының шығуы деп анықтама береді. Бұл сепаратизмнің   ирредентизмнен   айырмашылығын   көрсетеді.   Ирредентизм   дегеніміз   –«этникалық жақын» мемлекетке этникалық туысқан тұрғындардың және олардың аумағымен бірге қосылуға ұмтылуы [3, 1].

Ресейлік тарихшы ғалым С. Бирюковтың пікірінше, саяси-құқықтық құбылыс болып табылатын сепаратизм «тәуелсіздік» ұғымымен тығыз байланысты. Өйткені «тәуелсіздік» ұғымының мәні мен мазмұнынан ұлттық-мемлекеттік құрылымы мәселелеріне байланысты қарама-қайшылықтары көрінді [3, 1].

Былайша қарағанда «сепаратизм» ұғымына ұқсас «этникалық негіздегі терроризм» ұғымы бар. Алайда екеуінің құқықтық ерекшеліктері мына жағдайларға байланысты болады. Сепаратизмнің ең басты мақсаты – белгілі бір мемлекетте орналасқан бір этникалық халықтың өздерінің тұрған жерлерін бөліп алып, жеке мемлекет орнату. Ал этникалық негіздегі терроризмнің ең басты мақсаты - өзіне жақын орналасқан «этникалық негізі туыс» тәуелсіз мемлекетке бірігуге ұмтылуы. Ақиқатында, сепаратизм белгілі бір мемлекет аумағында аталмыш сипаттағы іс-әрекеттерге үгіттейді. Мысалы, қазіргі таңда Қытай Халық Республикасында белгілі «Шығыс Түркістан» сепаратистік ұйымы мен Тибеттік сепаратистік ұйым, Индонезиядағы Батыс Ириана тұрғындары, Ачеха және Шығыс Тимор, Шығыс Пәкістандағы бенгальдықтар, Үндістанның солтүстік-шығысындағы көптеген сепаратистік қозғалыстар, Пенджаб сикхтері, Ирак, Иран, Сирия мен Түркиядағы сепаратистік ұйымдар, сонымен қатар көптеген Африка құрлығындағы мемлекеттер ішіндегі сепаратистік ұйымдар осындай идеология мен тактиканы ұстанады. Ал этникалық негіздегі терроризмнің іс- әрекеттері салдарынан екі мемлекет немесе бірнеше мемлекеттер зардап шегеді. Егерде этникалық туыс мемлекет басқа мемлекеттегі этникалық негіздегі террористік ұйымды немесе сепаратистік ұйымды қолдайтын болса, онда сол мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынасқа кері әсерін береді. Сепаратизм мына эволюциялық тізбекпен қалыптасып әрі қарай дамиды: радикалды сепаратизм – экстремистік сепаратизм  – террорлық сепаратизм.

Сонымен, жоғарыда қарастырылған сепаратизмнің қалыптасу мен даму тарихын, эволюциялық дамуын, этникалық негіздегі террористік ұйымдармен арақатынасын, ерекшеліктерін және басқа да жағдайларды ескере келе, оған құқықтық анықтаманы мына редакцияда ұсынамыз: «Сепаратизм – қоғам өмірінде халықаралық құқықтық категориялық құбылыс ретінде, тек бір этникалық халықтың негізіндегі сепаратистік ұйымның идеологиялық базасында құрылған, тікелей немесе жанама тұрғыдан этникалық туыс мемлекеттен немесе басқа бір мемлекеттегі этникалық негіздегі террористік ұйымнан қолдау табатын, ең шеткі сепаратистік көзқарастар мен іс-әрекеттердің жақтаушылары болып табылатын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамаларға қарсы қасақана ниет пен мақсатты ұстанатын, тарихи қалыптасқан мемлекеттің белгілі аумағын заңсыз бөлшектеп алып, жеке мемлекет орнату мақсатында, әртүрлі әдістер және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы, мемлекеттераралық достық қатынастарға қауіп төндіруге, сол белгілі мемлекеттің конституциялық құрылысына, аумақтық мызғымастығына, ұлттар немесе этникалық топтар арасындағы қатынастар мен татулықты азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған, халықаралық және ұлттық соттардың үкімімен сепаратистік ұйымдар деп танылған, этникалық туыс мемлекеттердің не сепаратистік ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттер мен қоғамдарға аса қауіпті іс-әрекеттері».

