Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық азия елдері мен түркия арасындағы қарым-қатынастар: мәселелері мен болашағы

Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе- теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын. КСРО-ның саяси алаңнан кетуі көптеген елдер сияқты орталықазиялық елдері үшін де күтпеген саяси оқиға болды. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі саяси-экономикалық жағдайының елеулі түрде тұрақсыздануына әкеліп, оларды сыртқысаяси таңдауда күрделі тығырыққа тіреді. Жетпіс жыл қатаң одақтастық жүйесінде өмір кешкен елдер шектеулі көлемде болса да қандай да бір дербес топқа шоғырланбаса әлемнен сырт қалатындай күйге көшті.

Өйткені бұған дейін аймақтағы елдерді өз ықпалында ұстауға ұмтылып келген  көршілес мемлекеттердің ішінде негізгі тізгін Ресейдің еншісінде еді, кейін бұл аймақтағы елдер Кеңестер одағының тіпті құрамдас бөлігі болып танылды. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда орын алған осы кеңістікпен тығыз қарым-қатынастарға, ыңғайы келсе өз мүддесіне сай ықпал жасауға ұмтылған мемлекеттер де жеткілікті болғаны анық. Соның негізінде бірқатар мемлекеттердің геосаяси мүдделері Орталық Азия елдерінің аумағында тоғысып жатты. Олардың қатарынан шекаралас жатқан Ресей, Қытай, Иран, Түркия сияқты елдерді көруге болады. Осы аймақты өзінікіндей көретін Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқаны қол астында ұстағанды қойып өзі саяси-экономикалық қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан кезі еді. Ал осы сәтте Түркия сияқты әлде қайда орныққан мемлекеттер Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттестіктерін қалыптастырып, екіжақты ынтымақтас- тықты дамыта түсті. Түркия елі мен орталықазиялық елдер арасындағы тарихи түптамырлық қатынастың нығаюына басты негіз болды. Осы орайда жалпы аймаққа көптен көрісе алмаған туысындай ұмтылған Түркия қандай мемлекет деген орынды сұрақ туындайды. Орталықазиялық елдер қандай елмен қарым-қатынасқа түсуде? Жауапты Түркияның саяси- экономикалық әл-ауқатына сараптама жасау барысында ғана айқындауға болады.

Түркия – жаңа қарқынмен дами бастаған, заманға сай өнеркәсіпті, сауданы, дәстүрлі ауыл шаруашылығын, қол өнерді қамтыған ел десе болады. Сонымен бірге саяхаттық және көлік тасымалының инфрақұрылымы жеткілікті түрде таралған ел. Қызмет көрсету саласы жалпы ішкі өнім үлесінің 52 пайызын құрайды.

Елде жеке меншік қатынасы, әсіресе сауда саласында, тоқыма өнеркәсібінде, киім- кешек өндірісінде өте жылдам екпінмен даму үстінде болғанымен, мемлекет әлі де өнеркәсіптің негізгі салаларында, банктік жүйеде және көлік пен коммуникацияда да  жетекші рөлді атқарып келеді. Дүниежүзілік банктің топтамасы бойынша Түркия орташатөменгі кірістегі елдер қатарында, әлемде ЖІӨ бойынша 27-орында екен. 2002 жылғы мәлімет бойынша жалпы жұмысбастылардың 34 пайызға жуығы (24 млн адам) ауыл- шаруашылығында, 19 пайызы өнеркәсіпте және 47 пайызы қызмет көрсету саласында. ЖІӨ өндірісінің салалық құрылымында басты орында қызмет көрсету саласы 66 пайызды құраса, өнеркәсіп 21 пайыз, ал ауыл шаруашылығы 13 пайыз (2001 ж.) болатын [1]. Қаржы саласындағы әл-ауқатына қатысты Дүниежүзілік валюталық қор 2002-2004 жылдар аралығында Түркияға   16   млрд   доллар   көлемінде   тұрақтандыру   несиесін   бөледі.

