Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Данди стресс сұрақнамасының қазақ тілді нұсқасын бейімдеу туралы

Тұлғалық сұрақнамалар өмір іс-əрекетінің барлық саласында адамның психологиялық ерекшеліктерін бағалауда кең қолданылуына байланысты тұлғаны зерттеудің ең тиімді əдістерінің бірі болып саналады. Сонымен бірге, практикалық психология саласы халықаралық ғылыми зерттеулерде қолданылатын тұлғалық сұрақнамалардың валидтілігі мəселесіне ерекше мəн береді. Осындай сұрақнамаларға Данди стресс сұрақнамасын (ДСС) жатқызуға болады.

Алғашқы кезеңде батыстық психология ғылымында J.S.Warm жəне оның серіктес авторлары (2008) стрестің жеке компоненттерін қарастыру мақсатында тапсырманы орындау барысындағы стресс жағдайын зерттеуге бағытталған сұрақнамалар өңдеді (мысалы, The scales of the Thackray questionnaire, Stanford Sleepiness Scale, the Yoshitake scale) [1].

Стресті эмоциялық, мотивациялық жəне когнитивтік компоненттерді өзіне енгізген көп өлшемді көрсеткіш ретінде зерттеу қажеттілігінен Matthews G. жəне серіктес авторлары (1999 ж.) зерттеу жұмыстарын жүргізген Данди университетінің (Ұлыбритания) құрметіне қойылған Dundee  Stress State Questionnaire (стрестік күйді анықтайтын Данди сұрақнамасы) деп аталатын стрестік күйді өлшеу сұрақнамасын құрастырды. Психикалық функция трилогиясы идеясынан (“trilogy of mind”, Hilgard, 1980) [2], негіз ала отырып авторлар тапсырманы орындау нəтижесіндегі стрестік күйдің динамикалық өзгерісі мен субъективті күйін зерттеудегі үш компонетті бағытты ұсынды. Бұл бағыт тапсырманы орындау міндетіндегі аффективті, мотивациялы жəне когнитивті күйлер арасындағы өзара əрекетті бағалауға мүмкіндік береді.

Дегенмен, тапсырманы орындау динамикасында мүмкін болатын нəтиже бойынша стресс, қажу жəне мазасыздану байқалады, мотивация өзгереді, соңғы тиімділігі объективтік мінез-құлық ретінде субъективтік жауаптарға əсер ететін эмоциялық реттеу мен стратегия таңдау, ойлаудың өзіндік  реттеу процесіне тəуелді болады. Бұл сұрақнаманың теориялық-методологиялық негізі алдыңғы мақалаларымызда көрсетілгендей R.Thayer (1978) активация теориясы, R.S.Lazarus (1984, 1999) эмоция жəне стресс теориясы, психологиядағы ресурстар теориясы (Davies, Parasuraman, 1982; Humphreys, Revelle, 1984), өзін-өзі реттеу теориясы (Carver & Scheier, 1990) болып табылады [3, 4].

Мультивариативті бағыттар шеңберіндегі G.Matthews көп жылғы зерттеулері ресурстарды бөлудегі энергетикалық қозу, индивидуалды өзгешеліктер мен өзін-өзі реттеу процестерінің арасындағы қатынастарды анықтауға арналған тапсырманы орындауға еліктіру теориясын құруға алып келді. Еліктіру түсінігін автор бейімделу арқылы оның шарттарына тапсырманы орындауға индивидтің күш салуын көрсететін субъективті жағдайды түсіндіреді [2].

G.Matthews жəне оның серіктес авторларының эмпирикалық зерттеулері еліктіру зейін ресурстарының мүмкіндігі туралы, сонымен бірге тапсырмаға ресурстардың тиімді бағытталуын жəне мобилизация стратегиясын іздеу ретіндегі когнитивтік-адаптивтік процестерінің көрсеткіштері болып табылатынын дəлелдеді [5-8].

Тапсырманы орындауға еліктіруді зерттеу өзектілігі практикалық психологияның сұранысымен ерекшеленеді. Мысалы, қазіргі жағдайларда еңбек іс-əрекетінің интенсификациясы, біліктілік сипатының жоғары талаптары қазіргі күні жұмыс орнында қысым мен мазасыздану күйін білдіретін көптеген аттестациялық тəртіптерді орнатты.

