Кіріспе
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясымен оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр:
- білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас өзгеше менталитет пайда болуда;
- білім мазмұны жаңа үдерістік біліктермен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы инновациялылық жəне нарықтық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- ақпараттық дəстүрлі əдістері – ауызша жəне жазбаша, телефон жəне радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- тұлғаны тəрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- университеттегі инновациялық білім ортасының ұрпақ тəрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның рөліне мəн берілуде.
Классикалық парадигманың өмірге келуі Я.А. Коменскийдің 16-ғасырдағы «Ұлы дидактика» еңбегінен [1], К.Д. Ушинскийдің [2] 19-ғасырдағы «Человек как предмет воспитания» трактаттарынан бастау алады. «Классикалық парадигма білім жүйесін ұрпақтан-ұрпаққа білім, білік дағдыны, ғылым жетістіктерін, адамның қызмет тəсілдерін жеткізуші үдеріс», – деп көрсетеді.
Ізгілік парадигмасы «барлығы адам үшін»,«адам байлығы үшін» ұстанымдарына негізделіп, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағдымен шектелетін білім жүйесін тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыру əлеуетімен қамтамасыз ету мақсатындағы құзырлылық тұғырына ауыстыруды болжайды.
Негізгі бөлім. Педагогикалық білім беру жүйесін жаңарту мақсатында тұжырымдама жасағанда көп парадигмалық тұғырды пайдалана отырып, ғалымдар негізінен төрт парадигманы бөліп қарастырады: тəлімгерлік (оқытушыбілімді тасымалдаушы, беруші, ол студенттің білім алу мақсатын айқындайды, қажетті өзгерістерін жоспарлайды, оларда қалыптасатын қасиеттер сапаларды жобалайды), білімдік (оқытудың лекциялық-семинарлық формасында жəне білім сапасын тексеруде ауызша емтиханға басты орын беріледі), құралдық-технологиялық (педагог пен студенттің бірлескен əрекетін көп түрлі интеллектуалдық құрылымдар арқылы ұйымдастыру, оқытудың жобалық жəне зерттеушілік формаларын, тест тапсырмаларын пайдалану, оқытуды ақпараттандыру жəне компьютерлендіру), əдіснамалық-инновациялық (жинақталған құралдарды біріктіру, білім беруді инновация өндірісі деп түсіндіру, студенттің жеке тұлғасына, оның мəдени дамуына, тұлғалық жəне кəсіби дамуына қажет əрбір студентке мəнді болып табылатын оқыту формалары мен əдістерін енгізу). Демек, педагогикалық білім беру жеке тұлғалық парадигманы өзектендіруде. Тұлғалық парадигма – бұл бір-бірмен тығыз байланысқан идеялар, түсініктер жəне əрекет тəсілдері арқылы тұлғаны əлеуметтендіру үдерісін қамтамасыз ететін педагогикалық қызметтің əдіснамалық бағыты. Жеке-тұлғалық парадигаманың мəні оның студенттің қызығушылығы мен қажеттігін қанағаттандыруы, оның өзіне тəн тұлғалық сапалары арқылы өзіндік даму траектория- сын анықтауы, педагог пен оқушы арасындағы субъектілік қарым-қатынасты орнатуға студенттердің өзін-өзі тануы мен əлеуметтенуіне бағытталуы арқылы іске асады.
XX ғасыр аяғында білім берудегі жағдайды өзгерту үшін білім берудің ізгілендірудің мегатенденциясы жүзеге асырыла бастады. Ол технократиялықтан ізгілікті білімге көшуге жəне жалпы адами құндылықтарды бекітуге бағытталған.
Ізгілендіру тəрбиесі негізгі екі мақсатты шешуді көздейді:
а) жүйе құрылымын жетілдіру, ішкі жə- не сыртқы байланыстарды адам білімінің мақсаттарына сəйкес бола алатын, тəрбиеленушінің рухани, физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жəне дамытуға бағыттау;
б) жүйенің барлық компоненттерін адамның əлеуметтілігін, əрекеттегі, қарым-қатынастағы, байланыстағы адамилығын қалыптастыруға бағдарлау.
