Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі таңдағы Қазақстан мен Жапонияның саяси қарым-қатынастары

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды. Сол себепті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басшыларға тән көрегендікпен сыртқы саясаттағы негізгі бағыт ретінде көпвекторлы саясатты белгіледі. Қазақстандық зерттеу орталықтары сарапшыларының бағалауына  жүгінер болсақ, көпвекторлы саясаттың негізгі құрамдас бөлігі жақын жатқан аумақтағы ірі мемлекеттердің күштері мен мүдделерінің арасалмағын сақтау және осы мемлекеттердің бірінің мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлемдегі әрекеттерінің алдын алу болып табылады. Сол себепті Қазақстан Орталық Азия аймағының геосаяси дамуының логикасы тұрғысынан жақын жатқан көршілер Ресей және Қытаймен тұрақты, берік қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды [1]. Сондай-ақ халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде көпвекторлы саясатты ұстанушы Қазақстан өзге құрлықтарда орналасқан АҚШ пен Жапония сияқты мемлекеттермен байланыстарды дамытуға мүдделі болып отыр. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде «экономикалық ғажайыпты» бастан өткерген мемлекет ретінде Жапониямен байланыстар Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 19-20 маусымы аралығындағы Жапонияға іссапары осы мемлекетке қатысты ел басшылығының ерекше назарының артуының көрінісіндей. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапонияның орнын айқындау үшін бүгінгі таңға дейінгі саяси саладағы екіжақты қарым-қатынастарының даму барысын қарастырған жөн болар.

Қазақстан мен Жапонияның саяси қарым-қатынастарын қарастырғанда, олардың өзара байланыстарындағы өзгерістер мен сыртқы саяси құжаттардың қабылдануына қарай үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезең 1991-1997 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңді Қазақстан мен Жапонияның арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңі деп сипаттауға болады. КСРО ыдырауынан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының алдында экономикалық және әлеуметтік-саяси сипаттағы қиыншылықтар туындады. Мемлекет басшылығы осы қиыншылықтарды шешуде ішкі қорларға ғана сүйенудің жеткіліксіз екендігін, елдің өркендеуі үшін сыртқы экономикалық көмекке сүйеніп, кең халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін ұғынды. Әсіресе, әлемдік қаржылық донор мәртебесін иемденген Жапониямен байланыстарды орнату аса қажет  болды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси диалог «күншығыс елінің» біздің мемлекетті 1991 жылы 28 желтоқсанда мойындауынан басталды. Осы мойындаудың жалғасындай екі тараптың арасында 1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бірінші кезеңдегі Қазақстан мен Жапонияның арасындағы байланыстардың негізін қалаған маңызды оқиға елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы 6-9 сәуірдегі Жапонияға іссапары болды. Елбасының алғашқы іссапарының нәтижесінде тараптардың арасында Біріккен мәлімдемеге қол қойылып, КСРО мен Жапония арасындағы жасалынған келісімшарттар мен келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасты. Осы құжатта Жапонияның Қазақстанмен жүзеге асырып жатқан реформаларға толық қолдауын білдіретіндігі атап өтілді. Жапония мен Қазақстан арасында қол қойылған алғашқы құжат екі мемлекеттің саяси диалогын арттырып қана қоймай, экономикалық саладағы ынтымақтастыққа да ықпал етті.

Екінші кезең 1997-2001 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезең Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың бағыттарының нақтыланған әрі сан-салалы байланыстардың кеңеюі кезеңі болуымен ерекшеленді. 1997 жыл екіжақты қарым- қатынастардағы аса маңызды оқиғаның орын алуымен және Жапонияның Орталық Азия мемлекеттеріне деген мүдделестігінің артуымен сипатталды. Яғни, 1997 жылы 24 шілдеде Жапонияның    премьер-министрі    Рютаро    Хасимото    Қазақстанға    тікелей    қатысы бар

«Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасын ұсынды. Осы тұжырымдаманың ұсынылуы Орталық Азияның маңызды геосаяси аймаққа айналуымен тікелей байланысты болды.  Жапон парламентінің төменгі палатасының депутаты кейіннен премьер-министр қызметін иемденген Кейдзо Обучидің 1997 жылғы шілдедегі Орталық Азия мен Ресейге жасалынған сапарының нәтижесінде дайындалған баяндамасы «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасының негізіне айналды.