Тапсырманы орындауға еліктіру параметрлерін зерттеу эмоциялық жəне когнитивтік процестер интерференциясының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бұл сұрақнаманы «мінезқұлықтың мақсаты мен мотивтерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен идеалдарын  көрсететін» кəсіби бағытының жүйелі бағалауын зерттеуге қолдануға болады. Бұл сұрақнама қазіргі уақытта операторлар, авиадиспетчерлер, автокөлік жүргізушілерін жəне т.б. кəсіби жарамдылығы мен кадрлық диагностика жүргізу үшін кең тұрғыда қолданылуда.

Осыған байланысты біз Данди стресс сұрақнамасын эмоция жəне ойлау бірлігі принципі негізінде өзін-өзі реттеу процестеріне кешенді зерттеу жүргізуіміз үшін таңдадық. Біздің эксперименттік зерттеуімізге бұл сұрақнаманы дұрыс қолдану үшін ДСС қазақ тіліне аударылды жəне бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақаланың мақсаты оқырмандарға Данди стресс сұрақнамасымен жəне оның қазақ тілді нұсқасын бейімдеу нəтижелерімен таныстыру болып табылады.

Данди стресс сұрақнамасының екі формасы бар: біріншісі, көңіл-күйді, мотивацияны, когнитивтік стиль жəне ойлар мазмұнын бағалау үшін жалпы фундаменті бар тапсырманы орындауға дейін жəне орындап болғаннан кейінгі күйді өлшеу. ДСС-тің екінші формасында қолданған стратегияны таңдау, жүктеме жəне тапсырманы орындау кезінде кеткен ресурстарды қосымша бағалау берілген.

ДСС-тің екі формасының жалпы шкалалары:

  1. «Көңіл-күй» – адамдардың сезімі мен көңіл-күйлерін сипаттайтын сын есімдерді біріктірген 29 пункттен тұратын шкала (мысалы, «Қуанышты», «Сабырлы», «Ашулы»). Бұл шкаланың негізінде ДСС-тің энергетикалық (energetic arousal), қызбалылық (tense arousal), гедондық тон (hedonic tone), фрустрация (anger frustration) факторлары берілген. Бұл тізімнің ағылшын тіліндегі нұсқасы (Mood Adjective Checklist,UMACL; Matthews et al., 1990) эксперименттік зерттеулерде (Matthews, Davies, & Lees, 1990) жəне шынайы стрессорларды зерттеу саласында (Matthews, Dorn, & Glendon, 1991) [5,7] валидизацияланды.
  2. «Мотивация» – сыналушының орындайтын тапсырмаға қатынасын көрсететін, яғни бірінші бөлімде орындауға тиісті (мысалы, «Егер мен бұл тапсырманы орындай алмасам уайымдаймын»,

«Мен басқаларға қарағанда тапсырманы жақсырақ орындауды қалаймын») немесе орындап болғаннан кейінгі (мысалы, «Мен басқаларға қарағанда тапсырманы жақсырақ орындауды қаладым») пікірлерді біріктірген 15 пункттен тұратын шкала. Мотивация екі көрсеткішке бөлінген: сəттілік мотивациясы жəне ішкі мотивация.

  1. «Когнитивтік стиль» – өзіне зейін аудару (Self-Focus), өзін–өзі бағалау (Self-Esteem), шоғырлану (Concentration), сенім жəне бақылау (Confidence-Control) көрсеткіштерін біріктірген 30 пікірден тұратын шкала (мысалы, «Мен тапсырманы сəтті орындай аламын ба деп мазасызданамын», «Менің ойларым шатысты жəне оны басқару қиынға соғып тұр»).
  2. «Ойлардың мазмұны» («Тhinking Content») – сыналушының тапсырманы орындау кезінде пайда болған ойларына қатысты пікірлерді біріктірген 16 пункттен тұратын шкала (мысалы, «Мен осы тапсырманы басқалар қалай орындады екен деп ойлаймын», «Мен өзімнің мүмкіндік деңгейім туралы ойлаймын»). Бұл шкала мазмұнына байланысты екі көрсеткішке бөлінеді: релевантты тапсырмаға когнитивтік интерференция (task-relevant cognitive interference), релевантты емес тапсырмаға когнитивтік интерференция (task-irrelevant cognitive interference).

