Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«азия барыстары» және протестанттық еуропа мемлекеттерінің дамуындағы еңбек этикасының рөлі

Әлемде қарыштап дамыған мемлекеттердің сырын әлемнің көптеген сарапшы-ғалымдары іздеп   келеді.   Біздің   ойымызша,  мемлекеттің экономикалық өсімінің ең негізгі қозғаушы күші - адам еңбегі, халықтың еңбек этикасы. Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліспен шыққан Германия мен Жапонияның ХХ ғасырдың аяғында ЖІӨ бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші және үшінші орынға шығуы, Оңтүстік  Кореяның 1953 жылы азаматтық соғыс аяқталғаннан кейінгі ең кедей мемлекеттердің қатарынан ең бай мемлекеттердің қатарына қосылуы, табиғи ресурсы, байлығы, ішетін таза суы жоқ Сингапурдың өркендеп дамуы, Британия колониясынан шыққан Малайзияның дамуы мысал бола алады.  Еңбек  этикасы  еңбек   өнімділігімен,  ал еңбек өнімділігі жұмысшының белгілі бір уақыт аралығындағы өндірген өнімімен, яғни, жұмыста көрсеткен нәтижесімен өлшенеді. Экономика ғылымында еңбек өнімділігі өндірген өніммен қатар оны жасауға кеткен уақытты да есептейді. Мәселен, еңбек өнімділігі артқан кезде өнімді жасауға кеткен уақыт үнемделеді, сондай-ақ мақсат етілген уақыт аралығында өндіріс мөлшері артады. Адамдардың бай болуы олардың еңбек өнімділігіне тікелей байланысты. Барлық адамдардың еңбегінің нәтижесі мемлекеттің байлығы болып табылады. Әлемдік еңбек өнімділігі статистикасына қарасақ,  ең  бай әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекеттердің халқының еңбек өнімділігі де жоғары болып келеді.

Бүгінгі күндері әлем мемлекеттерінің даму тарихы мемлекеттің  дамуына  түрткі  бола-  тын көптеген себептердің бар екенін көрсетті. Соның ішінде мемлекеттің дамуына, өркендеп өсуіне негіз болатын еңбек этикасы мен еңбек өнімділігін арттыруға байланысты үлгі болатын әлемдік тәжірибелер мен ғалымдардың ой-пікірлері   көп.   Мәселен,   М.   Вебер  өзінің

«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегінде халықтардың еңбегінің өнімділігін діннің, еңбек этикасының ерекшелігіне байланысты екендігін көрсетті. Мәселен, Еуропаның көптеген мемлекеттерінде протестанттық дінді ұстанушылар католик дінін ұстанушыларға қарағанда әлеуетті өмір сүретіндіктері анықталған. Протестанттық дін өкілдері өндірісті, сауда-саттықты, капиталды иемденушілер мен кәсіпкерлердің негізгі бөлшегін құраған. М. Вебердің пікірінше протестанттық діндегі пайда табудағы адалдық, ұқыптылық, еңбекқорлық, жауапкершілік, сенімділік, үнемі кәсіби өсуге ұмтылу, жинақтылық, мақсатқа ұмтылу, парасатты пайым, бастамашылдық, жеке меншікке қол сұғылмау және меншіктің қасиеттілігі секілді құндылықтар  капитализмнің  протестанттық Еуропада гүлденуіне алып келді дейді. Ал адамдардың еңбекқорлығына мотивация болған түрткілердің бірі лютерандық концепциядағы адамның адамгершіліктік өмірінің ең басты міндеті – өмірлік мамандығы бойынша өзінің парызын өтеу керектігі болды [1]. М. Вебер «белгілі бір ұлт (дін өкілдері) не жақсы ұйықтауды немесе жақсы тамақтануды таңдайтындығын» айта келе, протестанттар жақсы тағам жеуді, ал католиктер жақсы ұйықтауды таңдады дейді [2]. Вебер өзінің еңбегінде Бенджамин Франклиннің адамгершілік қағидаларын атап өтеді. Мәселен, уақыт – ақша, адалдық –  пайда,  ұқыптылық  пен адалдық кредитті көбейтсе, ақша өзінің табиғатына сәйкес ақшаны туғызатынын атайды. Егер сізде жоғарыда аталған қасиеттер болса, онда досыңыз сізге керек қаржыны уақытша бере алады, яғни кредиттің көбеюі дегеніміз осы [1]. Вебер адамдардың максимум пайда табуға, бәсекеге түсуге, байлықты іздеуге, қайраттанып еңбектенуге ынтасының болуы капиталистік қоғамның тірегі деген қорытындыға келді.

