Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі [1] болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшелік- терімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.
Білім беру жүйесі ұрпаққа адамзат қоғамының тарихында жинақталған мəдениеттің, қоғамдық сананың əр саласынан білім бере отырып, олардың өзі өмір сүретін ортада икемділігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдап, қоғамның дамуына атсалысатын азаматты тəрбиелейді. Тəрбиенің басты өлшемі - тəрбиелілік, басқа адамның оның іс-əрекетін үлгі тұтуы, яғни адамгершілік сапаларын теориялық жағынан ғана біліп қоймай, өзінің іс-əрекетімен дəлелдеп, көрсетуі.
Тəрбиелілік – адамның өзін-өзі тани білуімен, өз мүмкіндігін нақты бағалай алуымен, адамдармен қарым-қатынасын ұйымдастыра алу, өзгенің адамгершілік сапаларын, егер бола қалған жағдайда өз қателігін мойындай алу қабілеттерінен көрінетін күрделі сапа.
Адамның рухани мүмкіндігі, оның өзін қоршаған ортаның талап тілектеріне мəн беріп, өзінің де, басқаның да дамуына, бар мүмкіндіктерін көрсете алуына /жағымды/ жағдай жасау. Білім беру жүйесіндегі басты мəселе жас ұрпаққа білім бере отырып, адамгершілік сапаларының қалыптасуына басты назар аудару. Əрине, білім беру жүйесінде еңбек ететін əр маман ұрпақ тəрбиесіне өз деңгейінде атсалысады, үлгі-өнеге болады. Білім беру ұйымдарында ұрпақтың жан-жақты дамуына, ең алдымен білімді болуына назар аударылады. Мұндағы басты өлшеуіш – білімі, білім алушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлай білу қабілетін арттыру болды. Қазақстан тарихында əлемдік білім беру кеңістігіндегі оқушылардың дара ерекшеліктерін анықтау, қабілеттерін байқау мəселесі түрлі деңгейде іске асырылды.
Жалпы білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету саласының іс жүзінде қолданылып, дамуы шетелдік тəжірибеден бастау алады. Психологиялық қызметтің басталуы Америка психологтарының зерттеулерімен байланысты. Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі міндеті арнайы бағдарламалар бойынша оқытылатын балаларды таңдауға арналған өлшеулер жəне тестілеу болды. Америка мектептерінде тестілеудің кең тəжірибесі ең алдымен ақыл-ой дарындылығының коэффициентін (IQ) анықтауға арналған тестер «гайденс» қызметінің дамуына негіз болды [2].
Мектептегі психологиялық қызметтің дамуына өткен ғасырдың 60-жылдардағы мектеп психологтерінің кəсіби ұжымының құрылуы жəне 1973 жылы Уэльсте өткен конференцияның ықпалы мол болды. Конференцияда мектеп психологиялық қызметінің міндеті мен ролі этикалық жəне заңдық негіздері, мектеп психологының кəсіби мəселесі, мектеп психологының оқыту бағдарламасының мазмұны жəне т.б. сұрақтар қарастырылды. 1980 жылы АҚШ-та мектеп психологтерінің ұлттық ассоциациясы ұйымдастырылды. Психологиялық қызметтің мынадай деңгейлері көрсетілді.
Бірінші деңгейде, арнайы оқытуды талап ететін оқушыларды тестілеу негізінде анықтау.
Екінші деңгейде, арнайы оқытуды қажет ететін айқын оқу жəне мінез-құлық мəселелері бар оқушыларға бағытталады.
Үшінші деңгейінде, барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне психологиялық даму мəселелері бойынша психологиялық көмек көрсетіледі. Өзіндік психологиялық қызмет психолог оқушыларды психологиялық педагогикалық зерттеу тестерінің ұпайларын анықтап, интерпретациялағаннан кейін екінші деңгейден басталады. Бұл кезде мектеп психологиясы теориялық жəне тəжірибелік салада недəуір табыстарға қол жеткізді.
