Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Арнайы жоғары оқу орнында, жаңа оқыту технологиясын «Академиялық сурет» пəні бойынша студенттің өзіндік жұмысы негізінде енгізу

Кіріспе

 Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту жұмысы маңызды қызмет атқарады.

Жеке тұлғаның дамуының, мəдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша, Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беруі негізгі рөл атқарады.

Республикадағы орта білім  берудің  сапа-  сы мен тиімділігіне кері əсер ететін факторлар ескірген əдістемелік білім беру мазмұнын таңдау үрдісі, оқуға деген ынтаны төмендететін жəне оқушылардың денсаулығын нашарлататын ақпараттың шамадан тыс болуы, тұлғаның дамуына емес үстірт нəтижелер алуға бағытталу, оқу жетістіктерін бағалаудың ескірген жүйесінің сақталуы болып табылады [1].

Оқытудың жəне тəрбиелік іс-əрекет ұйымдастырудың жаңа əдістері, студенттерге педагогикалық əсер етуін оңтайландыру, еңбекке шығармашылықпен қарау, студенттердің ойлау қабілетін дербестікке жəне шығармашылыққа белсендіру, тұлға ретінде дамыту талаптары алдынғы қатарға шықты. Оқу іс-əрекеті барысында ескірген əдістемелерді қолдану бүгінгі таңда өзектілігін жойды.

 Негізгі бөлім

 Студенттердің жеке ерекшелiктерi, əсіресе жеке алғанда, олардың ақпараттық мəдениетiнiң даму деңгейі есепке алынбаса  жоғары  оқу орны студенттерiнiң үйрену процесiнiң тиiмдi ұйымдасуы мүмкiн емес. Осындай нақты бір тұлғаға бағытталғандық оқудың жекелендіру принципінде көрсетілген.

Жоғары оқу орнындағы жекелендіруді өте тиiмдi түрде жүзеге асыратын, оқуды ұйымдастыру негiзгi формасы өзiндiк жұмыс болып табылады [2].

Өзіндік жұмыстың студенттің кəсіби маман ретінде қалыптасуындағы əсері, бұл білім жүйесінің  бөлімінің  көп   қызыметтілігімен анықталады жəне оқытудың жекелендіруін, шығармашылық қабілетін жетілдіруін, оқытушы мен оқушының бірлескен іс-əрекетімен себептелетін педагогикалық процестің стратегиясын айқындайды. Студенттердің өзіндік жұмысының басты ерекшелігі, өзінің ашық түрде бейнеленген жекеленген сипатынан көрініс табады. Ол студенттің жеке ерекшеліктері мен жан-жақты іс-əрекетін түрлендіріп, біріктіру мен қатар оның ішкі жəне сыртқы факторлары болып табылатын үздіксіз өзгеру мен дамуды қамтамасыз етеді.

Жас өспірімнің өзін-өзі қабылдауы оның тұлғасының дамуы мен оқу іс-əрекетіндегі табыстылығында анықтаушы ықпал етеді. Өзінөзі табысты, қабілетті, жағдайды қадағалай алушы ретінде қабылдайтын студент, кейін өзіне-өзі берік, мақсаткер, байсалды тұлға болып қалыптасады. Ал кері болған жағдайда, біз солғын, жасық, ұялшақ, пассивті жəне де көп жағдайда ашулы адамды көріп жатамыз. Өз күшіне сенімділігін, сəтсіздіктерге төтеп бере алуын, өзінің мүмкіндіктеріне жақсы баға бере алуынқалыптастыружəнекейінненсолқалпында сақтау – оқытушының ең негізгі мақсаттарының бірі жəне оқыту бағдарламасының тікелей міндеті. Студенттің қоршаған əлемдегі өз орнын дұрыс сезінуін дамыту өте маңызды.

Осылай, өзін дамыта алатын, өзінің білім қорын  өз  бетінше  толықтырып  отыратындай қабілеті болатын, инновациялық қызмет атқара алатын болашақ маманның шығармашыл тұлғасын қалыптастыру, жоғары білім берудің ең негізгі міндеті. Осы мəселенің шешімі тек оқытушыдан студентке білімді дайын түрде берілуінде табылар емес. Студентті селқос білімді пайдаланушыдан, мəселені тұжырымдай алатын, осы мəселені  шешу  жолдарын  талдай алатын, ең тиімді нəтижені тауып оның дұрыс екендігін дəлелдеп бере алатын білімнің белсенді жасампазына айналдыру қажет. Қазіргі кезде болып жатқан жоғары білім беру реформасы өз негізінде оқыту парадигмасынан білім парадигмасына өтумен байланысты. Осы тұста студенттің өзіндік жұмысы жай ғана оқу үдерісінің формасы болып қалмай, оның негізгі тірегі болғаны дұрыс.

Оқу жылдары студентті тек теориялық жəне практикалық біліктілікпен қаруландырып қана қоймай, оған қоса шығармашылық тұлға ретінде тəрбиелеп қалыптастыруы керек.