«Еуразиялық дипломатия» - бұл Жапонияның Орталық Азия, Ресей, Қытай мен Кавказ маңы мемлекеттеріне қатысты сыртқы саяси стратегиясы. Тұжырымдаманың бастамашысы – парламентаралық лиганың төрағасы, жапон парламентінің өкілдер  палатасының  депутаты М. Судзуки. Алайда мақаланың басында атап өтілгендей ресми деңгейде осы тұжырымдама 1997 жылы шілдеде премьер-министр Р. Хасимотоның «Кэйдзай Доюкай» атты экономикалық серіктестердің жапондық қоғамының өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде жария болды  [2].

«Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасына сәйкес, Жапония Орталық Азия мемлекеттерімен, соның ішінде Жапониямен қарым-қатынастарды келесі негізгі үш бағыт бойынша дамытуы тиіс:

  • өзара сенім мен түсіністіктің тереңдеуіне ықпал ететін саяси диалог;
  • табиғи қорларды игеру саласы мен өзге салалардағы экономикалық ынтымақтастық;
  • аймақта ядролық қаруды таратпау, демократияландыру және тұрақтандыру арқылы бейбітшілікке қол жеткізу.

Тұжырымдамада Жапонияның аймақ мемлекеттеріне қолдауы аймақ ішіндегі көлік, коммуникациялық және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесін құрудағы ынтымақтастықты арттыру үшін маңызды факторға айналу керектігі де атап өтілді [3]. Осылайша Жапонияның Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанға қатысты мүдделестігінің  танытуының көрінісі ретінде «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Оның жүзеге асуы жапон үкіметінің «Ұлы Жібек жолының дипломатиясы бойынша әрекеттер бағдарламасы» қабылдануына түрткі болды. Осы бағдарлама бойынша жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, саяси қарым-қатынастарды нығайту мен  Ұлы Жібек жолы мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуде қолдау көрсету қарастырылды. Жаңа ұсынылған тұжырымдаманың негізінде Қазақстан мен Жапония арасында саяси диалог та белсенді сипатқа ие бола бастады. 1999 жылы 5-8 желтоқсан аралығында елбасы Н. Назарбаевтың Жапонияға іссапары болды. Елбасының іссапары нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдемеге қол қойылды және осы құжат бойынша екі мемлекеттің қарым-қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы үшінші кезең 2001 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттердің орын алуынан соң мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы мәселелерді бірлесе шешуде саяси диалогты арттыру қажеттілігі туындады. Осы жағдайды ескере отырып, Жапония тарапынан Орталық Азиядағы қауіпсіздікке алаңдаушы мемлекет ретінде Қазақстанмен саяси байланыстарды кеңейтуге ұмтылысы артты. Жапонияны Қазақстан экономикалық саладағы байланыстарды орнатудағы маңызды мемлекет ретінде де қызықтырды. Сол себепті 2004 жылы тамыздағы сол жылдардағы Жапонияның премьер- министрі Й. Кавагучидің Қазақстанға іссапары нәтижесінде аса маңызды оқиға болды. Осы іссапардың барысында Астанада «Орталық Азия плюс Жапония» атты бастаманың шеңберінде алғашқы министрлік кездесу өтті. «Орталық Азия плюс Жапония» бастамасы жапондық тараппен Орталық Азиядағы интеграцияға қолдау көрсету әрі аймақтың әрбір мемлекетімен екіжақты деңгейде қарым-қатынастарды дамыту үшін ұсынылған болатын. Орталық Азия мен Жапония арасындағы осындай саяси диалогтың ұсынылуы Жапонияның аймақта белсенді рөлге ие болуға деген ұмтылысын байқатты. Жапонияның Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қызығушылығының артуының негізгі себептері 2006 жылғы Жапонияның  сыртқы  істер  министрі  Таро  Асоның  келесі  сөз  сөйлеуінде  көрініс тапқан:

