Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет елдердегi кен байыту қалдық қоймаларының қазіргі ахуалы

Шет елдердегi кен байыту қалдық қоймаларының қазіргі ахуалы

1 бөлім

Ғаламшардың топырақ қабатына антропогендік əсерлердің нəтижесінде қолдануға жарамды жер қоры азаюда, жылына 8 млн га жер ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз болып қалып отыр [1].

Бұрынғы Кеңестер Одағында пайдаланымнан шыққан жерді қалпына келтіру ХХ ғасырдың 40–50-жылдардың аралығында ғана басталды. Бұл сала бойынша бұрынғы КСРО-ның пионері, əрине, Донбастағы террикондарды көгалдандыруды 1948–1950 жылдары қолға алған Украина Ғылым Академиясына қарасты Орман шаруашылығы институты болып табылады. Олардан кейін 1959 жылы Уральск университетінің өнеркəсіптік ботаника зертханасы Ресейдің Свердловск, Челябинск жəне Пермь облыстарындағы талшықтас пен құмтастың қалдық үйінділерін, жылу электр стансаларынан шығарылған күл үйінділерін бекіту бағытында зерттеу жұмыстарын бастаған. Сондай-ақ Орджоникидзе қаласының жанындағы марганец карьерінің орнында сирек кездесетін аңдар мен құстар тұрақтап тұрып қалған хайуанаттар паркі мен тамаша демалыс орны салынса, Подмосковный кен-химия комбинатына қарасты Егорьевск фосфориттік карьерінің 3 мың гектарға тарта пайдаланымнан шыққан ауданы қалпына келтіріліп, қарағай, ақбас түйежоңышқа, беде отырғызылып, олар тамыр тартып кетті, ал Кривой Рогтағы силикат зауытының құм өндірген карьерінің қалпына келтірілген орны маңайындағы кеңшарларға беріліп, олар ол жерлерге жүгері, арпа жəне күздік бидай екті [2].

Бұған дейінгі жұмысымызда [3] Қазақстанның кен байытудан қалған қалдық қоймаларына талдау жасап, оларды қалпына келтіру бағытында атқарылуы тиіс іс-шаралар ұсынылған болатын. Енді жақын жəне алыс шет елдердегі қалдық қоймаларына тоқталайық.

Алдымен, жақын көршілеріміз – Орталық Азия республикалары мен Ресейдегі жағдайларды жан-жақты қарастырып көрейік.

Бүгінгі таңда Қырғызстанда 35 кен-байыту қалдық қоймасы мен 25 бос тау жыныстарының қалдық үйінділері бар. Бұл қалдық қоймаларының 30-ы уран өндірісінің қалдығы болса, 5-уі – түсті металдар өндірісінікі. Кеңестер Одағы тараған кезде оларды қауіпсіз жағдайда ұстау, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бұл қалдық қоймалары мен үйінділер «Қырғызалтын» Мемлекеттік концернінің қарауына берілген. Ал 1997 жылдан бастап олар «Қарабалта тау-кен комбинатының» қарауына өтсе, 1999 жылдың наурызынан жоғарыда көрсетілген нысандар Қырғызстанның Экология мен төтенше жағдайлар министрлігінің балансына берілді. Орта Азиядағы ең биік таулардың сайларында орналасқан бұл экологиялық қауіпті нысандар бір қолдан екіншісіне өткен осы жылдар ішінде іс жүзінде ешкімнің қарауынсыз, иесіз жатты. Бұлардың көбісі Майлысу, Шекафтар, Сумсар, Қажысай, Ақтұз жəне де басқа елді мекендер аумағында орналасқан. Сонымен бүгінгі күні бұл нысандар, əсіресе қалдық қоймалары, жалғыз қырғыз халқының ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының, тіпті əлем жұртшылығының мазасыздығын туғызып отыр. Əрине, қол астында болған кездері сəйкес мекемелер қаржылық деңгейлері мүмкіндік бергенше азын-аулақ болсын іс-шаралар тындырған. Мысалға, қалдық қоймаларының беттері топырақ қабатымен жабылған, сырттарынан қоршау сымдарымен бекітіліп, оларға ескеру тақталары ілінген.