Тұрақтандыру бағдарламасының негізгі бағыттары мемлекеттік қаржыға өте икемді және өте жеңіл бақылау құрылымын беру арқылы мемлекеттік шығынды қысқарту еді. Қаржылық тұрақтандыру жолында Түркияның нәтижесі үкіметке түріктік лирді деноминациялауға мүмкіндік  тудырды: 2005 жылдың қаңтарынан бастап 1 000 000 есеге азайтылған ақша өлшемі айналымға түсті. Ал Түркия елінің өнеркәсібіне көңіл бөлетін болсақ, 1990 жылдардан  бастап елде өңдеу өнеркәсібі жетекші орында болды, оның үлестік салмағы 80 пайыздан астам болса, өндіру өнеркәсібінің үлестік салмағы небәрі 5 пайыз көлемінде де, қалған бөлігі энергетика, газ және сумен қамтамасыз етуге келеді [2]. Мұнай өндіру оны қажет ететін көлемді қамтамасыз ете алмауда. Сол себепті елдің сыртқы саясаты да оның ішкі экономикалық әлеуетін нығайтудан тыс қала алмайды. Түркия елімен жан-жақты қарым- қатынастарды нығайтуда елдің орталықазиялық елдерге қарасты көзқарасын айқындау өте маңызды болып табылады.

Түркияның жалпы сыртқы саясатын мұқият қарастыратын болсақ, оның негізгі бағыттары АҚШ мемлекетімен қалыптасқан дәстүрлі серіктестік қатынасымен және Еуропалық Одаққа мүше болу ұмтылысымен айқындалады. Әрине, сонымен бірге Түркия аймақтық сыртқы саясатымен теңестіру әрекетінде Орталық Азия елдері, кавказдықтар мен Ресей Федерациясы, Израиль, мұсылман елдері арқылы байланысты нығайтуға тырысуда. Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында Түркия АҚШ сияқты елдің ұлттық мүддесін кеңейтуге ұмтылуда емес пе деген күмән да туындайды. Өзі мүшесі болып табылатын Солтүстік атлантикалық одақтың аймақтағы ұстанымының нығаюына мүдделілігі, әлемдік нарыққа энергия көздерін жеткізуді қолына алу ниеті де байқалып қалатын сияқты. Жалпы мұндай мүмкіндік туған жағдайда қандай мемлекет болмасын өз уысынан шығара қоймас. Дегенмен де, Түркияның орталықазиялық елдерге қатысты сыртқы саясаты тараптардың экономикалық және сыртқы экономика саласындағы серіктестік мүдделеріне қарай құрылуда деуге болады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның тәуелсіздігі түріктік сыртқы саясатқа жаңа өлшемдер кіргізуге мәжбүр етті. Көптеген салаларда екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықтың жедел өрбуіне тарихи және мәдени бірегейлік пен жалпы ортақ тіл ұқсастығының байланыстылығы өзіндік әсер еткені сөзсіз. Түркияның Орталық Азия елдеріне қатысты негізгі саясаты өзінің саяси және экономикалық тәуелсіздігіне енді ие болған аймақтағы елдердің жаңа арнада дамуына және демократиялық мән-жапсарды  игеруге қолдау көрсету деп белгіленген болатын. Жаңа саяси мәнде өткен алғашқы екіжақты ресми сапарлар да басым бағыттарды айқындаған еді.

1992 жылы бастау алған түрік тілді елдер мемлекет басшыларының бас қосуы өзінің жалғасын бүгінгі күнге дейін жалғастырып келуі - өзара ынтымақтастықтың нығая түскендігінің көрінісі. Орталықазиялық елдердің халықаралық, аймақтық ұйымдарға, оның ішінде Солтүстік атлантикалық одақтың «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қатысуы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы Түркия тарапынан тек қолдауға ие болуда. Сондай-ақ өзаралық экономика саласындағы байланыстар жедел қарқынмен дамуда. Аса жоғары табыстар сауда, коммуникация саласында кең өріс алғандығы өте айқын. Сонымен бірге техникалық тұрғыдан орталықазиялық елдерге көмек беру үшін Ынтымақтастық және даму жөніндегі түріктік агенттіктің (Түріктік халықаралық кооперация агенттігі – түрікше қысқартылымы-ТІКА) құрылуы мемлекеттер арасындағы байланысты жақындата түсті.