Ал бүгінгі статус-квоға көз жүгіртсек әлемдегі әртүрлі дін өкілдері арасынан шыққан ең бай, ең үлкен компаниялардың иелері протестанттар болып табылады. Мысалға алар болсақ, әлемнің ең бай әулеттерінің бірі Вандербильттер мен Рокфеллерлер, әлемдегі ең үлкен корпорациялардың иелері Билл Гейтсті, Мэри Кейді, Поль Геттиді, Гарольд Хантты, Джеймс Пенниді, Сэм Уолтонды және басқаларды атай аламыз [3].

ХХІ ғасырдағы Еуропа мемлекеттерін негізгі үш дін тобына бөле аламыз:

Бірінші протестанттық мемлекеттер тобы: Ұлыбритания, Германия, Дания, Исландия, Нидерланды, Норвегия, Финляндия, Швейцария және Швеция секілді 9 мемлекет кіреді (Германия, Нидерланды және Швейцарияда католиктер мен протестанттардың саны теңдей болғанымен бұл мемлекеттердің дамуында протенстанттықтың рөлі жоғары болғандықтан протестанттық мемлекеттердің санатына жатқызып отырмыз);

Екінші католиктік мемлекеттер тобы: Австрия, Бельгия, Венгрия, Ирландия, Италия, Испания, Мальта, Польша, Португалия, Словения, Словакия, Франция, Хорватия және Чехия сынды 14 мемлекет жатады;

Үшінші православиялық мемлекеттердің тобы: Болгария, Грекия, Кипр, Македония, Румыния және Сербия секілді 6 мемлекет кіреді [4].

 1 кесте – үлкен үш діни топқа жататын Еуропа мемлекеттерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің орта көрсеткіші [5].  

 Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес, Еуропада протестанттық дінді ұстанатын мемлекеттердің ЖІӨ $32965 құраса, католиктік мемлекеттердің адамдарының ЖІӨ $23519 сәйкес келіп отыр. Ал православиялық мемлекеттердің ЖІӨ көрсеткіші $12102. Протестанттықты ұстанатын Еуропа мемлекеттері  тек  Еуро-  пада ғана емес әлемдік аренада да алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатына жатады. Протестанттық Еуропа мемлекеттерінің басты бәсекелестерінің бірі АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия секілді протестанттық мемлекеттер екенін ескеру қажет. Салыстырмалы түрде сараптасақ, бұл статистика М. Вебердің теориясының бүгінгі күні де өте өзекті екендігін көрсетеді.

