Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен Иран ислам республикасы ынтымақтастығының мәселелері

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап өзінің сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығын дамытып нығайтуды мақсат тұтты. Қазақстан Республикасы үшін Иранның географиялық орналасуы стратегиялық  маңызы бар. Себебі, біздің еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы және екі елдің Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға негіз салып берді. Иран Ислам Республикасы орасан зор адам ресурстарын, дамыған индустриялық өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын, айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктерді иемденді. Нақ осы фактор Қазақстан Республикасының Иранмен экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салаларында негізгі әріптес бола алады. Иран аймақтық держава ретінде сыртқы айналымдардың қарсылығына қарамастан, Орталық Азия мен Каспий аймағында көп мақсатты көздейтін өзінің мүдделерін қорғап келеді.

Иран Ислам Республикасы өзінің сыртқы саяси бағдарында Орталық Азия жаңа тәуелсіз мемлекеттермен жан-жақты қатынастарды дамытып, нығайтуды көздейді, бұндай елдердің салмағы мен әлеуетіне (саяси, экономикалық) байланысты Иран үшін мейлінше болашаққа сенімді әріптес бола алады екен.

Иран өз кезегінде ЖТМ-мен, соның ішінде Қазақстан Республикасымен интеграциялық жақындасу және оны тереңдетудің басты факторы ретінде өзінің қолайлы географиялық орналасуын алға тартады. Орталық Азия елдерінің күннен-күнге әлемдік көлік-коммуникацияларына шығу қажеттілігін түсіне отырып, өзінің Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әлеммен байланыстыратын көпір ретіндегі рөлді атқаруға талпынады. Осылайша Иран Орталық Азия елдерінің тауарлары мен шикізатын әлемдік нарыққа шығару мәселесін шеше отырып, осы салада Ресей үшін бәсекелес болып отыр.

Қазақстан Республикасына қатысты біздің еліміз жеткілікті индустриалды базаны және айтарлықтай интеллектуалды әлеуетті және жоғары даңгейдегі халықтың білім беру жүйесін иемденді.  Бұл әлемнің үшінші елдеріне тән классикалық модельден айрықша. Бұл факторлар Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасымен көп тарапты сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға қолайлы әсер етуде.

Қазақстан Республикасы мен Иран арасында 1992 жылы 29 қаңтарынан дипломатиялық қатынастар орнағалы бері екі ел арасында сауда-экономикалық және өзара саяси ықпалдастықты жүзеге асыратын бірқатар келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арсындағы қол қойылған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Декларацияда «екі ел өздерінің қатынастарын достас және теңқұқылы мемлекеттер ретінде, сондай-ақ егемендік пен тұтастықты құрметтеу ұстанымдары негізінде, күш қолданбау, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын сақтау ұстанымдары негізінде жүзеге асырады» деп көрсетілген. Сондай-ақ екі ел арасында Сыртқы істер министрлігі деңгейінде екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша тұрақты келісулер өткізуге уағдаласты [1]. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы үкіметтері арасындағы «Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім екі ел арасындағы өзара тауар алмасу және қызмет көрсетудің ұстанымдарын анықтап берді» [2].

Тәуелсіз Қазақстан он жеті жыл ішінде біршама жетістіктерге қол жетті: мемлекет егемендігі дами түсті, жоспарлы-әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға өту сәтті аяқталды, демократия мен азаматтық қоғам негізі қаланды, осының арқасында Қазақстанды ТМД-ның көшбасшы мемлекеттерінің бірі деп атауға мүмкіндік туды.

Қазақстанның сыртқы саяси саладағы жетістіктерінің маңызы бір бөлек. Бүгінгі таңда біздің мемлекет халықаралық қатынастар жүйесінде ерекше орын алады және де оның сенімді сыртқы саяси серіктес ретінде беделі жоғары. Халықаралық қауымдастық ҚР-дың ядролық қаруды таратпау тәртібін күшейтудегі және халықаралық лаңкестікпен күрестегі үлесін жоғары бағалайды. Шет мемлекеттерінің жетекші тұлғалары мойындағандай, Қазақстан қазіргі таңдағы көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның үлгісі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктері айтарлықтай көзге түсерлік.

