Қазіргі кезде қазақстандық білім беруде ақпараттың жылдам даму қарқыны арасында қарамақайшылықтың жайылуы, ақпараттық орта мен динамика мазмұнында белгілі консерватизм арасында сипаттың күрделенуі, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен əдістері болып табылады. Мұның салдарлары жоғары оқу орындарының түлектерінің кəсіби іс-əрекеті сипатталатын əлеуметтік ситуацияда білім беру мəселелері болып табылады. Олардың шешімін табудың бірден бір жолы жоғары білім беру жүйесін студенттердің ақпараттық мəдениетін қалыптасу деңгейінде қамтамасыз етілетін пəндер арқылы, студенттердің қазіргі ақпараттық ортада дұрыс бағдар ұстануды қамтамасыз ететін белгілі бір білім мен біліктерді меңгеруі негізінде жүзеге асыру болып табылады.
«2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің тұжырымдамасында» жоғары білім берудің негізгі тенденциясының дамуы мамандарды даярлау сапасын арттыруға, инновациялық білім берудің дамуына, білім беру жəне инновациялық технологиялардың жетілуіне алып келеді [1, с. 9]. Осы мəселені шешу үшін тұжырымдамалық жəне нормативтік құжаттар жасалды: Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш жəне орта кəсіби білім беру оқу мекемелерінің ақпараттандыру бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жəне т.б.
«Ақпараттық технологиялар» түсінігіне талдау жасар болсақ, ол «жаңа ақпараттық технологиялар», «компьютерлік технологиялар», «қазіргі ақпараттық технологиялар» жəне т.б. ұғымдары негізінде қолданылымда. «Ақпараттық технологиялар» түсінігімен байланысты көп көлемдегі синонимдердің болуы ақпараттық технологиялар терминологиясының толық мəні ашылмағанын жəне педагогикалық əдебиеттер мен тəжірибеде негізделмегеніне дəлел болады.
Аталмыш түсініктің пайда болу мен даму анализі Б.Б. Баймуханов [2], Ж.А. Караева [3], Б.К. Тульбасова [4], В.М. Глушков [5] жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.
Мысалы, В.М. Глушков [5] ақпараттық технологияларды ақпаратты өңдеу түсінігімен байланыста түсіндіреді. Қазіргі қоғамда ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы дербес компьютер болып табылатындықтан, көптеген авторлардың пікірінше ақпараттық технологиялар дегеніміз машиналық (ЭЕМ көмегімен) өңдеу, ақпарат беру, тасымалдау технологиясы, пəні жəне өнімі ретінде ақпаратты түсінеді, ал еңбек құралы ретінде ЭЕМ-ді (компьютер) қарастыратын ақпараттық құралдардың бағдарламасын құру деп біледі.
Ал, Н.В. Макарова ақпараттық қоғамға компьютерді кіріктіру мен телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану ақпараттық технологияның дамуының жаңа кезеңін айқындады, нəтижесінде «жаңа», «компьютерлік» немесе «қазіргі» синоним сөздердің бірін қосу арқылы оның атауының өзгеруіне алып келді. «Жаңа» сын есімі бұл технологияның эволюциялық сипатын емес новаторлық мағынасын білдіреді жəне ақпараттық технологияны ендірудің новаторлық мағынасы түрлі іс-əрекет мазмұнына елеулі өзгеріс ендіру сипатында қолданылады. Алайда, зерттеушінің ұсынысы бойынша «компьютерлік» ақпараттық технология ұғымынан гөрі «жаңа» ұғымын қолдану нақтырақ болар еді, себебі ол құрылымында компьютерді қолдануға негізделген технологияларды ғана емес, басқа да техникалық құралдарға негізделген, əсіресе телекоммуникациямен қамтамасыз ететін құралдарды сипаттайды. Пайда болған «Жаңа ақпараттық технология» ұғымы біртіндеп «жаңа» сөзінен айрыла бастады, ақпараттық технология ретінде ЖАТ-ға сіңірілген мағына қолданылды.
Ақпараттық технологиялардың коммуникациялық процестерді ұйымдастыру құралы ретіндегі рөлін Д.М. Джусубалиева, А.Уваров, Г.З. Адильгазинов тағы басқа ғалымдар қарстырған. Сондай-ақ көптеген ғалымдар «интерактивті технологиялар» ұғымын кеңінен қолданады. Ғалым А. Уваровтың пікірінше, интерактивті технологияларды адамға ықпал ететін жəне тез жауапты қамтамасыз ететін барлық ақпараттық технологияларға қолдануға болады, деген тұжырымын айтады. Оларға электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар, Интернет on-line жəне off-line технологиялар, Chat-кеңес берулер мен Chat-сессиялар жатады. Өзара əрекет адам мен машина арасында (мысалы, ОЖ қолданған кезде), сонымен қатар телекоммуникацияны қолданатын (электронды почта, телеконференция, телемост арқылы ) адамдар арасында жүруі мүмкін. Осы мəселені зерттеуші ғалымдар Н.В. Апатова жəне Д.Ш. Матрос ақпараттық технологиялар құрамында бағдарламалық қамтамасыз ету, эксперттік жүйе, гипермəтін, мультимедия, микроəлемдер, имитациялық оқыту, көрсетілімдер болу керек деп есептейді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ақпараттық технологиялар педагогиканың аспектілерін білім, дағды, икемділік жəне біліктерді қалыптастыруда біршама қажетті мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар білім берудегі электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар мен Internet технологияларда маңызды болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялардың қазіргі кездегі мүмкіндіктерді қолдану қабілеті болашақ оқытушының кəсіптік мəдениетінің элементі мен көрсеткіші болып табылады, алайда білікті маман дайындауды жүзеге асыратын педагогикалық бөлімдерде компьютерлік білім беру ақпараттық мəдениеттің операциялық бөлігін ғана қозғайды жəне педагогикалық дүниетаным құрылымында ақпараттық технологиялардың білімдендіру мүмкіндігі жеткілікті емес.
