Ирақ аймағындағы АҚШ саясаты және ҚР ұстанымы

Парсы шығанағы аймағында геостратегиялық жағдайдың өзгеру үрдісі Ирақтың Араб бұғазында орналасқан араб монархиялары елдерімен қарым-қатынасының дағдарысы нәтижесінде басталды. 1990 жылы Ирақ-Кувейт дағдарысы сахнаға шықты. Кейін БҰҰ-ның Саддам Хусейнді оккупацияланған Кувейт аймағынан Ирақ әскерін шығарту үшін бірқатар сәтсіз талпыныстары, АҚШ қарамағында антиирақтық коалиция мен көпұлтты күштердің құрылуы, нәтижесінде, «Шөл дауылы» - АҚШ пен оның одақтастарының Кувейт аймағын босату бойынша іс-қимылдар орын алды.

Еске сала кетуіміз керек, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Таяу  және Орта Шығыстағы Вашингтонның стратегиясы мен саясаты әлемнің осы аймағында экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық ұстанымдарын кеңейтуге бағытталды.

Сол уақыттан бастап бүгін әлем Ирақ айналасындағы кезекті дағдарыспен бетпе-бет кездесіп отыр. Буш әкімшілігі Ирақта әскери іс-қимылдар бастай отырып, басқаруға алған негізгі мақсаты - өзінің Парсы шығанағы аймағында геосаяси бағыттарын нығайтуы болғаны анық. Оқиғаларды мұхиттың ар жағынан бақылағанмен салыстырғанда, тікелей «мұнай орнынан» бақылау - әлдеқайда ыңғайлы. Тіпті АҚШ-тың Саддам Хусейнді өлім жазасына тартып, тәртіпті сақтау үшін әлі де толықтай әскерін шығармай, биліктегі  айтарлықтай ықпалды қолына алған. Бірақ қандай да демократиялық талпыныстарын жүзеге асырғанымен, Ирақ дағдарысының нәтижесі Израиль-Палестина қақтығысы жағдайындағыдай алдын ала болжау сарапшыларды тығырыққа тіреуде.

2001 жылғы 11 қыркүйек айындағы Бүкіләлемдік сауда үйінің алып ғимаратына және Пентагонға бір уақытта жасалған лаңкестік әлемге өз әсерін тигізді. Бұл оқиға әлемдік теке- тірестің шегіне жеткендігін айғақтады. Кейбір сарапшылар бұл құбылысты «үшінші дүниежүзілік соғыс» немесе «симметриялық соғыс» деп те атады. Бұл құбылыстың басты ерекшелігі өте аз күшпен, аз ғана шығынмен, мардымсыз қормен орасан зор шығын  келтіруге болатындығы айғақталды.

АҚШ әлемдік басшылық саясатын біртіндеп іске асырып жатса да әлемдік терроризм үрдістері толастар емес. Өкініштісі бүгінгі күні терроризмді әлемдік қауымдастық ислам дүниесімен  тікелей  байланыстырып  отыр.  Шындыққа  жүгінсек,  «Аль-Каида»,  ауғандық «Талибан», палестиналық «Хамас», араб елдеріндегі «исламдық жиһад», т.б. ұйымдар террористік актілердің көпшілігін өз мойындарына алып отырғандарын білеміз.

ХХІ ғасыр басында терроризмге қарсы күрес ұранын бетке ұстаған АҚШ-тың «жаңа отарлау саясаты» басталды. Алдымен 2002 жылы Ауғанстандағы талибан билігіне қарсы іс- әрекеттер. 2003 жылы антихалықтық режим деген сылтаумен Ирақтағы Саддам Хусейн режимі құлатылды. Әрине, Саддам режимін де ешбір ақтауға келмейді. 1980-1988 жылдары Саддам Хусейн басқарған үкімет Иранмен соғысты. 1991-1992 жылдары мұнайға бай Кувейтке басып кірді. Сондықтан АҚШ кейінгі 15 жыл бойы Ирақты «зұлымдық белдеу» елдері қатарына жатқызып келген болатын. Америка идеологиясы Саддам Хусейнді үнемі Адольф Гитлермен салыстырып келді. Саддамды саяси сахнадан шығармасақ оның елі бүкіл әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіреді, АҚШ әлемнің тыныштығын бұзушы - Ирақ деп өркениетті қауымдастықты көндірді.

