Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əдістемелік тренинг қатысушыларының ең жиі қоятын сұрақтары жайында

Тренинг барысында анық уақыттық шектерді қалай ұстап тұруға болады?

Уақытты минуттар бойынша дəл есептеу мүмкін емес. Сіз бағдарламаны жазғанда, жай ғана шамамен оның уақытын есептеуге тырысыңыз. Мысалы, кез келген рөлдік ойын əдетте бір сағат, көп дегенде бір жарым сағат алады. Бір жарым сағаттан көп созудың мəнісі жоқ – адамдар шаршап кетеді. Сондықтан, егер ойын ұзағырақ болса, сіз оны қысқартасыз, ал егер қысқа болса, сіз оны созасыз, немесе шағын екі ойын өткізесіз. Өйткені, əрқашан сəл ұзағырақ сөйлеуге, түсініктемелерді өрістетуге болады жəне керісінше. Егер ойын бейнекамераға түсірілетін болса, сəйкесінше, талдау мен талқылау уақыты артатындығын есепке алу қажет. Егер сіздерде уақыт қалатын болса, қатысушылардан осы ойында тағы не көргендіктерін сұрауға, содан соң өзіңізге түсініктеме беріп өтуге болады.

Шын мəнінде, тренингтегі уақыт өте оңай түрлендіріледі. Бірақ, қалай болғанда да, үзілістердің анық уақыттық шектерін жəне тренингтің аяқталуының нақты уақытын белгілеудің қажеті жоқ, шамамен аяқталу уақыты туралы айтқан дұрыс.

Үзіліске немесе тренингтің аяқталуына дейін жиырма минут қалып, топтың кенеттен, əрі іс бойынша талқылауды бастауы жəне осылайша, 40-50 минут өтетіні жиі кездеседі. Егер уақыт болса, онда тренингтің аяқталуының сəл бөгелгенінде тұрған ештеңе жоқ. Аяғына дейін істемегеннен гөрі, сəл артық істеген жақсы. Бірақ күн тəртібін (үзіліс шамамен əрбір бір жарым сағат сайын) сақтаған дұрыс. Тəжірибе көрсеткендей, бұл топ жұмысы тəртібінің оңтайлы нұсқасы.

Жаттықтырушының секунд көрсететін сағаты немесе қандай да бір арнайы сағаты болуы қажет пе?

Негізі, секунд көрсететін сағат болғаны кейде ыңғайлырақ. Мысалы, қандай да бір ойында тапсырманы барынша жылдам орындау қажет екендігін айтамын жəне əдейі көрсете отырып, секунд өлшегішті қосамын. Біріншіден, бұл ойынды əлдеқайда серпінді жəне белсенді етеді. Екіншіден, тапсырманы жылдамырақ орындауға тырысып, қатысушылар көбірек қате жібереді. Ал бұл – ойын талдауына арналған материал. Үшіншіден, бұл оқып-үйрену мезеті – қатысушылар уақытқа көңіл бөледі, ал бұл кез келген іс-əрекеттегі маңызды ресурс, осылайша, жанама түрде қатысушылар, уақытқа дəлірек бағдарлана отырып, өз іс-əрекеттерін жоспарлауға үйренеді.

Кейде жаттықтырушыға, топтың өтініші бойынша немесе өз ынтасымен, қандай да бір жағдайда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, яғни, дұрыс мінез-құлықты өзінің көрсетуіне бола ма?

Ешқашан мұндай ештеңе істеуге болмайды. Əрқашан қате жіберу қаупі болады. Жəне ондай жағдайда, біріншіден, жаттықтырушының беделі күрт төмендейді. Ал екіншіден, тіпті жаттықтырушы қажет болғандай жасай алмаса да, топқа əлденені дəлелдеу енді мүмкін болмайды.

Бірақ тіпті жаттықтырушы бəрін жақсы істесе де, мұны жаттықтырушы істеген болып шығады. Ал тренингтік топта жаттықтырушы емес, топ жаттығады ғой. Ендеше, «көрпені өзіңе қарай тартудың» қажеті не?

Жаттықтырушының өзінің, мысалы, «Мафия» немесе «Қолтырауын» сияқты көңілді ойындарды ойнағысы келетіні болады. Ойын қызығына беріліп кетіп, қатысушы сияқты ойнауы мүмкін. Ал жаттықтырушы топты алып жүруі жəне үнемі жағдайды қадағалап отыруы тиіс.