«Біріншіден, Жапония үшін басты мәселе елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жапония өркендеуі айналасындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ғана байланысты емес, сондай-ақ жалпы әлемдегі бейбітшілікке байланысты мемлекет болып табылады. Сол себепті Орталық Азия аймағындағы этникалық және діни компоненттерден туындайтын қауіптер Жапонияның қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Яғни, Орталық Азия аймағындағы тұрақты жағдайға көп мәселе байланысты болады.

Екіншіден, Жапонияның Қазақстанға қатысты мүдделестігінің негізі, ең алдымен Орталық Азия аймағындағы қажетті табиғи байлықтар және мұнай мен газ қорларының елеулі мөлшерінің болуымен байланысты. 2006 жылы сыртқы істер министрі болған Таро Асо өз сөзінде осы аймақтағы мұнай мен газ өндірісінің көлемі бойынша мәліметті сандық көрсеткіш- термен сипаттады және аймақтың әрбір мемлекетінде алтынның бар екендігін атап өтті.

Үшіншіден, Жапония мен Орталық Азияда ұқсас тұстар көп. Егер өткен ХІХ-ХХ ғасырларға назар салар болсақ, олардың ұзақ уақыт бойы өзге мемлекеттің бақылауында болғысы келмеуінде көзқарастары ұқсас болғанын байқауға болады. Біз бір-бірімізден үйренуіміз керек.

Төртіншіден, Жапония жетекші мемлекеттердің бірі ретінде өзінің қарым-қатынастарын Орталық Азия аймағының мемлекеттерімен белсендетуге тырысуда. Жапониямен санасу қажеттілігі бар жаңа орта қалыптасты. Осы ортада Жапония аймақтың мемлекеттерімен қарым-қатынастарды тереңдету үшін барлық дипломатиялық ұмтылыстарын салады» [4]. Осылайша Орталық Азиядағы Жапония осы мүдделерін ескере отырып, «Орталық  Азия плюс Жапония» бастамасы кең евразиялық аймақтағы ұжымдық ынтымақтастықтың қажетті көрінісі мен саяси-экономикалық байланыстарды тереңдетудің нақты әрекет етуші механизмі ретінде маңызды рөлге ие болды. Жапон үкіметі ұсынған жаңа жоба Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына әрі саяси келіссөздердің белсендеуіне ықпал етті. Осыған дәлел бастама ұсынылған жылдан бергі жоғарғы деңгейдегі Қазақстан мен Жапонияның басшылығы арасындағы кездесулер болмақ. Осындай кездесулердің бірі - 2006 жылдың 28-29 тамызындағы сол кездегі жапон премьер-министрі  Д. Коидзумидің Қазақстанға сапары. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, осы кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Жапония арасында достық, әріптестік пен ынтымақтастықты кейінгі дамыту туралы Біріккен мәлімдемеге қол қойылды және жапон премьер-министрі мен елбасының қатысуымен атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы Меморандум қабылданды. Сол іссапардың басында-ақ, Жапония премьер-министрі Коидзуми осы іссапар Жапонияның стратегиялық маңыздылығы бар аймақ болып табылатын Орталық Азиядағы белсенді ұстанымының  дәлелі  болмақ  екендігін атап  өтті  [5].  