Сингапур. Ли Куан Ю «Үшінші әлемнен бірінші әлемге» атты еңбегінде Сингапур мемлекетінің дамуының сыры конфуциандық философияда жатқандығын айтады. Яғни, конфуциандық философиядағы еңбекқорлық, адалдық, сыпайылық, мемлекетке бағынушылық және  т.б.  құндылықтардың   халық   санасына орнығуы мемлекеттің қарыштап дамуына алып келді дейді [6]. Конфуцийлік философия: еңбек халықтың және патшаның байлығын молайтады және патриархалды-отбасылық қатынастарды реттеу – қоғамдық құрылым тұрақтылығының негізі деген секілді ойларды қамтиды. Мәселен, аталған философия адамды тәрбиелеуге бағытталған көптеген санаттар мен дәрежелерді белгілеген. Соның ішінде «И» санаты «борыш», «әділеттілік», «жауапкершілік»,«парасаттылық», «инабаттылық» секілді мағыналарды берсе, «Чжи» санаты адамның ақыл қызметін анықтайды. Мәселен, адамның білімділік, эрудиция, ақыл-ой мен аналитикалық қабілеттерге ие болуы. Ал «Син» санаты бойынша  адам  мемлекетке,  патшаға,  басшыға, әкеге және өзінің ұстанымдарына берік болуы керек [7]. Аталған санаттардағы әр адамның меңгеруі, білуі керек ұстанымдар ХХ ғасырдың екінші жартысында   аталған мемлекеттердің  алға жылжуының негізгі себептерінің бірегейі болды. Оңтүстік Корея. Бүгінгі ғаламдық экономиканың авангарды болып отырған Оңтүстік Корея  мемлекеті    халқының еңбекқорлығы конфуциандық еңбек этикасына негізделген. Мәселен, 1960 жылы Оңтүстік Кореяда жан басына шаққандағы ЖІӨ $79 болса [8], 2011 жылы $31 200 болған [9]. Яғни, соңғы 52 жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 394 есе өсіп әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірінен әлемдегі дамыған 15 мемлекеттің қатарына кіріп отыр. Оңтүстік Корея 788 жылдан бастап конфуциандықты қабылдады. Яғни тарихи уақыт тұрғысынан конфуциандық халықтың санасына енді. Дегенмен бұл мемлекеттің еңбек этикасына негізгі әсер еткен конфуциандық философиямен қатар Жапонияның қол астында болған кездегі қатал тәртіп пен Шығыс халқына тән психологияны атауға болады. Мәселен, 1985 жылы Ким Кионг Донг (Kim Kyong-Dong) есімді ғалым Оңтүстік Корея жұмысшыларынан «Егер Сізде жақсы өмір сүру үшін барлық қаражат жеткілікті болса Сіз жұмыс істер ме едіңіз?» деген сұраққа жауап алған. Нәтижесінде 96% жауап берушілер жұмыс істеуді жалғастарамыз деген. Бұл тұста Корея халқы үшін еңбек тек өмір сүру үшін емес, өзінөзі көрсету мен биік мақсаттарға жету үшін жасалуы керек қызмет екендігін байқауға болады [10]. Бүгінде бұл мемлекет жылына 2 357 сағат жұмыс істеп әлемдегі ең еңбекқор халықтардың біріне жатады.

Малайзия. Махатхир Мохаммад «Болашаққа жол» (The way forward) еңбегінде Малайзияда ХХ ғасырдың 60-70 жылдары конфуциандықты ұстанатын Қытайлар (үндістер мемлекет байлығының аз бөлігін иемденді, себебі үндістер еңбек күші ретінде мемлекетке тартылған еді) мемлекет байлығының 34.3%-ын иемденгенін және бүкіл сауда, өндіріс орындары, қала мәдениеті қытайлардың қолында болғандығын көре аламыз. Мемлекеттік байлықтың 63.3%-ы шетелдіктердің қолында болды. Осы тұста мемлекет халқының 56%-ын құраған малай халқы мемлекет байлығының тек 2.4%ын иемденгендігі және еңбек өнімділігінің аса жоғары болмағандығы жөнінде жазады. Яғни, конфуциандықты ұстанған қытайлардың сол уақыттағы Малайзиядағы рөлінен байқауымызға болады. Дегенмен, Махатхир Мохаммад «Малай халқы банан ағашынан түсіп, компьютерге отырулары керек» деген ой тастады [11]. Махатхир Мохаммадтың Малай халқын еңбекке тәрбиелеуі, кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыру саясаты кез келген халықтың еңбек өнімділігін арттыруға болатынын және еңбек өнімділігі тек ұстанған дінге  немесе  белгілі  бір философияға емес, сонымен қатар сауатты еңбек этикасын қалыптастыратын механизмге де (Малайзиядағы жаңа экономикалық саясат) байланысты екендігін көрсетті. Жиырма жылдың ішінде малай халқы мемлекет байлығының 30%ын иемденді.