Əрине, жаттықтырушының қатысуы топ үшін қажет болатын жағдайлар да болады. Мысалы,  жұппен жұмыс істеу кезінде біреуі, оны тым жақсы білетіндіктен, өзінің əріптесімен жұмыс істей алмайтындығын айтады. Ондай жағдайда жаттықтырушының қатысу нұсқасы ықтимал. Немесе қысылтаяң нұсқаны – қиын клиентті ойнап көрсету қажеттілігі туындайды. Көбінесе қатысушылардың өздері мұндай клиентті ойнай алмайды. Ол кезде бұл рольді жаттықтырушы ойнайды. Бірақ тек анық қажеттілік бар болып, жаттықтырушы топ үшін бұл ең жақсы нұсқа деп шешкенде, себебі, оның ойынша, топ қатысушыларының біреуі де бұл жағдайды дұрыс көрсете алмайтын болғанда ғана.

Жаттықтырушы өзі үйрететін нəрсенің бəрін қаншалықты меңгеруі тиіс?

Жаттықтырушы үйрете білуі тиіс. Үйрете білу жəне өзің жасай білу дегеніміз – əр түрлі нəрселер. Құтқарушы болу үшін, өзің суға бата білудің қажеті жоқ. Құтқара білу қажет.

Тренинг дегеніміз – əрқашан жаттықтырушыны жаттықтырушы ретінде дамыту үшін себеп. Жаттықтырушы топтан оны қалай алып жүру керектігін үйренеді. Қатысушы болуды емес, топты қалай алып жүруді. Бұл үнемі жүзеге асып отырады, өйткені, əрбір топ – əрқашан жаңа.

Жаттықтырушының конспект қолдануына жəне тренингте жазбалар жүргізуіне бола ма?

Барлығы да болады. Көптеген жаттықтырушылар осылай жұмыс істейді жəне оның үстіне, бұны дұрыс деп санайды. Бірақ мен, жазбаларды пайдалана отырып немесе əлденені – аттарды немесе қандай да бір сөздерді жазып ала отырып, жаттықтырушы ұпай жоғалтады деп ойлаймын. Негізі, жаттықтырушы топта тым болмаса үш-төрт ұпай жинауы тиіс, ал бұл үшін мүмкіндік көп емес. Олардың бірі – «тап- таза» – əлденеге қараусыз, шпаргалкасыз, тағы да бірдеңесіз жұмыс істеуге əрекеттену. Əрине, сіздің үстеліңізде қандай да бір қағаздар жатуы мүмкін. Жəне сіз топқа тапсырма бергенде, өзіңіз осы уақытта əлденені қарап немесе оларға əлденені белгілеп ала аласыз. Бірақ топта үнемі қағаз парақтарымен отыру менің өз басыма ұнамайды. Біріншіден, бəрі жаттықтырушының есте сақтау қабілеті аса жақсы емес екендігін көреді. Екіншіден, топ: «Ол не жазып алып жатыр екен? Бəлкім, біз туралы əлдене жазып жатқан болар», - деп ойлап қалуы мүмкін. Мұндай жағдай қатысушыларды ширықтырады. Сондықтан мен мұны артық деп санаймын. Бұдан басқа, жазбаларсыз жұмыс істеу сізді қандай да бір əзірленімдерден босатады да, сіз топтағы жағдайға көбірек бағдарланасыз жəне шынында да əлдеқайда кəсібилене түсесіз.

Көбінесе тренинг қатысушылары өздерінің қандай да бір жағдайда дұрыс ойнағанын, немесе дұрыс ойнамағанын жаттықтырушының қалай бағалайтындығын білгілері келеді. Көбі бірден кері байланыс болуын өтінеді. Жаттықтырушы не деп жауап беруі тиіс?