Қазақстан Республикасы мен Жапонияның  арасындағы  саяси  байланыстардың  дамуына  елбасы Н.Назарбаевтың 2008 жылдың 18-22 маусым аралығындағы Жапонияға іссапары да маңызды рөл атқарды. Іссапар барысында мемлекет басшысы, ең алдымен Жапонияның императоры Акихитоның қабылдауында болып, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері мен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдары бойынша пікірлермен алмасты. Елбасы жапон парламентінің өкілдерімен және Өкілдер палатасының спикері Йохей Кономен де кездесті. Екі тарап та осы кездесуде саяси байланыстардың ерекше маңыздылыққа ие екендігін және саяси диалогқа негізгі ықпал етуші фактор екі тараптың экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделестігінде екендігін атап өтті. Осы іссапар барысында елбасы жапон премьер-министрі және экономикалық саладағы байланыстардың келешегі туралы талқылау мақсатында экономика, индустрия мен сауда министрі Акиро Амаримен және «Токио Электрик Пауэр»,  «Сумитомо», «Марубени», «Тошиба»,  «Иточу», «Митцуи»,«Импекс», «Митсубиши Хэви Индастрис» сияқты танымал компанияның өкілдерімен кездесті. Осылайша елбасы Н. Назарбаевтың Жапонияға іссапары сәтті аяқталып, екі елдің байланыстарын нығайтуға ықпал етті. Іссапарда талқыланған мәселелер екі тараптың арасындағы саяси диалогқа тың серпін берді. Мәселен, таяуда Қазақстан Республикасы мен Жапония сыртқы саясат ведомстволары арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті. Консультацияларда қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, жапондық тарапты Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық істер бойынша бюросы бас директорының орынбасары Нобукацу Канехара басқарды. Келіссөздер барысында тараптар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы маусымның 18-22-сі күндері Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылады. Қазақстан мен Жапония арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастық, сондай- ақ БҰҰ, АӨІСШК, «Орталық Азия+Жапония» сияқты халықаралық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды. Ынтымақтастық жөніндегі қазақ- жапон комитетінің мәртебесін оның құрамына екі елдің мемлекеттік органдары өкілдерін енгізу арқылы арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді [6].

Қазақстан мен Жапонияның саяси диалогында екі мемлекеттің арасындағы кездесулер ғана емес, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстанымда болып, өзара қолдау көрсетуі де маңызды рөлге ие. Мәселен, қарусыздандыру мәселесінде Қазақстан мен Жапония да ядролық қарусыздандыруды қолдайды. Жапон үкіметі Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуы мен өз территориямыздағы ядролық қаруды жою туралы шешімін қолдайды. Жапония Қазақстанның Азиядағы өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжілістегі ұмтылыстарына өз қолдауын білдіруде. Қазақстан да өз тарапынан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 50-інші мерейтойлық сессиясында Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты мүше ретінде қабылдау қажеттілігін атап өтті [7].

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан мен Жапония саяси диалогты арттыруға ерекше мән беріп отыр. Осы саяси байланыстарға негіз болып отырған екі тараптың бір-бірімен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген мүдделестігі екендігі даусыз. Сол себепті Жапониямен экономикалық байланыстарды дамытуда саяси диалогтың келешекте қарқынды сипатқа ие болатындығы даусыз.

 

 Әдебиеттер

  1. Визит премьер-министра Японии в Казахстан: ожидания и итоги // www.kisi.kz
  2. Комиссина И.Н. Япония и Центральная Азия: партнерство набирает силу // www.ca-c.org/journal/cac- 031999/st_10_komissina.shtml
  3. Address by Prime Minister Ryutaro Hashimoto to the Japan Association of Corporate Executives // http://russia.shaps.hawaii.edu
  4. Speech of minister of foreign affairs of Japan T.Aso before the Press-club   //www.mofa.go.jp/region/europe/speech0606.html
  5. Визит Дз.Коидзуми в Республику Казахстан //www.kz.emb-japan.go.jp/jp/prime_minister_r.htm 6 http://kz.government.kz/site/news/integration/2009/04/79
  6. 7  Казахстанско-японские отношения // www.zonakz.net/articles/3123

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.