Көптеген мамандар қазіргі кезде психлогиялық қызметтің негізгі іс-əрекеті ретінде өлшеу мен тестілеуді қарастырады [3].
Франциядағы мектептегі психологиялық қызмет тəжірибесі Альфред Биненің зерттеулерімен байланысты. 1897 жылы бастауыш мектептің психологиялық мəселелеріне арналған еңбегі жарық көреді. Ол Францияның білім министрлігінен мектепте жалпы бағдарлама бойынша білім ала алмайтын балалардың мəселелерін зерттеуге рұқсат алып, зерттеулерінің нəтижесінде ақыл-ой дамуында тежелуі бар балаларды анықтауға мүмкіндік беретін Бине-Симон тестінің тууына себепші болды. Нəтижесінде дамуында тежелу бар балаларға арналған арнайы мектеп сыныптары ашыла бастады. 1909 жылы Францияда алғашқы кəсіби мектептік психологиялық қызметі пайда болды [3].
1913 жылы Англияда Цирил Бэрт алғаш мектеп психологы жұмысын жасады, ал АҚШ-та 1915 жылы Гассель мектеп психологі қызметін алғаш бастағандардың бірі болды.
1920 жылы Берн қаласында (Швейцария) педагогикалық жəне балалар психологиясы бойынша кеңес беру пункті ашылды. 10-15 жыл аралығында психологиялық, педагогикалық қызмет көптеген елдерде пайда бола бастады [3]. Білім беру жүйесіндегі барлық балалардың оқуы мен тəрбиесіне оптималды жағдай жасауға байланысты психологиялық көмек көрсетуді мақсат еткен психологиялық қызмет 1947 жылғы Париждегі А. Валлонның жетекшілігімен жүргізілген мектеп психологтерінің жұмысынан бастау алады.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында бұл елде ақыл-ой дамуында тежелуі бар жəне басқа да денсаулығында кемістіктері бар балалардың санының артуына байланысты мектеп психологтеріне қажеттілік ұлғая түсті.
Осы мəселелерге байланысты 1960 жылы төрт психологиялық орталық – Парижде, Бордода, Греноблде жəне Безонсонда ашылған.
1970 жылдан бастап Францияда мектептегі психологиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде топтық психологиялық-педагогикалық көмек қарастырылды. Бұл топтардың əрқайсысында мектеп психологы маманы, психологияны оқыту бойынша маман, психомоторлық даму бойынша маман болды. Бұл топқа 800-ден – 1000-ға дейінгі оқушыларға қызмет көрсету жүктелді. Бұл топтардың қызметінің объектісі алдымен 2-12 жас аралығындағы мектепке дейінгі жəне кіші мектеп жасындағы балалар болуымен қатар, негізінен назар 3-7 жас аралығындағы балалардың əртүрлі мамандар айналысатын оқыту жəне мінез-құлық мəселелерін қарастырды. Негізгі міндеттері оқытудың ерекше формалары мен əдістерін талап ететін балаларды анықтау жəне кейбір мəселелер бойынша ата-аналар мен педагогтерге де консультация беру болды [3,101].
1980 жылдардың ортасынан бастап Франциядағы тəжірибелік мектеп психологиясының дамуында жаңа кезең басталды.
