Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құзыреттілік тұғыр негізінде əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалау технологиясы

Кіріспе

Еліміз нəтижеге бағдарланған білім беруге көшті. Нəтижеге бағдарланған білім дегеніміз – жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру. Білім берудің басты мақсаты тек білім, білік, дағдыларға қол жеткізу емес, қажетті ақпаратты өздігінен ала білу, соның арқасында өзгермелі қоғамға сай өмір сүру болып табылады. Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нəтижелерге тоқталайық. Олар білім алушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дəлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға жəне өз білімін өзгермелі жағдайда қолдана білуге үйрету.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген [1]. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

 Əлеуметтік педагогты даярлау мазмұны

Қазіргі кезде қоғамды дамыту мен қайта құруда  психологиялық-педагогикалық   теория мен практиканың рөлі жоғары бағаланып отыр. Əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалаудың белгілі бір мақсаты бар екені белгілі:білім мазмұнын болашақ маманның кəсіби қызметіне қажетті мазмұнмен толықтыру. Оның келесі құрамдас бөліктері бар: мотивациялық, мазмұндық, технологиялық. Біз əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалауда төмендегі кезеңдерге басты назар аударамыз.

Бірінші кезең оқу пəндерінің мазмұнын таңдау, В. Краевскийдің пайымдауынша, білім мазмұны педагогикалық категория, ол қоғам қалыптастырып отырған əлеуметтік тапсырысты педагогика "тіліне" аударады [2].

Екінші кезең мақсатты тұжырымдау кезеңі, бұл кезеңде əлеуметтік педагог даярлау нəтижесі шығады. Ол диагностикалық деңгейде жүзеге асырылады. Бұл кезеңде педагогтар болашақ əлеуметтік педагогқа қандай қасиеттер қажет болатындығы анықталады.

Соған сəйкес  болашақ  əлеуметтік  педа-  гог даярлау мазмұнын жобалауда практикалық даярлықты күшейту керек, оқытудың белсенді əдістері мен формаларына көшу қажет. Ол болашақ əлеуметтік педагог жұмысына қажетті құзыреттілігін қалыптастыра отырып, дамыта түсетін болады. Оқу үдерісін белсендендіру үшін фронталды, ұжымдық, топтық, сонымен қатар дидактикалық, коммуникативтік жағдаяттарды қолдану керек, ол болашақ əлеуметтік педагогтарды кəсіби даярлауда қойылатын кəсіби міндеттерін жүзеге асыруда қажет.

Үшінші кезең оқу материалдарын құрылымдау, ірі дидактикалық бірліктер ретіндегі, бөлімдер мен тараулар, модульдер мен тақырыптарды іріктеу арқылы білім мазмұнын жасау.

Сонымен, құзыреттілік тұғыр негізінде əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалау дегеніміз – қалыптастырылатын құзыреттіліктер мəнінен туындайтын талаптарды есепке ала отырып бейіндік пəндердің мазмұнын жобалау, модельдеу, құрастыру үдерісі.

Тəжірибе барысында құзыреттілік тұғыр негізінде болашақ əлеуметтік педагог даярлауда оқыту əдістеріне тоқталуды жөн көрдік.

Алдымен, нақты əлеуметтік-педагогикалық жағдаяттардың сараптама жасау əдісі, бұл əдіс бойынша  ауызша,  жазбаша  немесе  бейне   материалдар негізінде əлеуметтік педагогикалық жағдаяттардыталқылауарқылыолардыңмақсаты ретінде мəселені айқындап, себебін анықтап, оларды шешудің жолдары қарастырылады.

Педагогикалық жəне зерттеу тəжірибесі барысында кеңінен қолданылған əдістердің бірі – ойын əдістері. Бұл əдістерге іскерлік ойындар, сюжеттік рөлдік ойындар, зияткерлік  ойындар, миға шабуыл, т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндағы іскерлік ойындар болашақ əлеуметтік педагогтің болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беріп, практикалық іс-əрекет барысында туындаған түрлі мəселелердің шешімін таба білуге жаттықтырады. Ал сюжеттік-рөлдік ойындардың көмегімен болашақ əлеуметтік педагогтің шығармашылық ойлауы мен ұжымдық өзара қарым-қатынас жасау қабілеттері дамиды. Олар өзара иерархиялық түрде бағынады немесе басқарады. Келесі ойын түрі зияткерлік ойындар болашақ əлеуметтік педагогтің ойлау операциясын дамытады, зияткерлік қабілеттерін дамытады, өзіндік бағалауын жақсартады.