Енді жоғарыда қарастырылған «терроризм» және оның бір түрі «діни терроризм» ұғымдарына, сонымен қатар  «сепаратизм» ұғымына құқықтық анықтама бере келе, олардың «діни экстремизм» ұғымымен салыстырмалы-құқықтық саралау тұрғысынан эволюциялық тізбектік, құқықтық категориялық, идеологиялық, ұйымдық, мақсаттық ерекшеліктерін және өзара қатынасын талдап қорытындылаймыз. Сонымен терроризм мен сепаратизм үшінші сатыда қалыптасып дамиды. Ал діни экстремизм екінші сатыда қалыптасып, дамиды. Сондықтан діни экстремизге қарағанда терроризм мен сепаратизмнің қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыстық зардабы мен қылмыстық жауапкершілігі ауырлау келеді. Не себептен радикализм, экстремизм және терроризм эволюциялық тізбекте әрі түрлі сатыда көрсетіледі? Себебі, аталған құбылыстардың орын алуы және дамуы әртүрлі деңгейде болып келеді. Мысалы, Палестина, Израиль, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан және басқа да мемлекеттерде қазір діни терроризмнің шарықтаған кезі. Ал ТМД ұйымына қатысушы- мемлекеттерде, әсіресе Ресейде діни терроризмнің қалыптасқан кезеңі. Өзбекстан Республикасында діни терроризмнің басталған кезеңі деп саралауға болады. Тәжікстан Республикасында діни терроризмнің басталуға ұмтылу кезеңі. Қырғызстандағы жағдайды діни экстремизм сатысынан діни терроризм сатысына өтуге ұмтылу  кезеңі  деп тұжырымдауға болады. Ал Қазақстанда діни радикализм сатысынан діни экстремизм сатысына өтуге ұмтылу кезеңі деп айтуға толық негіздер бар.

Терроризм және оның бір түрі - діни терроризм, сондай-ақ сепаратизм және діни экстремизм құқықтық категориялық тұрғыдан алып қарағанда халықаралық «мәртебелерге» ие. Терроризм – террористік идеологияға негізделген. Ал сепаратизм болса, сепаратистік идеологияға сүйенеді. Діни терроризм діни террористік идеологияға сүйенеді. Ал діни экстремизм болса өзіндік діни экстремистік идеологияға негізделеді. Діни экстремизмде діни экстремистік идеология ең басты идеологиялық база болса, тиісінше діни терроризмде діни террористік идеология ең шеткі құбылыс ретінде негізгі идеологиялық база болып табылады. Терроризмнің басқа да барлық түрлерінде және сепаратизмде діни экстремистік немесе діни террористік идеология негізгі база болып қарастырылмайды, тек қосымша идеологиялық құрал ретінде пайдаланылады. Әсіресе оны пайдалана отырып адамдарды, этникалық туыс адамдарды өздерінің арнайы террористік ұйымдарының қатарына қосып алу мақсатында арбау, алдау және діни-психологиялық әсер ету арқылы кіргізеді, көндіреді, тіпті зорлайды және қорқытады. Жоғарыда аталған барлық арнайы террористік ұйымдарда дін қағидаларын негізсіз бұрмалап немесе өздерінің ыңғайына қарай бейімдеп, қисынсыз пайдалану әлі де орын алып отыр.

Бұл арнайы террористік ұйымдардың ұйымдық құрылымдары әртүрлі ерекшеліктермен айқышталады. Мысалы, «Хизбут-тахрир» діни террористік ұйымының құрылымы пирамидалық қағидаға сай функционалдық ұяшықтарды қолданумен құрылады. Бұл ұйымдық құрылым жеті сатыдан тұрады. Саяси террористік ұйымдарда да осындай негізге ұқсас өзіндік құрылымдық жүйелер құрылады. Олар сияқты сепаратистік және этникалық негіздегі террористік ұйымдарда өзгеше ұйымдық құрылым көзделген. Діни террористік немесе діни экстремистік ұйымдардың басқа арнайы террористік ұйымдардан ең басты ерекшеліктері мынада: олар қандай бір халықпен және географиялық аумақпен шектелмейді және олардың жаһандық мақсаттары бар [2, 4].

Түйіндей келе айтар ойымыз, терроризмнің бір түрі болып табылатын діни терроризм мен діни экстремизм құқықтық ассоциациялық қатынаста және эволюциялық қатынаста болады, ал этникалық негіздегі терроризм сепаратизммен өзара ықпалдастық пен  жақындауға «мүдделік». Діни экстремизм мен діни терроризм терроризммен тығыз  қатынаста болса, ал сепаратизм, этникалық негіздегі терроризм және саяси терроризмдермен саяси қолдау немесе саяси ықпалдастық сияқты тұстарымен байланысып жатады.

