Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жерасты ғимараттарын бекітуге полимерцементті-фибро негізіндегі бүрікпебетон қоспаларын қолданудың теориялық принциптері

Жерасты ғимараттарын бекітуге бүрікпебетонды қолданудың эксплуатациялық қасиеттері мен экономикалық тиімділігі тау-кен-геологиялық және тау-кен-техникалық себептерге ғана тәуелді болып қоймай, сонымен қатар, бетон құрамына қосылатын қоспалардың физика- механикалық және физика-химиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

Соңғы жылдары жерасты ғимараттарын бекіту үшін бүрікпебетонды қолданған кезде, бекітпенің қалыңдығын 3-5 см шамасында қабылдап, 3-4 қабатпен бүркеді. Көптеген жағдайларда бүрікпебетон құрамындағы цемент пен құмның арақатынасын 1:2, 1:3 мөлшерде қабылдайды. Бірақ бүрікпебетонның жобалық құрамы бүрку процессі кезінде өзгеруі мүмкін, себебі бетон қоспасының бір бөлігі қайта тебіліп түсіп қалады. Сондықтан мұндай бүрікпебетондау технологиясының кемшіліктері де кем емес.

Осыған орай, жерасты ғимараттарын бүрікпебетонмен бекіту кезіндегі қайта тебілуге ұшырайтын бетон мөлшеріне, бүрікпебетон құрамының қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 1-кестеде келтірілді.

1-кесте

Бетон қоспасының құрамы

Бетон қоспасының бір порциясының массасы, кг

Су/цемент қатынасы

Бүрікпебетон бекітпесінің қалыңдығы, см

Қайта тебілуге ұшырайтын бетон қоспасының орташа мәні, %

1:2 (портландцемент М400:құм)

100

0,4-0,45

4-5

24

1:3 (портландцемент М400:құм)

100

0,4-0,45

4-5

36

Зерттеу нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, жерасты ғимараттарын бүрікбетонмен бекіту кезінде, бетонның қазба қабырғасының беткейлеріне жабыспай қайта тебіліп түсіп қалатын мөлшері орташа есеппен 25-30% құрады. Бұл көрсеткіш экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып есептеледі. Сондықтан біз алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымызды осы көрсеткішті төмендету жолдарын іздестіруге арнадық.

Бүрікпебетон бекітпесін қолданудың дүниежүзілік тәжірибесіне талдау жасар болсақ, оның адгезиялық қасиетін жақсарту үшін, құрамына әртүрлі арнайы қоспаларды қосу арқылы жоғарылатуға болатындығын байқауға болады. Бірақ-та кейбір мұндай құрамдағы бүрікпебетон бекітпелерін күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда қолданудың тиімсіз болатын жағдайлары да тәжірибелерде кездеседі.

Сондықтан да, жерасты ғимараттарын бекітуге қолданылатын бүрікпебетонның тиімді қоспаларын дайындау тау-кен саласындағы маңызды мәселелердің қатарына жатады [1].

Осы мәселені шешу негізіне бағытталған ғылыми-ізденістік жұмыстардың нәтижесінде, біз жерасты ғимараттарын бекіту үшін қолданылатын бүрікпебетонның адгезиялық және беріктік қасиеттерін жоғарылататын, құрамына «Б» маркалы СКС-65 ГП синтетикалық латекс және полипропиленді фиброталшық қосылатын, бүрікпебетонның жаңа, тиімді құрамын ұсынамыз.

Бүрікпебетон бекітпесі ретінде қолданылатын полипропиленді фибробетонның құрамындағы талшықтардың, бетонның беріктігіне тигізетін әсерін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын орындау үшін үш түрлі бетон құрамы жасалды: 1) цемент-құм-латекстен құралған бетон (Ц:Қ:Л=1:2:0,2); 2) сондай құрамдағы бетонға ұзындығы 11 мм және диаметрі 1,5 мм полипропиленді фиброталшық қосылған түрі; 3) сондай құрамдағы бетонға полипропиленді фиброталшықтың орнына ұзындығы 20 мм және диаметрі 1,5 мм болатын капрон талшықтары қосылған түрі. Барлық сынақтарда су мен цементтің арақатынастары 0,4  0,45 аралығында қабылданды. Әртүрлі құрамда жасалған бетон қоспалары өлшемдері 4х4х16 (см) қалыптарға құйылып, олардың қату процессінің бастапқы кезіндегі мықтылықтары анықталды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 2-кестеде келтірілген.