1985 жылы əртүрлі бес ұйым өкілінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Бұл топ Францияда педагогикалық психологтың қызметін анықтауға байланысты арнайы жұмыстар жүргізді. Педагог- психолог функциясы кез келген басқа практик психологтың қызметі сияқты клиенттердің қажеттіліктеріне қызмет көрсету екендігі көрсетілді. Əрине, педагогикалық психолог қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Педагогикалық психолог баланың психологиялық сапаларына қарай жұмыс істейді, өйткені оның тұлға ретінде дамуына жан-жақты жағдай жасайды; педагогикалық психолог бұл процеске ата-ана жəне мұғалімдерді де қатыстырады. Педагогикалық психологтің баланың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін мектеп жəне отбасы тəрбиесі жүйесіне қарсы келуге, тəрбие стандартын өзгертуге мүмкіндігі анықталды. Бұдан кейін Францияда мектеп психологтерінің жұмысын қайта ұйымдастыру жобасы ұсынылып жекелеген индивидтерге, топтарға жəне ұжымдарға бағытталған мектеп психологиялық қызметінің бірыңғай жүйесін құру ұсынылды. Бұл жүйенің мақсаты – мектептің жетістіктерге қол жеткізе алмауын тоқтату балалардың əлеуметтік оқуына жəне əлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау оқыл-ойы артта қалған балаларға көмектесу болды. Оқушылардың жалпы білімдік жəне кəсіби дамуына əрекеттестік жасау мұғалімдердің, əлеуметтік қызметкерлердің, əкімшіліктің, халық ағарту аймағындағы басқа мамандардың біліктілігін арттыру болды (G.E. Cullernard, 1989).
Психологиялық қызметтің бастапқы кезеңі – психологиялық диагноз қою. Мінез-құлықтың басты қорытындысының қалыптасу компоненті. Диагноз психологиялық тексеру нəтижелерімен қойыла салмайды, міндетті түрде алынған тексерулермен белгілерінің арақатынасын болжайды.
Анықталған ерекшеліктер өмірлік жағдайларда көрінеді. Балаға диагноз қою алдында жақын арадағы аймақтардан ақпараттар алынады. К. Роджерс бала тəрбиесін зерттеуде лабараториялық жағдайда ғана емес, күнделікті өмірлік жағдайын түсінуге баса назар аударды. Алынған психологиялық ақпараттар сараланып, интерпритация əдісі мен əдістемелерді қолданып, қорытынды жасады [4].
Мектеп психологі қызметін өлшеу жəне тестілеу жұмыстары қазіргі кезде де кең қолданға- нымен, əлем ғалымдарын соңғы кездерде мектеп психологінің мұндай шектеулі іс-əрекетіне қанағаттанбауда. Олар сол кезде-ақ өлшеуді балаларға психологиялық көмек мəселесін шешудегі негізгі қызмет екендігін қайта қарастыра бастаған (H. Passow, 1960). Бұл пікірді неміс ғалымы И. Мюллер (1960) де қолдай отырып, адамды тек интеллектуалды қабілеттермен қатар тұлға ретінде жан-жақты бағалау керектігін көрсеткен. Ағылшын психологтері формальді психометриялық тестердің субъективтілігін жəне ғылыми негізсіздігін, шектеулілігін жəне жасандылығын көрсетеді. Тестік материалдардың басты кемшілігі ретінде шынайы өмірлік жағдайларда мінез-құлық бөлігі ретінде көрінетін эмоциялық сəттердің толығымен ескерілмейтінін атайды.
Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру жəне оның тəжірибесі шығыс Еуропа елдерінде де жинақталған (Й. Шванцар, 1978., В. Черны, 1983, Г. Витцлак, 1986 жəне т.б.).
Мектептің психологиялық қызметінің міндеті оқушыларды таңдап алу емес, оқушылар жəне сынып ұжымы жайлы психологиялық ақпараттарды олардың оптимальды дамуын жандандыруға жағдай туғызу (Витцлак Г., 1986). Шығыс Еуропа елдерінде көптеген мектеп психологиялық қызметі психологиялық-педагогикалық аудандық немесе облыстық орталықтар немесе консультациялар формасында қызмет жасайды. Бұл қызмет халық ағарту жүйесінің жəне барлық балаларды, жасөс- пірімдерді жəне жеткіншектерді тəрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады.
1980 жылы Чехославакияда тəрбиелеу сұрақтары бойынша консультациялау ережесі қабыл- данып мектеп туралы заңға енгізілген. Ал Венгрияда басқарушы халық ағарту бөлімдері бекітілген тəрбиелеу сұрақтары бойынша консультациялауға арналған нұсқаулар жарық көрді. Психологиялық қызметтің негізгі мазмұны сау тұлғаның дамуын қамтамасыз етуге көмектесу, тұлғаның дамуындағы əртүрлі қиыншылықтарға түзету жұмыстарын жүргізу, кəсіби бағдарлану мəселелерін шешу [3,15- 22].