Әзірше ғылыми ортада «халықаралық терроризм» ұғымына қатысты жалпы мақұлданған анықтама болмаса да, бұл тұрғыда кейбір анықтамаға талдау жасап, өз көзқарасымызға сәйкес осы күрделі құбылысты түсіндіруге талпынамыз.

«Халықаралық терроризм» терминінің халықаралық құқықтық  актілерде қолданылуының себебін оның халықаралық сипат алуы мен іс-әрекеттері ауқымының кеңейгендігімен түсіндіруге болады. Бұл қылмыстың квалификациялануы, яғни аталмыш тұрғыда дәрежеленуі жөнінде әдебиеттерде көптеген төмендегі ғалымдар өз пікірлерін  айтты: олардың қатарына Ю.М. Антонянды, И.И. Лукашукты, А.В. Наумовты, Е.Г. Ляховты, Л.А. Моджорянды, А.И. Зябкийді, Н.И. Костенконы, В.П. Емельяновты, К.В. Жариновты, М.А. Раджабованы, У. Убайдуллаевты, К.З. Алимовты және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Мысалы, Е.Г. Ляхов «Халықаралық қылмыс (халықаралық терроризм) мына төрт жағынан квалификациялануы қажет деп есептейді: субъект, субъективтік жағы (кінә), объект, объективтік жағы (әрекет, әрекетсіздік, құқыққа қайшылық, себептік-салдарлық байланыс)» [1, 312]. Бұл пікір келісуге тұрарлық, бірақ бұл жөнінде халықаралық құқықтық актілерде толыққанды әрі нақты ұғымда бекітілген норма жоқ. Яғни, қарастырылып отырған қылмысқа қатысты құқықтық анықтаманы жобалап, қабылдау қажет.

Ю.М. Антонян «халықаралық терроризмнің ұлттық терроризмнен айырмашылығы жоқ, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан еш айырмашылығы жоқ екендігін алға тартады және де ол бір мемлекеттің құруымен басқа мемлекетке қарсы әрекет етуші террористік топтар, өз-өздігінен құрылғандарға қарағанда, психологиялық тұрғыдан ерекшеленеді» деген ой-пікірді айтады [1, 312]. Бұл тұрғыда айтатынымыз, әлбетте өз-өздігінен құрылған топтар мен ұйымдардың мемлекеттің тікелей немесе жанама қолдауымен құрылған топтар мен ұйымдардан психологиялық ерекшеліктерінен басқа және идеологиялық мотивация тұрғысынан да ерекшеліктері бар. Өз-өздігінен, яғни жеке бір адамның немесе адамдар тобының бастамасымен құрылатын кейбір топтар немесе ұйымдардың іс-әрекеттері де халықаралық сипат ала бастады.

Ал А.И. Зябкий болса, халықаралық терроризмнің квалификациясын құқықтық бұзушылықтың квалификациясы есебінен нақты әрекеттің тәуелдігіне байланыстырып келтіруге болады дейді [1, 312]. Халықаралық құқық бұзушылықтың қылмыстық зардабына сараптама жасау арқылы халықаралық терроризмнің квалификациясын жасауға әрине әбден болады. Бірақ бұл жерде террористік актілердің қандай әдістермен жасалғандығын немесе қандай формада жүзеге асырылатындығын ескеру керек.

В.П. Пановтың пікірінше «өзіндік құқықтық табиғаты бойынша халықаралық терроризмді шетелдік элементі бар жалпықылмыстық қылмыстарға жатқызу керек» [1, 313]. Біздің ойымызша халықаралық терроризмді шетелдік элементі бар жалпықылмыстық қылмыстарға жатқызуға да, жатқызбауға да болады. Өйткені, ең алдымен халықаралық терроризм халықаралық сипаттағы қылмыс болып табылады. Бұл дегеніміз терроризм бағытталған объектісі жағынан және оны жүзеге асырған субъектісі жағынан бір мемлекеттің аумағынан тыс шығады. Субъектілер шетел азаматтары болып табылып немесе қылмыс жасалған аумақ тұрғысынан сол мемлекеттердің азаматтары болып өзге мемлекеттерде жүруі мүмкін. Оларды тиісті қылмыстық жауапкершілікке тарту сол мемлекеттердің заңдары бойынша жалпықылмыстық сипаты бар заңсыз әрекеттерге дәрежеленіп, азаматтылығын иеленген мемлекеттердің өзіңе қайтарып беру мәселесі де туындайды. Қосымша немесе арнайы халықаралық шарттарда да бұл процедураны іс жүзінде қолдану егжей-тегжейлі қарастырылып жатады. Тоқсан ойдың тобықтай түйіні, көптеген конвенцияларда аталған терминді осы тұрғыдағы орнымен қолдану террористік іс-әрекеттердің ауқымының кеңейгендігімен түсіндіріледі.

