Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының заңдылықтары

Кіріспе

Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нəтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Н. Назарбаев: «Ұлтымыздың əлеуетін оятуға жəне оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», – деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді.

Бұл орайда білімнің эволюциялық дамуындағы  ақпараттық  қызметінен, адамды өмір бойы оқуға жетелеуші, дамытушы құралға айналуын, оқытудың белсенді формаларына көшуін, негізгі күтілетін нəтиже ретінде құзырлылықтың ендірілуін басым бағыттар ретінде атап өтуге болады.  Сонымен  бірге білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту деп қарастырылуының өзі балаға, адамға деген көзқарастың түбегейлі бетбұрғандығын көрсетіп отыр.

Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету əлі де ізденуді, талдауды талап етеді. Сапалы білімнің қолжетімділігін  қамтамасыз  етуді қаражаттан емес, білім беру ұйымдары субъектілерінің рухани жан дүниесінен іздеу керек болар. Ұлы Абайдың отыз сегізінші сөзінде: «надандық-білім-ғылымның жоқтығы, еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, залымдық  –  адам баласының  дұшпаны»,–  деп адамның рухани азуының үш факторын атап өтеді. Сондықтан да ұрпақ тəрбиелейтін ұстаздарымыздың болмысын заманауи талаптарына сай шыңдай түсудің қажеттігін Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында негізгі құндылық ретінде айрықша атап өтеді.

Құндылық – экономикаға, саясатқа жапсырылатын қосымша емес, бұл адамдардың жинақталған мақсаттары мен мінезқұлықтарының нормасы жөніндегі адамзаттың, этностың  жеке  мəдениеттерінің  мəнін  тарихи тəжірибелерін жүзеге асырушы базалық көрсеткіштер. Сондықтан да білім мазмұнының өзегі ретінде білім алушы адамның тұлғалық болмысы, əлеуметтік ортаның қарамақайшылықтарында өзін жүзеге асыру қабілеті алынуы қажет. Сонда ғана білім əлеуметтік институт  ретінде  кешегі ірі  тұлғалардың тəжірибесімен, əлеуметтік орта, өркениет жетістіктерімен білім мазмұнын толықтыра отырып, болашақ тұлға мəдениетін қалыптастыра алады.

Білім беру мен қоғамның өзара детерминанттық жүйелі қатынастары білімді пəндік біліммен толықтыруды емес, білімді баланың қажеттілігіне қарай оның өмірлік тəжірибесімен ұштастыруға, оған əлеуметтік контекст енгізуге, өркениет үдерістерінің өзегін қаншалықты сезіне білуге жетелейді. Қазіргі білім үлгісіндегі күрделі де қарама-қайшылығы мол үдерістердің уақыт талабын қанағаттандыра алмауы күн тəртібіне білім беруді түбегейлі қайта қарауды қойып отыр. Мұндағы басты мақсат білім мазмұнын өзгерту, оқу мерзімін ұзарту немесе пəндер көлемін ұлғайтумен шектеліп қалмай, білім беру кеңістігіндегі құндылық бағыттарының өзгеруіне байланысты рухани, адамгершілік өлшемдерін терең түсіну; адамның білім беру үдерісі арқылы рухани құндылықтарменқауышып, əлеммəдениетінеқол жеткізу болып отыр. Бұл орайда, қазақ халқының əлемдік өркениеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтар мəйегін талдап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуші құзырлы ұстаздарды тəрбиелеу басты шарттардың бірі болып табылады.

 «Құзырлылық» түсінігінің мəні

«Құзырлылық» – бүгінгі күннің шынайылық белгісі. Біз категория ретіндегі құзырлылықтың шынайылығын  айқындауда  логиканың   басқа да «қарсы көзқарас», «тепе-теңдік» заңдары  мен материалистік диалектиканың «қарамақарсылықтар бірлігі мен күресі», «сандық өзгерістерінің     сапалық     өзгерістерге     өту»,

«терістеуді терістеу» заңдарын арқау етіп аламыз. Өйткені педагогиканың негізгі заңдылықтары мен ұстанымдары ақыл-парасат пен фактілердің ақиқаттығынан туындайды. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуы логиканың жəне материалистік диалектиканың заңдарынан туындайтын педагогикалық ұстанымдар, заңдылықтар арасындағы байланыс негізінде ашылады.