Оқудың бастапқы сатысында студенттер оқу-тəрбиелік   үдеріске  бейімделу жолында аңғарарлықтай  қиыншылықтарға  тап   болады. Бұған қоса жоғарғы курс студенттерінің танымдық, шығармашылық белсенділігінің деңгейі, көбінесе, алғашқы сатысында оқу үдерісінің дұрыс жолына қойылуымен анықталады. Сондықтан, бірінші курстан бастап оқытуды, студенттің академиялық пəндерден де, өзіндік жұмыстан да, оқуға шығармашылық көзқарас қалыптастырарлықтай жағдай жасауға бағыттау керек. Тек қана академиялық сабақ арқылы студенттің көркем сурет пəнінен толық кəсіби даярлығын іске асыру мүмкін емес.

Осыдан біз білімді игерудің белсенді əдістерінебағытталу, студенттердіңшығармашылық қабілеттерін дамытуға ұмтылуына жағдай жасау, ағынды оқытудан жеке оқытуға өту қажеттілігін аңғарамыз. Бұнда сөз тек өзіндік жұмысына бөлінетін сағат санын көбейтуінде ғана емес. Өзіндік жұмысының мəнін нығайту, жоғары оқу орнындағы оқу-тəрбиелік үдерісінің қайта қарастырылуын  білдіреді.  Осы  үдеріс оқу икемін дамытып, студенттің өзін-өзі жанжақты дамытуға ынтасын қалыптастырып, алған білімін шығармашылықпен пайдалануға үйретіп, заманауи əлемдегі кəсіби қызметке бейімделу тəсілдерін қолдану қабілетін дамыта алатындай құрылуы қажет.

Сурет бойынша академиялық бағдарлама, студенттердің ұзақ уақыт бойы қойылған заттан (натурадан) қарап салуға арналған. Өйткені бұл бейнелеу өнері – кəсіби маман білімінің ең алғашқы негізі. Бірақ ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге арналған оқу тапсырмалары (кейде олар бес-алты сеанс бойына созылады), студентті жалықтырып, шаршатып жібереді, зейінін нашарлатады. Ақыры, шығармашыл болуы тиісті процестің негізін қарапайым, механикалық көшіруге айналдырады.

Оған қоса бүгінгі таңда студенттердің біразы шығармашылығын дамытуға арналған оқу тапсырмаларын жəне өзіндік жұмыстарын өздері орындамай, жасырын түрде басқа адамдарға тапсырыс беру арқылы жасататындары көбейіп кетті. Əрине, ондай мəселе өзіне асқан назар салынуын талап етеді. Бұл оқыту жүйесінің бағдарламалары керекті шамада жетілдірілмегендігіне көз ашады.

Осы жағдайда жақсы демеу ретінде, өзінің құрылысы жəне мазмұны алуан түрлілігімен ерекшеленетін, оқытудыжекелендіруқағидалары негізінде құрылған студенттің өзіндік жұмысы өте орынды болады деп санаймын.

Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстың бірнеше түрі бар. Оның ішінде, топтық жұмыс түрі, арнайы жоғары оқу орнында жүргізілетін академиялық пəндерге қолдану өте жақсы нəтиже беруі ықтимал.

Топтық өзіндік жұмысы барысында студент пен оқытушы арасында жақынырақ қарымқатынас пайда болады, студенттің тұлғалық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай туындайды [3].

Жекелендіру əрекеттер үлгісін ашық көрсетуде іске асады. Кейін студенттер тапсырманы толығымен немесе жартылай өз бетімен орындайды. Студент алдында пайда болатын қиыншылықтарды оқытушы алдын ала болжауы керек жəне оларды жеңудің жолын көрсетіп, кеңес беруі қажет: бұрын талқыланып өткен материалды қайта оқып шығу, анықтама немесе қосымша əдебиетке зер салып, ізденіс жасау жəне т.б. Оқытушы тапсырманы шағын бөлшектерге жəне кезеңдерге жиі бөледі. Сонымен қатар студент үшін əр келесі тапсырма тек қана алдыңғысы орындалу шартында ғана орындауға қол жетімді деңгейде болады. Мұндай тапсырмалар əлсіз студенттерге аудиторияның ұжымдық жұмысына жеңіл енуіне көмектеседі.

Оқу тапсырмаларын орындау барысында студенттер күрделі шығармашылық мəселелерді шешеді, суретті сатылап орындауды үйренеді, сурет салудың техникалық тəсілдерін игереді. Бірақ  оқу  іс-əрекеті  олардың   кəсіби,   рухани талаптарына əр кезде сай бола  бермейді.  Осы жерде студенттің көркемдік сезімі мен интеллектуалдылығын қалыптастыру көбінесе мотивациялық бағдарға тəуелді екендігін белгілеп көрсету артық бола қоймас. Сол себепті оқытудың заманауи кезеңінде, сурет курсын игеруде студенттің жүйеленген, бағытталған, ұйымдастырылған өзіндік жұмысы ерекше маңыздылыққа ие болуы шарт.

 Қорытынды

 Арнайы пəндерден академиялық сабақтар студенттің біліктілігі мен білімділігін белгілі шамада арттырады. Бірақ бұл үлестің, оқыту үдерісінде студенттің өзіндік жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылғанда, əр қызмет түрінің өз орны нақты анықталып жүргізілетін кезде ғана мəнділігі ашылады.

 

 Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасындағыбілім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
  2. Индивидуализация самостоятельной работы студентов на основе уровня их информационной культуры. Шунайлова Светлана Александровна. http://jurnal.org/articles/2006/ped7.html
  3. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А. Ю. Педагогический словарь. – М.: Академия,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.