Жапония. Еңбек өнімділігі жоғары мемлекеттердің санатына Жапония мемлекетін қоса аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыста үлкен жеңіліске ұшыраған Жапонияның экономикалық және әлеуметтік салалары әлсіреген еді. Дегенмен соғыс аяқталғаннан кейінгі 25-30 жылда Жапония әлемдегі ең қарыштап дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Жапония  әлемге  техника мен технологияның ең жаңа түрлерін алып келді. Өмір сүруге ең қолайлы мемлекеттердің алдына шықты. Әрине, Жапонияның осы сынды жетістігі халқының еңбекқорлығында, еңбекке деген қатынасында, әр адамның қоғам мүддесіне жұмыс істей алуында жатыр. «Бір өмір – бір жұмыс» деген қағида әр жапондықтың негізгі құндылығы болып табылады. Әр жапондық жұмысшы өзінің еңбек ететін жұмыс орнында адал және тұрақты қызмет  етуді  еңбек  жолының  басты  мақсаты деп санайды. Бүгінгі күндері ортақ мүддеден  жеке бастың мүддесі батыс мемлекеттерінде басымдыққа ие болып жатқанда, Жапонияда ортақ мүдде, ұжымдық мүдде қағидасы басымдыққа ие. Мәселен, жапондар өзінің жұмыс орнын «ути» деп атайды. «Ути» – отбасы, үй деген мағынаны береді. Бұл қағида адамның ары, намысы, негізгі мақтанышы.  Әр жапондық «мамандығын» қандай деген сұраққа өзінің жұмыс істейтін компаниясының    атын атайды. Жапондардың еңбек этикасында қалыптасқан «гири» деген сөз бар. «Гири» абырой және намыс борышы деген мағына береді [12]. Жапондық еңбек нарығының ерекшелігі – өмір бойы жалдау қағидасының болуы. Өмір бойы жалданған адам моральдық нормаларды бұзбаған және қылмыс жасамаған жағдайда формальды түрде зейнетақыға шыққанға дейін жұмыс істеу құқығына кепілдік ала алады.  Еңбек  келісімшартын  жұмыс  беруші де, жұмысқа жалданушы да ешқандай себепсіз бұза алмайды. Жалданушы фирмадан жұмыстан шыққан жағдайда ол жерге қайта орала алмайды және өзге компанияларға жұмысқа кіргенде бұрынғы істеген қызметтері есепке  алынбайды. Сондықтан жалданушылардың жұмыс орнын өзгертуге ешқандай мотивация болмайды. Жалданушыларға барлық әлеуметтік жағдайлар жасалғандықтан жұмысшылардың мобильділігі төмен, ал жұмысшылардың  өмір бойғы  жалдау қағидасы компанияларға жаңа, креативті кадрлардың келуіне тежегіш болады. Жапондық еңбек  этикасының  тағы  бір ерекшелігі – мансаптық өсу. Мансаптық өсу адамның  талантына емес, жас ерекшелігіне сәйкес жүреді. Адам тәжірибе жинап, жасы жоғарылаған сайын қызметінің де өсуіне мүмкіншілік жоғарылайды [13]. Еңбектегі  ақаулық, төменгі  сапа  мен жұмысқа немқұрайлылықпен қарау ұжымның атына кір келтіру деп есептеледі. Менеджмент жеке қызметкерді дұрыстауға емес, тұтас жұмыс үдерісін реттеуге ұмтылады. Жапондық еңбектің тағы бір ерекшелігі – жоғарғы басшылықтың (топ менеджменттің) жалақысы жаңадан кірген жұмысшының жалақысынан 7 еседен аспауында жатыр. Осы тұста Еуропаның компанияларындағы жалақы саясатын атап өтуге болады. Мәселен,  Швейцариялық Hostettler Kramarsch partner консалтингтік фирмасы 2012 жылы компаниялардағы жалақы  саясатына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижесінде көптеген компания менеджерлерінің қарапайым қызметкерлерден 100 еседен артық жалақы алатындығы анықталып және бұл жалақы саясаты әділетті емес екендігіне баға берілген. Жұмысшылар  топ-менеджерлердің   жалақысы 100 есе  емес 16-18 есе  көп  және  жалақы топ-менеджердің  жұмысының   тиімділігіне байланысты болуы керек деген пікірлерін білдірген. Респонденттер жалақы тағайындау барлық адамдарға қандай өлшемдер арқылы тағайындалғандығы көрсетіліп, ашық түрде жүргізіліп берілуге тиіс деген ұсыныстарын білдірген. Сондай-ақ әркімнің мүмкіндігіне, жұмыс өнімділігіне сай төленсе, компаниядағы бәсекелестік те, жұмыс өнімділігі де артар еді деген пікірлерін білдірген. Жұмыстағы жалақының әділетті тағайындалмауы «әлеуметтік ауыртпашылыққа» алып келу мүмкіндігін зерттеу көрсетіп отыр [14]. Мәселен, 1980 жылы аталған жалақы қарапайым америкалық жұмысшыдан  70  есеге  көп  болса,  бүгінгі  күндері АҚШ-тың «топ менеджерлері» қарапайым америкалық жұмысшыдан 204 еседен 364 есеге дейін жоғары жалақы алатындығы анықталып отыр [15]. Батыста қалыптасқан бұл феномен Жапонияда өз шешімін тапқан.