Сөйтіп, қазіргі білім беру парадигмасы мамандарды өздігінен кəсіби білім, білік, дағдыны меңгеруге, нақты өмірге бейімделу дағдысына, яғни ашық, оңтайлы жəне икемді болуға бағыттайды. Қазіргі білім берудің девизі – «бүкіл өмірге білім емес, «бүкіл өмір бойы білім беру». Дамытатын сапаларға ақпараттық жұмыс ерекшеліктеріне негізделетін парасаттылық əрекеттің алуан түрлеріне қабілеттілік жатады. Бұл блок ақпаратты сыртқы əлемнен алу, оны орталық өңдеу жəне əрекет сипатына байланысты түрлі формада жеткізуді басқарады. Жоғары оқу орнының білім беруі білімдіктен тұлғалық парадигмаға көшуі студент алдына өзін тұлға ретінде көрсетуін болжайды: өзінің сөздері мен мінез-құлқына, істеріне жауап беру, шешім қабылдау, өзіндік, іштей еркін, креативтік бастама көтере алатын, өз бойын игерген, өмірлік мағына мен принциптерді таңдай алу жəне т.б.
Инновациялық білім беру ортасында студенттердің педагогикалық креативтіктерін қалыптастыру бұрын да білім берудің мақсатты бағыты ретінде бөліп көрсетілген болатын. Бірақ мұндай мақсат білім беру жүйесі аталған мақсатты қай бағытта, қалай жүзеге асыру болатынын білмегендіктен қол жеткізбеді. Бүгінгі таңда өткеннің қателігін біліп қана қою аз. Қандай бағытта жүру керектігін түсіну мен саналы аңғару маңызды. Негізгі жүзеге асыру ұстанымы төмендегідей болатын инновациялық педагогикалық креативті білім беру шешім болып табылды:
- педагогикалық креативтікке дайындық;
- кең мағынада техноаумақ элементтерін жобалаудан əрекетті жобалауға көшу;
- шешімдердің көп өлшемділігі, басқаша ойлауға, шыдамдылыққа, яғни толеранттылық пен өз əрекетіне адамгершілік жауапкершілікке негізделген дүниетанымды қалыптастыру;
- жалпыланған білім жүйесін қалыптастыру мақсатымен пəнаралық байланысты жүзеге асыру;
- ойлау полихроматикалығы мен интеллектісінің əрекет «бинокулярлығын» қалыптастыру. Жаңа білім беру парадигмасы студенттердің руханилық пен креативтігін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда білім беру тəжірибесінің басты мақсаты табиғат пен қоғамның заңдарын оқыту ғана емес, «адам-табиғат-қоғам» жүйесінде əлемді шығармашылық түрлендіру мен қарым-қатынас үйлесімділігінің ізгіліктілік əдіснамасын əрекеттік меңгеруге көмек те болады. Мұндайміндеттіадамныңкреативтікəлеуетін сақтау мен қалыптастыру басты мақсат болатын инновациялық білім беру ғана жүзеге асыра алады. Білім берудің жаңа парадигмасының жүзеге асуы тұлғалық-бағдарлы оқытумен жəне кəсіби тұлға, яғни жаңа формация маманын қалыптастыруда құзыреттілік тұрғысындағы амалға көшуді бейнелейді.
Білім беруді жаңарту деп біліми жүйелердің барлық буындарын жəне біліми іс-əрекеттің барлық саласын қазіргі өмір талабына сəйкес отандық білімнің жақсы дəстүрлерін сақтай жəне оларды тарата отырып, кешенді, жанжақты жаңарту түсініледі. Бұл, сондай-ақ білім жүйесіндегі қағидаларды түбірімен қайта қарау, біліми іс-əрекеттің мазмұнындағы, технологиясындағы, ұйымдастыруындағы кең көлемдегі өзгерістер жəне қорытындысында біліми дүниетанымдағы терең жаңартулар болып табылады.
Білім беру саласындағы үдерістерді нақтылау үшін педагогикалық парадигмаларды қарастыратын болсақ, əлемдік қондырғы туралы идеялар мен теориялардың ауқымдылығымен ғаламдылығына байланысты парадигмалардың бірнеше түрлері бар: жалпы ғылыми, жекеше, локальдық.
Жалпы ғылыми парадигма білім аумағы əрекет түрі елге қарамастан бүкіл ғылыми қоғамдастықпен қоғамдық сана мойындаған көзқарасты көрсетеді:
- Табиғи педагогикалық парадигма.
- Репродуктивті педагогикалық парадигма.
- Креативті педагогикалық парадигма.
- Табиғи педагогикалық парадигма ересектерге еліктеуге негізделген табиғи ойындары енетін, əлемді тұтас қабылдағанда отбасымен алғашқы қауымдық қоғамда стихиялық тəрбиелеу жатады.
