Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білім беру саласы саясатындағы инновациялық бағыттар

 Кіріспе

 ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ  ғасырдың басы қазақстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды реформалар кезеңі болды. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгерісіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен, сонымен бірге даму тенденциясын туындататын ішкі қарама-қайшылықтар әрекеті  әсерінен болды. Қазіргі қоғамға өз бетінше әрекет ете алатын, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын, шығармашыл, өз дамуын құндылық ретінде түсінетін, үздіксіз білім ала алатын және оған дайын адамдар қажет. 2006 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен «Сегіздіктен құрылған топ» саммитінің «ХХІ ғасырдағы инновациялық қоғамға арналған білім» атты қорытынды  құжатында  «білім  беру  адамзат дамуының негізі ретінде инновацияны қажетсінеді», – деп көрсеткен. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізудің қажеттілігі нормативті-құқықтық  құжаттарда да көрініс тапқан. Инновациялық іс-әрекеттегі көптеген шектеулерге жол бермей, оны өзгертуге деген қажеттіліктің туындауы білім беру жүйесінде кең ауқымды инновациялық қозғалысты тудырды.

ХХІ ғасырдағы білім берудегі ерекшеліктердің бірі оның интеграциялық сипаты болып табылады. Болон үдерісі аясында ұлттық білім беру жүйелері әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануда. Қазақстандық педагогикалық ғылым мен тәжірибе білім беру мазмұнын өзгерту арқылы интеграциялық үдерісті ескере  отырып,  мамандарды  даяр-  лау сапасын қамтамасыз ету жағдайы мен мүмкіндіктерін іздестіру үстінде.

Оқытушытұлғасы, оныңкәсібибіліктілігі, рухани байлығы ЖОО-дағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етудегі маңызды жағдай болып табылады. Оқытушының тұлғалық және кәсіби маңызды сапасын қалыптастыру мәселесі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде өз маңыздылығын жоғалтпайды.

Барлық деңгейдегі педагогтардың инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру стратегиясын тұлғаны дамыту  және  өзін-  өзі дамыту тұжырымдамасы анықтайды. Жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асыру жағдайы ақпаратты жылдам әрі сапалы талдай білу, маңыздылығын бөліп алу, мазмұнын жариялау және өз білімін тәжірибелік әрекетте қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді.

– ЖОО оқытушысының кәсіби әрекетіндегі инновациялық сипаты Болон үдерісін жүзеге асыру талаптарын ескеруді қажетсінеді.

Сонымен бірге біртұтас педагогикалық үдерісті атап өткен жөн, ондағы басты ұстаным: оқыта отырып, тәрбиелеймін, тәрбиелей отырып, оқытамын. Жаһандану үдерістері тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру мәселесін шеттеткен емес.

Жаңа жағдайда оқытушылар жастардың құқықтық-азаматтық, моральды-этикалық, адамгершілікті-эстетикалық тәрбиесі мен олардың салауатты өмір салтын ұстануы секілді ушыққан мәселелер туралы да ойлануы керек.

Инновациялық білім беру үдерісінің бастапқы құндылықтар жүйесі ретіндегі түсінік оны рухани өндіріс ретінде сипаттайды, ал оның өнімі тек жаңа білім, құндылықтарды меңгеру емес, сонымен қатар оқушылардың шынайы күші мен әрекеттік қабілеттіліктерін ашу болып табылады. Білім берудегі инновациялар әлеуметтік маңызды құндылықтарға негізделеді, олар: адам, өмір, еңбек, Отан.

Қазіргі таңда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы әлемдік педагогикалық мәдениеттің гуманистік құндылықтары мен дәстүрлеріне бағытталу қажеттілігі айқын  көрініс табуда. Оқытушы шеберлігі оқыту үдерісін үлгілей отырып, оның мазмұнына инновациялық астарын қоса білуінде және кері әсерлерге тойтарыс бере отырып, оқушылар бойында этикалық мінез-құлық, адамгершілік сипаттарды қалыптастыру үшін жағымды жағдай жасайды.

«Инноватика» қоғамдағы инновациялық үдерістердің өсу қарқынын сезінуге қабілетті заманауи ғылыми ойлардың маңызды бағыты ретінде айқындалады, сәйкесінше иннова­ циялық үдерісті – жаңашылдықты құру, тарату және меңгеру арқылы білім беруді дамыту үдерісі ретінде түсіну қажет.