Бірақ жердің жалпы температурасының жылуы, осыған байланысты биік таулардағы мəңгілік мұздардың ери бастауы сияқты барлық Жер шарына ортақ проблемалардың əсерінен сол мұздар сөгітілсе, жолында жатқан бұл нысандарға аса қауіпті. 2002 жылдың мамырында бүкіл əлемді шулатқан Майлысудағы жалпы көлемі 400 мың м3 сел қалдық қоймасын шайып алып, Майлысу өзеніне, одан əрі Сырдарияға ағызып алып кетуі, одан Аралға жетуі, сөйтіп осы Ферғана аймағындағы 10 миллион халықты радиоактивтік қалдық заттармен улауы мүмкін еді. Бірақ шетелдік (батыстық жəне ресейлік) эколог мамандардың көмегімен сел тоқтатылды. Бірақ қауіп онымен біткен жоқ. Бұл қалдық қоймаларына толық рекультивация жасалмайынша ол бітпейді де.

Майлысудан басқа Ыстықкөлден бірнеше шақырым жерде орналасқан Қажысай уран «қалдығының» көлемі 150 мың м3 құрайды. Бұл «қалдықты» сел шайып кетсе, көл көптеген жылдарға «өмірін» тоқтатуға мəжбүр болады. Бұдан басқа Нарын облысындағы Мин-Куш қалашығының жанында сегіз қалдық қоймасында миллионнан астам текше метрде радиоактивті қалдықтар көмілген. Қатты нөсер жауын жауса немесе сел жүрсе, радиоактивті қалдықтар Көкемерен өзеніне түсіп, одан Нарын өзені арқылы тағы да Аралға жетуі мүмкін.

Кейінгі жылдары қырғызстандық қалдық қоймаларында Еврокомиссияның, ТМД-ның, Бүкілəлемдік Банкінің, Финляндияның, АҚШ-тың, МАГАТЭ-нің, ТАСИС бағдарламасының жəне т.б. мамандары болып, олардан планетаға төнер қауіпті есептеп, қалдық қоймаларының бетіндегі, маңайындағы радиоактивтік сəулелену деңгейін анықтап, барлық нысандардың ішіндегі ең қауіптілері деп Майлысу, Қажысай, Мин-Куш жəне Қарабалта қалдық қоймаларын тапқан. Егер топырақ қабатымен жабылған қалдық қоймасының бетіндегі радиоактивтілік салыстырмалы түрде əлсіз, яғни сағатына 100–200 микрорентген болса, кейбір топырақтан аршылып қалған жерлерінде 1500-ден 4140 мкР/сағ дейін жетеді.

Жергілікті экологтар көтеріп отырған келесі проблема – жергілікті халықтың экологиялық сауатсыздығы. Қалдық қоймалары орналасқан жерлердің жанындағы қалашықтар мен ауылдардың тұрмыс деңгейі өте төмен тұрғындары қоршау сымдары мен ескерту тақталарын ғана ұрлап қоймайды, сондай-ақ таза қалдықтардың өзін үйдің іргетасы, ал бетіне жабылған топырақпен араласқан бөлігін қабырға қалауға шым ретінде пайдаланады. Мысалы, Майлысайда осындай материалдардан жергілікті бір тұрғын салған үй мен гаражда датчик сағатына 3000 микрорентгенді көрсетеді екен! Бұл сауатсыз қарапайым тұрғын десек, Қансайдағы жергілікті мемлекеттік жол қызметі мамандары үйіндінің бетін жапқан қорғаныш қабатын сыпырып алып, автокөлік жолына төсеген.

1980 жылдардың ортасынан бастап уран өндірісі жер астында ерітінділеу жолына өте бастағандықтан, бүкіл Кеңестер Одағында өндірілетін уранның қалдықтары əкеліп төгілетін қырғызстандық қалдық қоймаларына əкелінетін жаңа төгінділер азайды, ал 1990 жылдардың басынан мүлде тоқтады. Қалдық қоймалары жылдам кебе бастады, бұл дегеніміз – бұрын олардың бетін су жауып жатса, енді құрғаған қалдықтардың желмен айналаға таралу қаупі пайда болды. Оның алдын алу мақсатында кейбір қоймаларда қамыс егілсе, енді біреулерінің беттері ұсақ жұмыр тас қабатымен жабылып тасталды.

Бірақ бұл əрекеттердің көмегімен қалдық қоймаларының жалпыпланеталық проблемасы шешілмейді. Жоғарыда келтірілген шетелдік мамандардың есебінше, бұл қалдық қоймаларын толық көміп тастау үшін 30 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражаты қажет екен.