Ирақ Республикасына АҚШ алдымен экономикалық қысым көрсетіп бағындыруға ұмтылды. Себебі, Ирақтағы аса мол мұнай қорына америкалық трансұлттық корпорациялардың билігін жүргізу қажет еді. Сарапшылар әлемдегі мұнай қорларының 10 пайызы Ирақ жерінде шоғырланған деп баға беруде. Ирақ мұнай қорлары көлемінен әлемде екінші орында. Ирақ мұнайын өндіру арзан және оның сапасы өте жоғары. Ирақ мұнайының 1 бареллінің өзіндік құны 2,5 АҚШ долларын құрайды [1].

АҚШ-тың Ираққа қарсы жаугершілігін қатардағы америкалықтардың басым көпшілігінің қолдауының себебі осында. АҚШ-тың бүкіл саяси-идеологиялық жүйесі, Ирақ басшылығы әлем халықтарының бейбітшілігіне қауіп төндіруде. Осы арқылы Ирақ режимі Америка халқының ұлттық мүдделеріне де қауіп төндіруде деп жариялады. Американ халқы мен әлем жұртшылығы АҚШ-тың Ираққа шабуылына баға беруде бір бағытта болған жоқ. Әрине, өркениетті адамзат өкілдері жүздеген мың адамдар қатысқан ереуілдер ұйымдастырғанымен, көптеген мемлекет үкіметтері АҚШ-тың жаугершілік саясатын жақтап шықты. Бұл саясатты АҚШ идеологиялық шараларының жетістігі деп бағалауға болады.

Ирақ басшылығының саясаты, оның АҚШ-тың экономикалық және саяси диктатына көнбеуі америкалықтардың ұлттық мүдделеріне қауіп ретінде бағаланды. Ирақты жаппай қырып-жоятын   химиялық    қарулар    бар,    Саддам   Хусейн   халықаралық   террористерді қаржыландырушы, Саддам режимі Ирақ халқына қайғы-қасірет әкелуші, оны қырып-жойып жазалаушы халыққа қарсы режим деген АҚШ-тың Ираққа шабуыл жасауының негізгі себептері әлем жұртшылығы алдында жарияланды. Сөз жоқ, Ирақ Республикасын басқарған Саддам Хусейн режимі тоталитарлық, жеке басқа табынушылыққа негізделген әскери режим болатын. Мемлекеттік жоғарғы орган әскери революциялық кеңес мүшелері Саддамның ең жақын туыстары мен достарынан тұрады. Ел байлығын, мұнай табысын аз ғана басқарушы топ көрді. Хусейннің саясатына қарсылар аяусыз қудаланды. 22 миллионнан астам Ирақ халқының басым көпшілігі болып табылатын мұсылман шииттер биліктен аластатылды.

Елдің байлығы мен қорының халықтың басым көпшілігіне қызмет етпеуі басқарушы элита мен электорат арасындағы қайшылықты күшейтті. Ел экономикасының милитаризациялануы оның дағдарысын тереңдетті. Ирақ режимінің жаугершілік сыртқы саясаты Таяу Шығыстағы қайшылықтың көзіне айналды.

Бағдадты алғаннан бір жарым жылдан кейінгі Ирақтағы жағдайды зерттей келе, екі маңызды көріністі атап өту жөн:

Біріншісі, Саддам режимінің құлауынан кейін елдегі жағдайды жағымды жағынан сипаттайды. Оны АҚШ әкімшілігі мен оған жақын БААС-тан басқа, Ирақтың Уақытша Үкіметі, оларды қолдаушы күштер және кейбір Ирақ тұрғындарының либерал-демократтық қолдаушылары.

