Кіріспе
XXI ғасыр мемлекет, қоғам мен жоғары мектеп алдына принципиалды жаңа міндет қойып отыр –заманауи білім беру индустриясын қалыптастыру. Мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кәсіби жоғары білім берудің сапасына жаңа талаптар қоюда, бұл өз ретінде жоғары мектептегі оқытудың барлық сатыларында мамандарды даярлауды жетілдіру мәселесін айқындайды.
Жоғары кәсіби білім берудің қазіргі даму сатысының ерекшеліктері үздіксіз білім берудің жүйесін құруға, ойлаудың ғылыми стилінің қалыптасуына, болашақ мамандарды мобильді ақпараттық білім қорымен байытуға бағытталған жаңа білім беру парадигмасының практикалық жақтан жүзеге асырылуына байланысты болып отыр. Жоғары кәсіби білім берудің қазіргі заманғы мемлекеттік білім беру стандарттарында пәндердің интеграциялану мәселесіне орасан зор мән беріледі, осы орайда, сәйкес дидактикалық үрдісті үлгілеудің теориялық және практикалық негіздері туралы мәселе көтеріледі. Жоғары оқу орнының болашақ түлегі кәсіби жұмылғыштық пен практикалық ғылыми іс-әрекетте үнемі пайда болатын өзгерістерге байланысты әрекет ету іскерлігіне ие болуы тиіс. Бүгінгі күні білім беру жүйесі кәсіби әркеттегі міндеттерді шешу құралы ретінде басқалармен пәнаралық, интегративті қатынастағы әр жеке пәннің ұғымдарын, ережелері мен әдіснамасын қолдана алатын маманды даярлауды қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі бөлім
«Пәнаралықтық» ұғымының өзі мен оған деген әр түрлі көзқарастарды қарастырайық. Заманауи ғылым философиясында пәнаралықтық өзара әрекеттестік жүйесі, ғылымдар координациясы мен олардың зерттеу іс-әрекеттеріндегі интеграциясы ретінде түсіндіріледі, бұл қазіргі заманғы ғылыми білімнің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайларда ғылымдардың ешқайсысы өз өзін басқалардан алшақтай алмайды. Бұл жерде әрекеттесудің әртүрлі деңгейлері туралы сөз қозғалады – идеялармен жай ғана алмасудан бастап, концепциялар, әдіснамалар мен терминологиялық дискурстардың өзара интергациясына дейін. Ғылымдардың әрекеттесі түрлерінің көбісі бізге үйреншікті, басқалары болса даму және қалыптасу сатысында [1].
Тарихи даму барысында пәнаралық байланыстың формалары мен құрылымы өзгеріп келеді. Ең толық түрлерінің бірі – Г.Бергер пәнаралық байланыстары, «пән» (дисциплина) – «мультипәнаралық» (мультидисциплиналы) – «плюрапәнаралық» (плюрадисциплиналы) – «дисциплина аралық» (пәнаралық) – «транспәнаралық» (трансдисциплиналы) сияқты ұғымдары кіреді [2]. Осыған орай, оқу пәні дегеніміз не деген сауал туындайды. Дисциплина (пән) (лат. тілінде disciplina – оқыту; қатаң тәртіп) – дегеніміз білім беру мен кәсіби даярлықтың арнайы жүйесіне сүйенетін оқытуға бейімделген білімнің спецификалық корпусы, сонымен қатар, процедуралар, әдістер мен мағыналы ұғымдар жиынтығы болып табылады.
Заманауи ғылымтануда жиі бір-бірінен өзгешеленбесе де, пән мен ғылым барабар ұғымдар емес екені сөзсіз. Теориялық білім, әдетте, дисциплиналылықтың ерекше ұйымдастырылған формасында кездеседі, ол оның аккумуляциясын, трансляциясы мен модификациясын қамтамасыз етеді. Теориялылық пен пәндік бір медальдің екі жағы ретінде, бір жағынан дамыған ойлаудың сипаттамасы ретінде болса, екінші жағынан іс-әрекет пен қарым-қатынастың өнімі ретінде көрініс табады. Ойлауды іс-әрекет және қарым-қатынас өнімі ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қарама-қарсы көзқарас та дұрыс болуы мүмкін – пәннен теория туындайды. Пәндіқ ұйымдастырудың теориялық және осы мағынадағы ғылыми зерттеуге қатынасына бастапқылығы да осыдан [3]. Қазіргі заманғы ғылымда пәнаралықтық пен транспәнаралықтықтың мәніне байланысты диаметральды қарама-қайшы көзқарастар бар: оларды теңдестіруден бастап, түпкілікті бір-біріне қарсы қойылып салыстырылуына дейін. Дифференциация мен интеграция үрдістерінің байланыс аспектісінде пәнаралықтықтың рөлі өте қарама-қайшы. Бір жағынан, ол дифференциацияны тереңдетеді, зерттеудің жаңа салаларының қалыптасуы мен «ғылымдар тоғысындағы» жаңа пәндердің пайда болуына әкеледі. Екінші жағынан, ол занауи ғылым интеграциясының көшбасшы факторы болып табылады. Қорытындылар жасай отырып, ұғымдар тарихы контекстісіндегі пәнаралықтықтың заманауи тарихы шартты түрде «интерпәнаралықтықтан» бастап –«поли-/плюри-/мультипәнаралықтық» арқылы – «транспәнаралықтықққа»дейін транзит ретінде сипатталуы мүмкін [2, 153 с.].