Келесі қосымша шкалалар сипаттамасы ДСС-тің екінші формасында көрсетілген:

  1. «Жүктеме» (workload) сыналушының тапсырманы орындау кезіндегі өзінің физикалық жəне ақыл-ойлық күшін, сонымен бірге уақыт қысымын бағалауға арналған 6 пікірден тұратын шкала (мысалы, «Сіз үшін қаншалықты ақыл-ой күші жұмсалды», «Тапсырма элементтерін орындау кезінде сəйкес жылдамдықты сақтау үшін уақыт қысымын қалай сезіндіңіз?» жəне т.б.). Бұл шкала жүктемені бағалауға арналған сұрақнамаға NASA-Task Load Index (NASA-TLX; Hart & Staveland, 1988) [10] негізделген.
  2. «Тапсырма туралы пікір» (opinions of the task) сыналушының тапсырманы орындау барысында алған əсерлерін көрсететін 12 сын есімнен тұратын шкала (мысалы, «Жағымды», «Əсерлі»).
  3. «Мəселені шешу» (dealing with problems) сыналушының тапсырманы орындау кезінде кездескен мəселелер мен қиындықтарды қалай жеңгенін сипаттайтын 21 пікірден тұратын шкала (мысалы, «Сəтті орындау үшін стратегия ойлап таптым», «Басқа істерді орындау үшін өз күшімді сақтауға шешім қабылдадым»).

Matthews G. жəне оның серіктес авторлары осы 10 көрсеткіштерді факторлық талдау негізінде «тапсырманы орындауға еліктіру», «дистресс» жəне «мазасыздану» деп аталатын үш негізгі факторларды анықтады. «Тапсырманы орындауға еліктіру» факторы энергетикалық көрсеткіштермен, мотивация жəне шоғырлану, гедондық тон жəне релевантты емес тапсырмадағы когнитивті интерференцияның төмендеуімен анықталды. Бұл эмоциялық, мотивациялық жəне когнитивтік сфераларды біріктіретін біршама интегралды фактор. «Дистресс» факторы өзіне деген сенімділіктің төмендігімен гедондық тонның жоғары қысымы жəне төменгі көрсеткіші үйлесімді болған когнитивті жəне көңілкүй шкаласында анықталды. «Мазасыздану» факторы когнитивті болып табылады жəне «өзіне зейін аудару», «өзін-өзі төмен бағалау», «релевантты емес тапсырмадағы интерференция» көрсеткіштерін қамтиды [5, 11].

Эксперименттік тапсырманы орындауға еліктірудегі зейін тұрақтылығын зерттеуге арналған зерттеуімізде біз сұрақнаманың қазақ тілді нұсқасын қолдандық. Бұл экспериментті жүргізу үшін  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет жанындағы этика комитетінен алдын ала рұқсат алынды.

Зерттеуге əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ бөлімінде оқитын 80 студенті қатысты (55 қыз жəне 25 ұл). Таңдамалылардың орташа жасы 24,5-ті құрады.

Экспериментке психоневрологиялық жəне психиатриялық клиникада тіркелмеген, сонымен  бірге зерттеу барысында созылмалы аурудың асқынуы немесе физикалық əлсіздігі жоқ сыналушылар қатысты. Сыналушылар Цинциннати университетінің (АҚШ) лабораториясында жүргізілген G.Matthews E-Prime бағдарламасында өңдеген зейіннің тұрақтылығын анықтайтын эксперименттік тапсырманы орындады [8,12].

Сыналушылар 58 минуттық эксперименттік тапсырмаға дейін жəне тапсырмадан кейінгі ДССтің екі формасын толтырды.

ДСС апробациясы эксперименттік тапсырманы апробациялаумен қатар жүрді. Пилотажды зерттеуге 23 сыналушы қатысты. Бірінші кезең сұрақнама аудармасының əлсіз жақтарын тексеруге жəне екінші кезеңге дейін түзетуге мүмкіндік берді. Тапсырманы орындау тиімділігінің төмендегені пилотажды зерттеуде көрінбегендіктен эксперименттік тапсырма сəл қиындатылды.

