Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иранның бүгінгі саясатындағы өзекті мәселелер

Қазіргі кездегі халықаралық күрделі өзгерістер Таяу Шығыс аймағын айналып өтпеді. Таяу Шығыс – геосаяси, геостратегиялық және экономикалық тұрғылардан аса маңызды аймақ, халықаралық қауіпсіздіктің мәселелері мен қауіптердің басты қайнар көзі болып табылады. Жаппай қырып жоятын қарудың таралу, халықаралық терроризм қауіптері, дербестігін алмаған ұлттардың қоныстануы, палестиналық-израильдік қақтығыстың реттелмегендігі Таяу Шығыс аймағын қазіргі таңдағы әлемнің ең тұрақсыз нүктесіне айналдырды. Аталмыш жағдайлар аймақтағы тұрақсыз- дықтың одан әрі қиындауы, бүкіл әлемдегі ахуалды қиындатуы мүмкін. Таяу Шығыс аймағында орналасқан мемлекеттерде экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгертулерді жүзеге асыру қажет- тілігі қазіргі таңда аймақтың дағдарыстық жағдайдан шығудың басты шарты ретінде қарастырылуда.

Таяу Шығыс мәселесін аймақтағы алдыңғы елдердің қатарындағы Иран Ислам Республика- сының ішкі және сыртқы саясатындағы саяси ойындары елеулі әсерін тигізуде. Оның ішінде Иран саясатындағы күрд және ядро мәселелері аймақтағы өзекті мәселеге айналды.

Ирандағы күрд мәселесіне тоқталсақ, екінші дүниежүзілік соғыстың бітуі мен КСРО-ның ыдырауына байланысты 1980-1990 жылдардағы әлемдегі тарихи өзгеріс, ұлттық күрдтік қозғалыс жанамалы түрде бейнеленді. Ол күрестегі стратегия мен тактиканың жаңа жүрістерін талап ететін шынайы геосаясатта дамуды жалғастырды. Әсіресе, Ирактық және Ирандық Күрдістанға қатысты болатын.

Ирандық күрділердің тарихи дамуына көз жүгіртсек, өзіндік тарихы бар әрі танымал ұйым- дарының бірі Иран Күрдістанының демократиялық Партиясы (ИКДП), партия 1945 жылдың шілде айының аяғында құрылған. Қазіргі таңға дейін аталған партия (ИКДП) күрдтік қозғалыстардың ядросы болып табылады. Белгілі Ресей күрдтанушысы О.И. Жигалиннің тұжырымдамасы бойынша ирандық биліктегілер осы ұйымды сеператистік түрінде қарастырады, өйткені оның қызметі мемлекеттің құлауына әкеп соқтыруы мүмкін дегенге тартады.

Ирандық Күрдтердің Демократиялық Партиясы антиирандық акцияларға белсенді түрде қатысты,  әсіресе,  ядролық  жоспарлармен  байланысқан  бүгінгі  халықаралық  дағдарыста  барлық жауапкершілікті бүтіндей және толық ИИР-дің басшылығына беру керектігін ұсынды.  Сонымен қатар 2006 жылдың наурызында Эрбиледе Шығыс Күрдістанның Біріктірілген Фронты құрылды, оның құрамына ИКДП, Ирандық Күрдістанның күресті ұйымдастыру ұйымы және Күрдістанның Революциялық кеңесі кірді.

Алайда Иранда күрдтер қарапайым құқықтарынан айырылған. Күрд оппозициялық ұйымдары- ның көшбасшылары мен белсенділері тек мемлекет аймағында ғана емес, одан тыс жерлерде де қудалануда. Мысалы, Иран Күрдістан  Демократиялық  Партиясының  көшбасшысы  А.  Касемло 1989 жылы Венада өлтірілді, оның орнына келген Шарафа Канди 1994 жылы Берлинде қаза тапты  [1]. Догматикалық ислам концепцияларына сәйкес мұсылман қоғамында ұлттық айырмашылықтар болмау керек, сондықтан күрдтердің құқықтары Иранда сақталуы мүмкін емес. Күрдтердің қозғалысын басып тастау арқылы Иран аймақтағы күштер тепе-теңдігін сақтауға және аймақтағы басқа мемлекеттің күрд мәселесінде басымдыққа ие болуына жол бермейді. Иран аймақ геогра- фиясының өзгеруіне жол бермейді, бірақ Иракта оған қарсы тұратын «еркін зонаның» болуына қарсы емес. Қайшылықтарға қарамастан Иран Түркия және Сирия басшыларымен кездесулер өткізіп, Иранның бөлшектелуіне жол бермеуге тырысады. Шах режимі құлағаннан кейін негізінен екі ұлттық саяси ұйым белсенділік таныта бастады. Бұл Иран Күрдістан Демократиялық Партиясы және Күрдістанның еңбекшілерінің революциялық ұйымы. Сонымен қатар Иранның солтүстік-батысында басқа да оппозициялық күштер бар [2].