Осылайша, пәнаралық тәсілдің басқа тәсілдерден негізгі айырмашылығы неде? Пәнаралық тәсіл бір ғылыми пәннен басқасына зерттеу әдістерінің тікелей көшірілуін мүмкін етеді, бұл зерттелетін пәндік аялардың ұқсастығымен түсіндіріледі. Дегенмен, үйлесімділік мәселесі ең күрделілердің біріне жатады. Бір жағынан, әдіснамалардың лизингі эвристикалық болып келеді, ал екінші жағынан, қарама-қайшылықтар мен сәйкессіздіктер табылады, бұл көбінесе зерттеу пәні, нысаны мен әдістерінің көмескілігіне байланысты [4].
Негізгі мақсаты компетенциялар жиынтығын меңгеру болып табылатын білім берудің жаңа компетенттілік тәсілдің тұрғысында пәнаралық идеясы ерекше контекстке ие болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – білімнің ғылыми жақтан терең, әрі күрделі саласы, оны меңгеруде оқытудың электрондық, компьютерлік құралдарының мүмкіндіктері мен Ғаламтор желісінің потенциалын қолдану кәсіби іскерліктерін қалыптастыру бойынша теориялық және практикалық жұмыстың орасан зор көлемінің атқарылуы қажет. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетілдірілуі, еңбектің көпатқарымдылығының мен полиатқарымды білімдердің, іскерліктердің және ойлау әрекеттері амалдарының кеңеюі, осыған қоса, олардың жаңа өмірлік жағдайларда қолдану, компетенттілік форматындағы пәнаралық тәсілдің идеяларын жетілдіру және жүзеге асырудың жаңа сатысына өту қажеттілігін айқындайды. Дегенмен, бұл білімді пән арқылы меңгеруден бас тартуды емес, оны пәнаралық тәсілдердің көмегімен пәнаралық ой өрісін қалыптастыратын оқу материалдарымен байыту дегенді білдіреді. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар практикада оқу пәндерінің шынайы интеграциясын жүзеге асыруға, жалпы білімдік пәндер мен арнайы пәндер арасындағы түйісу нүктелерін табуға мүмкіндік береді, осы арқылы әр түрлі білім беру аяларының интеграциясы мен пәнаралық байланыстар идеясы іске асады.
Білім беру саласындағы жалпы интеграция үрдісінің бағытында дами отырып, пәнаралық парадигма жоғары білім берудің заманауи сатысының негізгі компетенттілік концепциясының басты қағидаларына қайшы келмейді. Жоғары оқу орнындағы оқу үрдісіндегі пәнаралықтық оқытушылар үшін біріктіруші фактор болып табылады да, оқу үрдісіндегі пәндердің мазмұндық және процессуалдық компоненттерінің әрекеттесуін ескере отырып, оқытудың сабақтастығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыстарды ескере отырып, компетенттілік тәсілінің форматындағы оқу үрдісін жобалау, басты болып алынған маманның компетенцияларын қалыптастыру негізгі білім беру бағдарламасындағы оқужұмыс жоспарының бір емес бірнеше пәнімен жүзеге асырылады. Пәнаралық парадигманың жүзеге асуының және оқудың интегративті негізі құрылуының дидактикалық формалары пәнаралық модульдер бола алады, олардың лингводидактикалық аппаратында пәнаралық әрекеттестікті актуализациялау бойынша оқу материалдары мен тапсырмалар бар. Білім алушылардың білімінің, іскерліктер мен дағдыларының пәнаралық синтезі барлық бағыттардағы мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының практикаға бағытталғандығына байланысты өзекті болып отыр. Пәнаралық байланыстар, шын мәнісінде, білім беру саласында орын алатын интеграциялық үрдісте қолданбалы аспект болып табылады.
