Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандыру компанияларының бəсекеге қабілеттігіне ықпал етуші факторлары

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік жəне əлеуметтік- экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен əл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық жəне аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай- ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары əдетте резерв жəне сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мəні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жəне заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жəне оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру жəне пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

1993 жылы «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900-ге жетті. Əрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сəйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды. Ал қазіргі кезде яғни 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 40 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 70 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Есепті күнге 27 сақтандыру ұйымы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушылары болып табылды (1-кесте).

1-кесте. Сақтандыру секторының институционалды құрылымы

Сақтандыру секторының институционалды құрылымы

1.01.2010ж.

1.01.2011ж.

Сақтандыру ұйымдарының саны, оның ішінде:

41

40

өмірді сақтандыру бойынша

7

7

Сақтандыру брокерлерінің саны

13

13

Актуарийлер саны

63

70

Қарастырып отырған кезеңде сақтандыру нарығының сақтандыру сыйлықақылары бойынша шоғырлану деңгейінің ұлғаюы жəне сақтандыру төлемдері бойынша шоғырлану деңгейінің кемуі байқалады. 5 ірі сақтандыру компанияларының үлесіне жиынтық сақтандыру сыйлықақылардың 37,5%-ы жəне сақтандыру төлемдерінің 33,0%-ы келеді. Сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің ішінде бес ірі сақтандыру компанияларының үлесі 51,6%-ды құрайды (2-кесте).

2-кесте. Сақтандыру нарығының жиынтық көрсеткіштері

Сақтандыру нарығының жиынтық көрсеткіштерінен үлесі, %

1.01.2010ж.

1.01.2011ж.

Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру

сыйлықақылары

43,5

37,5

Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру

сыйлықақылары

65,0

54,0

Бес ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру

төлемдері

52,8

33,0

Он ірі сақтандыру компаниясының сақтандыру

төлемдері

72,2

47,1

Бес ірі сақтандыру компаниясының активтері

51,3

51,6

Бес ірі сақтандыру компаниясының меншіктік

капиталы

60,6

62,8

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі нарығын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар əзірлеуді жəне кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

  • əлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
  • сақтандыруды қолдану аясын кеңейту жəне міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
  • сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру жəне оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды жəне жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
  • халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
  • сақтық жəне қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
  • осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жəрдемдесу;
  • сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Сақтандыру нарығындағы бəсекелестiкке əсер ететін бұл бəсекелестiк қарқынының негiзгi факторларына келесілерді жатқызуға болады:

  • бəсекелес сақтандыру компанияларының сандық жəне сапалық сыйымдылығы;
  • сақтандыру қызметтерiне жəне оның құрылымдық пен құн динамикасына сұраныс көлемiнiң өзгерiсi;
  • (сақтандыру қызметтi лицензиялаудың ерекшелiгi) сақтандыру нарығына енудiң тосқауылдары;
  • жапсарлас несие нарығындағы ахуал;
  • сақтықшы-бəсекешiлердiң стратегиясындағы айырмашылықтар;
  • сақтандыру нарығындағы бəсекелестiктегі ерекше себептер.

Сақтандыру компанияларының саны жəне олардың салыстырмалы сыйымдылығы бəсекелестiктiң деңгейлерiн анықтайды. Басқа тең жағдайда сақтандыру нарығында сақтандыру компанияларының түбегейлi саны бəсекелестiк қарқынына белдеседi. Бұл мəлiметтерді жинау үшiн арнайы əлеуметтік құжаттама құрастырылады. Алған нəтижелердiң негiзiнде бəсекелестiктiң деңгейi туралы қорытынды жасалады.

Нарықтық экономикадағы еркiн ойын шарттарындағы сұраныс пен ұсыныс потенциалды сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметтерiнiң пайда болуы жағдайын жасайды. Сақтандыру қызметтерiне тарифтi ставка мен баға белгiлеулер бостандығы сақтандырушылардың арасындағы бəсекелестiкті туғызады. Экономикалық бəсекелестiк болған жағдайда ғана сақтандыру нарығы өзінің реттеушілік функцияларын орындайды. Бəсекелестiк сақтандыру нарығында барлық жетістіктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетiстiктер түрткi болатын сақтандыру қоғамының жаңа клиенттердiң тұрақты iздестiруi жəне сақтандыру қызмет көрсету əдiстерiнiң əбден жетiлдiру дəрежесіне тəуелдi болады.

Сонымен қатар сақтандыру компаниялары бірнеше факторлар арқылы бəсекелестiкке ықпал ете алады. Олар ішкі жəне сыртқы факторлар.

Ішкі факторлар:

  • техникалық қызмет көрсету: сақтандыру келiсiмшарттар мен сақтандырушыларға қызмет көрсетулер деңгейі;
  • сақтандыру компаниясының клиенттер мен жұмыс істеу сапасының деңгейi. Сыртқы факторлар:
  • ғылыми-техникалық прогресс;
  • мемлекеттiк – саяси орта, (мемлекеттiк жəне əлеуметтiк саясаттың сақтандыру iсiнiң қолдауы);
  • экономиканың күйi, (халық саны, ақша жүйесі, валюталық жағдай, өмiр деңгейi тағы сол сияқтылар);
  • сақтандыру нарығының əлеуметтiк-əдеп ортасы, (сақтандыру мəдениетiнiң деңгейi, ұлттық дəстүрлер, этникалық құрам жəне тағы басқалар);
  • дүниежүзілік сақтандыру нарығының конъюнктурасы.

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр, экономикалық жəне құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру жəне азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысы төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылатындықтан сақтандыру нарығының дамуы өзекті мəселе. Ал нарық дамуының алғы шарты бəсекелестік күрес, яғни бəсекеге қабілеттілік.

Сақтандыру түрлері кəсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.