Таяу Шығыста ядролық қарудың болуы және оның көрші аймақтарда болу ықтималдығы  - қазіргі таңдағы аса өзекті мәселелердің бірі. Сол себептен, қарудың Таяу Шығыс аймағында таралу мүмкіндігі әлем державаларын алаңдатуда.

Аймақта орналасқан елдердің саясатындағы өзгешелік ядролық қару әлі де басқа елдерді ұстап тұрушы құрал ретінде қарастырылуында, сондықтан бірқатар елдер оны иемденуге талпынуда. Егер болжамдарға сүйенсек 35-40 мемлекет атом бомбасын Азия континентінде жасап шығаруы мүмкін.

Әлемдегі қауіпсіздіктің ең басты мәселесі - Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу қаупінің болуы бірқатар себептерге байланысты жаһандық проблемаға айналуы мүмкін.

Таяу және Орта Шығыста ядролық қарудың таралу проблемасын қарастырғанда оның негізгі үш түрін атап кету керек:

  1. Латентті тарату. Мемлекет ЯҚТШ (ДНЯО) келісімінде бола отырып, оның шарттарын формалды түрде орындайды да, ядролық бағдарламаларын құпия түрде дамытады. Белгілі бір уақытта ол ЯҚТК-дан шығып, ядролық сынақ жүргізеді де, де-факто ядролық мемлекет болады. ЯҚТШ-на мүше бола отырып, сыртқы жетістіктерді қолданып, бейбіт ядролық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруы ядролық қаруды ядролық материал мен технологияларды,  сараптаманы, жалпы жанармай циклдерді (ең алдымен уранды байыту мен плутонийді сепарациялау) пайдалана отырып шығаруға ғылыми-техникалық алғышарттар жасайды. Мемлекет салыстырмалы түрде қысқа уақытта ядролық қаруды жасап шығаруға мүмкіндік алады.
  2. “Бірінші дәрежелі” тарату материалдар жеке компаниялардан сатып немесе ұрланып алынады. Немесе ядролық мемлекеттер басқа елдерге заңсыз түрде ядролық қаруды жасап шығару мен оны әкелуге көмектеседі.
  3. “Екінші дәрежелі” тарату ядролық салада әр түрлі технологиялық мүмкіндіктері бар мем- лекеттер өзара бір-біріне көмектеседі, біреуінде жоқ технологиялармен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Осы үш модельдің тығыз байланысы ЯҚ таратушы елдерді шектеп отыратын халықаралық шаралардың жойылуы жағдайында ЯҚ таратпау тәртібінің құлауына алып келуі мүмкін [3].

Иран Ислам Республикасы ядролық таратудың бірінші жолымен дамиды деген болжам бар.

Қазіргі кезде Иран уранды байыту, яғни жанармай циклінің бірінші сатысында тұр. ЯҚТК-ның болашағы, жаңа қақтығыстарға қатысу шамасы Иран ядролық мәселесінің шешілуіне  тікелей  тәуелді. Осылайша Иран ядролық қаруды таратпау тәртібінің барлық шарттарын орындаған жағдайда оның ядролық жанармай циклдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйе әлемдегі  бейбіт  ядролық технологиялардың дамуына жол ашады. Иран мәселесі - тестілеу үшін аса қиын мәселе, алайда дұрыс жағдайда ол ядролық энергетиканың болашағына  үлкен мүмкіндіктер ашады [4].

Жағдайдың осылай дамуы барысында ядролық қаруды жасап шығару деген аймақ елдерінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін арттыруға қызығушылығының өсуін күтуге болады. Бір-бірден олардың көздеген мақсаттарына жетуі мүмкін емес болғандықтан, ядролық сала, ядролық жанармай қатарын бірлесіп құрудағы ресми (немесе құпия) ынтымақтастықты ұйымдастыру немесе қарулық ядролық  материалдарды қажетті көлемде  сатып  алу мақсатында  күштерді  өзара  біріктіру  мүмкін.

Сауд Арабиясы (Пәкістанмен бірлесе отырып) басқа елдердің ядролық бағдарламаларын дамытуға өзінің қаржы мен технологиясын беру арқылы көмектесуі де мүмкін.

Осындай жағдайда топ елдері арасында ядролық жарғышты иелену мен оны бақылау үшін қарсыласушылық тууы мүмкін. Ал оны аймақтағы қазіргі тәртіп пен елдер арасындағы қатынастарға байланысты шешу қиыншылықтар туғызуда.