Жағдайға байланысты, бірақ ешқашан баға бермеуі тиіс. Қатысушының қандай да бір жағымсыз рольді жақсы ойнағандығы соншалық, топ эмоциялармен отырып, оған артық, жағымсыз əлдене айта бастайтыны болады. Ондай жағдайда адамды қорғау қажет. Егер ол өзінің ролін жақсы ойнаса, бұл оның шын мəнінде сондай екендігін білдірмейтіндігін айтуға болады. Актерлерді мысалға келтіруге болады. Ал талқылау кезінде біз нақты адамды емес, ал жаттықтырушы одан ойнап беруін сұраған рольді талқылайтындығымызды қосып айтуға болады. Егер ол бұдан жаман ойнаса, талқылау осындай қызықты болмас еді деп айтуға болады.

Егер сізге адамды қолдау қажет болып көрінсе, «Біз мұның қалай қиын болуы мүмкін екендігін көрдік. Жарайсың, сондай жақсы ойнадың, өйткені, енді, кез келген осыған ұқсас жағдайға ұшырағанда, сен өзіңді жайлырақ сезінетін боласың. Нəтиже деген осы», - деп айтуға болады.

Күннің немесе бүкіл тренингтің соңында топқа: «Қиын жағдайларға, айтарлықтай күрделі тапсырмаларға қарамастан, сендер бүгін өте жақсы ойнадыңдар. Бұл барлығына арналған тапсырма болатын жəне сендер оны жақсы орындап шықтыңдар», - деп айтуға болады.

Тренингтен кейін қатысушылар психолог ретінде жаттықтырушының жеке өз бастары туралы пікірін білгісі келгенде, жаттықтырушы не айтуы тиіс?

Біріншіден, тренингте ешқандай баға беруді, оның үстіне, психолог ретінде баға беру ұйғарылмайды, жай ғана оқып-үйрену түрі екендігі айтылады. Екіншіден, адам жаттықтырушының сөзін дұрыс түсінбеуі мүмкін жəне енді өмір бойы өзінің аталмыш кемшілігімен күресетін болады. Үшіншіден, адамды жалпы алғанда тренингтің үш күнінде бағалау мүмкін емес. Əрі, жаттықтырушының бұған уақыты да жоқ.

Топта қатысушылардың ұлттармен байланысты проблемалары бола ма? Əр түрлі ұлттар бар топта жұмыс істеудің қандай да бір өзіне тəн ерекшелігі болады ма?

Айырмашылық ұлттар неғұрлым көбірек болған сайын, қиынырақ, бірақ, сонымен бір уақытта, топ үшін қызықтырақ та болатындығында.

Егер тренинг нақты бір ұйымда өткізілетін болса, онда бұл мəселе (егер ол мүлде болған болса) бұл деңгейде шешіліп қойған. Егер ол, қанша дегенмен, тренингте шығатын болса, жаттықтырушы жай ғана бұл мəселені алып тастауы мүмкін, өйткені, бұл – тренингке арналған тақырып емес. Бірақ қандай да бір нəрселер туралы сөйлесуге болады, мысалы, барлық адамдардың адам ретінде, əрбір адамның өз адами құқығы болатындығы, оның барлық ұлттарда, ұлыстарда, халықтарда, нəсілдерде жəне т.б. бірдей екендігі туралы. Жəне мұны талқылаудың тіпті қажеті жоқ.

Қағидат өте қарапайым: жаман ұлттар болмайды, жаман адамдар болады. Олар кез келген ұлтта болады. Біздің өз тарихымыздан жəне кез келген басқа тарихтан көптеген мысалдар келтіруге болады.

Егер топта тіл ақаулығы бар қатысушы болса, не істеу қажет?

Ең басында, ол үшін қолайлы жағдайлар жасап, оны сақтандырып қою қажет. Қалайша? Біріншіден, тренингтің басында кез келген рөлдік ойынға қатысу ықылас бойынша, яғни, ерік білдіру бойынша болатындығын айту қажет. Екіншіден, қайсыбір уақыт барлығының кезекпен емес, ал тек ықылас білдірушілердің ғана пікірлерін білдірулерін өтінуге болады.

Жалпы, тренингтің басында барлығына да оңайлатылған тəртіп қажет. Бұл күні адамдардың өздерін нашар сезінулері жəне өзін осылай сезінуіне қарай əлденені істей алмайтындығы да болады. Немесе, мысалы, алдыңғы ойында қандай да бір қатысушы тым ширықты да, оны осыдан кейін бірден тағы да бірдеңені істеуге мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Яғни, жаттықтырушы үнемі жағдайды бағалап, əрбір қатысушыға олар үшін барынша жайлы жəне қауіпсіз жағдайларда жұмыс істеулеріне мүмкіндік беруі тиіс. Мүмкін, бір немесе екі сағаттан кейін адам өзін қауіпсізірек сезініп, қандай да бір ширығусыз шеңберде еркін сөйлей алатын болар.