Логиканың  қарсы  көзқарас  заңы  бойынша егер А пікірінен кейін Ə пікірі туындаса, онда Ə пікірін жоққа шығарудан А пікірінің жоққа шығарылуы туады делінген. Дəл сол секілді білім, білік, дағды категорияларының  бір ғасырлық жинақталған ой-тұжырымдарынан туындаған «құзырлылықты» жоққа шығарудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Формальды логиканың тепе-теңдік заңына сəйкес, ой таразысынан өткізіліп отырған объектінің (құзырлылық) дамуы мен өзгеруін белгілі бір дəрежеде абстрактілеу  міндеті  туындайды.  Сондықтан да құзырлылықтың категория ретіндегі дамуы қозғалыстың ішкі көзін көрсететін материалистік диалектиканың қайшылық заңының тепе-теңдік, өзгешелік, қарама-қарсылық даму сатылары арқылы қарастырылады.

«Құзырлылық» өз-өзіне айтарлықтай тепетеңдікте, өйткені «құзырлылықтың» аста-  рында ескілікпен қоса, жаңалық атаулының алғышарттары, өз-өзінен өзгеше жəне тепе-теңдікке бағынған сəттері қамтылған. Құзырлылық ұғымындағы өзгешелік əлі толық дамымаған. Құзырлылық ұғымының енуіне байланысты жаңалық пен ескіліктің қатар өмір сүруі бірінші кезекке шыққанымен, құзырлылықтың жаңалық қыры ескілікті теріске шығару ретінде жүзеге асырылады.

Құзырлылықтың категория ретіндегі қайшылығын оның жаңалық пен ескілікті тепетеңдікте ұстауынан көреміз.

Құзырлылықтың категория ретіндегі қайшылық сатылары:

Тепе-теңдік: жаңалық = ескілік. Өзгешелік: жаңалық ≥ ескілік.

Қарама-қарсылық: жаңалық пен ескілік бірін-бірі теріске шығара отырып, қарамақарсы нəрселер бір-біріне айналады. Мысалы, құзырлылық өзінің ішкі қозғалысымен білім саласындағы  сапаның  дайын  сұраққа   дай-   ын жауап арқылы бағалануын теріске шығара отырып,   шешімі   жоқ   сұрақтардың   жауа-   бы арқылы бағалауды бірінші кезекке қояды. Белгілі бір заттағы қайшылықтың ең жоғарғы сатысына жетуі,  бір  мезгілде  оның  жойы-  лып кетуі, алғышарттарының айқындалуы, өзінің ішкі қозғалысымен өзін-өзі теріске шығаруы құзырлылықтың категория ретіндегі мазмұнының  объективтілігін   сипаттайды.  Ф.И. Захаров категорияның объективтілігі жөнінде былай дейді: «кез келген категория өзінің мазмұны бойынша объективті, формасы бойынша субъективті. Категорияның объективтілігін адам санасынан тыс объективті əлемдегі бар байланыстар мен белгілі жалпы жақтарынан тұратын мазмұн құрайды. Субъективтілігі – адамға қатысты шынайылықтың логикалық, абстрактілік шағылысу формасында» [6, 126128 б.]. Құзырлылықтың категория ретінде ішкі қозғалысы, ішкі жəне тұрақты байланысы, өзінөзі теріске шығаруы логиканың, материалистік диалектиканың заңдарынан туындайтын педагогикалық заңдылықтар мен ұстанымдар арқылы ашылады (1-сурет).

Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде даму заңдылықтары

Білімге қатысты педагогикалық заң В.И. Андреев зерттеулерінде, объективті, маңызды, қажетті, жалпы, белгілі педагогикалық жағдайларда құбылыстың тұрақты қайталануы, педагогикалық жүйе компоненттерінің арасындағы өзара байланысы, өзін-өзі жүзеге асыру механизмі мен тұтас педагогикалық жүйенің өздік дамуын белгілеуші педагогикалық категория» деп қарастырылады [7, 3-7 б.]. Егер педагогикалық заң педагогикалық жүйедегі маңызды    байланыстарды    ашатын    болса,   ал заңдылық педагогикалық жүйенің жеке компоненттеріне, элементтеріне қатысты қолданылады. Мысалы, педагогикалық үдеріс заңдылықтары, оқыту заңдылықтары, т.б. əлеуметтікжағдайлармен, адамныңтабиғатымен, педагогикалық үдерістің мəнімен шартталады.

Дидактикалық заң жəне заңдылықтардың ерекшелігі, И.Я. Лернер бойынша олардың негізгі үш элементі – оқыту жəне оқу қызметтері мен меңгеру (білім мазмұны) объектілері арасындағы тұрақты байланысты көрсетуінде. И.Я. Лернердің кейінгі еңбектерінде заңдылықтар төмендегідей жіктеледі:

  1. Оқытудың тəрбиелік сипаты.
  2. Оқытушы мен білім алушы жəне оқылатын объект арасындағы мақсатты бағдарланған өзара əрекет.
  3. Оқылатын мазмұнның меңгеру тəсілдері есепке алынған оқушы мақсаты мен мұғалім мақсатының сəйкес келуі.
  4. Оқыту тек оқушының белсенді қызметі арқылы жүреді [8].

И.П. Подласый тұтас оқу үдерісі жүйесінің компоненттеріне  сай  оқу  үдерісіндегі  заң жəне заңдылықтарды 7 жалпы жəне 6 нақты топтарға жинақтайды. Жалпы заңдылықтар тобына ғалым мақсат, мазмұн, сапа, оқыту əдістері, оқытуды басқару жəне ынталандыруды жатқызады. Нақты заңдылықтар дидактикалық, гносеологиялық, кибернетикалық, əлеуметтік, ұйымдастырушылық деп топтастырылған.

   1-сурет – Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының заңдылықтары мен ұстанымдары 

Жалпы заңдылық. Оқыту мақсаты:

а) қоғамның даму қарқыны мен деңгейіне; ə) қоғамның мүмкіндігі мен қажеттілігіне;

б) педагогика ғылымы мен практикасының мүмкіндігі мен даму деңгейіне бағынышты.

Дидактикалық заңдылық: оқыту нəтижесі: (белгілі дəрежеде) оқытудың ұзақтығына тура пропорционалды.

Гносеологиялық заңдылық: оқыту нəтижесі (белгілідəрежеде) оқушылардыңоқубіліктілігіне тура пропорционалды.

Психологиялық заңдылық: оқытудың өнімділігі (белгілі дəрежеде) білім алушының оқу əрекетіне, қызығушылығына тура пропорционалды.

Кибернетикалық заңдылық: оқытудың тиімділігі (белгілі дəрежеде) кері байланыстың жиілігіне жəне көлеміне тура пропорционалды.

Əлеуметтік заңдылық: индивидтің дамуы тікелей немесе жанама қарым-қатынастағы басқа адамдардың дамуымен шартталған.

Ұйымдастырушылық заңдылық: оқыту нəтижесі (белгілі      дəрежеде)  өзінің  оқу міндеттеріне, оқу еңбегіне тура пропорционалды [9, 26-29 б.].

Тұтас оқу үдерісінің кең ауқымды заңдары, сөз жоқ жаңа білім парадигмасы  үшін  де  өзінің күшін сақтап қалады. Біздің ойымызша,

«оқыту нəтижесінің оқытудың ұзақтығына тура пропорционалдығы» бүгінгі таңда басқа қырынан қайта  қарауды  талап  етеді.  Сонымен бірге заңдылықтардың құрылымы мен жүйелілігі жəне олардың сатылы деңгейлері де ізденістерді қажет етеді.