Чехия мен Славакияда психолог-консультанттың доминантты функциясы психо-диагностикалық іс-əрекет болып табылады. Осы диагностикалық жұмыстардың қорытындысының негізінде нұсқаулар беріледі. Психолог ұйымдастыру шараларына кеңестер береді – баланы арнайы немесе қосалқы мектептерге, бастауыш сынып шеңберіндегі арнайы сыныптарға, арнайы балалар бақшасына жəне т.б. қабылдау. Ол оқытудың тиімді типтерін, мамандықты таңдау аймағының оптималды вариантын ұсынады. Консультациялар мен орталықтарда мектептегі оқумен байланысты əртүрлі типтік қиындықтар анықталады. Оқудағы қиындықтары бар оқушыларға жəне ақыл-ой дамуындағы тежелудің жеңіл формасы негізіндегі бірінші деңгейлі кемістігі бар балаларға көмектер көрсетіледі. Мұндай балалардың оптималды дамуы негізінен психологиялық зерттеудің дұрыс қорытындысына байланысты болады. Өйткені, оның нəтижесі оқыту мен тəрбиелеу жағдайлары мен əдістеріне, нұсқауларға əсерін тигізеді. Тұлғалық мінез-құлқында, тəрбиесінде қиындықтары бар балаларға да көмектер көрсетіледі. «Қиын» жəне педагогикалық босаң балаларды санатты психологиялық зерттеу жұмысы олардың мəселелерінің себептерін анықтауға жəне жұмыс барысында ұсыныстар беруге көмегін тигізді. Психологиялық консультация беру жəне орталықтар ата-аналар немесе мұғалімдердің нақты мəселелерді шешуге байланысты сұраныстарын қанағаттандырумен айналысады. [2]
Жалпы психологиялық қызмет көрсету Шығыс Еуропа елдерінде білім беруде жеткіншектер, жасөспірімдерді тəрбиелеу жəне оқыту ісінде ерекше орын алады.
Кеңес одағында балаларды тəрбиелеу мен оқытуда психологияны практикалық қолдану ХХ ғасырдың басындағы педалогиямен байланысты болды.
П.П. Блонскийдің бірқатар зерттеулері жəне Л.С. Выготскийдің жəне оның қызметкерлерінің еңбектері балалар психикасының дамуының қазіргі ғылыми білімінің негізі болып табылады.
1960 жылдың соңынан бастап мектеп жұмысына практик-психологтың араласу формасының белсенді ізденістері қарастырыла бастады, өйткені психологияда жəне педагогикада қажетті теориялық жəне практикалық алғышарттар пайда болды. Х.Й. Лийметстің (1983) анықтауы бойынша жаңа адам даму үрдісіне психологиялық жүйелі талдау жасау:
- даму деңгейін диагностикалау мен психикалық дамудың ортақ заңдылықтарын анықтауы дамуда индивидуалды жəне ұжымдық өзара қатынасты дамыту жəне түсінуді басқару үрдісі ретіндегі тəрбиеге қарау;
- педагогика деңгейінде ғылыми білімнің интеграциялық үрдісін тереңдету;
- болашақ мұғалімдердің психологиялық даярлығын жетілдіруді қамтыды.
1975 жылдан бастап қиын жеткіншектермен жұмыс жасайтын арнайы мектептер Эстонияда құрылып, жалпы білім беретін мектептерінде 1980 жылдардан бастап мектеп психологтері жұмыс атқара бастады [3, 19].
Мектеп психологтері жұмыстарының формалары мен əдістерінің ғылыми негізділігін белсенді зерттеу 1983 жылғы «Мектептегі психологиялық қызмет» атты «дөңгелек үстел», Таллинде өткен Бүкілодақтық психологтер конференциясындағы мектептегі психологиялық қызметті құруға байланысты эксперименттерді талдап, психологиялық қызметтің ұйымдастырылуына байланысты мəселелерді қарастырылуымен байланысты.