- Репродуктивті педагогикалық парадигма. Тəрбиелеу мен білім беру мазмұнына тəрбиелік пен білім беру өлшемдеріне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды қабылдау. Адамның космо-био-əлеуметтік зат ретіндегі сапасы əрі қарай жүзеге асырылады.
- Креативті педагогикалық парадигма. Адамзаттық (ізгілік) өлшемдері бойынша білім беру модельдері қайта қарастыру табиғатпен өзара əрекет түріне күштемейтін өзара əрекетке ұмтылу жəне адам-адам жүйесіндегі көріністері шешіледі.
Студенттерге стихиялық ықпал ету, яғни қоғамда өмір сүру жағдайы мен əрекетін, сонымен қатар табиғи факторлар, əсіресе адамның технологиялық əрекетінен туындаған «табиғи педагогиканың» көрінуі. Стихиялық ықпал негізінде қоғамда қабылданған стереотиптер жататын құндылық бағдарлар жəне мотивациялармен анықталады. Парадигманың ауысу мерзімінде жаңа идеяларды қалыптастыруға жəне білімнің түрлі аумағынан мəліметтерді жинақтауды жүзеге асыруға қабілетті ғалымдарға деген қажеттілік туындайды. Жаңа технологияларды енгізу неғұрлым жетілдірілген психология-педагогикалық парадигмаларды қабылдамау мүмкін емес.
Дербес парадигмалар білімнің түрлі салаларының теориялық базасын құрайды. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім беру мазмұны мен оқыту мəні енетін оқытудың үш дербес педагогикалық парадигмасы анықталған: ғылыми-технократиялық; ізгілік; изотерикалық. Аталған парадигмалар (мəселені қою моделімен оларды шешу) қоғамдық өмірге, ғылым мен техниканың даму деңгейімен бағытына, мəдени жəне адамгершілік құндылықтар, индивид пен қоғамның рухани адамгершілік қалыптасуына түрлі деңгейде ықпал етеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында өзіндік даму заңдарын білмей тұрып басқару «адам-технология-орта» жүйесіндегі өзара қарым-қатынаспен өзара əрекеттің жақсы тəсілі еместігін түсінді. Бұл мезгілде күрделі ашық жүйелердің тууы мен өзіндік дамуы туралы ғалым – синергетика белсенді дамиды. Бұған білім беру жүйесі де жатады.
Е.Е. Щербакова [3, 132 б.] оқытудың педагогикалық парадигмаларының қатынасын ұсынады. Жалпы ғылыми парадигма анықтаушы болғанымен, барлық парадигмалар бір-бірімен үздіксіз байланыста.
Оқу үдерісін жобалауда креативтік қалыптастырушы білім беруді жүзеге асыру үшін (мақсаты, мазмұнынан бастап жүзеге асыру технологиясына дейін) педагог заманауи кезеңде (жүйелілік, тұлғалық-бағдарлы, əрекеттік, субъектілік, құзыреттілік, синергетикалық) жəне өзінің креативтік əрекеті студенттердің креативтік əрекетімен үздіксіз байланыста шығармашыл, инновациялық, педагогикалық əрекеттің қағидалары жəне əдістері мен жүзеге асатынын терең түсінеді. Осыны енгізетін кəсіби оқытуды талап етеді. Е.Е. Щербакова жалпы ғылыми парадигма білім аумағы əрекет бүкіл ғылыми қоғамдастықпен қоғамдық сана мойындаған көзқарасты көрсетеді. Осы пікірге сəйкес, жоғары оқу орындары студенттерінің парадигмалары анықталды (1-сурет).
Студенттерге стихиялық ықпал ету, яғни қоғам өмір сүру жағдайы мен əрекетін, сонымен қатар табиғи факторлар, əсіресе адамның технологиялық əрекетінен туындаған «Табиғи педагогиканың» көрінуі. Стихиялық ықпал негізінде қоғам қабылданған стереотиптер жататын құндылық бағалар жəне мотивациялармен анықталады.
Академик М.К.Тутушкина жетекшілік ететін авторлар ұжымы «қазіргі кезде жал- пы практикалық педагогика (педагогикалық шындық) əлі де репродуктивті-педагогикалық парадигма сатысында болып табылады, бірақ креативті-педагогикалық сатыдағы өту беталысы байқалады, бұл жоғары білім беруде, əсіресе студенттердің ғылыми əрекеттері үдерісінде жүзеге бөлшектеп асырылады», – деген тұжырым жасайды [5].