Агенттіктің негізгі мақсаты орталықазиялық елдерге әртүрлі саладағы жобалар мен бағдарламалар арқылы оның ішінде ауыл шаруашылығы, білім беру, кіші және орта кәсіпкерлік, энергетика, саяхат және тағы басқа да түріктік көмекті тиімді үйлестіру болатын.

Түркия тарапынан аймақтағы елдерге берілген несиенің жалпы көлемі 1 275 млрд доллар болса, оның 700 млн долларынан астамы игерілді. Бұл несиелер арқылы аймақты түріктік іскер тұлғаларды қызықтыра алатын инвестициялық кеңістікке айналдыру көзделінген еді. Түркияның осы аймақтағы елдермен сауда айналымы 2005 жылы 1,9 млрд долларға жетсе, жалпы түріктік  компаниялардың  капитал  құюы 4,5 млрд  доллардан  асқан.

Сонымен бірге түріктік мердігерлердің аймақтағы жүзеге асырған жобаларының жалпы құны 12 млрд долларды құрайды [3].

Әрине, бұл екіжақты қатынастардың жоғарғы шегі емес, екі тараптың бір-бірімен алмасатын саласы да жеткілікті, бейбіт ынтымақтастық нәтижесінде тек бір-бірін толықтыра түсері хақ. Мәдениет пен білім саласындағы өзара ынтымақтастық та алғашқы күндерден бастап-ақ кең етек алған болатын. Орталық Азия елдерінен жастар Түркияға білім бағдарламалары арқылы біліктілігін арттыруға аттанып жатқан кезде, түркиялықтар да Қазақстан, Қырғызстан сияқты елдерде білім алуға келген еді. Соның негізінде көпшілігі осы аймақта өздерінің еңбек жолын жалғастырды.

Түріктік капитал Каспийдің мұнай қорын игеруде және Еуропаға мұнай тасымалдауға арналған мұнай құбырларын салуда жетекші орынға ие болуға ұмтылуда. Сол бағытта 2002 жылы Түркия Әзірбайжан және Грузиямен Баку-Тбилиси-Джейхан құбырын салу жөніндегі келісімге келген болатын.

Сондай-ақ Түркияның Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастығы да белсенді түрде кеңеюде, әсіресе газ бен мұнай көздерін зерттеп,игеру саласында. Соңғы кездері осы елдерге деген түріктік мемлекеттік, сонымен бірге жеке меншікті қаржы салымы елеулі түрде өсе түсуде.

Өзінің жан-жақты ойластырылған сыртқы саясатында Түркия Орталық Азиямен бірнеше бағытта, яғни саяси, экономикалық, мәдениет пен ғылым және білім саласында ынтымақтастығын дамытуда. Қарым-қатынастардың нығая түсуіне мемлекеттік жүйемен қоса түріктік жеке бизнес әлеуеті мен әртүрлі қоғамдық, діни және саяси ұйымдар да өздерінің күш-жігерін салуда.