Ал терроризм жалпықылмыстық сипаттағы қылмыс емес деп қарама-қарсы ой  айту мына төмендегідей тұжырымдамамен дәйектеленеді. Терроризм  кейде  көптеген халықаралық әмбебаптық актілерде халықаралық қылмыс болып аталып өтілді, яғни оның объектісі – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік немесе халықаралық құқықтық тәртіп, ал тікелей субъектісі – халықаралық қауымдастық болып жалпы немесе жанама түрде ескеріледі. Осы орайда В.П. Пановтың пікірімен келіспеуге болады. Алайда терроризм халықаралық сипатта қарастырылғанмен, оның нақты осы қылмыс түрі екендігі бірыңғай түрде әлі де таныла қойған жоқ. Кейбір халықаралық құжаттар (қараңыз: Кодекс преступлений против мира безопасности человечества 1990 г., Статут Международного Уголовного Суда 1998 г. и др.) терроризмді халықаралық қылмыс деп таниды. Яғни, ішінара демесек те, терроризм бірте-бірте агрессия сияқты бейбітшілікке қарсы жасалған, т.б. қылмыстар қатарына өтіп келе жатыр. Бірақ та бұл үрдіс әлі толық түрде кодификацияланған жоқ. Сондықтан біз де әзірше В.П. Пановтың ойымен келісеміз.

Н.С. Беглова: «Халықаралық терроризм – бұл терроризмнің қандай да бір ерекше түрі емес, тек оның сол немесе басқа да мемлекеттің шекарасынан тыс, ішкі терроризмнің жалғасы», - деген ой-пікірді ұстанады [1, 312]. Бұл ой-пікірмен ішінара келісуге болады. Яғни, тек ішкі терроризмнің халықаралық терроризмге ұласуы мүмкіндігі бар екендігін ескерсек ғана. Ал халықаралық терроризм терроризмнің қандай да бір ерекше түрі емес  деген оймен келіспеуге де болады. Терроризм кейбір жағдайларда ішкімемлекеттік сипаттан дами келе халықаралық сипатқа айналады. Әуелі басқа мемлекетте құрылған түрлі террористік ұйымдар басқа мемлекеттерде терроризмді туындатуға септік  болып  жатады. Бұл тұрғыда халықаралық терроризм де ішкімемлекеттік терроризмнің туындауына ықпал жасайды деп тұжырым жасауға болады. Қазіргі уақытта осындай сипаттағы халықаралық террористік ұйымдар әлемде баршылық. Мысалы, ең әуелі Палестинада құрылған «Хизбут- тахрир» партиясы кейін келе, әлемде қырықтан астам мемлекетте әртүрлі деңгейде іс- әрекеттер жасайтын халықаралық террористік ұйымға айналды. Сол сияқты Жапонияда құрылған «Аум Синрике» және басқа да халықаралық террористік  ұйымдарды  айтуға болады.

Ресей ғалымы И.М. Ильинскийдің пікірінше, террор – бұл өкіметтің (күштің), яғни азшылықтың  көпшіліктен   артықшылығы,  ол   «жоғарыдан   төменге  қарай»  жүзеге асады.

«Халықаралық терроризм» - бұл «күштілердің» халықаралық террорына қарсы «әлсіздердің» жауапты реакциясы. Террор және терроризм – «айна тәріздес» құбылыс, бірі басқасын анықтайды. Террор бар жерде, әлбетте терроризм туындайды. Керісінше де солай. Бұл ғалымның  еңбегінде   «халықаралық  терроризмге»  мынадай  мазмұнда  анықтама  беріледі:

«Халықаралық терроризм – бұл белгілі бір идеологиялық, діни, ұлттық, экономикалық, саяси немесе әлеуметтік нәтижелерді өздерінің пайдасына шешуге, бір немесе бірнеше мемлекеттердің өкілдерімен басқа немесе басқа мемлекеттерге қарсы, ең әуелі жекелеген тұлғаларды, адамдар тобын немесе барлық тұрғылықты халықтарды қорқыту мақсатында, мотивацияланған заңсыз жауапты зорлықты іс-әрекеттері (олардың ұйымы немесе оларға әрекеттесуі, сонымен қатар қаржылық немесе кадрлік қолдауы)» [4, 242]. Бұл анықтама жалпы геосаяси тұрғыдан берілген. Сол себептен де халықаралық терроризм тек  мемлекеттер арасында ғана болады деген түсінікті білдіреді. Сондықтан бұл анықтама осы күрделі құбылыстың құқықтық табиғатын еш ашпайды. Тек оның бір ғана қырын көрсетеді.

