Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау: 2014 жылдың нәтижелері мен көрсеткіштері

 Кіріспе

 ХХІ ғасырда мемлекеттің қуаты жұртының білім деңгейімен бағаланады. Сондықтан да, Қазақстанның білім саласы ұдайы реформаларды бастан кешіруде. Осы бағытта Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Ал бағдарламада айқындалған басты міндеттердің бірі – білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру. Сонымен қоса, қазіргі таңда жоғары білім ел экономикасының барлық салаларында ғылым мен өндірісті байланыстыратын білікті және бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Републикасының ұлттық білім сапасын бағалау жүйесі қазіргі кезеңде білім алушылардың мақсат-міндеттерімен қоса жүзеге асыру механизмдерімен ерекшеленетін оқу жетістіктерін сырттай және ішкі бағалауды қамтиды.

Сырттай бағалау барысында алдын-ала белгіленген бірыңғай өлшемдер бойынша білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМББС) сәйкестігін анықтауға бағытталған мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

Қазақстанда білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің механизмі ретінде 2005-2011 жылдар аралығында мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) жүргізілді. 2012 жылдан бастап жоғары білім беру ұйымдарындағы оқыту сапасына тәуелсіз мониторинг жүргізу мақсатында оқу жетістіктерін сырттай бағалау енгізілді. МАБ пен ОЖСБ-ның мақсат-міндеттері, маңыздылығы, ерекшеліктері, нәтижелері түрлі басылымдарда жарық көрді [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8].

 Негізгі бөлім

 ОЖСБ-ның мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын және білім алушылардың МЖМББС көлемін меңгеру деңгейін анықтау.

ОЖСБ енгізілу кезеңдері:

2012 ж. ОЖСБ 3 дайындық бағытының 16 мамандығы бойынша өткізілді:

«Білім» – 7 мамандық;

«Құқық» – 3 мамандық;

«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» – 6 мамандық.

2013 ж. ОЖСБ 5 дайындық бағытының 54 мамандығы бойынша өткізілді. 38 мамандық қосылды:

«Білім» – 14 мамандық;

«Жаратылыстану ғылымдары» – 12 мамандық;

«Ауылшаруашылық ғылымдары» – 12 мамандық.

2014 ж. ОЖСБ 6 дайындық бағытының 67 мамандығы бойынша өткізілді:

«Құқық» – 3 мамандық;

«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» – 6 мамандық;

«Жаратылыстану ғылымдары» – 12 мамандық;

«Ауылшаруашылық ғылымдары» – 12 мамандық;

«Техникалық ғылымдар және технологиялар» – 28 мамандық;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» – 6 мамандық.

ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді циклдеріне кіретін 4 пән бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады. әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25.  Бір тапсырманы орындауға 2 минут уақыт бөлінеді. Оның ішінде: 8 тапсырма (32%) – жеңіл (1-ші деңгей), 11 тапсырма (44%) – орташа (2-ші деңгей), 6 тапсырма (24%) – күрделі (3-ші деңгей). Тестілеу уақыты – 150 минут (2,5 сағат).

2012 жылы ОЖСБ-да берілген 8 жауаптың ішінен 3 дұрыс жауапты таңдау форматындағы тест тапсырмалары қолданылды.

2013 жылдан ОЖСБ барысында тест тапсырмаларында берілген жауаптар нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарын таңдау тәсілі қолданыла бастады. Тест тапсырмаларының бұл түрі дұрыс жауаптарды болжаммен, тұспалдап табуды болдырмауға және білімді толығымен, әділ бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларда барлық дұрыс жауап үшін 2 балл, бір қате болса – 1 балл, 2 және одан да көп қате үшін – 0 балл беріледі. Тест тапсырушы дұрыс жауаптардың нақты санын білмеуі қажет, себебі, ол дұрыс жауаптардың тиісті санын табуға емес, мазмұнына көңіл бөлуі тиіс.

ОЖСБ нәтижелері

2012 ж. ОЖСБ-ға 116 ЖОО-ның 22 691 студенті  қатысты.  Ең  жоғары  нәтиже  көрсеткен «Білім» бағытының студенттері (101,93). Үш бағыттың  ішінде  ең  төменгі  нәтиже көрсеткен «Құқық» бағытының студенттері (88,46). Республика бойынша орташа балл 92,59 (1-кесте).

  1-кесте – Мамандық бағыттары бойынша 2012 жылғы ОЖСБ нәтижесі       

2013 ж. ОЖСБ-ға 106 ЖОО-ның 53 398 студенті қатысып, «Ауылшаруашылық ғылымдар» бағытының студенттері ең жоғары нәтиже көрсетті (81,08). Бес бағыттың ішінде ең төменгі нәтиже көрсеткен «Білім» бағытының студенттері (64,36). Республика бойынша орташа балл 69,40 (2-кесте).