Адам Смит өзінің еңбек өнімділігіне берген классикалық анықтамасында: «халықтардың еңбегі мен жерінің өнімі капиталдың өсуін қамтамасыз етпей, жұмысшылардың еңбегінің өнімділігін және өндірістік күшті арттырмай, еңбекті дұрыс бөлмей жоғарыламайды және өнімді болмайды» дейді. Адам Смиттің бұл ойы бүгінгі уақытта үлкен маңызға ие. Осыған орай бүкіл әлемде еңбек өнімділігінің артуына себеп болатын бірнеше фактор қалыптасқан:

Физикалық және технологиялық факторлар. Физикалық капитал ұғымынан тауар мен қызметті өндіру үшін қолданылатын машиналар мен жабдықтар, ғимараттар мен түрлі объектілерді айта аламыз. Өнімділік физикалық капиталдың фундементалды факторы болып табылады. Мәселен, адам қол құралдарымен үйді 6-8 ай соқса, үлкен крандармен, басқа да құрылыс машиналарымен 1 айда соғуға болады. Бүгінгі күндері 20-30 адамның ісін бір аппарат істей алатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни, машина құралдарымен жұмыс өнімділігі бірнеше есеге артады, уақыт үнемделеді және еңбек жеңілдейді. Ғылым мен технологияның даму деңгейін және өндіріс пен қызметтің даму бағытын түсіне білуді технологиялық білім деп түсіне аламыз. Мәселен, жел энергиясын қолдану дәстүрлі жолға қарағанда барлық ресурстарды аз талап етеді. Ураннан үлкен көлемдегі энергияны алу еңбек шығынын аз талап етумен қатар ресурстық пайдаға кенелтеді. Адами капиталдың жоғарылығы технологиялық білімдерді игеруге, оны одан әрі дамытуға алып келеді.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Өндірістегі еңбек өнімділігінің жоғары болуы жұмысшылардың кәсіби деңгейіне, жұмысшылардың еңбекке қатынасына (еңбек құндылықтары), Ф. Герцберг атаған жұмыс жағдайына байланысты. Жұмысшылардың кәсібилігі үлкен маңызға ие. Себебі барлық жұмысшылар бірдей сапалы, өнімді қызмет атқармайды, дегенмен кәсіби жұмысшылардың мүмкіндігінше көп болуы еңбек өнімділігінің артуына алып келеді. Ал жұмысшылардың еңбекке қатынасы оның жұмысты қызығып не қызықпай, жауапты немесе жауапсыз істеуіне алып келетін фактор. Протестанттық және конфуциандық діндердегі еңбекке жауапты қатынас еңбек өнімділігін қалай арттырғанын М. Вебер  мен Ли Куан Ю еңбектеріндегі мысалдардан көрдік. Аталған факторлардың