Мəліметтерді статистикалық талдау SPSS15 бағдарламалық пакеті арқылы жасалды, əрбір сыналушының көрсеткіші бойынша альфа Кронбах коэффициенті есептелінді. Данди стресс сұрақнамасының ағылшын тіліндегі нұсқасы көптеген эксперименттік зерттеулерде жеткілікті түрде апробацияланған жəне валидтелген [5-8]. Біз зерттеуімізде альфа Кронбах коэффициентін қолдану арқылы аударылған нұсқаның сенімділігін тексердік. Альфа Кронбах коэффициентін қолдану сұрақнаманың ішкі келісімі мен оның сенімділігін анықтауға мүмкіндік берді. Альфа Кронбах коэффициенті көмегімен алынған ДСС-тің сенімділік шкала көрсеткіші 1-кестеде берілген.

 1-кесте ДСС-тің қазақ тілді нұсқа шкалаларының сенімділік көрсеткіштері

 1-кестеде көрсетілгендей альфа коэффициентінің деңгейі ДСС-тің қазақ тілді нұсқасындағы барлық шкалаларында 0,62 – 0,92 аралығын көрсеткені осы шкалалардың сенімділік деңгейінің жеткіліктілігін дəлелдейді. Сонымен, алынған мəліметтер сұрақнаманың қазақ тілді нұсқасының ішкі үйлесімділігін көрсетеді. Оны біздің тапсырманы орындауға еліктірудегі стрестік күйді зерттеуге қолдануға болатындығын анықтады.

 

 Әдебиеттер

  1. Жолдасова М.К., Кустубаева А.М., Жақыпов С.М., Дж. Мэттьюс., Камзанова А.Т. Экзекутивті бақылау жəне тапсырманы орындауға қатысу // Қазақстанның жоғары мектебі. – – № 1. – Б. 83-87.
  2. Hilgard, E. R. (1980). The trilogy of mind: Cognition, affection, and conation // Journal of the History of the Behavioral Sciences. – 1980, No. 16. – Р. 107–117.
  3. Камзанова А., Джакупов С.М., Дж. Мэттьюс, Кустубаева А.М. Понятие вовлеченности в зарубежной психологии // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. – 2010, № 2 (33). – C. 11-14.
  4. Камзанова А., Джакупов С.М., Мэттьюс Дж., Кустубаева А.М. Перспективы развития теории вовлеченности в решение задач // Материалы 5-й Международной научно-практической конференции «Духовнонравственное наследие И.П. Павлова и современная научная мысль». Рязань, – C. 24-29.
  5. Matthews G., Campbell S.E., Falconer S., Joyner L.A., Huggins J., Gilliland K. Fundamental Dimensions of Subjective State in Performance Settings: Task Engagement, Distress, and Worry// Emotion. 2002,Vol. 2, No. 4. – Р. 315–340.
  6. Мatthews, G., Davies, D. R., & Lees, J. L. Arousal, -extraversion, and individual differences in resource availability // Journal of Personality and Social 1990, No. 59. – Р. 150–168.
  7. Matthews G., Davies D. R., Westerman S.J., Stammers R.B. Human performance: cognition, stress and individual differences. Great Britain: Psychology Press, 2000. – 382 р.
  8. Matthews, G., Dorn, L., & Glendon, A. I. Personality correlates of driver stress // Personality and Individual Differences. 1991, No.12. – Р. 535–549.
  9. Марков А.С., Иоаниди А.Ф. Психолого-педагогическая проблема поддержания высокого уровня военно-профессиональной направленности курсантов военных вузов // Российский научный журнал. 2011, 1(20). C. 145-152.
  10. Hart, S. G., & Staveland, L. E. (1988). Development of a multidimensional workload rating scale: Results of empirical and theoretical research. In P. A. Hancock & N. Meshkati (Eds.), Human mental workload. – Amsterdam: Elsevier, 1988. – Р. 139–183.
  11. Кустубаева А.М., Камзанова А.Т., Дж. Мэттьюс, Джакупов С.М., Толегенова А.А., Жолдасова М.К. Адаптация русскоязычной версии Данди стресс опросника // Российский научный журнал, 2011. №3(22). – С. 118-123.
  12. Warm J.S., Parasuraman R., Matthews G. Vigilance Requires Hard Mental Work and Is Stressful // Golden Anniversary Special Issue. HUMAN FACTORS. 2008, Vol. 50, No. 3. –Р. 433-441. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.