Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында қаржылық тəуекелдерді сақтандыру мəселелері

Нарықтық экономика жағдайында тəуекел – бұл кəсіпкерліктің маңызды элементі. Тəуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нəтижелілігіне əсер ететін көптеген шарттар жəне факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тəн.

Тəуекелсіз кəсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тəуекелді нарықтық операциялар əкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тəуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Тəуекелді басқаруға болады, яғни тəуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау жəне тəуекел дəрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Қаржы тəуекелі кəсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар жəне т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.

Қаржы тəуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі жəне т.б.

Қаржы тəуекелдері екі түрге бөлінеді:

  1. ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тəуекелдер;
  2. капитал салымдарымен байланысты тəуекелдер (инвестициялық тəуекелдер).

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тəуекелдерге тəуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық жəне дефляциялық тəуекелдер, валюталық тəуекелдер, өтімділік тəуекелі.

Тəуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты əдістер мен тəсілдер кəсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тəуелді болады. Сонымен бірге тəуекелді басқару теориясы мен практикасымен тəуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негіз қалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тəуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тəуекелге баруға болмайды.

Тəуекелдерді талдаудан кейін осы тəуекелдерді басқару əдістерін талдау қажет. Əрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тəуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тəуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тəуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік жəне т.б. сияқты тəуекелдерді басқару əдістері қолданылады.

Тəуекелді төмендету – тəуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын жəне мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тəуекелді басқару əдісін таңдау кезінде тəуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тəуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сəйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

Тəуекелдер кəсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына əсер етеді жəне ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тəуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тəуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кəсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Кəсіпорынның басқармасы тəуекелді басқару мəселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тəуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитəуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

Тəуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кəсіпорынның негізгі өндірістік жəне басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз əсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс əкелмейтін шығыстарды талап етеді.

Сондықтан тəуекелді басқару бойынша соңғы шешімдерді кəсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

Қаржылық тəуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кəсіпорын өзі үшін келесі мəселелерді шешу қажет:

  • қаржылық тəуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
  • фирма белгілі бір тəуекелдерді өзінде қалдыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
  • негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тəуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

Бұл міндеттерді тəуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитəуекелдік менеджерде тəуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Қаржылық тəуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мəселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тəуекелді жою, мүмкін тəуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.

Мұндай бағдарламаны талдауда тəуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.

Тəуекелден қашу тəуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кəсіпкер үшін көбінесе тəуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тəуекелді ұстап қалу – тəуекелді инвестордың жауаптылығына қалдыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тəуекелді беріп жіберу инвестор тəуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда тəуекелді беріп жіберу қаржы тəуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тəуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын жəне көлемін қысқарту.

Қаржы тəуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тəуекел етуге болады;
  • тəуекелдің соңын ойлау керек;
  • аз нəрсе үшін көппен тəуекел етуге болмайды.
  • оларды (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа əкелмей ме екенін анықтау.

Тəуекел деңгейін төмендету үшін түрлі əдістер қолданылады:

  • диверсификациялау;
  • таңдау жəне нəтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
  • шектеу;
  • сақтандыру;
  • жабу;
  • хеджирлеу жəне т.б.

Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын жəне тұрақты орташа табыс əкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тəуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді жəне сəйкесінше тəуекел деңгейін N есе төмендетеді.

Кейде инвестор нəтижелер анықталмаған жəне шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Əрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тəуекел деңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кəсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нəрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер жəне тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тəуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады жəне шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге (несие карточкасы бойынша), жол чектері жəне еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады.

Сақтандыру мəні – тəуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тəуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тəуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тəуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету əдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

Сақтандыру үшін құрылып жатқан ақша қорының мақсатты бағыттылық сипаты тəн, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сəйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай жəне қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

Қазіргі кезде Қазақстанның сақтандыру рыногы қалыптасу стадиясында тұр: экономикалық жəне құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база). Ол əлемдік деңгейден əлдеқайда артта қалып келеді. Дамыған нарықтық елдерде сақтық қызметтер көрсету ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал қазақстанда ол небəрі 40 түрін қамтиды. Қазақстанда қаржылық қадағалау агенттігі бойынша лицензияланған 38 сақтандыру ұйымдары тіркелген жəне жұмыс жасауда. Бірақ осы 38 сақтандыру ұйымының тек бірнешеуі ғана қаржылық тəуекелдерді сақтандырумен айналысады.

Мысалы, "Алатау" сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы қаржылық тəуекелді сақтандырудың келесі түрлерін ұсынады:

1.Банктер мен қаржылық ұйымдарға;

  • банк инвестициясын кешенді сақтандыру;
  • пластикалық карточкаларды пайдаланумен байланысты шығыннан сақтандыру;
  • өндірістің тоқтауымен байланысты шығыннан сақтандыру;
  1. Лизингтік компанияларға:
  • лизингтік қызметтерді сақтандыру;
  • өндірістің тоқтауымен байланысты шығындардан сақтандыру;
  1. Құрылыс жəне риэлторлық компанияларға:
  • меншік құқықтарынан айырылып қалу тəуекелінен сақтандыру;
  • өндірістің тоқтатауына байланысты шығындардан сақтандыру;
  1. Экспортерлер мен импортерлерге;
  2. Агрокешенді өнеркəсіптерде;
  3. Автокөлік құралдары мен делдардарға;
  4. Саудамен айналысатын компанияларға:
  • халыққа тауарды несиеге сатумен байланысты шығындарды сақтандыру;
  • өндірістің тоқтауына байланысты шығындардан сақтандыру.

Сондай-ақ, "Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы" сақтандыру компаниясы Kaspi Bank Акционерлік қоғамының Еншілес компаниясы АҚ қаржылық тəуекелдерді сақтандыруды компания қызметі ретінде клиенттеріне ұсынады. Бұл қызмет "Unit-Linked - қорғалған инвестиялар" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Unit-Linked өнімдері əлемнің дамыған елдерінде сақтандыру мен инвестициялаудың ең қолайлы əрі белгілі құралы ретінде танылып отыр, себебі ол сақтандыру мен инвестициялаудың сəтті симбиозы десек те болады.

Қорытындылай келе, тəуекелдерді басқару рөлінің маңыздылығын нығайту жəне оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.