қатарына адам капиталы ұғымы кіреді. Адами капитал – адамның білімі, интеллекті, денсаулығы, сапалы және тиімді еңбегі. Адам капиталын жоғары деңгейге жеткізу мемлекет тарапынан адамның денсаулығын жақсартуға, білім мен ғылымды  көтеруге жағдай жасауы мен қаржы бөлуіне байланысты. Дамыған мемлекеттер ЖІӨ 5-10%-ға жуық білімге, 8-10% халықтың денсаулығын қорғауға бөледі [16]. Қазақстандық жағдайда 3-3.5% [17] әрқайсысына бөлу, әрине, жеткіліксіз.

Табиғи ресурстық факторлар. Бұл санатқа жер, су, табиғи пайдалы қазбаларды және т.б. ресурстарды айта аламыз. Табиғи ресуртардың болуы еңбекті қолданудың аясын барынша кеңейтеді, өңдірісті көтереді және мемлекеттің дамуын әрі қарай жылжытады. Мәселен, Жапонияның табиғи ресурстарының шектеулі болуы мемлекеттің әрі қарайғы дамуын тежеп отыр. Халықтың өсуі, экономиканың жаңа секторларды меңгеруі тұрғысынан шектелуімен қатар мемлекеттің әртарапты дами алмауы байқалып отыр. Сол үшін Жапония әлемнің көптеген мемлекеттеріне әртүрлі салаларға инвестиция салуға мүдделі. Әлемде табиғи ресурстарға бай, бірақ дамуы қарқынды емес мемлекеттерге ресурсқа тәуелді мемлекеттер инвестиция жасайтыны тәжірибеден белгілі. Яғни, өзінің күшін одан әрі қуаттау мақсатында өзге мемлекеттердің табиғи ресурстарына инвестиция салу маңызды болып табылады. Ал әлемнің кейбір ұсақ мемлекеттері табиғи ресуртардың шектеулі болу себебінен бар болғаны бір-екі секторды дамытумен шектеліп отыр.

Еңбекті басқару және ұйымдастыру факторы. Мекемедегі еңбек жағдайын жасау, персоналды мотивациялау, жалақы саясатын әділ және ашық жүргізу, еңбек қақтығысына жол бермеу еңбек өнімділігіне тікелей қатысты факторлар болып табылады. Трансұлттық корпорациялар бүгінгі күндері ұйымдастырушылық факторларға үлкен мән береді. Мәселен, кейбір корпорациялар үлкен ғимараттың ішінде өмір сүруге, еңбек етуге, шоппинг жасауға, демалуға және т.б. жағдайларды жасауға  ұмтылуда.  Яғни, адам бір ғимараттың ішінде өмір сүреді, еңбек етеді. Гонг-Конг, Нью-Йорк секілді үлкен қалаларда қызметкерлердің сыртқа шығып, қаланың кептелістерінде уақытын жоғалтпау үшін, артық уақытты үнемдеу мақсатында осындай жағдайлар жасап жатқан компаниялардың саны бүгінде артып келеді.