Сонымен, мақалада қарастырылған ғылыми тұжырымдамалардың, ой-пікірлердің және анықтамалардың негізгі элементтерін ескере отырып, «халықаралық  терроризм» ұғымына кең мағыналы түрде құқықтық анықтаманы мына редакцияда береміз. Халықаралық терроризм – халықаралық қауымдастық шеңберінде халықаралық сипаттағы құқықтық категориялық құбылыс ретінде, барлық терроризм түрлерінің салдарынан, бір халықаралық террористік ұйымның немесе бірнеше халықаралық террористік ұйымдардың әртүрлі террористік идеологиялық мотивацияланған базасында немесе мемлекеттердің тікелей немесе жанама қолдауымен немесе халықаралық қылмыстық ұйымдардың ынтымақтастығы арқылы құрылған, ең шеткі түрлі террористік көзқарастар мен іс-әрекеттердің  жақтаушылары болып табылатын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалардың талаптарына немесе басқа да негіздердің қағидаларына заңсыз қасақана мотивациялық ниет пен мақсатты ұстанатын, өзіндік мүдделі халықаралық сипаттағы күресті жүргізетін, өзіндік халықаралық тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін, әртүрлі идеологиялық-психологиялық күштеу мен әдістермен және қылмыстық тәсілдер мен құралдар арқылы, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруге, белгілі бір мемлекеттің  немесе  басқа  да  мемлекеттердің  жалпы  мақұлданған  құқықтары  мен  заңды мүдделерін, кез келген мемлекеттердің азаматтары мен адамдарының өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, тарихи қалыптасқан қоғамдар мен ұлттар, халықтар және этникалық тайпалар мен топтардың ұлттық, этникалық, мәдени, діни, рухани құндылықтарын, халықаралық, аумақтық және басқа да арнайы құрылған халықаралық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, қылмыстық зардаптар келтіруге, қорқытып үрейлендіруге және тиісті жағдайды жасауға немесе мәжбүрлеуге бағытталған, халықаралық, аймақтық, арнайы құрылған және ұлттық соттардың үкімімен халықаралық террористік ұйымдар деп танылған, мемлекеттің немесе мемлекеттердің не барлық халықаралық террористік ұйымдардың негізгі немесе жалдамалы мүшелерінің халықаралық қауымдастыққа, мемлекеттерге және қоғамдарға халықаралық сипаттағы аса қауіпті іс- әрекеттері болып табылады.

Әлбетте, арнайы халықаралық шарттарда бұл анықтаманы жалпымақұлданған, әмбебаптық жүйеге келтірілген, бірыңғай қолданылатын және құқықтық тұрғыда нақтылай мазмұнда қарастырылып, талқыланатын түпкілікті шешім деп айта алмаймыз.  Алайда әртүрлі, саналуан, қарама-қайшы ғылыми көзқарастар мен өзге де белгілі құқықтық анықтамаларды салыстыра келе, сондай-ақ тәжірибелік маңызды ескере отырып осындай кешендік сипаты бар анықтаманы тұжырымдау сөзсіз қажет деп санаймыз. Анықтаманың ғылыми тұрғыдан алып қарағандағы құндылығы мен пәні де осында.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Алимов К.З. Теория международных отношений и международного права, Национальный Университет Узбекистана. - Ташкент: ООО « АЛ-ФАБА-СЕРВИС», 2007. -
  2. Вершинин М. Методы вербовки и идеологической работы террористических религиозных движений в Повольже, на примере «Хизб-ут-Тахрир», - С. 4 //http://psyfactor.org/lib/vershininhtm. 2008.
  3. Бирюков С.   Сепаратизм:   идейные    истоки,   современное   состояние,    пути    преодоления,    - с.1//file://J:/newsA.htm. 2003.
  4. См.: Ильинский И.М. О терроре и терроризме // Между будущим и прошлым. - М., - С. 239, 242.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.