Өнеркәсібі дамыған алдыңғы қатарлы елдер сыртқы саясатты жобалай отырып, оларды көмірсутек шикізатымен қамтамасыз етіп отырған Парсы шығанағы елдерімен стратегиялық түрде байланысты құрды. Биполярлы жүйе кезінде Батыс елдері мен КСРО аймақтағы өздерінің эконо- микалық және әскери-саяси мүдделерін қорғай отырып, Иран, Ирак пен Ауғанстандағы позицияларын сақтай алмады. Батыс елдері, негізінен араб монархияларына көз тікті.

Биполярлы жүйеге қарағанда тұрақтылығы кем болғанымен, халықаралық қатынастардың монополярлы құрылымы кіші елдер үшін тиімдірек болуы мүмкін. Олардың қауіп төнген жағдайда супердержаваға қосыла салуға мүмкіндігі бар. Осылайша бірполярлылық нақты бір жағдайда кейбір елдер үшін өте тиімді болуы мүмкін. Бұл жағдай Парсы шығанағында 1990 жылдың соңында қалыптасты. Онда Иранның потенциалды қаупі мен Ирактың агрессиясы ПШАМҚ елдерін АҚШ бағытына ығысуына түрткі болды.

Осылайша, аймақтық күш қарым-қатынасында ядролық қару маңызды орын алатынын ескере отырып, оның таралуына себеп болатын факторларды бөліп қарастыруымызға болады.

Мемлекеттің аймақтағы нақты рөлі мен көздеп отырған мақсаты сәйкес келмеуі. Осындай жағдайда ядролық қаруды иемдену белгілі бір беделге ұмтылыс сияқты көрінеді де, шындығында, белгілі бір аймақ шеңберінде өзіндік әсер ету сферасын қалыптастыру үшін әскери-техникалық жағдайды қамтамасыз ету болып табылады.

Алайда ядролық қаруды таратпау мәселесін шешудегі ең қауіптісі - ядролық технологияларды иемденудің әскери емес деп түсіндіруі. Ядролық саясатты өзгертуге мәжбүрлеу нақты саясатта өте қиын болып табылады.

Иран өндірісте қыша газ бен жүйке-паралличтік газ қорларын өндіріп, жинаған болатын. Оның үстіне ел ракеталық тұмсықтар мен артиллериялық зарядтарға ие. Биологиялық қаруды жасап шығаруға талпыныс жасауда. Ядролық қаруды жасап шығару процесінде тұр. “Скад-Б” және солтүстік кореялық ұзақ радиусты ракеталары бар, қазіргі кезде “Шахаб-3” атты аралық радиусты баллистикалық ракеталарды шығарумен айналысуда. [5]

Үлкен Таяу Шығыс мемлекеттері бір топқа біріккендеріне қарамастан біркелкі, бірегей құрылымдығымен сипатталмайды. Аймақ мемлекеттерінің әрқайсысы саяси құрылымы, басқару жүйесі, жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясаттарымен ерекшелінеді. Сол себептен де тек соған ғана арналған реформалар жиынтығын қажет етеді.

Иран өзінің аймақтық деңгейде, бірінші кезекте, басшылыққа қол созғанын мойындап, өзінің парсы-шииттік мемлекет деп санайтындығында.

Қорытындылай келсек, аймақтық қақтығыстар және тұрақсыздықтар көбіне әскери қақтығыстар нәтижесінде көтеріліп жатқанын айта кеткен жөн. Ирақтағы әскери қимылдардан  соң  ядролық қаруды шетелдік басып кіруден сақтайтын бірден-бір кепіл деп санайтын аймақтық саясаткерлердің саны өсуде. Олардың ойынша, ядролық қаруға ие болу тиімді дипломатиялық келісім пәні болып табылады. Менің ойымша, аймақ елдеріндегі ядролық фактор рөлінің фундаменталды проблемасын Таяу және Орта Шығыстағы көп дәрежелі қауіпсіздік проблемасымен қатар қарастырған жөн.

Өз кезегінде, бұл мәселе Таяу Шығыстың жазылмас жарасы Палестина - Израиль қақтығысы бойынша мәселенің тағы да шеттетіліп қойылуына сайып келді.

 

Әдебиеттер

  1. Примаков Е. Ближний Восток на сцене и за кулисами. – М,.
  2. Лазарев М.С. Курдистан и курдский вопрос (1923–1945). - М.,
  3. Гусейнов В. Большой Ближний Восток. – М.: ЗАО «ОЛМА Медиа Групп»,
  4. Угрозы режиму нераспространения ядерного оружия на Ближнем и Среднем Востоке (под ред. А.Арбатова и В.Наумкина.) Московский центр Карнеги, Carnegie Endowment International Peace. - Москва,
  5. Сонда.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.