ХХ ғасырда әлемде құрылған барлық социалистік мемлекеттерде адамның ойлау еркіндігіне,еңбекке мотивациясына, мәдениетіне, дініне, салт-дәстүріне шектеу қойылып, стандартталды. Барлық нәрсе стандартталған жағдайда қандай өркениетті қоғам болмасын құлдырауға ұшырайтындығын ХХ ғасыр көрсетті. Яғни, халықтың еңбек өнімділігі, экономикалық жетістігі халықтың діни ұстанымында қалыптасқан құндылықтармен қатар, мемлекеттің ұстанған саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне де байланысты екен. Мәселен, АҚШ және КСРО, діні мен мәдениеті бір Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея мемлекеттерінің тарихы бұған дәлел.

Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея. Тарихы, салт-санасы, менталитеті, діні, мәдениеті бір Корея халқы 1945 жылдан кейін социолизмдік даму бағытын алған Солтүстік Корея және капитализмдік даму бағытын алған Оңтүстік Корея деп екіге  бөлінді.  Әртүрлі  даму  жолды таңдаған ұлты бір екі мемлекеттің жеткен жетістіктерін бүгінгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен көре аламыз.

  2-кесте – Оңтүстік және Солтүстік Корея мемлекеттерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша көрсеткіштері [18].

 АҚШ және КСРО. Капитализмді ұстанған АҚШ пен социализмді ұстанған КСРО-ны салыстыруға болады. ХХ ғасырдың 60-90 жылдары АҚШ халқының еңбек өнімділігі КСРО халқының еңбек өнімділігінен жоғары болды. Бірақ  КСРО-ның  табиғи  ресурстары   АҚШтың  табиғи  ресурстарынан  жоғары   болмаса кем болмады. АҚШ-тың технологиялық және физикалық капитал тұрғысынан жоғары деңгейде болғаны белгілі. Мәселен, КСРО халқы 19701980 жылдары колхоздарда мақтаны мыңдаған адамдар қолмен жинап жатқанда АҚШ-тың бір фермері оны техника күшімен жинаған болатын. Көліктерді құрастыру АҚШ-та роботтың көмегіне жүгініп жатқанда КСРО-да бұл үдеріс ескі технология мен адамның қол күшіне негізделген еді. Мұндай мысалдар мемлекет өмірінің барлық салаларына қатысты болды.

 3 кесте – КСРО мен АҚШ-тың экономикасының салыстырмалы ақпараты (1990) [19].

АҚШ халқының КСРО халқына қарағандағы еңбек өнімділігінің жоғары болуы еңбекке қатынасы мен мотивациясы және құндылықтарына байланысты болды. АҚШ халқы еңбек етсе өзі үшін, өзінің әлеуеті үшін еңбек етіп жатқанын білді. Ал КСРО халқы еңбек етсе оның жемісін көретініне, қасындағы әріптесіне қарағанда жақсы жалақы алатынына сенген жоқ. Америкалық болса қаншалықты еңбек етсе, соншалықты нәтижесін көрді [20]. Кәсіпкерлер демалыссыз жұмыс істеді, бәсекелестіктен даму күшейді, технологияларды бір-бірінен озу үшін, халыққа қызметін күшейту үшін пайдаланды. Ал КСРО халқының ұзақ уақыт мемлекетке қол созып отыруы патернализм мен инфантилизмге алып келді. Еркін нарық қоғамындағы халықтар қаншалықты еңбек етсе, соншалықты қуатты болатындығын жақсы түсінді.

