Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру саласындағы жаңа технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері

Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” Қазақстан халқына арналған жолдауында “Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар  өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дəстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс  істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі əлемге əйгілі, əрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тəн. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мəселесі.

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір əдістемеге негізделеді. Əдістеме жан-жақты жəне өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін əрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Əдетте əдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаздық қызметінің іс-тəжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде  əр мұғалімнің бойында, ойында əдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тəжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде əдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелерінің   бірі   –   оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты əдістерді дəстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатында өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тəрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Əрине,еліміздегі тəуелсіздіктің əсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, əлемдегі жаңа мазмұнды озық тəжірибелерге негізделген оқу-тəрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.

Мұның өзі əрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тəлім-тəрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек  болатын мектеп екендігі бəрімізге белгілі.

Сондықтанда оқушылардың ой- өрісін, ұлттық мəдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін  дамытып, тұлғаны қалыптастыруда тəрбие жүйесіндегі инновациялық іс-əрекеттердің өндірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі  ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті  автоматтандыру, компьютерлендіру мəселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді əлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен əдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мəселе болып отыр. Бұл мəселелерді ойдағыдай шешу балабақшаның материалдық базасына, оқу- əдістемелік құралдардың ғылыми- əдістемелік     негізде     жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мекеме басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп, оқу- тəрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ.

“Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һəм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай сертесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт”- ұлы педагог М.Жұмабаев айтқан. Сондықтан мектеп – мемлекеттің, қоғамның жəне жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тəрбиесінің, дене жəне жан сұлулығының, интеллектуалды əлеуетінің қамын ойлау – тəуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мəселесінің бірі.

“Білім туралы” заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы, психологиялық- физиологиялық жəне жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді; білім берудің зайырлы сипаты, білім ізгілікті жəне дамытушы сипаты делінген.

20 ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында негізгі мектептер:

1). практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы; 2).  қоғамның  интеллектуалдық қуатын жетілдіру;

  • еліміздің материалдық-қаржылық əл-ауқатын əрі қарай дамыту;
  • Орта білім беру жүйесін əрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу  үшін балабақша ұжымдары, əр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқытудың түрлерін, əдістері мен құралдарын одан əрі жетілдіріп, тиімді тəсілдерді нəтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нəтижесін көрсететін əдіс- тəсілдері,     түрлері  көбінде  жаңашыл, инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір  ғалымдардың  еңбектерінде «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі екен. Кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Менің ойымша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесінде жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация ұғымы ең бірінші XIX ғасырда  мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни  бір мəдениет түрлерін, екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі  күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі in-в, novis- жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновация» ұғымын əр елде əр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Аталған          Арабия, Жапония мемлекеттерінде «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес.

Қоғамның қазіргі дамуы кезеңінде оқыту мен тəрбиені нəтижелі ету білім  беру мекемелерінің өзекті мəселелеріне айналды. Мектепке дейінгі мекемелер білім беру жүйесінің басқа да институттары секілді белгілі бір қоғамның, қоғамдық қарым-қатынас жүйесінің негізінде өз қызметін атқарады, сондықтан да олардың жалпы  жағдайы, орны  көбіне сыртқы факторлардың əсерінен, қоршаған əлеуметтік ортамен қарым-қатынасының кейіпімен анықталады.

Елімізде  соңғы  онжылдықта ғылым мен техниканың қарқынды дамуы жəне əлеуметтік-экономикалық өзгерістер жас ұрпақ тəрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде.

 

 Әдебиеттер

  1. Жұмашева Т.С. Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында қолданудың ерекшеліктері./ Бастауыш мектеп.- 2007 ж.
  2. Қоянбаев Р.М. Ыбыраимжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік.// Түркістан , 2006 ж.
  3. 3.Бастауыш мектеп/ №4, 2009, 4-12 б.
  4. 4.Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясы//8 том, Алматы, 2006 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.