2004 жылы бұл қалдықтарды кезінде негізгі əкеліп төгуші болып табылған Ресейдің Атом энергиясы жөніндегі министрі Қырғыз Республикасының Өнеркəсіп жəне сыртқы сауда министрімен жолығып, Қажысай, Майлысу, Мин-Куш қалашықтары мен Ақтұз поселкесіндегі қалдық қоймалары мен Шекафтар поселкесіндегі үйінділерді қалпына келтіруге ресейлік жақтың қатысу мəселелерін талқылап, Ресей жағы ең алдымен Қажысай қалашығындағы қалдық қоймасын қалпына келтіру бағытындағы жобалау-іздену жəне қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға 120 мың АҚШ доллары көлемінде қаражатты тауып беретіндері жөнінде уəде берді.

Қырғызстандық уран кəсіпорындарынан басқа, Ферғана аңғарында Тəжікстанның Согда облысында жəне Өзбекстанның Ташкент пен Навои облыстарында уран кəсіпорындары қалдықтарының «молалары» – ондаған қалдық қоймалары орналастырылған. Қазіргі таңда оларды да, Қырғызстандағыдай, қауіпсіздендіру мəселесі сол елдердің ғана емес, бүкіл əлемнің үлкен проблемасына айналып отыр. 2002 жылы əлемді дүр еткізген Майлысудағы жағдай болмағанда, Қырғызстанға да əлем назарын əлі салмас па еді... Осы Майлысудағыдай болмаса да, шағын көлемдегі селдік шайылымдардың Солтүстік Тəжікстанның Адрасман мен Табошар аудандарында орналасқан қалдық қоймаларының беттеріндегі қорғаныстық қабаттарының кей бөліктерін шайып кетулері кейінгі жылдары екі рет қайталанды.

Жалпы алғанда, Солтүстік Тəжікстанда 1945–1993 жылдар аралығында Ленинабад кен- химия комбинатының кəсіпорындары үш аймақтық кендік алаңқайларда – Чкаловск, Табошар жəне Адрасманда уран кенін өндіріп, өңдеген. Ақырғы екеуі өз жұмыстарын тоқтатса, алғашқысы кейіннен «Востокредмет» мемлекеттік кəсіпорны болып қайта құрылып, жұмыс бағытын өзгерткен. Сол жылдар ішінде аталған нысандардың үйінділері мен қалдық қоймаларында жалпы белсенділігі 6,5 кюриді құрайтын 54,8 млн тонна радиоактивті қалдықтар жинақталған. Уран өндірген кəсіпорындардың əсеріне ұшыраған бұл аймақты қалпына келтіру күрделі техникалық проблемаға айналып отыр. Жердің жоғарғы қабаттарын құрып жатқан бұл «молалардағы» радиоактивті қалдықтардың құрамында ыдырауы 80 мың жылдық кезеңге созылатын радионуклидтердің бірқатары бар. Сондықтан сел шаймақ тұрмақ, бұл төбелерден бір құбырды суырып алса да, «жатқан жыланның құйрығын басқанға» тең болып, қалыптағыдан асып кететін родонның шығуы басталады.

Гафуров қаласының шегінде орналасқан қалдық қоймасының ұзындығы бар-жоғы – 200 м, ені – 160 м, биіктігі – 15 м, беті бос топырақпен жабылған. Егер де қозғамаса, тиіспесе, бұл қалдық қоймасының бетіндегі радиациялық фон – қалыптағыдай. Басқа жағдай – 4 қалдық қоймасы, кедей кендердің қоймасы, карьер жəне бос тау жыныстарының үйінділері орналасқан Табошар. 70 жылдардың ортасында жабылған кенорнының бұл аталған нысандарында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген, сол себепті жел мен су эррозиясынан қорғалмаған. Сондықтан да мұндағы гамма-сəулелену алдыңғы қарастырылған аймаққа қарағанда көп жоғары. Датчиктің көрсеткіші келесі нысан – Дехмой қалдық қоймасында бұдан да жоғары мəндерді көрсетеді. Жобадағы деңгейіне дейін толтырылып үлгермей, тек 70 %-ы ғана пайдаланылса да, сырты қоршалған, қорғаныс бөгеттері салынған, беті жабылған бұл қалдық қоймасының қоршауын, бетіндегі топырағын жергілікті қышлақ халқы үнемі бұзып алып, үй құрылысына пайдаланады, тіпті жақтау бөгеттерінде малдарын жаяды [4]. Қырғызстандағыдай, Тəжікстанда да аймақтағы өте қауіпті нысандар – қалдық қоймаларын қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы стандарттар негізінде қалпына келтіріп қана қоймай, маңыздылығы жағынан алдыңғысынан кем емес шараны – жергілікті халықтың экологиялық білімін көтерумен де айналысу қажет.