Жоғары мектепте пәнаралық білім беру бағдарламасын құрастыруды қарастыра отырып, білім беру мазмұнының «интеграторлары» оның компонеттерінің арасындағы пәнаралық байланыстар екенін айтып кету қажет. Мұнда байланыс деп «ақпараттың қозғалысын мүмкін ететін білім беру мазмұны компоненттерінің объективті түрде жүзеге асатын немесе әдейі орын алатын өзара қатынасын» айтуға болады [5,20]. Оқыту үрдісінің дидактикалық компоненттері арасындағы байланыстарды қалыптастыру бұл компоненттердің процессуалдық аспектілерінің тұтастығы, олардың құрылым бірлігі мен үйлесушілігінің синергетикалық әсерінің негізінде орын алуы мүмкін. Білім беру үрдісіндегі интегративті құрылымдардың актуализациясы таңдалған кәсіби саланы меңгеру барысында білім алушылардың белсенді ойлау әрекетінің қалыптасуын меңзейді.
Бір пәннің мазмұндық компоненттерінің басқа пәнге ішінара енгізілуі арқылы пәнаралық интеграция идеясын көптеген заманауи зерттеушілер қолдауда. М.В. Дружинина кәсіби білім беру мен оның сегменті арасындағы байланыстың синергетикалық тәсіліне сәйкес – тілдік/шеттілдік білім беру өзара шарттастықпен, ашықтықпен, өзара ақпаратпен бөлісумен, құндылықтардың әртүрлілігімен, сыртқы ортамен тұтастық және өзара әрекеттестікпен, өз бетінше ұйымдастыру мен өздігінен реттелумен сипатталатынына айрықша көңіл аударады [6].
Егер біз пәнаралық байланыстарды шетел тілі сияқты пән негізінде қарастыратын болсақ, ол өздігінен интеграция үшін негіз бола алады, демек, кәсіби-бағдарланған пәндердің дидактикалық компоненттері орнықталатын іргетас болып табылады.Шетел тіліндегі оқу пәнінің потенциалды «пәнаралықтық» ерекшелігі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстар актуализациясының негізінде әртүрлі жүйелі білімдердің синтезі бойынша интеграгиялық қызметті атқара алатын мобильді дидактикалық объект болып табылады да, практикалық компетенциялардың дамуын қамтамасыз ететін өзіндік «интеграциялық негізге» айналады [7].
Заманауи жоғары оқу орнында шетел тіліне оқыту білім алушылардың шетелдік әріптестерімен кәсіби қарым-қатынасының кеңейген мүмкіндіктеріне және Қазақстандық пен Еуропалық бакалаврлар, магистрлерді даярлау бағдарламаларының қиысуына байланысты аса өзекті болып отыр. ҚР-ның жоғары білім беру жүйесінің алдында бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне (European Higher Education Area) және еуропалық зерттеу кеңістігіне (European Research Area) ену мақсаты тұр, бұл қазіргі білім беру жүйелері мен концепцияларының заманауи сатыда пәнаралық парадигманың жүзеге асуын қамтамасыз ететін ақпараттық және коммуникациялық технологиялары жетістіктерінің дамуымен тығыз байланысты жаңа білім беру технологияларының негізінде конвергенциясы үшін алғышарт болып отыр.
Компетенттілік, когнитивтік, ақпараттық-синергетикалық және акмеологиялық тәсілдерді ескере отырып, студенттердің шеттілдік даярлығын жетілдіруді қарастырғанда, олар мамандарды даярлаудағы шеттілдік құрамдасты үлгілеудің нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Бұл ғылыми тұрғыдан негізделген технологиялар, әдістер, ұйымдарстыру формалары мен оқыту құралдарының мүмкіндіктерін кеңейтуде көрініс табады. Осыған қоса, мамандарды кәсіби даярлау құрамына шеттілдік құрамдастың интеграциясы жоғары оқу орнында шетел тіліне оқыту үрдісіндегі білім берудің үлгісін жетілдірудің ең маңызды аспектілерінің бірі ретінде қарастырылады [8].
Лингвистикадағы когнитивтік үлгілеу басқа ғылымдармен белсенді түрде интеграцияға түсуде, оның ішінде, адам санасын зерттеумен айналысатындарымен. Сонымен қатар, когнитивтік практикалар аккумуляция және жаңа білімді қалыптастырудың индивидуальды түрінен коллективті және полидискурсты түріне айналдырады,оған сәйкес білім интеллектуалды ресурстармен алмасу, тұлғааралық және пәнаралық коммуникация нәтижесі болып табылады. Бұл контексте пәнаралықтық сипаты бойынша кешенді таным мәселелерін зерттеудің пәндік шекараларын кеңейтуге ынталану ретінде ғана емес, иерархиялық коммуникативтік технология ретінде де көрініс табады. Осыған орай А.В. Хоменконың көтерген мәселесі өте орынды болып отыр: шеттілдік даярлау үрдісінде бір уақытта осы коммуникациялық құрамдастарды қалайша дамытуға болады? Болашақ маман үшін жаһанданған полимәдени әлемнің кәсіби кеңістігінде толерантты қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін өзге мәдениетті танып білудің қандай көлемі қажет? Мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктерін зерттеуде әртүрлі лингвомәдени қоғамдастықтардың қарым-қатынасындағы коммуникативтік сәтсіздіктердің себептерін анықтау үшін антропология, этнометодология, әлеуметтік психологияның да деректері қолданылады [9]. Осыдан бірқатар пәндердің шетел тілінде оқытылуы, «күнделікті қарым-қатынасқа арналған тіл», «арнайы мақсаттарға арналған тіл» (LSP),«академиялық мақсаттарға арналған тіл» (LAP) және т.б. сияқты концептуалды мағыналы ұғымдардың мазмұндық және терминологиялық дифференциациясы шығады.
