Кіріспе
Қазіргі таңда кез келген салада жүргізілетін жұмысты диагностикалау қолға алынуда. Соның бірі мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты ұйымдастыру мəселесі болып отыр. Кез келген басқару ісі ұйымдағы тəртіпті реттеуге, оның қызметін дұрыс ұйымдастыруды қадағалауға, сол арқылы оның тиімділігін арттыруға арналатыны белгілі. Сондықтан педагогикалық диагностиканың маңызы жоғары.
Алайда бүгінгі таңда педагогикалық менеджмент теориясы бойынша Ресей ғалымдары: В.П. Симонов, Т.С.Комарова, К.Ю. Белая, А.И. Васильева жазған еңбектерді қарастырсақ бұл мəселенің əлі де өз деңгейінде шешілмей отырғандығын байқаймыз. Əдіскер ғалымдарымыз жұмыстың өзін əртүрлі тұрғыдан қарастырып, түрліше анықтамалар береді. Мəселен, А.И. Васильева [1]: «Мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмыс – бұл тəрбиешілердің балалармен жұмыс істеуінің əдіс-тəсілдеріне іс жүзінде үйренетін, ғылымитеориялықжəнеəдістемелікбіліктілігінкөтеретін кешенді жəне шығармашылық үдеріс» – десе, Т.С. Комарова [2]: «Əдістемелік жұмыс – бұл көп өлшемді полифункционалды феномен, яғни мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық үдерісті, педагогикалық ұжымның іс-əрекетін басқарудың құралы болып табылады», – дейді.
Дегенмен бұл білім беру жүйесіндегі басқару секілді күрделі мəселені жүйелі тұрғыдан қарастыру ғана жақсы нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігі түсінікті.
Көптеген зерттеушілер білім беру жүйесін басқаруда екі нəрсеге айрықша тоқталады. Бұл – басқару субъекті мен басқару нысаны. Мектепке дейінгі ұйымда басқару субъекті ретінде меңгеруші, ал басқару нысаны ретінде балабақшадағы үдерістер алынады. Біздің жағдайымызда субъект ретінде əдіскер, ал басты нысанға əдістемелік жұмыс алынып отыр.
МДҰ əдістемелік жұмысты басқару əдіскерге жүктеледі. Оның лауазымдық міндеттері «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген.
Балабақша əдіскері ұжымдағы педагог мамандардың шығармашылығын дамыта алатын,жаңаша бастамаларын қолдап, ынталандыратын, тəрбие мен білім беру мəселелерін шешудің тиімді жолдарын табатын, тəрбиешілердің жеке қабілеттерін, мүмкіндіктерін, кəсіби құзіреттіліктерін ескере отырып жұмысты ұйымдастыру əдістері мен тəсілін меңгерген маман болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесінде әдістемелік жұмыстың маңызы жоғары. Сондықтан да мектепке дейінгі тəрбие мəселесі бойынша тарихи-əдістемелік, ғылымитеориялық арнайы зерттеулер жүргізген В. Андросова, Р.К. Аралбаева, Б.О. Арзанбаева, А.С. Əмірова, Б.Б. Баймұратова, С.Ғ. Бəтібаева, Ф.Н. Жұмабекова, С.Н. Жиенбаева, Ғ.З. Таубаева, Қ.М. Меңдаяқова, Г.Ж. Меңлiбекова, Т.И. Иманбеков, Т.А. Левченко, А.Е. Манкеш, А.К. Меңжанова, Г.М. Метербаева, М.С. Сəтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина секілді отандық ғалымдар бұл мəселеге баса көңіл бөлген. Мектепке дейінгі ұйымдардағы əдістемелік жұмыстың даму жолына назар аударсақ, оның бірнеше кезеңдерден өткенін байқауға болады. Мəселен, С.Ғ. Бəтібаеваның [3] «Қазақстанда қазақ балабақшаларының даму тарихы» еңбегінде тəрбиеші мамандығының даму тарихы, тəрбиешінің қызметі мен міндеттері, тəрбиеші жұмысының ерекшеліктері, оның шығармашылық сипаты сараланған. Сонымен қатар автор мектепке дейінгі ұйымдарда мамандар дайындау мазмұнын жаңарту мəселесін де талдай келіп, тəрбиешілердің білімін арттыру жүйесі, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық курстар, семинарлар, əдіскерлер бірлестігінің жұмыстары туралы да қамтыған. Осы еңбектің біздің зерттеуімізге тірек болатын пікірлері ретінде тəрбиешінің қызметі мен міндеттері туралы талдауына сүйенеміз.
Ф.Н. Жұмабекованың [4] «Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың əдіснамалық негіздері» атты еңбегінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалып, оның əлемдік тəжірибедегі мəні мен маңызына жан-жақты талдау жасалған. Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жаңартудың тұжырымдамасы, моделі жасалып, негізгі бағыттары нақты көрсетілген. Білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-əрекеттерді ұйымдастыру логикалық-психологиялық проблема тұрғысынан қарастырылып, білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану, тəрбиешінің кəсіби құзіреттілігін жетілдіру, шығармашылығын дамыту жолдары қамтылып, педагогикалық жүйесі жасалған. Бірақ əдістемелік жұмысты диагностикалау мəселесі айқындалмаған.