Ағылшын жəне американдық университеттерде болашақ оқытушыларды компьютерлік дайындаудың пайдалы, прагматикалық сипатының басым бағыттары көрсетілген, сонымен бірге «Компьютерлік сауаттылықтың бастапқы деңгейіне компьютерді үлкен жауапкершілікпен жəне қоғамдық мінез-құлық нормаларына сай қолдану мəселесін қалыптастыру қажет» екенін айқындаған, ондағы мақсат «соңғы кезде компьютерлік білім берудің негізгі мақсаты тəжірибелік білім беру, ал қоғам мəселелеріне еш назар аударылмайды. Компьютерлік сауаттылық – бұл ақпараттық технологияның ықтималды əсер ету күшін түсіну қажеттілігі, оның мүмкіндіктерімен танысу, сол арқылы оның қоғамға пайдасын анықтау» [6].
Ж. Караев [3] компьютерлік техника мен болашақ оқытушылардың өзара əрекетінің жағымды мотивациясын қалыптастыру оңай шаруа емес, əсіресе олардың жұмысының компьютерлендіруде саналы əлеуметтік-экономикалық қажеттілігі мен мəні бұл қажеттілік пен мəннің жеке-жеке тұлғасында түсінуімен сəйкес келмейді, сəйкесінше үгіт-насихат жұмыстарын қажет етеді, деген пікірін білдіреді.
1989 жылы Қоғамдық Ғылыми-əдіснамалық Кеңесінің Екінші Алқалық мəжілісінде қабылданған академик А.П. Ершов басқарған ғалымдар тобы ұсынған «Білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасында» басты орынға ақпараттық технология аймағындағы педагогикалық кадрларды дайындау мəселесі қойылды, «ақпараттық технологияны педагогикалық игеру» мағыздылығы аталып өтті, аталмыш ғалымдар оны былай түсіндіреді 1) оқу процесінде АТ қолдану бойынша жалпы мəдени жəне əдіснамалық дайындау;
2) ақпараттық технологиялар саласындағы қажетті білімдер негізін меңгеру жəне оны істəжірибе жүзінде қолдану арқылы жеке тəжірибе жинақтау. Барлық факультеттердің мамандықтары студенттерінің кəсіби компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ететін тəжірибелік оқу жоспарлары мен жаңа оқу пəндерінің бағдарламасын енгізген. Мысалға, Омск педагогикалық институтының проректоры М.П. Лапчик педагогикалық дайындықтың барлық құрамдас бөліктеріне компьютерлік бағдарлану негізіндегі болашақ педагогтың кəсіби дайындығын үздіксіз жəне кешенді болуының маңыздылығын атап өтті, аталған құрамдас бөліктер: психологиялықпедагогикалық, жеке-əдістемелік, ақпараттық, арнайы пəндік[7].
Отандық ғалым Г.К. Нұрғалиева атап көрсеткендей, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру ұйымдарын компьютерлендіру, мектепті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету; ақпараттық оқыту ресурстарын құру, қазіргі заманауи ақпараттық коммуникациялық жəне объектілі бағдарланған технологиялардың негізінде оқу бағдарламаларын құру, деп көрсетеді. Ғалымдардың пікіріне талдау жасай отырып, кəсіптік əркетке ақпараттық технологияларды қолдану жəне əдістемелік дайындығының критериилері мен көресткіштерін кесте негізінде көрсеттік.
Сонымен, АТ оқу үдерісін қамтамасыз етуге қолдану тиімді екені анық, ал қазіргі таңда бұл қажеттілікке айналды. Заманауи оқытушылар ақпараттық технологияларсыз өз өмірлерін елестете де алмайды. Дегенмен де оның денсаулықты қорғау ұстанымына сай жүзеге асырылғаны жəне жұмыс берушілердің тарапынан оның қадағалануы қажет деп ойлаймыз.
Әдебиеттер
- 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің тұжырымдамасы. – Астана,
- Баймуманов Б., Қараев Ж. Дидактические особенности использования информационных технологий обучения//Высшая школа Казахстана. – 2000. – №6. – С.46 .
- Караев Ж. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения: афтореф. дисс. канд. наук. – Алматы, 1994
- Тульбасов Б.К. Дидактические условия подготовки учителей в институте повышения квалификации к использованию технологии обучения: – автореф. дисс. канд. наук.
- Алматы,Глушков В.М. Основы безбумажной информатики. –М.: Наука,1982.
- Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования. – Алматы, 2004.
- Лапчик М.П. Реализация компонентов информатики и НИТО в учебных планах педагогических вузвх// Информатика и образование. – 1996. – № 6. – С.1.
- Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М.,1987.