Жұмыстарды орындаудың реттік номері

Бетонның қату уақыты, сағ.

Бетонның иілу кезіндегі созылуға мықтылық шегі, х10-2 МПа

Талшық қосылмаған бетон

Әртүрлі көлемде капрон талшығы қосылған бетон

Әртүрлі көлемде полипропиленді фибро талшық қосылған бетон, %

1,5%

3,0%

1,5%

3,0%

1

0

0,6

0,8

1,0

1,0

1,3

2

1

0,7

1,4

1,5

1,3

1,8

3

2

1,1

2,3

2,2

2,0

2,6

4

3

1,7

3,0

2,8

2,6

3,4

Зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелерді қорытындылайтын болсақ, бетон қоспасының құрамына қосылатын талшықтардың, бетонның бастапқы мықтылығын жоғарылататындығын байқауға болады. Бетонның мұндай мықтылыққа жетуі, оның құрамына қосылатын талшықтарға байланысты болады. Себебі, бетон құрамына талшықтар қосылғанда ішкі үйкеліс жоғарылайды да, осының әсерінен бетонды құраушы матрицалардың орын ауысуының қарқыны төмендейді, ол өз кезегінде бетонның бастапқы қату кезіндегі мықтылығын жоғарылатады [2].

Бетон құрамына қосылатын полипропиленді фиброталшықтар, уақыттың өтуімен бетонның мықтылығын одан ары жоғарылататындығы дәлелденді. Бұл құбылысты анықтау үшін талшық қосылған фибробетонның қату кезіндегі гидратациялық процесін зерттеуге ізденіс жұмыстары жүргізілді (3-кесте).

3-кесте. Уақыттың өтуіне байланысты бетон мықтылығының жоғарылауының кинетикасы

Бетон қоспасының түрі

Бетон құрамындағы талшықтардың көлемдік пайызы

Уақытқа байланысты (тәулік) бетонның мықтылық шегі, МПа

1

3

7

28

Талшықсыз бетон

0

2,7/8,6

5,7/24,1

6,0/28,4

6,7/39,6

Капрон талшықтары қосылған бетон

1,5

4,2/9,7

6,1/26,8

7,4/29,1

7,5/44,6

Полипропиленді фиброталшық қосылған бетон

1,5

6,4/8,3

8,1/16,2

10,4/30,6

13,8/47,4

Ескерту. Бөшектің алымында бетонның созылуға, ал бөлімінде сығылуға мықтылық шектері көрсетілген.

Орындалған зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдар болсақ, бетонның құрамына талшық қосылған кезде, оның геометриялық сипаттамаларына тәуелсіз цементтің терең гидрацияланатындығы анықталды (1-сурет). Жерасты ғимараттарын бекітуге қолданылатын бүрікпебетон бекітпесінің негізінен созылуға жұмыс істейтіндігін ескеретін болсақ, полипропиленді фиброталшық қосылған бетонның 28 тәулік бойында қатқан үлгісінің созылуға мықтылық шегі 13,8 МПа дейін жетті. Бұл көрсеткіш талшықсыз бетонмен салыстырғанда екі есеге артық [1].

1-сурет. Уақыттың өтуіне байланысты сығылу күшіне бетон мықтылығының жоғарылауының кинетикасы

1 – талшық қосылмаған бетон; 2 - капрон талшықтары қосылған бетон; 3 - полипропиленді фиброталшық қосылған бетон

талшықтардың, бетонның құрылымдық қату дәрежесіне тигізетін әсерін келесі ретте сипаттауға болады:

  1. Бетон қоспасын дайындау кезінде оның құрамына қосылатын полипропиленді фиброталшықтар, бетон көлемінің бойымен тең дәрежеде таралып, мықтылығы жоғары қатты қаңқа жасайды.
  2. Полипропиленді фиброталшықтың бетон компоненттерімен жоғары физика-химиялық деңгейде байланысуының әсерінен аз уақыт ішінде мықтылығы жоғары және пластикалы бүрікпебетон бекітпесін орнатуға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Заславский Ю.З., Мостков В.М. Крепления подземных сооружения. М.: Недра, 1979.
  2. Бегалинов А.Б., Сердалиев Е.Т., Алменов Т.М. Бүрікпебетон бекітпесінің пайдаланымдық көрсеткіштерін жетілдіру жолдары. Горный журнал Казахстана, № 11, Алматы 2009 ж., С 43-46.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.