1, 2-кестелерден байқағандай, «Білім» бағыты бойынша ОЖСБ-ның орташа балының күрт төмендеуін (101% – 64%) тест тапсырмасының жауаптар нұсқасына өзгерістер енуімен түсіндіруге  болады.  2013  жылдан  бастап  тест тапсырмалары жауаптарын болжап табу мүмкіндігі жойылды. Яғни, берілген 8 жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарын табу қажеттігі студенттің дұрыс жауаптарды мұқият қарастыруына алып келді. Студент барлық дұрыс жауапты тапқан жағдайда ғана жоғары 2 балды жинай алатын болды. Мұндай өзгеріс тосын көрінгенімен, нәтижесінде білім сапасының біртіндеп жоғарылай түсетіндігін, білім алушыларды сан қуып кетпей, ойлануға, логикалық шешім қабылдай білуге жетелейтіндігін көрсетті.

 2-кесте – Мамандық бағыттары бойынша 2013 жылғы ОЖСБ нәтижесі

2014 ж. ОЖСБ-ға 107 ЖОО-ның 46 202  студенті қатысты. Республика бойынша орташа балл 81,09-ды құрады. Бұл ретте қазақ бөлімі студенттерінің орташа балы – 79,19, орыс бөлімі – 83,78. Ең  жоғары  нәтижені  «Денсаулық  сақтау  және әлеуметтік қамтамасыз ету» бағытының студенттері көрсеткен (орташа балл 100,21). Алты бағыттың ішінде ең төменгі нәтиже көрсеткендер: «Құқық» (74,05) және «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (72,53) (3-кесте).

 3-кесте – Мамандық бағыттары бойынша 2014 жылғы ОЖСБ нәтижесі

 ОЖСБ нәтижелерін жылдар бойынша талдаудан 2013 жылғы республика бойынша орташа балл 2012 жылға қарағанда 23,19 балға төмен екенін көруге болады. 2014 жылғы орташа балл 81,09 балды құрайды, бұл 2012 жылдың нәтижесінен 11,50 балға төмен, ал 2013 жылдың көрсеткішінен 11,69 балға жоғары. Сөйтіп, 3 жылда орташа балдың әр бағытта төмендеуі де, жоғарылауы да байқалады.

ОЖСБ нәтижесі бойынша сырттай оқу бөлімінің студенттері жылдан-жылға төменгі нәтиже көрсетуде. 2014 жылы ОЖСБ-ға қатысқандардың басым бөлігі күндізгі оқу бөлімінің студенттері – 93,6% (43251), ал сырттай бөлімнің студенттері 6,4% (2951). Күндізгі оқу бөлімінің орташа балы – 82,51, сырттай оқу бөлімінің орташа балы – 60,20. Сырттай оқу бөлімінің «2» алған студенттері 44,05% құрайды, күндізгі бөлімдікі 17,19% (1-сурет).

ЖОО-лар ұсынатын білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау үшін, ЖООлардың мәртебесі бойынша кластерлік талдауды қарастыруға болады. ОЖСБ-ға қатысқан 107 ЖОО-ның: 1 – халықаралық, 6 – ұлттық, 26 – мемлекеттік, 13 – акционерлік, 5 – азаматтық емес, 56 – жекеменшік ЖОО-лар. Республика бойынша орташа балл – 81,1, ең жоғары орташа балды ұлттық (91,3) және мемлекеттік (85,2) ЖОО-лардың студенттері көрсетті. 2013 және 2014 жылғы ОЖСБ салыстырмалы талдауынан 2014 жылы ОЖСБ нәтижесінің жақсарғанын көруге болады. Мысалы, халықаралық ЖОО-ның 2013 жылғы орташа балы – 58,4, 2014 жылғы орташа балы – 63,2; ұлттық ЖОО-лардың 2013 жылғы орташа балы – 79,6 болса, 2014 жылғы орташа балл – 91,3 (2-сурет).