Ғылыми фактілер жалпы мойындалған теориялар көмегімен түсіндіру мүмкін болмаған сəттен бастап парадигманың ауысуы басталады. Ескірген білім, ғылымның жаңа болжамының дамуын тежейді жəне біртіндеп тарихи фактілер қатарына өтеді. Жаңа парадигманы бекіту үшін белгілі бір уақыт қажет, парадигма бір сəтте ауыспайды. Ғалымдар көбіне өздерінің тұрақталған көзқарастарынан бас тартқылары келмейді, жаңа бұрынғы көзқарастардың ақпараттарына қарсы келеді. А.П. Валицкая парадигманың ауысуы – қоғамның дамуына табысты ықпал етуге мүмкіндік беретін қоғамдық үдерістің маңызды шарты деп қабылдайды [6].
Парадигманың ауысу мерзімінде жаңа идеяларды қалыптастыруға жəне білімнің түрлі аумағынан мəліметтерді жинақтауды жүзеге асыруға қабілетті ғалымдарға деген қажеттілік туындайды. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізуде неғұрлым жетілдірілген психологияпедагогикалық парадигмаларды қабылдамау мүмкін емес.
М.М. Зиновкина креативті педагогикалық жүйенің негізгі педагогикалық идеялары мен қағидаларын блоктар түрінде қарастырады:
- Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру.
- Тұлға жəне оқу тобының ұжымы.
- Креативтік ойлау жүйесін қалыптастыру. Педагогикалық креативті жүйе қарастырады:
- білім беру мазмұнына креативтік əдіснамасы бойынша курс енгізу;
- креативтік əрекет қозғалысындағы оқыту мен бақылау үдерісінде «Оқыта отырып, өзіміз оқимыз» қағидасын қолдану;
- кəсіби қызығушылығын қалыптастыру.
Адам тұлғасы жеткілікті толық деңгейде жеке тұлға қасиеттерімен ішінара қиылысатын көп мінездемелік сипаттамалармен сипатта- ла алу мүмкіндігі бар екендігі белгілі. Белгілі кəсіби іс-əрекет түріне қатысты алына оты- рып, қасиеттер болжамды нəтижеге əсер ету дəрежесіне қарай, яғни кəсіби мəнділігіне байланысты бөлінеді. Сондықтан да зерттеуімізде университеттің инновациялық білім беру ортасында студенттердің педагогикалық креативтігін қалыптастырудың жағдайындағы маман-педагог моделінің базалық қасиеттері ретінде психологиялық-педагогикалық негіздері ұстанымы жағынан үш блокқа қатысты қарастырамыз.
Бірінші блок – университеттің инновациялық білім беру ортасында студенттердің креативтігін қалыптастыру жағдайында педагогикалық ісəрекетке деген креативтік бейімділігі.
Екінші блок – университеттің оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға маманның дайындығы.
Үшінші блок – университеттің инновациялық білім беру ортасында технологияларды қолдана отырып, студенттердің педагогикалық қарымқатынасқа енуі.
Бірінші блок (танымдылық бейімділік) педагогикалық іс-əрекетті жобалау жəне модельдеудің қазіргі амалдары туралы білімдерді қамтиды. Олар: кəсіби-педагогикалық іс-əрекетте қолданылатын инновациялар тура- лы, математикалық модель жасақтауға жəне психологиялық-педагогикалық эксперимент қорытындысын өңдеуге қажетті математикалық құралдар, білімді бақылаудың бейінді əдістері; ақыл-ой қабілеттері (интеллект, логика, есте сақтау, тəжірибе, назар ауда- ра білу қабілеті жəне т.б.) педагогикалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, өзіндік қасиеттер, ынта. Яғни, тұлғаның педагогикалық креативтігін, белсенділігін шығармашылық, инициатива, жауапкершілік, ғылыми ізденіс мен педагогикалық жəне креативтік қабілеттердің қалыпты деңгейі межелерінің тұрақты бірлігін болжаймыз.