Қазіргі кезеңде ЖОО оқытушылары үшін кәсіби әрекет педагогикалық үдеріске инновациялық технологияларды ендіру бағыттылығымен анықталады.

Инновациялар, инновациялық іс-әрекет инновациялық ойлауды қалыптастыруды талап ететіні сөзсіз. Инновациялық ойлау төрт диалектикалық өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

  • когнитивті – ойлау жүйесіне жаңа білім мазмұнын тану мен инновацияны генерациялау арқылы өтетін педагогтің субъективті шындығындағы инновацияның пайда болу үдерісі;
  • жобалау – пәнаралық, интеграциялық тұғыр негізінде субъектінің танымы, ең алдымен, түрлі философиялық құрылымдар, таным теориясы, психология, педагогика;
  • инструменталды – педагог-инноватордың тәжірибедегі технологиялық инновацияларды тудыру кезеңі;
  • түзетушілік, онда педагог-инноватор педагогикалық тәжірибені жетілдіру мақсатында оған жаңаны ендіруді түзетіп, ыңғайластырады.

Зерттеу университеттеріндегі иннова­ циялық іс­әрекеттің мәні мен маңызы

Жоғары оқу орындарында қайта жаңарту жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүріп  жатыр.  ЖОО  жұмысындағы мәнді өзгерістер білім беру үлгісін ауыстырумен тікелей байланысты болады. Қазіргі қазақстандық ЖОО-ларда жаңаны ендірудің тиімді жолының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты зерттеу  университетін  құру.  Бұл тұрғыда шетелдік тәжірибе жоғары маңыздылыққа ие, әсіресе АҚШ тәжірибесі, ондағы ғылыми-техникалық даму, инновациялық экономиканың қалыптасуы, бизнестің, жұмыс орнын берушілердің, ғылым мен білім интеграциясы.   Америкалық   зерттеу  университеттері

  • бұл, ең алдымен, мемлекет пен ұйымдық қаржыландыру қолдап отыратын озат іргелі зерттеулер жүргізілетін орталықтар, оқытушылар мен студенттері белсенді жұмылдырылған университет қабырғасындағы шынайы ғылым мен білім. Сонымен  қатар  зерттеу университеттері
  • аймақтық экономикалық дамуға әсер етуші, технопарктерді қалыптастырушы, кәсіпкерлік инкубаторларды қолдау мен кіші бизнесті қолдауға септігін тигізетін орталықтар. Және де бұл – елдің қоғамдық дамуында маңызды рөл атқаруға міндетті ұлттық элитаны қалып­ тастырушы орын. Сол себепті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1754 жылы құрылған Колумбия университетімен тығыз қарым-қатынаста. Колумбия университеті 2007 жылы жалпы ұлттық рейтингте 9-орын алған.

Зерттеу университеттеріндегі инновациялық іс-әрекеттің мақсаты аймақтағы кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына ықпал ету, өндіріс пен бизнестің байланысын нығайту, жаңа компанияларды құруға қатысу арқылы нарықта озық технологиялық өңдемелерді шығару болып табылады. Кей жағдайда компаниялар университет тарапынан патенттелген және лицензияланған озық технологиялар базасында құрылады. Зерттеу университеттері жаңадан құрылған компаниялардың капиталына қатысады, қызығушылықтан туындаған кикілжіңдерді реттейді, себебі университет мәртебесі бойынша, бұл қоғам қамы үшін қызмет ететін және білім өндіретін, пайда алатын корпорация болып табылады.