1982 жылы Мəскеуде Ресей ағарту Министрлігінің нұсқауымен мектепке психолог мамандығын енгізу туралы қаулы қабылданған. 1984 жылы Мəскеуде Психология ғылым академиясы институ- тында І-ші Бүкілодақтық кеңес одағындағы психологиялық қызмет сұрақтары бойынша конференция өткізіліп, онда «Мектептегі психологиялық қызмет» секциясы жұмыс атқарды. Қатысушылар мектептегі оқыту-тəрбие процесін психологиялық қамтамасыз ету мəселелеріне баса назар аударды [3, 17].
Қызметтің құрылымдық буыны Қазақстан Республикасының əрбір білім беру мекемесінде бар (балабақша, əртүрлі мектептер, балалар үйі, интернаттар, орта кəсіби білім беру орындарында, жоғары оқу орындарында), қызметтің негізгі мекемелері ретінде əртүрлі деңгейдегі психологиялық қызмет орталықтары жұмыс атқарады.
Қызмет жұмысы халықаралық жəне қазақстандық балалар құқығын қорғау жəне балаларды дамыту актілері мен заңдарын қатаң жүзеге асыруға негізделеді. Қызмет өзінің іс-əрекетін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының білім беру аймағындағы заңдылықтарды, нормативті құжаттарды, актілерді, бұйрықтарды Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым Министрлігінің нұсқауларын, нақты қызмет буындарына сəйкес қаулы, ережелер жəне жарғыларын басшылыққа алады.
Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің міндеттері:
- əр жас кезеңдерінде балалардың толыққанды тұлғалық жəне интеллектуалды дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін дамыту қабілеттерін қалыптастыруға жағдай жасау;
- оқыту процесінде əр балаға индивидуалды жол табуды қамтамасыз ету;
- баланың тұлғалық жəне интеллектуалды дамуындағы ауытқуларды жеңу жəне алдын алу шараларын қолдану;
- балалар мен жасөспірімдердің деликвентті (заң бұзушылық) жəне аддиктивті (ерте ішімдікке салыну мен нашақорлық) мінез-құлқықты жеңу жəне алдын алу шараларын жүргізу;
- жеткіншектер мен жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
Қазақстандағы қызмет негізгі үш бағыттардан тұратын тұтас жүйе ретінде қызмет атқарады, олар:
- ғылыми зерттеушілік, баланың əлеуметтену, психикалық даму жəне тұлғалық қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, соның негізінде қазіргі білім беру жүйесі жағдайында психологиялық білім беруді кəсіби қолдану құралдары мен əдістерін, тəсілдерін жасау;
- əдістемелік, оқыту мен тəрбиелеу процесінде қолданбалы психологиялық білімдерге сүйенуді қамтамасыз ету;
- тəжірибелік білім беру мекемелерінде арнайы психологиялық бөлмелерде жəне орталықтарда психологиялық қызмет-психодиагностика, психопрофилактика, даму, коррекция, кеңес беру түрінде жүргізіледі. Аталған бағыттардың əрқайсысының міндеттерін білікті мамандар құзіретіне қарай шешіп, жүзеге асырады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер теория мен практиканың арасындағы салиқалы арақатынасты талап ететін Қазақстанның психология ғылымының дамуына ықпал етеді.
Әдебиеттер
- Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. - СПб.: Питер, – 250 с.
- Дружинин В.П. Экспериментальная психология. - М.: Наука, – 360 с.
- Гальперин П.Я. Хрестоматия по истории психологии. - М.: Изд-во Моск. университета, – 460 с.
- Гуманистическая психология: спор между номотетическим и идиографическим подходом в познании человека // Интернет-ресурсы- http://csd.boom.ru/ brothers/psycholo gy/6.htmquestion4>