Оқытушы іс-əрекеті инновациялық білім беру ортасы үдерісімен байланысты болғандықтан, тұлғаға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар тұлғаның педагогикалық қабілеттері жиынтығын да кірістіруі қажет. Осы мəселемен байланысты ғылыми еңбектерді талдау негізінде басты педагогикалық қабілеттер есебінде: дидактикалық, ғылыми-зерттеушілік,педагогикалық елестету алынады. Осыған сəйкес педагогикалық қабілеттер келесі мазмұнға ие:
- дидактикалық қабілеттер университеттік оқытудың мақсаты мен нəтижесін жобалау, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағытын анықтау, студенттердің жеке ерекшеліктеріне сəйкес оқу материалын бейімдеу жəне оны белгілі формада меңгертуді ұсынудың əдістерін, құралдарын; студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті; студенттердің креативтік белсенділігін дамыта отырып, оны керекті бағытқа бағыттай білу жəне нəтижесін өлшей білу қабілеті.
- ғылыми-зерттеушілік қабілеттер студенттерге қажетті білім, білік жəне дағды деңгейін қамтамасызететіноңтайлыкомпьютерлікбағдарламаларды жобалауда, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың кірістірілуін ескере отырып, педагогикалық үдеріс компоненттері арасындағы ішкі жəне сыртқы байланыстарды айқындап білу қабілеті; тəжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысын жүргізу.
Қорытынды бөлім
Бүгінгі таңда қажетті талаптардың бірі студенттің креативтік ойлауға бейімділігі мен оның арнайы қабілеттерінің дамуын қарастыру болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге негізделе отырып, маман-педагогтердің кəсіби іс-əрекеттерінің креативтік ынтасы саласындағы компоненттік құрамын былайша көрсетуге болады:
- Кең əлеуметтік ынта. Оны келесі ынталық бағдарлар құрайды:
а) əрбір мəдениетті адам еңбек құралы есебінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білуі тиіс;
ə) қазіргі инновациялық технологияларды қолдана білу əріптестер жəне студенттер тарапынан мойындатуға мүмкіндік береді;
б) қазіргі педагогикалық технологиялар- ды кəсіби іс-əрекетке ендіру елеулі табыстарға жетуге көмектеседі. Ол жұмыс сапасына əсер етеді жəне сəйкесті құзыреттілігінің артуына мүмкіндік береді.
- Тұлғаның интеллектуалдық-креативтік дамуымен байланысты ынта. Ол келесі ынталық бағдарды қосарлау есебінен жүзеге асырылады:
а) университеттік білім берудегі инновациялық білім беру ортасында технологиялар- ды меңгеру студенттердің ғылыми-зерттеу ізденістерінің креативтік іс-əрекетпен қамсыздандырылуын күшейтеді;
ə) университеттік білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар арқылы ғылыми ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі өз инновацияларын жалпылауға, талдауға жəне рəсімдеуге көмектеседі;
б) ғалымдардың жоғары оқу орны оқытушыларымен бірлесе отырып жəне олардың басшылығымен эксперименттік жобаларға, сондайақ дамып келе жатқан қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.
Екінші блок (кəсіби дайындық) студенттердің педагогикалық креативтігін əлеуметтік мəнді бағыттылығын, педагогикалық іс-əрекеттің жаңа түрлеріне қажеттігін, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін құрайды.
Үшінші блок – бұл ұйымдастырушылық қабілеттер, коммуникативті қабілеттер, іс-əрекеттің дербес стилі жəне қажетті біліктер мен дағдылар.
Креативтікті зерттеуде өткізілген талдау жалпы заңдылықтар мен кəсіптік андрагогикада өткізу ерекшеліктерін табуға мүмкіндік береді. Креативті тұлғаның жеке интеллектуалдықэвристикалық сапасы ретінде рационалистік түсінуден ерекшелігі креативтікті жүйелі, бағалы тұлғалық, көп деңгейлі білім беруден бастау алады. Креативтік адамның рухани жəне тұлғаның шығармашылық өзіндік даму шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы, тұлғалық саналы категориясы. Ол оның өзіндік көкейкестілігінің айтарлықтай қоры болып табылады.
Əдебиеттер
- Коменский Я.А. Великая дидактика // Избранные педагогические сочинения. – Т 1. – М., 1982. – 356 с.
- Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания: сочинения в 11 т. − Т.2. − М., 1952. – 348 с.
- Щербакова Е.Е. Формирование педагогической креативности студентов вуза в условиях профессиональной подготовки. дис. ... доктора пед. наук. − Нижний Новгород, – 223 с.
- Щербакова Е.Е. Креативные технологии: учебное пособие. − Нижний Новгород: ГХИ НИГАСУ, − 38 с.
- Тутушкина М.К. Практическая психология для преподавателей. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997. – 382 с.
- Валицкая А.П. Философские основания современной парадигмы образования // Педагогика. – − №3. –С. 15-19.