Жоғары оқу орындарындағы өзгерістерді айта отырып, біз басшылық құрылымда, міндеттерде,  технологияларда,  адам факторында өзгеріс енгізу туралы шешімін меңзейміз. Инновация деген не? Бұл жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет (немесе бұрынғыны қанағаттандыруға жаңа жол ұсыну), оның негізінде жаңа білімді жаңа технологияға, ноу-хауға, жаңа комбинацияларға айналдыру жатыр. Өзгерістен сезілетін қауіп шынайы немесе қиял, тікелей немесе жанама, маңызды немесе маңызды емес болуы мүмкін. Өзгеру табиғатына қарамастан қызметкерлер оның нәтижесінен қорғануға тырысады, арызданады, енжар қарсылық көрсетеді, сол арқылы еңбек қарқындылығы төмендеп, іріткіге алып келеді. Өзгеріске қарсылық ретінде кез келген қызметкерлердің (ректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, оқу-көмекші қызметкерлер) еңбек үдерісіндегі өзгерісті жүзеге асыруға қарсылық немесе  тосқауыл қою, сенімсіздендіруге бағытталған әрекеті түсіндіріледі. Қарсылық себептері қызметкерлердің қауіпсіздікке, әлеуметтік өзара қатынасқа, статусқа, біліктілікке немесе өзін-өзі сыйлауға деген қажеттіліктеріне төнген қауіп болуы мүмкін.

Өзгеріске қарсылық көрсетудің негізгі себебі – онымен байланысты туындаған психологиялық ұстанымдар. Бірақ уақыт өте келе жаңа тәжірибе алу, жаңаны қабылдауда, оған қарсылық көрсету азаяды. Әрине, барлық өзгерістер қарсылық тудырмайды, кейбірі алдын ала асыға күтілген болып қабылданады; кейбір өзгерістер аса маңызды емес және байқалмай қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қарсылық болса, ол өте әлсіз болар еді. Өзгерістерге қарсылық көрсетудің тікелей себептері, әдетте, келесідей  болады:

  • өзгеріс табиғатынан    туындаған  қызметкерлердің ыңғайсыздықты сезінуі, қызметкерлердің техникалық шешім қабылдаған уақытта оның дұрыстығына сенімсіздік танытқанында, тап болған белгісіздікті кері қабылдауында, қорыққанында, қауіпсіздік сезімін толық сезінбегенде көрініс табады;
  • өзгерісті жүргізу әдістері: қызметкерлер ақпараттың шектеулі екендігіне көңілдері толмайды, олардың өзгерісті жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етпейтін авторитарлық ұстанымды қабылдамайды;
  • қызметкерлердің әділетсіздікті сезінуі,себебі олар жүзеге асырған өзгерістің пайдасын  басқалар  иемденеді.  Аталған  үш себептің барлығы да болған жағдайда қарсылық өрши түсетіні анық.

Өзгерістер әр оқытушыға әсер етеді және оған қатынасына қарай түрлі реакциялар туындайды. Басқарушылар мен қызметкерлердің санасы мен мінез-құлқында жаңашылдықты сәйкес қабылдауға кедергі келтіретін стереотиптердің тегіс бір жинағы пайда болады. Бұл таптаурындар өзгеру үдерісінің қарқынын кемітіп, жоспарланғаннан да көп шығын жұмсауға, ұйым ішіндегі өзгерістерге қасақылық  жасауға алып келеді. Осылайша, қабылдау таптаурындары «Иә, бірақ...» тақырыбында бірнеше нұсқаларды қамтиды. Бұл нұсқаларды А.И. Пригожин талдаған. Олардың бірнешеуін тізіп көрсетер болсақ:

«бұл бізде бар»: мысалы, ұсынылған өзгеріске ұқсас бейнелердің болуы. Ұсынған тарап өз ұсынысы мен сол ұйымда бар ұқсас бейне арасындағы айырмашылықты дәлелдеуге міндетті;

«бұл бізде жүзеге аспайды»: өзге істің салдарынан оң нәтиже алуға мүмкіндік бермейтін көптеген айғақтарды айтады;

«бұл біздің басты мәселелерімізді шеше алмайды»: себебі басты мәселе ретінде әрқайсысының көзқарасы әртүрлі, ал бұл өзгеріс ұйымның маңызды мәселесіне барабар емес;

«мұны   әлі   де   жетілдіру   керек»:  өзгеріс

«шикі» деп бағаланып, одан бас тартылады;

«мұнда барлығы бірдей емес» − ескі және тексерілген қақпайласу әдісінің бірі, онда ойластырылған өзгерістен кейбір маңызды тұстарын бөліп қарайды, соның нәтижесінде ол өз мәнінен айырылады;

«басқа да ұсыныстар бар»: ұсынған  та-  рап басқа да бастамашылармен тиімсіз бәсекелестікке келеді және қатынастарын айқындап алуға мәжбүр [1].