Қазақстанның сыртқы саяси доктринасын анықтап, оны жүзеге асыруда президент Н. Назарбаевтың орны ерекше. Оның пікірінше, «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сөзсіз басымдық біздің сыртқы саясатымызға және Қазақстанның өз көршілерімен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруға беріледі» [3].

Қазіргі таңдағы Қазақстанның сыртқы саяси бағыты көпвекторлық концепциясына негізделген. Н. Назарбаев атап өткендей, көпвекторлық дегеніміз - «әлемде елеулі рөл атқаратын және біздің ел үшін маңызды болып табылатын барлық мемлекеттермен өзара достық қарым-қатынастарын дамыту».

«Қазақстанның болашағы – Азияда, Еуропада, Шығыста және Батыста. Осындай саясат ұстану арқылы біз Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, елдің экономикалық және саяси бастауларына қолайлы жағдай жасаймыз» [4].

Күрделі аймақтық және жаһандық үрдістерге қарамастан, біздің республика өз көршілерімен және әлемнің жетекші елдерімен тығыз серіктестігін дамытып келеді. Тиімді геостратегиялық жағдайы, елеулі экономикалық әлеуеті және саяси салмағы сияқты факторларына байланысты Оңтүстік Азия мемлекеттерінің қазақстандық дипломатия үшін үлкен тәжірибелік құндылығы бір бөлек. Азияның оңтүстігінде болып жатқан оқиғалардың даму үрдісі, осы жерде күшейіп келе жатқан интеграциялық тенденциялар Қазақстанның осы аймақтағы елдермен тұрақты және өзара тиімді қатынасты құруы қажеттігін талап етеді. Сондай елдердің бірі – Оңтүстік Азияда орналасқан Иран Ислам Республикасы. Қазақстан және Иран екіжақты ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі. Қазақстан мен Иран арасындағы көліктік-коммуникациялық қиыншылықтарға қарамастан, екі елді, ондағы халықтарды байланыстыратын негіз көп, оларды геосаяси тұрғыдан туындайтын тарихи- мәдени байланыстар біріктіреді. Сондай-ақ екі мемлекет үшін XX ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған өзгерістердің маңызы зор болды. Осы кезеңде Қазақстан дербес, тәуелсіз және қуатты мемлекет құру үрдісін бастаса, Иран Орталық Азия аймағында жаңа мемлекеттердің пайда болуымен аймаққа қатысты саясатын толығымен өзгерте бастады. Қазіргі кезде Иран алдында саяси және экономикалық трансформациядан өтудегі қиын әрі ауыр кезең тұрса, Қазақстан Республикасы алдында халықаралық құқықтың жас субъектісі ретінде халықаралық қатынастар жүйесінде өз орнын табу міндеті тұрды. Осыған дейін екі мемлекет ортақ Азия аймағы әртүрлі геосаяси жағдайда бола тұрып, өзіндік жол кешті. Екі мемлекет те XXI ғасырды үлкен өзгерістермен қарсы алды. Енді екі жақ тәжірибелерімен бөлісе отырып, байланыстарын дамыту үстінде.

Қазақ-Иран қатынастары өз тарихи бастауын сонау XV-XVI ғасырдан алады. Ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында жатқан Қазақ және Иран халықтары арасындағы қатынастар сауда-саттықпен ғана шектеліп қоймай, мәдени қатынастар орын алған. 1916 ж. Ақ патшаға қарсы көтерілістің жеңіліс табуынан кейін, сондай-ақ большевиктер жүзеге асырған ұжымдастырудан және 1932 ж. ашаршылықтан өз туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған қазақтар Қытай және Иран жеріне барып бас сауғалаған болатын. Осы кезеңде Қытай тарапы қазақтарды өз территориясынан ығыстыруға тырысып, қудалаған болса, Иран бауырлас мұсылман халқына өз шекараларын айқара ашты. Бүгінгі күнде сол ирандық қазақтар ұрпағының көбі Түркия арқылы отанына оралып отыр. Олар сол кезде өздерін сақтап қалған Пәкістан халқын үнемі мадақтап, өз разылықтарын білдіріп отырады. Екі халықтың шығу тегінің әркелкілігіне қарамастан, қазақтар мен пәкістандықтарды біріктіретін ортақ нәрсе көп болды, олардың ең бастысы - бауырлас мұсылман халық болуы және бостандыққа, азаттыққа деген сүйіспеншілік.