Ресейге келер болсақ, бұл елдегі қалпына келтіру жұмыстарының ішінен ерекше атауға болатындары – Курск магниттік аномалиясы (КМА) аймағындағы гидроүйіндінің «өлі» өңірлерінде орнитологиялық (құстарға арналған) тоғандардың құрылуы мен Назаров тілігіндегі пайдаланылуы тоқтатылған үйінділерде рекреациялық су қоймаларының жасалуы [5]. Жалпы алғанда, Ресейде ХХІ ғасырдың басынан бергі өнеркəсіптің кен өндіретін салаларында бүлінген жерлерді қалпына келтіру мəселелерінің ішіндегі ең ерекше орын алатыны – өздері орналасқан аймақтарда қолайсыз экологиялық ахуал қалыптастыратын, шайылатын кен-техникалық имараттарды пайдалану болып табылады. Гидроүйінділер мен кен байытудың қалдық қоймаларын орналастыру үшін едəуір жер мен су ресурстары пайдаланылады да, жалпы су мен ауа бассейндерінің ластану қаупі туындайды. Мұндай имараттардың Ресейдегі тек екі ірі кен өндіретін аймақтардағы – Кузнецк көмір бассейні мен Курск магниттік аномалиясындағы аудандары 10 мыңнан артық га құрайды, олардың ішінде қара топырақты жерлері де бар. Кен байытудың қалдық қоймалары мен гидроүйінділердің терең айлақтарында жіңішке шашыраңқы шайынды материалдардың массивтері шаюдың дəстүрлі технологиялары кезінде 70 метрден артық биіктікке дейін жетеді. Бұл айлақтар ондаған жылдар бойы тығыздалмаған, көтеру қабілеттілігі төмен жəне олардан тіпті арнайы батпаққа арналған машиналар да өте алмайды, сондықтан оларды бұдан əрі шаруашылық мақсатында пайдалану процесін тежейді. Су сіңген, əлсіз тығыздалған массивтер белгілі бір жағдайларда маңайындағы аудандарды батырып жіберу қаупін туындатуы мүмкін. Тығыздығының төмен көрсеткіші гидроүйінділердің жоғары жерсыйымдылығына – қоймаланатын материалдың 1 млн м2-на 4 га-дан артыққа келеді. Гидроүйінділердің техногендік шөгінділерінің əлсіз субергіштігі ақырын қозғалыстағы су иірімін тудырады, бұдан гидроқондырғыларды қосымша суғару үшін қосымша су көлеміне деген қажеттілік туындайды.

Сондықтан да Лебединск кен-байыту комбинаты мен КМА кен комбинаты шайынды имараттарында ендірілген технология ауыл шаруашылығына 1700 га-ға жуық қалпына келтірілген құнарлы жерлерді қайтару мүмкіндігін тудырды [6]. Бұнымен қатар тік жартас жақпарлары мен құнарлы қабаты шайылып кеткен жерлерді жайпақтай тегістеу шарасы арқылы жоғарыда келтірілген аудандарға қосымша аумақтар құрылып, ауыл жəне орман шаруашылықтары салаларында пайдалану үшін тартылған. Техногенді қалпына келтірілуі тиіс рельефтің табиғи ладшафтымен ұштасып кетуін қамтамасыз ету үшін Курск магниттік аномалиясы карьерлерінің жағдайларында қолдануға болатындай сазды жəне саздауыт-борпылдақ тау жыныстары гидроүйінділері беттерінің шайылып кетпейтіндей жақтауларының мəндері анықталуы тиіс [7].