Миға шабуыл əдісі пікірталас пен диалог мəдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ аталмыш əдіс тұлғаның төзімділік, басқа көзқарастарға құрмет көрсету, мақсатқа ұмтылушылық, тапқырлық сияқты қасиеттерді дамытады. Диалогмəдениетінеүйретустуденттің танымдық мотивациясын арттырады, өздігінен ойлау қабілетін жақсарта түседі. Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша, өздігінен ойлау адамның ішкі жан дүниесінің диалогы болып табылады. Ол сыртқы ортамен диалогқа түскен жағдайда тілдік қарым-қатынас жасау барысында əртүрлі формадағы белсенді қарым-қатынас жасау тəжірисінде қалыптасып дамиды [3].

Зерттеу барысында "Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану" мамандығының студенттеріне құзыреттілік тұғыр негізінде білім беру мазмұнының əдістемесі құрастырылды. Бұл əдістеме "Əлеуметтік педагог даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі" атты  арнайы  курс негізінде даярланды. Бұл ОƏК мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартына жəне типтік бағдарлама мазмұнына сай жазылды. Оқу-əдістемелік кешен таңдау пəніне арналып, оқу-əдістемелік кешен кредиттік жүйеге сəйкес «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығына арналып жасалды.

Курстың мақсаты – студенттердің нəтижеге бағытталған білім жəне құзыреттілік тұғыр туралы білімдерін жүйелі қалыптастыру, олардың болашақтағы кəсіби құзыреттіліктерді меңгеруін ұйымдастыру. Ал міндеттеріне  студенттерде нəтижеге  бағытталған   білім ұғымының мəні, құзыреттіліктер туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру;  оларды құзыреттіліктер түрлері  білімдермен қаруландыру; студенттерге білім беру мазмұнын (білім беру мазмұны тұжырымдамасы, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары таныстыру жатқызылды. Арнайы курсқа бөлінген жалпы сағат саны 45 сағат (1 кредит), оның ішінде дəріс 15, семинар 15, СӨЖ жəне бақылау жұмысы 15 сағатты құрайды. "Əлеуметтік педагогті даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі» атты элективті курстың мазмұны болашақ əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалауға негізделгендіктен, біздің зерттеу міндеттерімізді тікелей жүзеге асыруға  бағытталып  отыр.  Пəннің  мазмұнына енетін сұрақтар:

  1. "Əлеуметтік педагогті даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі» атты элективті курсына кіріспе: пəні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу əдебиеті жəне білім алушыларға əдістемелік ұсыныстар.
  2. «Нəтижеге бағдарланған  білім»,«құзыреттілік тұғыр» ұғымдары туралы түсінік.
  1. Болашақ əлеуметтік педагог даярлаудағы нəтижеге бағдарланған білім.
  2. Нəтижеге бағдарланған құзыретті əлеуметтік педагог даярлауда берілетін білімдердің теориялық-əдіснамалық аспектілері.
  3. Болашақ əлеуметтік педагог даярлауға қажетті құзыреттіліктерді меңгерту кезеңдері.
  4. Білім беру бағдарламалары жəне оларды жүзеге асыру.
  5. Əлеуметтік педагогиканың жағымды дамуын қамтамасыз етудің шарттары.
  6. Кəсіби құзыреттіліктер шеңберіндегі қалыптастырушы құзыреттіліктерге сипаттама.
  7. Нəтижеге бағдарланған білім мазмұны тұжырымдамасын жобалау.
  8. Құзыреттілік тұғыр негізінде болашақ əлеуметтік педагог даярлау аясында білім беру бағдарламалары мазмұнын жобалау.

Курс бағдарламасын құру барысында біз əлеуметтік педагогика саласында жəне жалпы педагогика ғылымындағы құзыреттілік тұғырда білім мазмұнын жобалау бағдарында жазылған əлемдік жəне отандық ғалымдар еңбектеріне сүйене  отырып, оқытушы жетекшілігімен студенттің өзіндік білім траекториясын жасауына мүмкіндік береміз [4,5,6,7,8].

Зерттеу нəтижесінде, біз əлеуметтік педагогтың кəсіби дайындығы оның нақтылы жағдайда жəне белгілі бір объектіге байланысты, əлеуметтік-педагогикалық қызметте өзін-өзі танытуға деген ішкі дайындығымен анықталатындығына көз  жеткіземіз. Сондайақ, курсты меңгеру нəтижесінде студенттерде қалыптасатын дағдылар:

  • нəтижеге бағдарланған білім мазмұнының тұжырымдамасын негіздей алу;
  • нəтижеге бағдарланған білім мазмұнын ұйымдастыра алу;
  • нəтижеге бағдарланған білім мазмұны нəтижелерін рəсімдей алу;
  • адамдардың топтардың түрлі санаттарымен кəсіби жұмыста ақпарат пайдалана алу;
  • əлеуметтік педагогика саласындағы маман ретінде өз білімдерін дəстүрлі емес жағдайда шығармашылықпен пайдалана алу.