Екінші, жағдайды мүлдем пессимистік тұрғыдан сипаттай отырып, Ирақтағы болған жағдайларды мемлекет үшін қайғылы және қырып-жоюшылық, ал АҚШ әкімшілігі жоспарларының күшіне енбеуі деп қарастырады. Бұл топты әртүрлі аудандық саяси, қоғамдық және бұқаралық ақпарат күштері, олар өз жағынан Ирақтағы америкалықтардың болуына қарсы тұрған, араб елдеріндегі қоғамдық-саяси қозғалыстар, көптеген тәуелсіз сарапшылар құрды. Сонымен қатар бұл бағытты көптеген араб және еуропалық елдердің басшылары Ирақтағы соғысқа қарсы болған Ресей де ұстанды.

Жалпы, ирақтық компанияның басты жетістігі - С. Хусейннің жеңілуі, кейіннен оның жақтастарының мемлекет басшылығынан аластатылуы. Көптеген БААС-тық режимнің заңсыздықтары ашылды, оның ішінде жаппай көму, мыңдаған ирақтықтарды сотсыз жазалау мәселелері жатқызылады [2].

2005 жылы Ирақта алғаш рет президенттік сайлау өтті. Сонымен қатар тұрғын санағы, сайлау және саяси партия туралы заң қабылданды.

Негізгі ішкі саясаттағы жетістіктер - Негізгі заң немесе мемлекеттік басқару туралы заңды қабылдау. Оның нәтижесінде, Ирақтың болашақтағы негізгі қағидалары анықтала отырып, ұлттық бірлікті нығайта түсті және тәуелсіз, демократиялық Ирақты құруға негізгі қозғаушы күші болып саналды. Ортақ пікірге келе отырып, Ирақтың конституциялық құрылымын ұлттық-конфессионалдық негізде емес, тарихи-жоғрафиялық қағидаларға негіздеп, федеративті республика жариялануы шешілді. Губерниялар курдтық, шиидтіктер орнына Киркуктік, Мосульдық, Баастік деп өзгертілуі шешілді [3].

Елдің экономикасы әлі де толығымен жанданбаған, керекті қаражат елге әлі  де түспеген. Тұрғындардың жарты бөлігі америкалықтардың елдің экономикалық әлеуетін қолдануына қарсы. Бұл жаңа шетел инвесторлары туралы заң есептері бойынша анықталған, ол бойынша шетел компаниялары Ирақты экономиканы толығымен басқаруға тырысуда [4]. Әлеуметтік жағдай да қиындай түсуде, көптеген балалар мектепке бармаған, қалаларда коммуналды қызмет мүлдем жоқ.

Осылайша, оккупациялық әрекеттерден кейін, Ирақтағы жағдай айтарлықтай түсініспеушілік және қарама-қайшылық туғызды. Қазіргі кезде жағдай қандай жолмен жалғасатынын болжау қиын.

Мемлекет болашағын реттеуге байланысты халықаралық одақ БҰҰ-ның № 1483 және 11511 қарарларына байланысты толық көмек көрсету шешілді.

Ирақ бойынша Ұлыбританияның арнайы өкілі британ компаниясының Ирақты тұрақтандыру әрекеттерінде белсенді қатысуын атап өтті. Қазіргі кезде Ирақты жандандыру жұмыстары бойынша және Бағдадта британ коммерциялық және жұмысшы топтарын құру туралы мәселе қарастырылуда. Өндіріс пен сауда министрлігі, қорғаныс, сыртқы істер министрліктері мен халықаралық даму министрліктері Ирақтың экономикасын көтеруге бағытталған британ жобалары қабылданды. Англияның Минпромторгы 500 млн фунт стерлингті Ирақтың шығысындағы су каналдарын қайта іске қосуға бөлетіндігін жариялады [5].

Болып жатқан жағдайларға байланысты Қазақстан өз жағынан Ирақтың территориялық бірлігі мен тәуелсіздігін, тездетіп бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауын, БҰҰ-ның Ирақ мәселесін шешуде негізгі рөлді атқаруын қолдайды.

Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық міндеттерді орындау үшін елдегі жағдайды бейбіт реттеуге дайын екендігінің кепілі ретінде Қазақстан Ирақтағы коалицияның тұрақтылық күштеріне Қазақстан Республикасының инженерлі-сапер топтарын жіберді. 1,5 жыл аумағында қазақстандық контингенттің үшінші тобы өзінің міндеттерін орындап 2,5 миллионнан астам мина қорын жойған [6].