Ресейдегі тағы бір кенді өлке – Кольск кен-өнеркəсіп кешенінің кен өндіретін жəне өңдейтін кəсіпорындары тығыз орналасқан аймағы – Мурманск облысында қалпына келтіру жұмыстары бағытында қандай шаралар жүргізіліп жатқанын қарастырайық. Қазіргі кезде Мурманск облысында темір кенінің концентратын («Олкон» ашық акционерлік қоғамы мен «Ковдор кен- байыту комбинаты» ашық акционерлік қоғамы), апатит пен нефелин концентраттарын («Апатит» ашық акционерлік қоғамы), лопарит сирек кездесетін металл концентратын («Севредмет» ашық акционерлік қоғамы), вермикулит, мусковит, флогопит жəне оливиниттерді («Ковдорслюда» ашық акционерлік қоғамы) өндіретін ірі кен-байыту комбинаттары мен металдық никель, мыс, кобальт, алюминий жəне бағалы металдар концентраттарын шығаратын «Североникель комбинаты» ААҚ,

«Печенганикель кен-металлургия комбинаты» ААҚ жəне Кандалакшск алюминий зауыты сынды металлургиялық кəсіпорындар жұмыс істеп тұр. Дəл осы аталған кен өндіретін жəне металлургиялық кəсіпорындар Ковдор, Кировск, Оленогорск, Заполярный, Мончегорск қалалары мен Никель, Ревда қала типтес поселкелері үшін негізгі қала құраушы көз жəне осы елді мекендердің тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады.

Сонымен қатар, осы кен өндіруші жəне өңдеуші кəсіпорындар облыс аумағындағы өзі аз құнарлы жерлерді ең бірінші тарылтушы əрі бүлдірушілер де болып табылады. Бірақ бұл аймаққа тəн бір ерекшелік – бұл өңірде ештеңе өспейтін, өсімдік атаулыдан тақыр таза, «таз» тау массивтері көп тараған. Бос тау жыныстарының үйінділерін көбінесе сол аймақтарға орналастыру бұл өңірде кеңінен тараған. Кольск аумағындағы кен өндіруші кəсіпорындарға бөлінген аймақтар одан бұрын да ауыл жəне орман шаруашылықтық мəнге ие болған емес. Керісінше, кен өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылып отыратын қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ғана бұл аймақтар ауыл немесе орман шаруашылықтарына беріліп, бұрын болмаған өнімділік сипатқа ие болады.

Түбектегі негізгі экологиялық ластану көзі – атмосфераны шаңмен, су желілері мен су көздерін ластайтын кен байыту қалдықтарының үйінділері болып табылады. Қалдық қоймаларының пайдаланудан шыққан бөліктерінде биологиялық қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, олар егіс алқаптары қатарына қосылып немесе құрылыстық бағыттарда қолданылмақшы.

Кейінгі жылдары ресейлік кен өңдейтін кəсіпорындардың көпшілігі кенді ерітінділеу тəсілі арқылы өңдеу тəжірибесіне көшкен, соның нəтижесінде қалық көлемі бұрынғыға қарағанда көп мөлшерде азайған. Бірақ қалдық қоймаларына өңдеу қалдықтарын мүлдем төкпеу мүмкін емес. Бүгінгі таңда ресейлік кен өндірісі қалдық қоймаларында 12 млрд тоннадан астам қалдық қордаланып жатыр. Олардың кейбіреулерінде бағалы құрамбөліктерінің мөлшерлері табиғи кенорындардағы мөлшерлерінен артық көрсеткішке ие. Мысалға, осыдан 20–35 жыл бұрын өндірілген кенқайран кенорындары байыту қалдықтарындағы алтынның мөлшері мен полиметалл кендерінің мөлшерлері 2-ден 6-ға дейінгі г/т-ны құрайды. Қазір ресейлік мамандар қалдық қоймаларындағы кеннің пайдалы құрамбөліктерін үймелеп ерітінділеу тəсілі арқылы алу; қалдық қоймасына əлі жетпеген, яғни «төгілмеген» байыту қалдықтарынан қайта ерітінділеу арқылы бағалы бөліктерін тағы «байытып» алу; кендік минералдардың қалдықтарын кенқайран кенорындарының байыту қалдық қоймаларының шет жақтарына жинақтап, мүмкіндік болған жағдайларда қалдық қойма бөгеттерінің беріктігін бұзбай-ақ, кенді осы шеттерінен геотехнологиялық жаңа əдістердің көмегімен алу; қалдық қоймаларындағы қалдықтардан құрылыс материалдарын жасау жəне оларды өнеркəсіптің басқа да салаларына пайдалану бағыттарында жұмыстар жүргізуде. Мысалға, «Южуралзолото» комбинатында құрамындағы алтынның мөлшері 1,5 г/т құрайтын қалдық қоймасында қордаланған қалдықтарды үймелеп ерітінділеу нəтижесінде оның 50÷60 %-ы қайта өңдеуден өтіп, өндіріліп алынды [8].