Студенттердің өздігінен жасайтын жұмыстарын төмендегідей ұйымдастыруға болады:

  • «Нəтижеге бағдарланған білім», «Құзыреттілік тұғыр» ұғымдарының арақатынасы» тақырыбында тірекконспектісін жасау;
  • "Əлеуметтік педагогті даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі» элективті пəнінің өзектілігін эссе түрінде жазу;
  • «Мен – əлеуметтік-педагогикалық əрекеттің субъектісімін» тақырыбында баяндама дайындау;
  • «Құзыреттілік тұғыр негізінде болашақ əлеуметтік педагог даярлау алгоритмі» атты сызба дайындап, өз тұғырын негіздеу;
  • «Болашақ əлеуметтік педагогтің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жəне дамыту» тақырыбында реферат даярлау;
  • «Құзыретті əлеуметтік педагогтің жұмыс жүйесі» тақырыбында эссе жазу;
  • «Болашақ əлеуметтік педагогқа кəсіби білім беру мазмұны» тақырыбында сызба дайындау;
  • «Құзыретті əлеуметтік педагогтің портфолиосына» материал жинақтаған жұмысын бағалап, өз пікірін беру.

Название (Практика экспертного опроса социальных педагогов)

Зерттеу  практикасы  барысында  біз  Алматы қаласындағы №178 лицейдің əлеуметтік педагог қызметін атқарушы М.  Шайдильдина,№126 мектеп-лицейдің  əлеуметтік  педагогі Ə. Айымовамен   сұқбаттасып,олардың жұмыстарының мазмұнымен танысты. Осы білім беру мекемелерінде үстіміздегі жылдың қаңтар, ақпан айларында "Қамқорлық акциясы" өтетіндігі жөнінде хабардар болдық. Нақты əлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың құжаттары жинақталған папкалармен таныстық. Мəселен, №178 лицейде барлығы 31 оқушы  əлеуметтік  көмекке мұқтаждар тізіміне  енеді.  Осылардың  50% жуығының қалалық тіркеуге алынбағандығынан жəне де олардың ата-анасының қажетті құжаттар жинауға мүмкіндіктерінің болмауы, олардың уақыттарының аздығы, т.б. себептерінен əлеуметтік көмек көрсетілмейтіндігі жайлы баяндады. Əлеуметтік педагог қызметі сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы өтетіндігі белгілі болды. Жалпы алғанда, əлеуметтік педагог қызметінің негізгі функциясы əлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды есепке алып, мемлекет тарапынан, жеке демеушілер тарапынан болсын алынған материалдық қаржыны əлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санына тең бөліп, оларды материалдық қамқорлыққа алуы, бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз ететіндігімен шектелетініне көз жеткіздік.

 Қорытынды

Бүгінгі күні əлеуметтік педагогика өзінің əлеуметтік статусын сақтай отырып, əлеуметтік пəндер қатарынан елеулі орын алудың қиын кезеңін басынан өткізіп отыр. Болашақта əлеуметтік педагог мамандығына қызығушылық артары сөзсіз, адамның тұтас биологиялық, психикалық, əлеуметтік жəне рухани табиғатын есепке ала отырып, тұрғындардың əртүрлі категорияларымен жұмыс жасауға жинақталған тəжірибесін қолдануға мүмкіндік туары күмəнсіз. Адамның əлеуметтік базалық мəнінің бірдей болғанына қарамастан, əрбір жеке тұлға өзінің жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен, оқытылу жəне тəрбиелену деңгейлерінің əртүрлілігі əлеуметтік педагогтардың жоғары кəсіби құзыреттіліктері дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.

Қорыта келгенде, жоғары оқу орны қабырғасында жүріп жинақтаған білім, білік, дағды жəне құзыреттіліктерін əлеуметтік педагог өз тəжірибесі барысында қолданса, қоғамымыздағы орын алып отырған бірқатар мəселелер өз шешімін табады деген сенімдеміз.

 

 

Əдебиеттер

  1. Білім туралы. ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңы. ҚР білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, – 216 б.
  2. Краевский В.В., Бережнова Е.В. Методология педагогики. Новый этап: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М.: Академия, 2006. – 400 c.
  3. Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика. Игры. Упражнения. Служба доверия,
  4. Кайдарова А.Д. Логика исследования проблем становления и генезиса развития содержания высшего педагогического образования: учебно-методическое пособие. – Алматы, – 56 с.
  5. Липский И.А. Социальная педагогика. Методологический анализ: учебное пособие. – М.: ТЦ СФЕРА, – 320 с.
  6. Компетентностный подход к формированию содержания образования:  монография  /  Ермаков Д.С., Иванова Е.О., Осмоловская И.М., Рязанова Д.В., Шалыгина И.В. /под ред. И.М. Осмоловской.– М., 2007. – 210 с.
  7. Равен Дж. Компетентность в современном обществе: пер. с англ. − М.: Когито-центр,− 212 с.
  8. Паршина Г.Н., Мынбаева А.К. Международные дискрипторы и компетеностный подход в проектировании образовательных программ // Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». – 2011. – №2 (33). – С. 3-10.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.