Қарсылық   көрсетудің   тиімді   жақтарын да айтып өту керек: белгілі бір жағдайларда басқарушы ұсынылған жоспарды асықпай талдап, осы жағдайда шынайы жүзеге асу деңгейін бағалауға алып келеді; нақты проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді, басшыға кейбір мәселелер бойынша қызметкерлерінің мақсаттары туралы ақпар бере алады, ал қызметкерлерге өз эмоцияларын шығарып, өзгерістің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық өзгерістер – бұл ЖОО әрекетінің жаңа үлгісін немесе жаңа идеяларды меңгеруі, ішкі және сыртқы талаптарға байланысты жаңаны ендіру қажеттігіне  үнемі  жауап қату. Өзгеріс үдерісін басқару ректордың, декандардың, кафедра меңгерушілерінің және бүкіл ұжымның бағытталған, ұзақ уақытты назарын талап етеді.

Күрделі жүйенің көпдеңгейлі құрылымы болады. Инновациялық жүйенің бірлігі жаңаны ендіру болып табылады – білім беру жүйесін жаңаны ендіру және қандай да бір жаңалықты пайдалану арқылы мақсатқа бағыттала отырып өзгерту. Инновациялық жүйеде бір уақытта бірнеше жаңаны ендіруге болады.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдеріс түсінігі және мәні

Әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен мәдениеттегі прогресс, педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта құруға әкеліп соқтырды. Бұл салаларды әрі қарай жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация, яғни педагогикалық жаңалықтарды игеру мен қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл білім беру мазмұнына, білім беру және тәрбиелеу әдістеріне, білім беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару жұмыстарына байланысты.

Инновация деген не? «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда     (Innovation)    «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді. 50-жылдардың  аяғында  Германияда, АҚШ-

та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және қорыту орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады (мысалы, « information at innovation en education Educatioal innovation in the United States» және басқалар).

Біздің елімізде дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. Әңгіме педагогикалық   тәжірибенің   таратылуы  туралы, білім қызметкерлерінің оны пайдалануға дайындығы туралы және ұсынылған жаңалықтардың жаңалығы, оларды бағалау тәсілдері туралы болды.

Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі  инновацияның көбі  тарихи  тәжірибемен  тығыз  байланы-  сты және оның өткен уақытта белгісі, ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу, қолдану және жойылу үрдісі екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, оған қатысушыларды ынталандырады және олардың көзқарастарын жаңалықтар тұрғысынан өзгертеді.

Инновациялық білім беру үдерісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:

  • педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі;
  • психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге жеткізу мәселесі.

Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасауды, дамытуды және мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын жобалайды.

Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз:

  1. Объективті факторлар – инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету.
  2. Субъективті факторлар – инновациялық үдеріс субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтер, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлері жатады.

Жоғары білім берудегі инновациялық үдерістердің қарқынды өрлеуі

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы қазқстандық білім беру жүйесіндегі қарқынды өзгерістер кезеңі болып табылады. Бұл білім сапасына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты сыртқы факторлардың әсерінен туындап қана қойған жоқ,  сонымен  қатар  даму тенденциясын тудыратын ішкі қарамақайшылықтардан туындап отыр.

Шетелдік университеттердегі аталған проблемалар Қазақстанда ғылыми инновациялық сфераны басқару құрылымдарын қолдану қажеттілігі жөнінде қорытындылауға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының инновациялық жүйесінің концептуалдық шешімін жобалаудың әртүрлі нұсқаларын құру және оның ішінен ең дұрысын таңдауда 1-сурет мүмкіндік береді.

          1­сурет – Жоғары оқу орнының инновациялық ортасы

 Қоғам даму қарқынының өсуі өзгермелі жағдайға  бейім  адамды  даярлауды  талап етеді. Қызметкерлерді дайындау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыруды анықтайтын экономика және басқа салалардың даму динамикасы түлектердің бойында үздіксіз білім алуға деген талап пен қабілетті қалыптастыру қажеттігін тудырып отыр. Қазіргі қоғамға дербес, өз болашағына жауапкершілік ала алатын, шығармашыл, өз дамуына құндылық ретінде қарайтын, үздіксіз білім алуға қабілетті адамдар керек.