Ресейдің Орал өңіріндегі кен-металлургия кешенінде кен өндірудің қоршаған ортаға теріс əсерін азайту мақсатында қазу жүйесінің қазым кеңістігін металлургиялық, ферроқорытпалық қалдықтар мен кен өндіру аршылымының бос тау жыныстарымен толтырмалау тəжірибесі қолданысқа кеңінен ендірілген [9].

Пайдалану көлемі мен мерзімі түгесілген кен байыту қалдық қоймасы мен бос тау жыныстары үйінділерін қалпына келтірудің тағы бір жолын Екатеринбургтегі Кен істері институты ұсынады. Олардың ұсынысы бойынша, пайдаланылуы тоқтатылған тау жыныстары үйіндісінің бетін құрамына минералды тыңайтқыштар немесе органикалық материалдар қосылған сумен əлсіз ғана қуатта шайып өту керек те, іле-шала үйінді бетіне көп жылдық шөптерді егіп тастау қажет. Ал байытудың қалдық қоймасында гидротөгінді жүйесі болған жағдайда, қалдық қоймасына құйылар ақырғы төгіндінің құрамына жоғарыдағыдай минералды тыңайтқыштар немесе органикалық материалдарды қосып жіберіп, соңынан қалдық қоймасының бетіне көп жылдық шөптердің тұқымдарын себуді ұсынады. Бұл технология «Высокогорский ГОК» ашық акционерлік қоғамына қарасты кəсіпорында 1996 жылы тəжірибелік негізде 0,6 га жерде сынақтан өтсе, 1997 жылы өнеркəсіптік егіс 80 га жерде жүргізілді.

Оралдағы тағы бір ірі ғылыми орталық – Челябинскідегі Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ғалымдары электрлі фильтрация, заттар мен микроорганизмдерді электрмен бөлу, коллоиділік ерітінділердегі электрофорез бен электродиализ технологияларын пайдалана отырып жаңа қондырғылар орналастырып, солардың көмегімен түсті жəне бағалы металдар (алтын, күміс мыс, мырыш жəне басқалары) өндіретін кəсіпорындардың қалдық қоймаларындағы қалдық металдарды өндіріп алуды ұсынады. Сынақтық зерттеулер жүргізіліп, солардың нəтижесінде қалдық қоймасындағы суды үш қайтара өңдегенде ондағы темірдің мөлшері 22 %-ға, ал уақытты 3 есе көбейткенде (2 литрлік көлемде 10 минутқа дейін) бір ғана өңдегеннің өзінде темірдің мөлшері 32 %-ға азайған. Ал төрт қайтара өңдегенде темір 40 %-ға дейін азайған. Темірмен қоса судың құрамындағы титан да алынған. Алтын қалдықтарын «байытқан» кезде оның концентрациясы 10 есеге дейін көбейген. Мысалға, қалдық қоймасына құйылған қалдықта алтынның мөлшері 1 г/т болса, жаңа əдіспен оны осы қалдықтан «өндірген» кезде оның мөлшері 10 г/т-дан артық болған. Ал осы технологиялар бойынша тазалаудың нəтижесінде сынаптың көлемі 50 есе азайған.

Ресейдің жалпы құны 10,2 млрд рубльді құрайтын, федералды мақсаттағы «Юг России» бағдарламасы бойынша басқа да іс-шаралармен қатар Ставрополь өлкесінде орналасқан Лермонтовтағы радиоактивті үйінділердің қалдық қоймаларын қалпына келтіру де көзделген. Ресейлік тағы бір бағдарлама – «Ресейдің ядролық жəне радиациялық қауіпсіздігі» аясында Обнинск қаласындағы А.И.Лейпунский атындағы Физика-энергетикалық институты жоғарыда келтірілген радиоактивті үйінділердің қалдық қоймаларымен қатар Лермонтовтағы бұрынғы

«Алмаз» өндірістік бірлестігіне қарасты барлық кеніштерде табиғи қорғау іс-шараларын кешенді түрде жүргізуді жоспарлаған. Осы институт мамандары радиоактивті қалдықтарды қатайтып алып, сосын жағуға арналған арнайы қондырғыны жасап шығарған.