Мақсат адамдарды қандай да бір жағдайларға «қуып тығып», олардың қаншалықты дəрменсіз бола алатындықтарын көрсетуде емес. Керісінше, тренинг барысында олардың бəрін барған сайын жақсырақ, жиірек істеулеріне жəне олардың өз жұмыстарының нəтижелерін көруіне ұмтылу қажет.

Жаттықтырушымен дауласатын қатысушыларға қалай ашуланбай сөйлеуге болады?

Мұндай жағдайға дұрыс қарау қажет. Біріншіден, əрқашан екі адам дауласатындығын есте сақтау қажет. Жəне егер жаттықтырушы қатысушымен дауласпайтын болса, дау да болмайды. Екіншіден, жағдайды дұрыс қабылдау қажет: егер адам қарсылық білдірсе, демек, ол əлденеге мүдделі жəне дөрекі түрде болса да, өз мүддесін жеткізуге тырысады. Ал егер адам мүдделі болса, бұл əрқашан жақсы. Ешқандай қызығушылық болмаған əлдеқайда жаман. Жаттықтырушының міндеті – қатысушыларға белсенді түрде көмектесу. Осы жағдайды шешу үшін аздап күш салу ғана қалды: қайсыбір жерде адаммен келісіп, осылай да, басқаша да болуы мүмкін екендігін көрсету жəне т.с.с. Ең бастысы, қатысушыны материал қызықтырады, жаттықтырушы қызықтырады, жəне ол белсенді түрде жұмыс істеуге дайын. Мұндай қатысушының болғаны ашуландырмауы, керісінше, қуантуы тиіс. Ал адамды ештеңе қызықтырмаса, онда əлдеқайда қиынырақ болады, өйткені, алдымен оны қызықтыру, содан соң осы қызығушылықпен жұмыс істеу қажет.

Алға – мен жаттықтырушымын жəне менің міндетім дауласу мен дəлелдеу емес, жаттықтыру деген мақсат қою керек. Егер қатысушы сіз сипаттаған жағдаймен анық келіспейтіндігін білдірсе, өмірде бəрі осылай еместігін айтса, сіз: «Иə, əрине, бəрі басқаша да болуы мүмкін. Дəл қазір бізде осы тақырыпқа ойын болады жəне сендер бізге өз нұсқаларыңды көрсете аласыңдар. Жəне бұл өте жақсы, бізде мінез-құлықтың əр түрлі тəсілдерін салыстыру мүмкіндігі болады, себебі, мінез-құлықтың бір дұрыс нұсқасы болмайды», - дейсіз. Əрқашан сіздің қатысушыны сөзден ұстауға тырыспай- тындығыңызды, барлық жаттықтырушылар үшін өш алмайтыныңызды, ал нəтиже үшін жұмыс істейтіндігіңізді өзіңіздің есіңізге салып отырыңыз. Сөзден ұстау – басқа тəсілдер іске аспағанда қолданылатын ақырғы шара.

Қатысушылар тренинг уақытына өздеріне бүркеншік ат ойлап таба алады ма?

Адам өзіне бүркеншік ат ойлап тапқанда, бұл тіпті жаман. Мəселе тренингте адамның өз атынан сөйлейтіндігінде. Жəне ол өз атын айтып танысқанда, сол арқылы өзіне өз мінез-құлқы, сөздері, қылықтары үшін жауапкершілік алады. Ал өзіне бүркеншік ат алса, ол бұл жауапкершілікті кемітеді. Ал тренинг адамдарды үлкен жауапкершілік сезіміне де үйретуге арналған.