Қазақстанның болашағы білім сапасына байланысты анықталады, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамның білім беруге жоғары мән бермей көптеген мәселелерді шешуі мүмкін емес деген түсінік қоғамдық санада қалыптасып келеді. Осыған орай, «Білім туралы заң» (2007 жыл) және «Ғылым туралы заң» (2011 жыл) қабылданды. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және  Қазақстан  Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат ұстанымдары айқындалады. Онда «Жоғары оқу орны жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрі білім берумен қатар: ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелікқұрастырушылық жұмыстарды жүргізу болып табылады» деп айқындалған.

Білім беру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, университет жұмыс істеу режимінде болып қала алмайды, қоғам талабына сай және уақыттан артта қалмас үшін университет сапалы өзгеруі қажет. Әріөзгерушегінеқарайолүнеміқоғамның әлеуметтік тапсырысын орындап отыруы қажет. Университетке көрсетіліп жатқан сыртқы қысым және даму үшін пайда болған жаңа мүмкіндіктер оның ішкі жүйесінде қысымның пайда болуына алып келеді. Білім беру қызметін тұтынушылар университетке жоғары әрі жаңа талаптар қояды және көп жағдайда  қанағаттана  бермейді.  Білім беру қызметіне тұтынушылардың үнемі сұраныстарынөзгертуі, соныменбіргеқаржылық қиындықтар университеттің білім алушы мен ата-ана арасындағы бәсекелестігін тудырады. Қазіргі таңда университеттің мәртебесі ондағы инновациялық  өзгерістерге  байланысты болып отыр, яғни оқытушыларды бағалау да олардың инновациялық белсенділігіне байланысты жүреді.

Инновациялық іс-әрекетке қойылатын шектеулердің азаюы білім беру жүйесінде ауқымды инновациялық қозғалысты туындатып отыр. Университеттің даму болашағына жаңаны өңдеу мен тарату үдерісі үлкен әсерін тигізеді. Басқа университетте туындап жатқан  білім беру жүйесіндегі жетістіктер мен өңдемелер, педагогикалық тәжірибе университеттің дамуына мықты түрткі болып табылады. Білім берудегі инновациялық технологиялар білім алушылардың өз бетінше жұмысын белсендіруге және оны мәселенің шешімін табуда қолдануға, зерттеуге, әріптестікке бағытталған. Оларды қолдану студент-оқытушы жүйесіндегі басқа сапалы өзара әрекетті талап етеді.

Университетті жаңарту, білімберутиімділігін арттыру жолдарын іздестіру көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

  • дамыта оқыту педагогикалық жүйесі ендірілуде;
  • жеке пәндерді көптеген нұсқалардың ішінен таңдау арқылы тереңдетіп оқыту жүргізілуде;
  • саралап және жекелеп оқыту негізінде көп деңгейлі оқыту жүзеге асырылуда;
  • оқыту үдерісінде модульдік жүйе іске асырылуда және т.б.

Жаңа білім беру үлгілерінің өрістеуі жаңа типтегі университеттердің пайда  болуына  алып келді. Жаңа типтегі университеттердің пайда болуы университеттің педагогикалық жүйесінің ауқымы және күрделілігі жағынан түрлі өзгерістерді  айқындайды.  Жаңаны  ендіру типінің кең тараған түрі білім беру бағдарламаларының мазмұны немесе технологияларының өзгерісі болып табылады. Олар негізгі мақсат пен міндеттеріне байланысты; сүйенетін тұжырымдамасына байланысты; қолданылатын оқытуды ұйымдастыру формасына байланысты; оқыту әдістерінің басымдығына байланысты ерекшеленеді. Сонымен қатар көптеген диагностикалық технологиялар қолданылуда (мониторинг, тестілеу, сауалнама, рейтингтер және т.б.).