Ресейдегі үлкен аумақты алып жатқан кен аймағының бірі – Кемерово облысы. Бұл облысты орталығында Кузнецск көмір бассейні, металлургиялық жəне химиялық кəсіпорындар мен ірі жылу-электр орталықтары бар өнеркəсіптік конгломерат деп қарастыруға болады. Облыс аймағының басым көпшілігін өндіріс орындары алатындықтан, бұл облысты, сонымен қатар, үлкен техногендік нысандар кешені ретінде де қарастыруға болады. Бұл өнеркəсіптік конгломерат оны үш жағынан көршілес аумақтардан бөліп, жабық географиялық жүйе құрап тұратын таулы құрылымдармен – Кузнецк Алатауымен, Таулы Шорымен жəне Салаир Адырымен қоршалған. Облыстың осы ерекше жағдайын жəне осы жағдайдан туындайтын оның əркелкі табиғи- климаттық жағдайлары мен өнеркəсіптік кəсіпорындардың жоғары концентрациясын ескере отырып, 1971 жылы облыстағы Новокузнецк ауданының аймағында ашылған Ресей Ғылым академиясының Сібірлік бөлімшесіне қарасты Топырақтану жəне агрохимия институтының Атаманов топырақты қалпына келтіру зертханасының стационары бір облыс аймағында əркелкі табиғи-климаттық жағдайлардағы топырақтың экологиялық функцияларының қалпына келу процестерін зерттеумен айналысуда. Жан-жағынан қоршап тұрған тау сілемдері, бір жағынан, облыстан тыс ортаға техногендік нысандар əсерінің тым шығып кетпеуіне де өз əсерін тигізеді. Шағын ғана аймақта таулы, жазық жəне сайлы жерлер аралас, тығыз орналасқандықтан, бұл өлкенің өсімдік əлемі де əркелкі: бар-жоғы ондаған километрлік жерде далалық та, орманды- далалық та, сондай-ақ Сібірдің тайгалық өңіріне тəн өсімдік формациялары да кең дамыған. Топырақ қабаты да сəйкесінше əр түрлі. Зертхана құрылған сəтінен бастап оның алдына қойылған басты міндеттердің бірі аймақтағы техногендік ландшафтылардың жалпы сұлбасын зерттеу, табиғи жəне мəдени ландшафтылардың бүліну деңгейлерін анықтау болса, екінші бір басты міндеті бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстағы ғана емес, бұрынғы кеңестік республикалардың ішіндегі осы аймаққа жанаса орналасқан, табиғи-климаттық жағдайлары осы өңірге жақын аймақтарындағы техногендік ландшафтыларды зерттеу болды.

Кузбастағы экологиялық бүлінуі тұрғысынан ең «ауру» нүкте кен өндірісінің жоғары концентрациясымен сипатталатын Прокопьевск мен Киселевск қалаларының аудандары болып табылады. Бұл аудандарда толығымен тоқтаған өндіріс ошақтары болмағанымен, санитарлық- қорғаныс бағытындағы қалпына келтіру шараларын жүргізу қажет. Жоғарыда аты аталған Атаманов стационарының сараптық бағамы бойынша, бұл жерлердегі уақытша қалпына келтірілуі тиіс ауданның көлемі 8 мың га-дан асып жығылады.

Көлемі жағынан Кузбастағы екінші өнеркəсіптік нысан – оның орталық бөлігіндегі Белово, Ленинск-Кузнецкий қалаларының маңы. Бұл жерлердегі тіліктермен жəне шахталармен бүлінген жерлердің көлемі 17 мың га-дан артық. Бұл ауданның табиғи топырағы – жоғары өнімділігімен сипатталатын қара топырақ, сондықтан да бұл аймақта қалпына келтірудің негізгі бағыты – ауыл шаруашылықтық бағыт болып табылады. Ал Кемерово қаласына жақын орналасқан Кедровск жəне Черниговск тіліктерінде бүлінген жерлер 9 мың га құрайды, қазір оның тек 300 га-сы ғана қалпына келтірілген.

Осы аймақтағы тағы бір ірі техногендік экожүйелер Новосібір қаласының жанына жақын орналасқан Байдаев жəне Листвянск тіліктері болып табылады. Бұлардағы бүлінген жерлердің жалпы ауданы 17,3 га құраса, оның тек 7,3 га-сы, яғни 42 %-ы ғана қалпына келтірілген.

Пайдаланудан босаған көмір тіліктерінің 800 га-сы мен жер асты жұмыстарына бөлінген жерлердің 6500 га-сы орман шаруашылығына жарамды деңгейде қалпына келтірілген.