Мысалы, топта өзінің өмір бойы осы туралы армандағанын айтып, Джек болуды шешкен адам болады. Ол өзін топта да Джек сияқты ұстауы мүмкін. Басқаларымен салыстырғанда, оны сабасына түсіру де əлдеқайда қиынырақ болды. Ол өзі «Джектің» мінез-құлқы үшін жауап берген жоқ, ол үшін топтағының бəрі ойын болды. Əрине, егер психотерапевт қандай да бір үдеріске бұның көмегі тиеді деп санаса, терапевтік топтарда бұл пайдаланылуы мүмкін, бірақ ƏПТ үшін бүркеншік аттардан ешқандай пайда жоқ.

Бір-бірлеріңе аттарыңды атап жəне «сен» деп сөйлесетін болып келіскеннен кейін қандай да бір уақыт өткен соң немесе бірден біреуді бəрі бір аты мен əкесінің атын қосып атайтын болса, не істеу қажет?

Негізі, өзгерту аса қиын болатын жағдайлар болады. Адамның ұйымдағы мəртебесінің биік екендігі соншалық, келісілсе де, ешкім оған «сен» деп айтуға көше алмайтыны болады. Əрине, қандай да бір уақыт түзетуге болады. Бірақ біз тренингте қолданатын кез келген əрекет нəтижемен өлшемдес болуы тиіс. Осы жағдайдағы нəтиже біз жұмсайтын күш-жігер мен уақыттың орнын толтырмайды. Мұның қажеті қанша? Кез келген ережеде ерекшеліктер болады. Екінші реттен кейін түзетудің қажеті жоқ, не болса, сол болады. Негізі, аты мен əкесінің атын қосып айту дегеніміз не? Бұл арақашықтық көрсеткіші. Жəне бəрі бір-бірімен аттарын атап, «сен» деп сөйлессе, бұл арақашықтықты қысқартады. Бас кезінде керісінше келісілгеніне қарамастан, топтағы бір немесе екі адамды аты мен əкесінің атын қосып атаса, бұнда тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, қатысушы өзінің атын атауға келісетіндігін айтты, осы арқылы арақашықтық қысқара түсті. Жəне егер тренинг барысында қайтадан оны аты мен əкесінің атын қосып атаса, əрине, арақашықтық сəл артады, бірақ ол бəрі бір тренинг басталғанға дейінгіден азырақ болады. Сондықтан арақашықтықты қысқартудың қандай да бір əсеріне біз қол жеткіздік – бұл да жақсы. Тренинг осының ғана негізінде құрылмайды. Топ жұмысының тиімділігін арттырудың басқа механизмдерін қолдану қажет. Бұдан басқа, қатысушылардың өздері үшін осы адаммен қандай да бір арақашықтықтың сақталуы жақсы болуы мүмкін. Бұл ұйымның өзі үшін де жақсы болуы мүмкін, өйткені нəтижесінде, бəлкім, тренинг нақты бір бастықтың беделін нығайтуды қамтамасыз ететін болар. Неге олай болмасқа, өйткені тренинг тренинг үшін ғана емес, ал жалпы ұйымдастыру үшін өткізіледі ғой.

Ал жаттықтырушы қайда отырады – ішкі шеңберде ме, сыртқы шеңберде ме?

Əрине, жаттықтырушы ішкі шеңберде отырады жəне тек ішкі шеңбермен жұмыс жасайды. Əдетте сыртқы шеңбердің қатысушыларына ішкі шеңбердің жұмыс барысына араласуға рұқсат етілмейді.

Ал егер күнді екі бөлікке бөліп: бір топпен жұмыс істеп, қалғандары қыдыра тұрса, ал содан соң керісінше болса ше?

Онда əрбір топ екі есе аз жұмыс істейтін болып шығады. Екі күндік бағдарламаны бір күнге немесе бес күндік бағдарламаны екі күнге сыйғызу мүмкін емес. Əлденені алып тастауға тура келеді. Қатысушылар үшін де бұл қолайсыз. Бұл уақытта олар не істейді?

Оның үстіне, жаттықтырушы үшін бұл, «аквариум» нұсқасынан гөрі, үлкен жүктеме. Оның түске дейін бірінші топта, содан соң екінші топта не болғанының бəрін есінде сақтауы тиіс. Екі топтағы тренингтің жалғасын ойластыруына тура келеді. Ал екі топты қатар алып жүру əлдеқайда ауыр.