Ынтымақтастықтың алғашқы қадамы жасалған 1992 жылдың наурызында Сүлеймен Демирель баспасөз мәслихаты барысында Түркия «жаңа егеменді мемлекеттер үшін мәдени орталық және тарихи магнит» болады деп мәлімдеген болатын [4]. Жаңа мемлекеттермен байланысты нығайту Экономикалық ынтымақтастық ұйымының шеңберінде де қолдау тапқан еді. Бұл ұйым 1964 жылы аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түркия, Иран және Пәкістан арасында құрылған болатын. Аймақтық ынтымақтастық ұйымын дамыту үшін 1985 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы деген атпен қайта жандандырғаны белгілі. Ал 1992 жылы бұл ұйымға Ауғанстанмен қоса Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түрікменстанның мүше болуы ұйым шеңберін кеңейте түсті. Ұйымға 10 мемлекет мүше болып, 300 млн адам тұратын жалпы 7 млн шаршы км аумақты қамтыды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдері мен Түркияны бірге қамтыған бірден-бір аймақтық ұйым болып табылады. Ұйым шеңберінде сауданы дамытуда Түркия белсенді рөл атқаруда, Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері мен үлгілеріне сай сауда тәртібін енгізіп, теңізге шығуы шектелген Орталық Азия елдері үшін әлемдік сауда орталықтарына мүмкіндікті ашатын көліктасымалы торабын дамыту көзделуде. Ұйымның жұмысы нәтижелі болу үшін оны жетілдіру мәсселелері қозғалып және транзитті тасымал жөніндегі ұйымның ауқымды келісімдері қайта қарастырылуда. Экономикалық ынтымақтастық ұйым  көлеміндегі шешімін іздеген негізгі мәселелердің бірі Алматы-Ыстамбұл бағытындағы жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын теміржол жобасы, сонымен бірге Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Сауда және Даму Банкін құру.

Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы мәдени байланыстар да екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ерекше екпін беріп келеді. Бүгінгі күні мәдени саладағы қатынас шеңберіне қосылуға Ресей жағыда кет әрі емес. Бұл ең алдымен түріктік мәдениет пен өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым ауқымында кең етек алып отыр. 2009 жылдың 2 сәуірінде Ұйымның штаб-пәтерінде өткен кездесу барысында  ұйым жетекшісі Дүйсен Қасеинов: «Әлемнің түріктілді халықтарының мәдениеті мен өнерін  сақтап және насихаттауды зерттеудегі өз қызметінде ешқандай саяси мақсат көзделмейді, адамзаттың ізгілікті мұрасының мәдени көпқырлығын басшылыққа алып Ұйым мүшелерінің ішкі ісіне араласпайды», - деп мәлімдеген болатын [5]. Яғни, бұдан Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар тек саяси астарға ғана негізделмегенін, елдер арасындағы таза мәдени байланыстардың құндылығы да ерекше екендігін көруге болады. Екіжақты ынтымақтастықтың болашағынан зор үміт күтуге болады. Түркияның сыртқы саясатының негізі мен қайнар көзі «Елдегі бейбітшілік, жаһандық  бейбітшілік» қағидаты болу керектігін Ататүріктің өзі өсиет етіп кеткендігін білеміз.

Соған орай түріктік сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық елдермен, ең алдымен көршілес мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, орын алған шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу, аймақтық және халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге үлес қосу болып табылады. Бүгінгі күрделі де маңызды халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүру қағидасына екі жақ та мүдделі болары анық.

 

Әдебиеттер

  1. В.Аватков: Перекресток геополитических интересов России и Турции - Кавказ и Центральная Азия // http://www.centrasia.ru/news.
  2. Дружиловский С.Б., Хуторская В.В. Политика Турции и Ирана в Центральной Азии и Закавказье. // Иран и СНГ/ Под ред. Н.М.Мамедовой. М.: ИВ РАН, Институт изучения Израиля и Ближнего Востока,
  3. Уразова Е.И. Евразийское направление внешней политики Турции при правительстве Партии Справедливости и Развития (ПСР). // Турция в новых геополитических условиях (материалы круглого стола март 2004). Под ред. Ульченко Н.Ю. М.: ИВ РАН, ИИИиБВ, 2004
  4. Отношения с   республиками   Центральной   Азии   и   Организация   экономического сотрудничества //http://www.mfa.gov.tr
  5. http://www.turksoy.org.tr

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.