Қазіргі кезде елдің негізгі міндеттері - елдің экономикасын нығайту, қоғамдық өмірге қолайлы жағдайлар жасау, жаңа тұрақты мемлекеттік институттарды құру. Біздің еліміз жаңа үкіметке үміт артып, қазіргі кезде шиеленіскен жағдайды тұрақтандыруы, Ирақтың тәуелсіздігін нығайту мен Ирақтың халықаралық аренадағы деңгейін асыруына сенеді.

Қазақстан, Ирақтың толығымен тұрақтанғаннан кейін, АҚШ-қа байланысты стратегиялық әріптес ретінде соғыстан кейінгі Ирақтың экономикасына көмек ретінде ұсыныстарын білдірді. Ираққа келесі өнімдерін жіберуіне дайындығын айтты:

Республикада шығарылатын өнімдер; құрылыс материалдары, металдар, дайын конструкция, электрлі су насостары, кейбір мұнай, энергия жабдықтары, сонымен қатар қазақстандық мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерін жандандыруға қатысу, сумен жабдықтау мен ирригациясының құрылыс жұмыстарына қатысуы, жалпы Ирақтың шаруашылығын қайта іске қосуына қатысу;

Ирақтағы өмірге қажетті негізгі инфрақұрылымын қайта жандандыруға Қазақстан мамандарын жіберу.

Географиялық тұрғыдан Ирақ - араб елдерінің ішінен Қазақстанға ең жақын орналасқан мемлекет, бұл өз жағынан болашақ екіжақты ынтымақтастық үшін маңызды аспект болып табылады.

С. Хусейн билігінің құлауына дейін Қазақстан мен Ирақ қарым-қатынастары айтарлықтай белсенді болмады, ресми тұлғалардың екіжақты қарым-қатынастары көріністік сипатта ғана болды.

Хусейннің әскери іс-қимылдарына қарсы әрекеттерде Қазақстан басқа әлемдік одақтастармен бірге дағдарысты бейбіт шешу саясатын ұстанды.

Ирақта керекті мөлшерде мұнай қоры (9,3 млрд тонна), табиғи газ (132,2 млрд куб.м), күкірт (365 млн т.), фосфат (330 млн доллар т.) бар. Кувейттегі жағдайға дейін мұнай экспорты жыл сайын 21-26 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай экономикалық дамудың, әлеуметтік-экономикалық жанданудың негізгі көзі болып табылады. Осы сияқты экономикалық ұқсастықтар ынтымақтастық үшін болашаққа үлкен жол ашады.

Қорытындылай келетін болсақ, XX ғ. соңғы ширегі мен XXI ғ. басында Парсы шығанағы аймағы әлемнің саяси, әлеуметтік және әскери тұрғыда шиеленісті аймағы болып келеді. Көптеген ғасырлар бойы Парсы шығанағының геосаяси құндылығы екі - тарихи және географиялық - факторға тікелей тәуелді. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап 80- жылдарға дейін Таяу Шығыс, әсіресе, Парсы шығанағы, Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағы арасында айтарлықтай тұрақсыз, тікелей емес қақтығыстар етек жайған геосаяси сахналардың бірі болып  табылды.

 

 Әдебиеттер

  1. Жүніс Қ. Ә. Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы (МЭШЕҰ) және араб елдерінің мұнай саясаты. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2006
  2. Уткин А.И. Правда об Ираке, или битва в Месопотамии. – М.: ЗАО «ОЛМА Медиа Групп»,
  3. Йозеф Бргдански Талибы международный терроризм и человек, объявивший войну Америке. - М.,2002.
  4. Кларк У. Как победить в современной войне Ирак, терроризм и американская империя. - М.,
  5. БҰҰ -  соғыс  және  бейбітшілік  мәселелеріне  тиімділік  ықпал  ете  алатын  бірден-бір  халықаралық орган//Егемен Қазақстан. 2007 ж. 26 қыркүйек.
  6.  
Жыл: 2009
Қала: Алматы
loading...