«Бунгурская» шахтасына бөлінген жердің шағын ғана бөліктері қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығына берілген. Новосібір қаласынан солтүстікте Тайдинск мен Ерунакск көмір тіліктері жақын жылдарда ғана жұмыстарын бастағанымен, жыл сайынғы бүлінуге ұшырап жатқан аудандарында уақытша санитарлық-қорғаныс бағытындағы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

Таулы-тайгалы аудандағы техногендік нысандар Междуреченск қаласының маңындағы тіліктер болып табылады, олардағы көмірді ашық өндіру арқылы бүлінген аудан 10,5 мың га құрайды. Бұлардың ішінде Малиновка поселкесінің жанында орналасқан Осинниковск тілігінде қалыпты қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, осы аймақтың қайталанбас табиғи қорығы – жөке ағашының көнеден келе жатқан орманына («жөке аралы») техногендік аймақтардың зиянды əсерін жою қажеттілігі де туындайды.

Ал Таулы Шорыдағы Мундыбаш поселкесіне жақын жерде орналасқан темір кенін өндіруден қалған кеніштің өте көне үйінділері топырақтық қабаттың қалпына келу қарқындарын, қарапайым топырақ құру процестерінің жылдамдықтарын жан-жақты зерттеу түрғысынан Атаманов стационарындағы ғалым-мамандар үшін таптырмас зерттеу нысаны болып табылады.

Аймақтағы қалдық қоймаларының ішінде жоғарыда аталған ғылыми мекеме қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан нысан Новокузнецк қаласындағы Абагур аглофабрикасының қалдық қоймасы болып табылады. Бұл нысанды қалпына келтіру жұмыстарын Атаманов зертханасы Новокузнецк педагогикалық институты мен «Экоуголь» ғылыми-өндірістік кəсіпорынымен бірге жүргізуде. Қалпына келтіру жұмысында алдыға екі мақсат бірдей қойылған: біріншісі – қалдық қоймаларды ақаба суларының тұнбаларын пайдалана отырып қалпына келтіру, сөйтіп, екіншісі – осындай жолмен ақаба суларының тұнбаларын пайдаға асыру. Басқаша айтқанда, бір оқпен екі қоянды бір-ақ атып, өнеркəсіптік орталықтар үшін маңызды екі бірдей мəселені бірден шешу.

ƏДЕБИЕТТЕР

  1. Кожназаров А.Д., Гаврилов М.Б. Антропогенное воздействие на геологическую среду в Республике Казахстан // Сайт КНПК. 23.10.2008.
  2. Полищук А.К., Михайлов А.М., Заудальский И.И. и др. Техника и технология рекультивации на открытых разработках. – Москва: Недра, 1977. – 207 с.
  3. Сарсембекова А.С. Қазақстандағы кен байыту қалдық қоймаларының қазiргi ахуалы. Сборник научных трудов ИГД им.Д.А.Кунаева «Научно-техническое обеспечение горного производства». Том 77. Алматы, 2009. С. 189–196.
  4. Юсупов Х. Хвостохранилища, отвалы и законсервированные шахты достались нам в наследство от наших отцов // газета «Вароруд», № 45 (133) от 24 ноября 2004 г.
  5. Коненко Е.А., Русский А.В. Строительство рекреационной зоны при рекультивации нарушенных открытыми горными работами земель // Горный журнал. 1998. – № 7. – С. 41.
  6. Гальперин А.М., Ферстер В.Шеф Х.Ю. Техногенные массивы и охрана окружающей среды. – Москва: МГГУ, 1997. – С. 12.
  7. Шербакова Е.П. Инженерно-геологическое и геоморфологическое обоснование техногенного рельефа намывных территорий гидроотвалов // Изв. Вузов. Геология и разведка, 1998. – № 6. – С. 15.
  8. Чантурия В.А. Современные проблемы обогащения минерального сырья в России // Вестник ОГГГГН РАН. – № 4 (6)’ 98. – С. 15–18.
  9. Леонова Л.Б. Эколого-экономические аспекты снижения негативного воздействия добычи полезных ископаемых с помощью закладочных работ // Безопасность биосферы: Сб. тез. докл. Всерос. заоч. молодеж. симпозиума / УрГУ; Институт электрофизики УрО РАН. – Екатеринбург, 1999. – С. 47.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.