Қазіргі дидактикалық зерттеулерге сай, тұтас педагогикалық үдеріске қатысты жаңаны танып білу мен ескіні өзгерту барысында білім алудың белгілі 4 заңдылығын (білім алушы мен мақсат; мақсат пен білім мазмұны; білім алушы мен білім беруші, мақсат пен үдеріс) төмендегідей 2 заңдылықпен толықтырудың қажеттілігі туындап отыр деп ойлаймыз.

Олар:

  • əлеуметтік орта сұранысы мен білім алушы арасындағы байланыс;
  • мақсат пен нəтиже арасындағы байланысты сипаттайды. Біз ұсынып отырған бұл заңдылықтар арасындағы байланыс «Нəтижеге бағытталған білім беру жүйесі» үлгісінде бейнеленген (2-cурет).

Нəтижеге бағдарланған білім жүйесінің микро жəне макро элементтерін, олардың атқаратын қызметтерін ажырату, жүйеге кіретін бала, жүйеден шығатын түлек деп айқындауға мүмкіндік берді.

«Бала» – жүйенің макро құрылымдық элементі. Ол  жүйеге  кірген  сəттен бастап «оқушы» мəртебесіне ие болып, жүйе құрушы элементі рөлін атқарады.

Баланың, ата-ананың, əлеуметтік ортаның сұраныстары, оқушының талап-тілектерінен туындайтын екінші элемент – мақсат. Сұраныстар негізінен  туындаған  мақсатты  жүзеге асыру үшін қажетті білім мазмұны нəтижеге бағытталған білім беру жүйесінің үшінші элементі болып табылады. Білім мазмұны деген жалпы ұғым «Білім туралы» заңның 13-бабында көрсетілгендей, жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің əрбір деңгейі бойынша білімдер кешені: білім тұжырымдамасы, білім стандарты, білім бағдарламалары, оқулықтар, оқу-əдістемелік құралдарын, т.б. біріктіреді [10].

Анықталған білім мазмұны төртінші элемент дидактикалық үдеріс барысында мұғалімнің əртүрлі педагогикалық əді-тəсілдерді пайдалануы, ұйымдастыруы арқылы толық жүзеге асады. Дидактикалық үдерісті жүзеге асырушы, тұлға тəрбиелеуші мұғалім бесінші элемент, ал мақсатпен нəтиженің қатынасын, күтілетін нəтиженің сапасын айқындаудағы диагностикалық, мониторингтік қызметпен айналысатын білім беруді басқару ұйымдары нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің алтыншы элементі болып табылады.

             2-сурет – Нəтижеге бағытталған білім беру жүйесінің«шығу» критерийі                                                                                         

  Біз бұл үлгіден микро, макро жүйе арасындағы тұтастықты «бала-оқушы-түлек» мəртебесіндегі негізгі элементтер құрайтындығын, бала жүйеге «кіру» элементінің, түлек жүйеден «шығу» элементінің рөлін атқарып тұрғандығын көреміз. Жүйеге «кіруді» реттеудің мəні баланың дайындығын тексеру. Яғни «дайындық» кіру критерийінің қызметін атқарады. Д.Н. Узнадзе бойынша дайындық қандай да бір қажеттіліктің пайда болуы жəне оны қанағаттандыру ситуацияларына тəн жағдай, тұлғаның өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нақты қызметті орындау бекімі деп анықталады [11]. «Дайындық» критерийі мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті айналасында нақты бір қызметке қатысты зерттелгендігін көрсетеді. Жалпы ісəрекеттің тиімділігін бағалау үшін бір ғана дайындықтың жеткіліксіздігіне Н.Д. Хмель ерекше назар аударған. Н.Д. Хмель мұғалімнің кəсіби іс-əрекетке дайындығын əлеуметтік маңызды мотивтерінің, психологиялық-педагогикалық білім жиынтықтары жəне тұтас педагогикалық үдеріс іс-əрекетінің жемісті орындалуын анықтаушы əрекет тəсілдері компоненттерінің болуымен сипаттайды [12].