Педагогикалық диагностика түсінігі
Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жүйесі мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарының алуан түрлілігімен, оларда инновациялық жəне эксперименталдық іс-əрекеттердің кең таралуымен жəне түрлі педагогикалық технологиялардың қолданылуымен сипатталады. Олай болса, мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмысты басқаруды жаңаша құру мəселесін қолға алудың керектігі туындайды.
Педагогикағылымындаəдістемелікжұмысты басқаруды жетілдірудің тиімді құралы ретінде педагогикалық диагностика қарастырылады. Мысалы, педагогикалық диагностикалау- ды ұйымдастыру мəселесіне келгенде мына ғалымдардың еңбектеріне баса көңіл аударуға тура келеді: К. Ингенкамптың «Педагогикалық диагностика», Б.С. Гершунский «Педагогикалық диагностика: əдістеме, теория жəне практика», Б.П. Битинас, Л.И. Катаева «Педагогикалық диагностика: болмысы, қызметі, болашағы», Н.Г. Голубев «Тəрбие үдерісін болжау жəне диагностикалау», Н.Е. Щуркова «Тəрбиелілік диагностикасы: педагогикалық əдістемелер», В.Г. Максимов «Мектептегі педагогикалық диагностика», Н.К. Голубев «Тəрбиелеу диагностикасына кіріспе» жəне т.б. Бұл еңбектерде диагностикалау нысаны ретінде жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тəрбие үдерісі алынғандықтан, мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмыс мəселелері қамтылмаған.
Педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері туралы мəселе қозғағанда, І.Р. Халитованың [5] «Педагогикалық диагностика» атты оқу құралын атап өтуге болады. Бұл еңбекте автор мектеп басқаруды диагностикалаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, оқушыларды диагностикалауды ұйымдастырудың əдістемесін көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі əдістемелік жұмысты диагностика негізінде басқаруды жетілдірудің бір жолы ретінде өз моделін ұсынған еңбек ретінде А. Морозованың [6]«Мектепке дейінгі ұйымдарда əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару» атты зерттеуін атауға болады.
Сонымен, педагогикалық жəне əдістемелік еңбектерге шолу жасау барысында мына мəселелер байқалды:
- Мектепке дейінгі ұйымдарда əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқаруды түбегейлі зерттеу барысында даярланған əдістемелік құралдар жоқ.
- Елімізде ана тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда əдістемелік жұмысты педагогикалықдиагностиканегізіндебасқарудың тиімді əдістері нақтылануы қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (ҚР МЖМБС 1.001-2009) [7] ерте жəне мек- теп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын талаптарда педагогтар педагогикалық процесті диагностика нəтижелері негізінде құруға тиіс екендігі атап көрсетілген.
Қорытынды
Осы айтылғандардың барлығын ескере отырып, əдістемелік жұмысты диагностика негізінде басқаруда төмендегі мақсаттар бойынша əрекет етілу керек:
- тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеудегі табысты нəтижелерін анықтау;
- тəрбиешілердің білім беру мен тəрбиелеу барысында жіберген кемшіліктерді анықтау;
- білім беру мен тəрбиелеу нəтижелерінің қойылған мақсаттарға сəйкес келмейтінін айқындаған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу;
- білім беру мен тəрбиелеу үдерісінің келесі кезеңдерін жоспарлау;
- тəрбиешілерді жұмыстағы табыстары үшін мадақтау көмегімен қызығушылығын тудырып, келесі қадамдардың күрделілігін реттеу;
- білім беру мен тəрбиелеу шарттарын жақсарту.
Мектепке дейінгі ұйымдағы əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару педагогикалық үдерісті тəрбиешілер мен тəрбиеленуші балалардың ерекшеліктерін біле отырып оңтайландыруға, əр педагогтің дамуына тұлғалық бағытталу тəсілін қолдануға, оның əдістемелік көмек қажет ететін тұстарын ұғынуға, педагогтің күшті жəне əлсіз жақтарын анықтауға, оны жеке іс-əрекет түрінде бекітуге нақты тəсілдер белгілеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмысты диагностика негізінде басқарудың тиімді əдістері нақтыланып,педагогикалық шарттарының тиімділігі тəжірибелік-эксперимент арқылы тексеріліп, осының негізінде əдістемелік көмекші құралдар дайындауды қарастыруды қолға алудамыз.
Əдебиеттер
- Васильева А.И., Бахтурина Л.А., Кобитина И.И. “Балабақшаның аға тəрбиешісі”. – М.: Просвещение, 1990.
- Веракса Н.Е., Комарова Т.С., Васильева М.А. Туылғаннан мектепке дейін. – Алматы,
- Бəтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының даму тарихы,
- Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын жаңартудың əдіснамалық негіздері. – Алматы,
- Халитова І.Р. Педагогикалық диагностика. – Алматы,
- Морозова А. Мектепке дейінгі ұйымдарда əдістемелік жұмысты педагогикалық диагностика негізінде басқару. – М.,
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС1.001-2009).