 1-сурет – ОЖСБ-2014 нәтижесі бойынша күндізгі және сырттай оқу нысаны студенттерінің көрсеткішін дәстүрлі баға кескінінде салыстырмалы талдау

 2-сурет – ЖОО мәртебесі бойынша кластерлік талдау

ОЖСБ-2014 нәтижесінің негізінде ЖООлардың мәртебесі бойынша «Құқық» мамандығының пәндеріне кластерлік талдау жасалынды. Талдау бойынша жоғарғы орташа балды (105,15) азаматтық  емес  ЖОО  студенттері көрсеткенін көруге болады, ал ең төменгі көрсеткіш (49,16) халықаралық ЖОО-ның студенттерінде. Ұлттық ЖОО-лар мен акционерлік ЖОО-лардың орташа балл көрсеткіші шамалас деуге болады (88,54 және 85,79) (4-кесте).

 4-кесте – ОЖСБ-2014 нәтижесі бойынша ЖОО мәртебесі кесіндісінде «Құқық» мамандығының пәндеріне кластерлік талдау

 2013, 2014 жж. ОЖСБ нәтижелерін кредиттік жүйе бойынша және дәстүрлік бағалаудың салыстырмалы талдауынан, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы «2» бағасын алған студенттердің саны 10,8% төмендегенін көре аламыз (29,73 және 18,91). 2013 жылға қарағанда 2014 жылы жақсы динамика байқалады, өйткені, D+алған студенттер саны бекіген (16,0 және 16,4), С-,С,С+ алған студентер саны 2,9%-ға дейін артқан, В-, В, В+ алған студенттер саны 1,4% дейін, ал А-, А алғандар саны 2,4%-ға дейін өскен (3-сурет). Демек, ОЖСБ-2014 нәтижесін қарастыра отырып, білім сапасы деңгейінде ілгері басу байқалатынын аңғаруға болады.

 3-сурет – 2013, 2014 жылдар бойынша ОЖСБ нәтижесінің кредиттік және дәстүрлі бағалау көрсеткіші

ОЖСБ нәтижесі ЖОО, бағыт, мамандық, пәндер бойынша өңделіп, оларға салыстырмалы талдау жасалды. Мысал ретінде «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағытының ең жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік ЖОО-ның, жекеменшік ЖОО-ның және республика бойынша көрсеткішін ұсынуға болады (4-сурет). 4-cуреттегі талдау 5 параметр бойынша жүргізілді: «2», «3», «4», «5» алғандар саны және орташа балл. 

 4-сурет – «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша 2013, 2014 жылдардағы ОЖСБ нәтижелеріне салыстырмалы талдау

Көрсетілген ЖОО-лардың ОЖСБ нәтижесін республикалық нәтижемен салыстырып қарастыратын болсақ, республика бойынша «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағытының орташа балы – 2013 жылы – 76,75, 2014 жылы – 87,37, яғни былтырғымен салыстырғанда орташа балл 10,62-ге жоғары. Берілген мемлекеттік ЖОО-ның 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы «2» алған студенттерінің саны 24,72%-ға, «3» алғандар 30%-ға азайған. Ал «4»,«5» алған студенттер саны 2014 жылы керісінше 13,64% және 41,37%-ға артқан.

Көрсетілген жекеменшік ЖОО-ның 2013 жылғы орташа балы – 114,61, 2014 жылы – 111,08. «2» алғандар саны 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 2,61%-ға азайған, ал «3» алғандар керісінше 7,78%-ға артып отыр. «4» алғандар саны 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3,88%-ға артқан болса, «5» алғандар саны керісінше 9,05%-ға кеміген.

Диаграммадан 2014 жылғы ОЖСБ нәтижесі бойынша мемлекеттік ЖОО-ның басым бөлігі (48,68%) «5» бағасын алғанын, ал жекеменшік ЖОО-ның басым бөлігі (46,52%) «3» бағасын алғанын көруге болады.

Республика бойынша 2013 жылы «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағытының студенттерінің басым бөлігі (55,06%) «2» алған болса, 2014 жылы студенттердің басым бөлігі (55,11%) «3» алған.

Диаграммадан берілген университеттердің республика көрсеткішімен салыстырғанда «2», «3» алған студенттер бөлігінің аз екендігін, ал «4», «5» алған студенттердің көп екенін көре аламыз. Яғни, бұл университеттердегі «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша дайындалатын мамандықтарының білім сапасы анағұрлым жоғары екенін, демек, осы бағыт бойынша мемлекеттік ЖОО-мен қатар жекеменшік ЖОО-лар да сапалы мамандарды дайындайтынын көрсетеді.

2014 жылғы ОЖСБ нәтижесі бойынша студенттердің алған балдарының негізінде статистикалық талдау жүргізілді. Осы талдау бойынша 48 ЖОО-ның 780 студенті барлық пәндер бойынша «5» деген жоғары бағаға ие болған, бұл ОЖСБ тестілеуіне қатысқан барлық студенттің 1,68% құрайды. Студенттердің тестілеуге қатысу және жоғары көрсеткіштерге жетудегі ынтасын жоғарылату үшін ең үздік деп танылған 780 студентке Ұлттық тестілеу орталығының арнайы сертификаттары берілді.