Дж. Дьюи «білім беру – дайындық ретінде балаларды ересектер өмірінің міндеттеріне, артықшылықтарына дайындайды. Бала қоғамның толыққанды, толық құқықты мүшесі деп саналмайды, ол күту парағына ендірілген кандидат секілді. Білім бала мотивациясына сүйенбейді, ол толық түпнұсқалық стимулдардан айырылған» деген дəстүрлі білімге қатысты тұжырымдары кімді болса ойландырмай қалуы мүмкін емес [13, 327 б.].

Үлгіде  пайдаланылып  отырған «дайындық»критерийі  оқушының  өзінің  алдына  қойған мақсатын білім мазмұны арқылы дидактикалық үдеріс барысында жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындай алады. Ал «білім беру жүйесінен шыққан түлек мүмкіндіктерін» немен, қалай айқындаймыз деген жалпы сұраққа əртүрлі жауап беруге болады, бірақ жауап бермес бұрын, сұрақтың «білім беру жүйесінен шыққан» деген жерлеріне назар аударарлық. Түлектің стандартталған білім жүйесінен кейінгі əлеуметтік ортадағы келесі бір жүйеге енуі, түлек үшін де, ата-ана үшін де оның тек өзіне, өзінің құзырына байланысты шешім қабылдауды талап ететін жаңа ситуация болып табылады.

 Қорытынды

Сондықтан да нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесінен күтілетін нəтиже – түлек болса, оның сапасы қандай? Нəтижеге бағдарланған білім жүйесінен қандай түлектер шығады? деген сұрақтардың жауабын педагогикалық категория ретіндегі құзырлылық категориясынан іздейміз. Өйткені құзырлылық табиғаты оқу нəтижесінен бастау алғанымен, негізінен, іс-əрекеттік, тұлғалық тəжірибелерінің өз бетімен ұйымдастырылуында, адамның өздік дамуының, өздік өсу сатысына көтерілуінің салдары, құзырлылық жеке пəндер жетістіктерінің емес, білім беру жүйесінің нəтижесі деген тұжырымдарымызға сəйкес түлектің нəтижелілігін, тиімділігін айқындаушы «шығу» критерийі рөлін атқарады деген түйінге тоқталамыз.

«Құзырлылықтың» педагогикалық категория ретінде дамуын əлеуметтік орта сұранысы мен білім алушы арасындағы жəне мақсат пен нəтиже арасындағы байланыс заңдылықтарына сүйене отырып қарастыру бүгінгі заманауи талаптары деп ойлаймын.

 

 

Əдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ə. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. –– 13 қазан. – № 225. – 1-27 бб.
  2. Қазақстан Республикасындағыбілім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарғаарналған Мемлекеттік Бағдарламасы. – Астана. – 2010
  3. Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.
  4. «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Ұлт көшбасшысы – Президенттің жолдауы. – 2012. – 27 қаңтар.
  5. Кудайбергенева К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: əдіснамалық жəне ғылымитеориялық негіздері. – Алматы, 2008. – 328 б.
  6. Захаров Ф.И. Философия и методы научного познания. – М.: Лениниздат, – 263 с.
  7. Андреев В.И. Педагогика: учебный курс для творческого саморазвития. 2-е изд. – Казань: Центр инновационных технологий, 2002. – 17 с.
  8. Лернер И.Я. Теория современного процесса обучения, ее значение для практики //Современная педагогика. – 1989. – № – С. 1-17.
  9. Подласый И.П. «Педагогика». – М.: «Владос», 1999. – Т.1. – 574 с.
  10. Білім туралы. ҚР 2007 ж. 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңы. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, – 216 б.
  11. Узнадзе Д.Н. Экспериментальные основы и психологические установки. – Тбилиси: Изд-во АНТССР, – 210 с.
  12. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя (педагогика для учителя). – Алматы: Ғылым, 1998. – 320 с.
  13. Дьюи Дж. Демократие и образование: пер. с англ. – М.: ПедагогикаПресс, 2000. – 384 с.
  14. Кудайбергенева К.С. Формирование готовности учителей общеобразовательных школ к профессиональной самореализации (инновационный аспект): дис. ... канд. пед.наук. – Алматы, 2002. – 145 с. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.