Қазіргі таңда инновациялық технологиялардан кеңінен танымалдық танытқан ойын технологиялары, мәселелікоқыту, жекеоқытутехнологиясы, өзін-өзі дамыту технологиясы,  тұлғалық бағдарланған дамыта оқыту технологиясы, шығармашылық қабілеттерді дамыту технологиясы, топтық және ұжымдық технологиялар, компьютерлік технологиялар және т.б. Кейбір университеттерде модульдік оқыту технологиясы жүзеге асырылуда, бұл дәстүрлі оқытудың баламасы ретінде туындады. Модульдік оқытудың мәні білім алушы белгілі бір модульмен жұмыс істеу барысында өз бетінше не басқаның көмегімен анықталған мақсаттарға жетеді. Модуль – бұл оқытудың мазмұны мен оны меңгеру технологиясы біріктірілген қызмет аясы болып табылады. Модульдер жеке білім алушымен жекеше жұмыс істеуге, олардың қарым-қатынас формасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Республикамыздағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруге енгізілген «Кайдзен» жүйесі де зор ықпал жасап отыр. Оған университеттің барлық оқытушылары, қызметкерлері және студенттер толық тартылған. Университет ұжымының жаңару мен жаңғыру жолында еңбектері  өзінің  алғашқы  жемістерін   беруде. Quacquarelli symonds (Qs, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес 2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік секіріс жасады. Дүниежүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде бірден 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.

Өткен ғасырдың 60-жылдарының  өзіндеақ  Жапонияда  жай  сапа   мен   өнімділіктен   де кең ұғымды қамтитын “кайдзен” тұжырымдамасы жасалған болатын. “Кайдзен” ұғымы өзіне тауарлық өндірістің басқа да, мысалы, сапаға жаппай бақылау сияқты элементтерін,  жаңашылдық   ұсыныстар   жүйесін,  сапа үйірмелерін, кем-кетіксіздікті және т.б. қамтиды. Жапон менеджментінің ерекшелігі – жетістікке қол жеткізудегі айқындаушылардың бірі ретіндегі нәтижесіне қарамастан, үдеріске барлық қызметкерлердің қатысуы болып табылады. «Кайдзен» стратегиясы мәні тәртіптеме және үдерістер нәтижелілігін, ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған ұжым мүшелерінің идеяларын іске асыруда жатыр.

«Кайдзен» стратегиясы әрбір жеке қызметкер деңгейінде идея ұсынуды және оны әзірлеуді ұйғарады, бұл оның нәтижелілігін, тиімділігін және нәтижелер сапасын жақсарту мақсатында қандай да бір үдерісті немесе тәртіптемені жаңғыртуға немесе оңтайландыруға бағытталады.

Идея төмендегідей мақсаттарға жәрдемдесу керек:

  • қандай да бір үдерістің немесе тәртіптеменің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ бұлардың нәтижелер сапасын жақсартуға;
  • көрсетілетін қызметтер және өндірілетін өнімдер құндылығын арттыруға;
  • қолда бар техникалық құралдар мен ресурстарды техникалық жағынан жаңғыртуға немесе тиімді пайдалануға;
  • кез келген деңгейде басқаруды жетілдіруге;
  • жұмыс орнындағы еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсартуға, тиімді әдістемелер енгізуге;
  • қызмет көрсету және өнім өндіру шығындарын үнемдеуге;
  • кез келген деңгейде үдерістер және тәртіптемелер сапасы туралы объективті ақпарат алуға.

«Кайдзен» стратегиясы мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады: «жоспарла – жүзеге асыр – тексер – ықпал ет» [2].

Бұл стратегия үнемі инновациялық әрекетпен қатар жүретіні сөзсіз.

АҚШ-та мемлекет ғылым мен білім қызметтерін қаржыландыруды және олардың мәртебелерін қолдауды өз жауапкершілігіне алды, ал бизнес оны тәжірибеде жүзеге асыру қызметін атқарды. Жоғары мектеп пен қоғам арасында қарым-қатынас қалыптасты, яғни университет білікті маман даярлау арқылы қоғамға қызмет етеді. Бірақ бұл жоғары мәртебе университет әрекетін белгілі бір шектеуге алып келеді. Жоғары мектеп мекемелерінің табыс алып келетін іс-әрекет түріне қатысуы, «қоғамдық» ұйым мәртебесін жоғалтуға септігін тигізеді. Бұл университеттердің инновациялық және кәсіпкерлік әрекетіне шектеу туындатады. Университеттер кез келген коммерциялық құрылым үшін нарықтың қалыптасуына әсер ете алмайды: оның алған нәтижелері бүкіл қоғамға және де кез келген салық төлеушіге қолжетімді болуы қажет. Мұндай көзқарас АҚШ-та кеңінен қолдау тапқан ұстанымға негізделген: мемлекет өз қоғамына пайдалы жұмысты ғана қолдауға құзырлы.