Мақаламызда талданған мәселелерді талдай келе келесі қорытындыға келіп отырмыз:

  1. Экономикалық өсім халықтың еңбек этикасына байланысты.
  2. Адамның еңбекқорлығы  халықтың мәдениетіне, дініне, тарихына, менталитетіне байланысты.
  1. Макс Вебер қоғамда капитализм  дамуы үшін индивидуализм дамуы керек деп қорытынды жасады, дегенмен Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерінің дамуы коллективизм жағдайында да капитализмнің дамуы мүмкін екенін көрсетті.
  2. Протестанттық және конфуциандық этиканы (және басқа да еңбек этикаларын) ұстанатын халықтар социолизмдік даму жолын таңдаған жағдайда мемлекет дамымайды, халықтың еңбек өнімділігі төмен болады.
  3. Мемлекеттің дамуы мен еңбек өнімділігінің жоғары болуында табиғи ресурстық факторлар, физикалық және технологиялық факторлар, әлеуметтік-экономикалық факторлар және еңбекті дұрыс басқару факторлары маңызды рөл атқарады.
  4. Халықтың еңбек құндылықтарын қалыптастыру, еңбекке мотивациялау, еңбек этикасын жасақтау мемлекеттің қарқынды дамуына алып келеді (Малайзия мысалы).

 

Әдебиеттер

 

  1. Вебер М. Избранное. Образ общества / пер. с нем. – М., 1994.
  2. Макс Вебер. ПРОТЕСТАНТСКАЯ ЭТИКА И ДУХ КАПИТАЛИЗМА. Избранные произведения: Пер. с нем./Сост., общ. ред. и послесл. Ю. Н. Давыдова; Предисл. П. П. Гайденко. — М.: Прогресс, 1990. —808 с.— (Социологич. мысль Запада).
  3. Towards the protestant’s Labour ethics critique, Vladimir Makarov, Вестник ЧитГУ № 2 (81) P-114.
  4. Протестантсво двигатель прогресса? http://newparadigma.ru/engines/npforum/read.aspx?m=298899
  5. European countries by GDP per capita > GDP Per Capita (most recent) by country. http://www.nationmaster.com/graph/eco_ eur_cou_by_gdp_per_cap_gdp_per_cap-european-countries-gdp-per-capita
  6. Lee Kuan The Singapore Story: 1965 – 2000. From third world to first. Harper Collins Publishers, N.Y., USA, 2000
  7. Ольга Долгих. Конфуцианство: традиции и современность. http://www.lib.csu.ru/vch/10/2003_01/010.pdf
  8. Strategy for Industrial Development and Growth of Major Industries in Korea. Korea Institute for Development http://www.kds.re.kr/pds/102/MRDA_2010_4.pdf
  9. CIA World Central intelligence agency. https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/ks.html
  10. Kim, Kyong-Dong. Man and Society in Korea’s Economic Growth (Seoul: Seoul National University Press, 1985).
  11. The Way Forward,. Dr Mahathir bin Mohamad. The  Way Wiedenfeld & Nicolson, London, UK, (1998) isbN0-297-84229-3.
  1. Трудовая этика японских рабочих. http://leaner.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=48&Itemid=3
  2. Чайников Ю.В. Трудовая этика в Японии. Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зарубежная литература. Серия 9: востоковедение и африканистика. Реферативный журнал. Издательство: Институт научной информации по общественным наукам РАН (Москва)ISSN: 2219-8822.  № 3, 2000 г,  Стр: 138-148
  1. Швейцарцы за ограничение зарплат топ-менеджеров / The Swiss Want to Limit Salaries of Top-managers http://www.ch/news/14149
  2. Сколько зарабатывают американские топ-менеджеры. http://www.rb.ru/inform/66057.html
  3. Total expenditure on health as % of GDP (most recent) by country, http://www.nationmaster.com/graph/hea_tot_exp_on_hea_ as_of_gdp-health-total-expenditure-gdp
  4. Education spending (% of GDP) (most recent) by country http://www.nationmaster.com/graph/edu_edu_spe-education-spending-of-gdp
  5. CIA World Factbook . Central intelligence agency. https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/kn.html
  6. “1990 CIA World Factbook”. Central Intelligence Retrieved 23 July 2010.
  7. Чем важна производительность труда? http://fortrader.ru/articles_forex/chem-vazhna-proizvoditelnost-truda.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.