Орталық Азиядан Иранға және Еуропаға мұнай және газ құбырларын салуда. Бүгінгі таңда Орталық Азия аймағы елдері мен Иран маңызды рөл алатын Оңтүстік Азия аймағы мемлекеттері арасында пәрменді ынтымақтастықсыз әлемнің осы бөлігінде тұрақты дамудың орын алуы мүмкін емес екендігі айқын болды. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев айтқандай, «мемлекеттік және аймақтық қауіпсіздікті аймақ шекарасы периметріндегі мемлекеттермен қауіпсіздік саласында ынтымақтастық негізінде дамыту қажет» [5]. Орталық Азия аймағынан территориялық жақындығы бойынша маңызды және Орталық Азия аймағындағы геосаяси үрдістерге ең басты және тікелей  ықпал етуші мемлекеттердің бірі - Иран Ислам Республикасы екендігі сөзсіз.

Иран мен Қазақстан аймақтық қатынастарды дамытуда белсенді іс-әрекеттер жүргізіп, ЭЫҰ, ШЫҰ және АӨЫСШК сияқты аймақтық құрылымдар шекарасында көпжақты қатынастар орнатқан.

Иранмен ынтымақтастықты дамытуда Қазақстанды қызықтыратын басты бір маңызды нәрсе бар. Бұл – Қазақстанның ашық суға шыға алмайтын жабық мемлекет болуымен байланысты. Бүгінгі күнде «ежелгі Жібек Жолы» немесе қазіргі Трансазиялық Темір жол (ТАТЖ) жобасы бойынша екі мемлекет арасындағы қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр. Ал ирандық порттар арқылы Парсы шығанағы мен Суэц каналына шығуға болатындығы Қазақстан үшін беретін мүмкіндіктері өте зор. Осы порттарды пайдалану арқылы қазақстандық кәсіпкерлер тек қана Иран және Қазақстан арасындағы сауда қатынастарын дамытып қана қоймай, Батыс мемлекеттерінен келетін тауарларды тасымалдау үшін қажетті арзан және Иран арқылы өтетін қысқа жолды қолдана алады. Қазақстанның дүниежүзілік теңіз сауда жолдарынан шалғайда жатқанына қарамастан, Иран арқылы біздің транзит әлеуетімізді пайдаланушы салалар болашақ дамуымызға зор көмегін беретіндігі анықталып отыр.

Иранның Қазақстандағы мүдделері саяси және экономикалық сипаттармен байланысты. Саяси жағдайларға байланысты Иран Ислам Республикасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мен өзінің ядролық бағдарламасын дамыту мәселесінде өзін қолдаушы серіктес іздеуі және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатса, экономикалық сипатқа Қазақстанның бай шикізат пен мұнай-газ көздерін пайдалану болып табылады.

Он жеті жылдан бері қайсыбір саланы алсақ та, Қазақстан мен Иран арасындағы қарым- қатынастар қарқынды дамып келеді. Екі мемлекеттің бір-біріне тигізер ықпалы мол әрі елеулі. Қазақстанның сыртқы саясатында азиялық Иран Ислам Республикасы маңызды орын алады. Қазақстан – Иранның Орталық Азиядағы басты серіктесі болса, Иран – Қазақстанның Орта Шығыстағы серіктесі болып табылады.

 

Әдебиеттер

 

  1. Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы, 1997. - С.
  2. Токаев К.К. Под стягом независимости / Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы, 1997. - С.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1998. – 39 б.
  4. Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана // www.president.kz.
  5. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Алматы, 2003. - С.132.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.