Сондай-ақ күндер бойынша бөлудің де қажеті жоқ: бірінші күні – бір топ, екінші күні – екінші топ.  Бұл  бір  күндік  тренинг  болып  шығады,  ал  адамдар  екі  күндік  тренингке  келді. Осылайша,«аквариум» жұмыстың ең тиімді нұсқасы болуы мүмкін, бірақ, əрине, қандай да бір өзге жағдайларда басқа нұсқалар да ықтимал.

Егер біз қатысушылар үшін оңайлатылған тəртіп туралы айтатын болсақ, енжар қатысушыларды қалай қозғалтуға болады?

Ешкімді арнайы қозғалтудың қажеті жоқ. Не үшін? Бірде-бір тренингте осындай (енжар) қатысу- шыларды көріп, оларды белсенді үдеріске жасанды түрде тарту міндеті қойылмайды. Біріншіден, егер қалған қатысушылар сіздің біреуді арнайы белсендіруге тырысып жатқаныңызды байқаса, бұл міндетті түрде көрінеді жəне ондай жағдайда адам одан əрі «тұйықтала түседі».

Екіншіден, барлық адамдардың қабілеттіліктері əр түрлі: біреу жылдамырақ, енді біреу сəл баяуырақ істейді. Бəлкім, бұл адам осылай – осындай қарқында жəне енжар тыңдаушы түрінде жұмыс істейтін шығар. Бірақ ол өзінікін алады. Оның үстіне, тренингте əрқашан барлығы қатысатын ойындар мен жаттығулар бар болады. Осылайша, енжар қатысушыда да белсенді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Тіпті осындай бірлескен ойыннан кейін оның мінез-құлқы өзгеруі де мүмкін, себебі, оның ширығуы қайта бастайды да, ол босаңсып, ойнаудың сондай қорқынышты емес екендігін түсініп, ары қарай өзін əлдеқайда белсендірек ұстайтын болады.

Үшіншіден, ол қарсылық білдіре бастайтын қарсы əрекет жағдайына түсуге болады.  Бұның керегі қанша?

Төртіншіден, егер сіз оны əйтеуір «қозғалтып», ал ол өзінің жеке проблемалары туралы айта бастаса, орынсыз жағдай болып шығуы мүмкін. Жəне сіз: «Кешір, бізде басқа тақырып жəне т.б.», - деуге мəжбүр боласыз. Онда не үшін адамды қозғадық деген сұрақ туындайды.

Жəне бесіншіден, адамның өзі қаламаса, оны ештеңеге үйретуге, жəне егер өзі қаламаса, ештеңені өзгертуге болмайды.

Яғни, ондай адамдарды біз жылдамдатпаймыз ғой?

Біз жекелеген адамды емес, ал бүкіл топты итермелейміз, оның құрамында жаңағы адам да бар. Адамның өзі өзін байқап көргісі келетіндей жағдай жасаңыз. Егер қорықса, оған жағдайдың ол үшін толығымен қауіпсіз екендігін сезінуге жəне түсінуге мүмкіндік беру қажет. Немесе жағдайды ол бармауына болмайтындай етіп жасаңыз. Бірақ тек егер бұл нəтижені ақтайтын болса жəне егер бұл пайдалы болса.

Мысалы,  «Егер  сіздер  өздеріңіз  байқап  көрсеңіздер,  сіздердің  өздеріңізге  жақсы   болады» деген сияқты, қолдайтын уəждемені пайдалануға болады ма?

Тренингтегі ғана емес, сонымен қатар, өмірдегі де барлық жұмыс сіздің мақсатыңызға негізделе отырып, құрылады деп айтқым келеді. Сіз өзіңіздің не істейтіндігіңізді жəне неліктен істейтіндігіңізді анық түсінуіңіз қажет. Сіздің кез келген əрекетіңіздің мақсаты қандай? Тренинг туралы айтатын болсақ, басқаша айтқанда, топқа сіздің келесі əрекетіңіз пайдалы болады ма деп сұрауға болады. Егер сіз берілген қатысушының қандай да бір ойынға қатысуын қажет деп тапсаңыз, нақты бір адамды тікелей емес, жанама түрде сендіріп жəне көндіріп көруіңізге болады.

 

 Әдебиеттер

  1. Пузиков В.Г. Тренинг технологиясына кіріспе (Орыс тілінен аударып жəне құрастырған А.А. Лиясов).- Алматы, 2011-237 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.