Қызметтерді бұлай бөлу ғылыми-техникалық үдерістің барлық қатысушыларымен өзара мойындалған,  ол  әсіресе   ғылым   саласын-   да жүзеге асады, себебі жас зерттеушілердің мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісімен тығыз байланысқан зерттеу бағдарламасы бар университеттер «зерттеу» атағын алды және барлық дамыған елдердің өндіріс аймағында үлгі болды. Еуропалық елдер ХХ ғасыр басында зерттеуді ұйымдастыруда «германдық» жүйеге сүйенсе, сол ғасыр соңында америкалық зерттеу университеттері жүйесіне көшті.

Білім тек дәрістер, семинарлар және оқулықтар арқылы беріліп қоймайды, бұл сол білім қолданылатын аясымен байланысты. Оны текбіріккеніс-әрекетнәтижесіндежүзегеасыруға болады. Білім тікелей шығармашылықпен байланысты, шығармашылық жаңаны туындатса, жаңалық адам қатынасуынсыз жүзеге аспайды.

АҚШ-та зерттеу университеттерінің жандануы ХХ ғасырдың ІІ жартысында іргелі зерттеуді федеральды үкіметтің белсенді қолдау саясатымен байланысты. Бұл жағдай 1990 жылы күрт өзгерді, онда федеральды үкімет бюджеттік күйзеліске байланысты университеттік зерттеулерге қатысуға шектеу қойды. Сондықтан университеттер жергілікті бизнес пен штат қаржысынаауысты, оларфедералдарғақарағанда аймақтық экономиканың дамуына, тәжірибелік міндеттердің шешілуіне университеттердің қатысуын  талап  етті.  Федералды  бюджет  шотынан    қаржыландырудың    шектелуі,  әсіресе «блокты» гранттардың қысқартылуынан оқытушылар мен ғалымдардың ашық нарықта қажеттіліктерін қанағаттандыруына тура келді. Нарықта бәсекелестік қарқыны өсе түсті [3].

Бір жағынан, «білімдер экономикасы» туралы зерттеулердің өсу деңгейі бизнес саласының ғылымға инвестиция құюын арттырды. Фирмаішілік ғылымның материалдық базасын құру арқылы бизнес университеттердің басты бәсекелесі болып келді. Екінші жағынан, үлкен өндірістегі ғылыми-техникалық кешеннің қатысушылары өздерінің фирмаішілік  зерт-  теу аясын кеңейте түсті, бірақ бұл зерттеу университетіне тапсырыстардың сәйкесінше артуына септігін тигізбеді. Енді университеттерге шағын және орта бизнес нарқы қалды, себебі олар фирмаішілік ғылыми мекемелерді қамтамасыз ете алмас еді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми коммуникациялардың  күрт  өсуі   байқалды, бұл әсіресе Интернет желісінің пайда болуымен байланысты. Ғылыми идеялармен алмасу үдерісінің артуы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жеделдетуін туындатты және зерттеу іс-әрекетінің тиімділігін тұтастай арттырды. Қазіргі таңда білімді жеке топтар емес, ғалымдар желісі ойластырады, күрделендіреді, олар әлемнің кез келген түкпірінде болуы мүмкін. Бұл әр аймақтың беделді мамандарымен пікір алмасуға, сол арқылы мәселені шешіп, білімнің тез таралуына септігін тигізді. Бірақ желі арқылы университеттердің қаржыландыру үдерісіне ықпал ете алмайды. Ғалымдардың айтуынша, ғылым жаһандық құбылыс, оны ұлттық шекарада ұстап тұру мүмкін емес.

 

 

әдебиеттер

  1. Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия (социальные проблемы инноватики). – М.: Политиздат, – 271 с.
  2. Медведев В.П. Инновации как средство обеспечения конкурентоспособности организации. – М.: Магистр, – 159 с.
  3. Исследовательские университеты США: механизм интеграции науки и образования / под ред. проф. В.Б. Супяна. – М.: Магистр, 2009. – 399 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.