Академик С.С.Кунанбаеваның ойынша, білім беру мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету бойынша талаптарды «оқу үрдісін ұйымдастыру мен жобалаудың қозғалмалы үлгісіне өту қажеттілігі» анықтайды. Бұл оның жеке кәсіби немесе ғылыми-мағыналы бағыттар бойынша модульді ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттарды шешу үшін пәнаралық тәсілдің негізі болып табылатын түрлі пәндерден білімдер, көптеген салалар бойынша алынған білімдердің синтезі мен актуализациясы қажет. С.С.Кунанбаеваның пікірінше, пәнаралық тәсіл оқу пәндері арасындағы шекараларын жояды да, білім беруді жеке пәндердің пәндік мазмұнымен шектелмейді [10]. Осылайша, шетел тілін оқытудың және пәнаралық байланыстарды ескерудің маңызды аспектілерінің бірі кәсіби-бағдарланған шетел тілін оқытудың әдіснамалық мәселелерін зерттеумен айналысатын кәсіби лингводидактика болып отыр.
Қорытынды
Қорыта келе, білім берудегі жалпы тенденция, онда орын алған өзгерістер, компетенттілік тәсіл концепциясы әр түрлі кәсіби мағыналы компетенциялар кешенінің жүзеге асырылуына әкеліп отыр. Оқу үрдісінің пәнаралық жобалануы жоғары оқу орнын бітірушінің пәнаралық бағыттардың өзара байланысы туралы және өмір бойында білім алушылардың кәсіби және жеке өсуі үшін шетел тілі мен ақпараттық технологиялардың синтезінің тиімділігі туралы білімге ие біртұтас тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Осылайша, білім берудегі жалпы тенденция мен онда орын алатын өзгерістер, пәнаралықтық, компетенттілік және когнитивтік тәсілдер концепциясы әр түрлі кәсіби маңызды компетенциялар кешенінің жүзеге асырылуын негізге алады. Оқу үрдісін пәнаралық жобалау жоғары орнын бітірушінің пәндер бағыттарының әрекеттестігі, оның ішінде шетел тілі мен ақпараттық технологиялар синтезінің білім алушылардың өмір бойына кәсіби және жеке өсуі үшін тиімділігі туралы білімге ие тұлғасының тұтастықта қалыптасуына мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
- Василькова В.В. Когнитивтік практика ретіндегі пәнаралықтық. Коммуникация мен білім беру . Мақалалар жинағы. С.И. Дудниктің редакциясымен. СПб.:Санкт-Петербург философиялық қауымдастығы, 2004. – 448 б.
- Бушковская Е.А. Шетелдік зерттеулердегі пәнаралықтық құбылысы –Эл.ресурс: http://cyberleninka.ru/article/n/ fenomen-mezhdistsiplinarnosti – v – zarubezhnyh – issledovaniyah
- Касавин И.Т.Рефлексия мен габитус контекстісіндегі пәнаралық зерттеулер. Ғылымдар мен философиядағы пәнаралықтық/Ресейдің ғылымдар академиясы, философия институты; атқ. ред. И.Т. Касавин.– М: ИФРАН, 2010.– 205 б.
- Синельникова Л.Н. Нанолингвистика: қалыптасу векторлары/ Т.Шевченкоатындағы ЛҰУ Хабаршысы, № 24 (259), Б. І., 2012
- Никитенко О.А., Попова Н.В. Заманауи жоғары оқу орнындағы шетел тілдеріне оқытудың үш сатылы интегративті негізі (ғылыми-педагогикалық ғаламтор журналы) А.И.Герцен атындағы РМПУ, шілде 2012 – Эл.ресурс: http://www.emissia.org/offline/2012/1824.htm
- Дружинина Г.В. Кәсіби білім берудің сапасын қамтамасыз етудің факторы ретіндегі университеттік тілдік саясатын қалыптастыру: Автореф. дис. … пед.ғыл. д-ры: 13.00.08. – Санкт-Петербург, 2009. – Эл.ресурс: http://dissers.ru/avtoreferatidissertatsii-pedagogika/a415.php