 Қорытынды

 ОЖСБ    нәтижесіне   ЖОО-лар   арасында, ЖОО-ның мамандық бағыттары, оқыту нысандары, мамандықтары, пәндер бойынша салыстырмалы талдаулар жасау арқылы білім алушылардың білім деңгейінің озық немесе әлсіз тұстарын көруге және оқу процесін ұйымдастыруының қаншалықты тиімді екендігін бағалауға болады. ОЖСБ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланды. ОЖСБ-ға қатысқан барлық ЖОО-ларға мамандықтар және пәндер бойынша салыстырмалы статистикалық деректер берілді, онда мыналар қамтылды: ЖОО-ның көрсеткіші, ҚР бойынша ең жоғарғы көрсеткіш, ҚР бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Тұтастай алғанда, ОЖСБ әртүрлі кесінділер бойынша мемлекеттік мониторинг жүргізуге, соның нәтижесі арқылы еліміздегі ЖООлар көрсетіп отырған білім сапасын бағалауға, рейтингті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ЖОО-ларды сапалы білім беруге ынталандыратындығы сөзсіз. Осы мониторингтің нәтижесі Қазақстан азаматтарына ЖОО-лардың көрсетіп отырған білім сапасына және профессор-оқытушылардың білім беру деңгейіне мән бере отырып, болашақ оқу орнын, мамандығын дұрыс таңдауына жол ашады. Сондықтан жыл сайын ОЖСБ нәтижесі негізінде ЖОО, мамандықтар арасында мониторинг өткізу білім сапасы деңгейін жоғарылатуда, бәсекелестікті қалыптастыруда өз септігін тигізеді деген ойдамыз.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау арқылы мониторинг жүргізудің бүгінгі күні Қазақстандағы қалыптасқан еңбек нарығын ұтымды жолға қоюда, келешектегі ықтимал проблемалардың алдын алуда, болашақ мамандарға ішкі сұранысты жоғары деңгейде қамтуда, сондай-ақ жұмыс күшінің өңірлердегі теңгерімділігін сақтауда маңызы зор бола түспек.

ОЖСБ нәтижесі бойынша қосымша қандай ақпараттар қажеттігі туралы ой-пікірлеріңізді t.intymakov@testcenter.kz поштасына жазуларыңызға болады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Туймебаев Ж.К., Балыкбаев Т.О., Омирбаев С.М., Сагиндиков И.У. Нефедова Л.В. Национальная система оценки качества образования: принципы и перспективы развития. Научно-практ.изд. – Астана: ИД «Сарыарка», 2007. – 272 с.
  2. Интымаков Т.Ж. Проведение вступительных экзаменов по иностранным языкам для получения послевузовского образования // Выступление на 38-ой Конференции Международной Ассоциации по Оцениванию в Образовании (далее – МАОО) «Моделирование процедуры оценки с целью положительного воздействия на отдельные личности и организации образования». – Астана. – 16-21 сентября. – 2012.
  3. Интымаков Т.Ж. Внешняя оценка в высшем образовании // Білімдегі жаңалықтар. – №4. – 2012 (40). – С. 4-7.
  4. Интымаков Т.Ж., Баилова А.А. Технологии оценивания обучающихся. Конференции Международной Ассоциации по Оцениванию в Образовании (IAEA) «Оценивание в образовании 0: Технология оценивания в образовании», Государство Израиль. г. Тель-Авив, 20-25 октября 2013 г.
  5. Интымаков Т.Ж., Алтыбаева Ш.Б., Баимбетова К.Э., Бимен Л.К. Внешняя оценка учебных достижений в высшем образовании // Высшая школа Казахстана. – №4. –2013 г. – С. 9-15.
  6. Интымаков Т.Ж., Алтыбаева Ш.Б., Скабаева Т.Н., Баимбетова К.Э. Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау // ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы, – №1 (41). – 2014. – 11-21 бб.
  7. Интымаков Т.Ж. Внешняя оценка учебных достижений высшем образовании: состояние и перспективы // Выступление на Международной научной конференции KIRC 2014 университета КИМЭП, г. Алматы, 3 апреля 2014 г.
  8. Интымаков Т.Ж. Внешняя оценка учебных достижений, состояние и перспективы // Выступление на ІІІ ежегодной международной конференции Евразийской Ассоциации оценки качества образования, г. Астана, 7-8 ноября 2014 года.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.