Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәсіпорында бизнес-жоспарды іске асыру

Бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында негізгі кезеңдік жұмыстарды орындаудың жоспар-графигі әзірленеді және шығындардың нақтыланған сметасы құрастырылады. Жобада қарастырылған жұмыстарды орындауға кететін жұмыс уақытының шығындарын жоспарлау персонал еңбегін нормалаудың белгілі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте кестелерді құрастыру кезінде әрбір жұмысты немесе міндетті орындаудың қабылданған кезектілігі мен ұзақтылығын сипаттайтын сызықтық графиктер қолданылады.

Дұрыс іскерлік жоспарлау да бизнес – жоспарлардың табысты жүзеге асырылуына, бизнес- жоспардың орындалу барысын бақылау жүйесін құруға және оған тиісті өзгертулерді енгізуге ықпалын тигізеді. Бизнес-жоспарды жүзеге асыру сатысы жобаны инвестициялау туралы шешімді қабылдаудан бастап фирманың коммерциялық қызметінің басталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Іскерлік жоспарды жүзеге асыру жобалық ұсыныстарды орындау мен оң экономикалық нәтижелерге қол жеткізуді білдіреді. Бұл белгілі ұзақтылық пен құнға ие орындалатын жұмыстардың түрлері мен кезеңдерін бір ортақ жүйеге біріктіретін сызықтық және жүйелік үлгілерді қолдануды талап етеді.

Сату бюджетін жоспарлау бизнес-жоспарды ендіру үшін қажетті экономикалық ресурстардың құнын анықтауды талап етеді. Бизнес-жоспарды ендіруге қажетті ресурстардың бағалық шығындары өндіріс алды күрделі қаражат салымдарын жоспарлаудың негізі болып – олар жалпы инвестициялық шығындардың бір бөлігі болып табылады. Өндірістік шығындарды есептеу кезінде жабдықтың, материалдар мен басқа да еңбек заттары мен өндіріс құралдарының қолданыстағы нарықтық немесе прейскуранттық бағалары қолданылуы мүмкін. Еңбек күшінің құны жақын әдістердің көмегімен есептелуі мүмкін, мысалы айлық немесе сағаттық мөлшерлемелерді адам-айлар, немесе жұмыс күндеріне көбейту арқылы. Анықтамалық мәліметтер болмаған жағдайда, олар маман-менеджерлердің сараптамалық және басқа бағалауларының негізінде анықталуы мүмкін. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудағы ақша ресурстарының қажеттілігін жоспарлау барысында жұмыстарды бастау және аяқтаудың ықтимал күнінің және материалдық және еңбек ресурстарының құнының өзгеру мүмкіндігін ескеру қажет. Мұндай жағдайда дисконттаудың немесе шығындарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуының басталу мерзіміне келтірудің тиісті коэффициенттері, белгілі инфляция индекстері және басқа да түзетуші нормативтер мен көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Бизнес-жобаны жүзеге асырудың жоспарлық мерзімдерінің басталуы тежелген жағдайда барлық есептік көрсеткіштер мен инвестициялар мен ресурстардың келіп түсу мерзімдерін қайта қарастыру қажет.

Әзірленген бизнес-жоспарды жүзеге асыру жұмыстарының барысын жоспарлау және басқару ағымдағы бақылау жүйесін құруды және ресурстар шығындарына талдау жасауды талап етеді. Бұл үшін бірінші кезекте ресурстарды шығындаудың және жұмыстардың орындалу мерзімдерінің бақылау нүктелерін орнату қажет, олар бойынша ағымдағы істер қалайша жүріп жатқандығын, барлық жасалған жоспарлардың орындалуын анықтауға болады. Бақылау жүйесі қарапайым және шынайы болуы тиіс, ол басқарушы -менеджерлерді уақытылы оперативтік ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Әдетте, жоспар-графиктер бір жыл алға жасалады, бірақ бұл іріктеп бақылауды өткізудің мүмкін болмайтындығын білдірмейді. Кәсіпорынның табыстары мен шығындарының арақатынасын, қолма-қол ақшаның ахуалын, қоймадағы қорлардың деңгейін, жұмыстардың сапасын белгілі бір кезең сайын тексеру қажет.

Табыстар мен шығыстарды бақылау кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының жағдайына және жобаның іске асу мүмкіндігіне баға беру мүмкіндігін береді. Егер келіп түсетін табыстардың сомасы бизнес-жобаны орындауға кететін шығындар шамасынан асатын болса, онда бұл рационалды ұйымдастырылған жұмыстардың бірінші дәлелі болып табылады.

Қоймадағы қорларды бақылау кәсіпорынның қаржылық ахуалына, сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейіне дұрыс баға беруге септігін тигізеді. Қоймадағы қорлардың оптималды деңгейін сақтай отырып, фирма жұмыстарды минимальды шығындармен уақытылы орындауды қамтамасыз етеді. Өндірістік ресурстар айналымының жылдамдатылуы шығарылатын

тауарлар мен қызметтердің мөлшерінің артуына және жобаға жұмсалған қаражаттардың тез өтелуіне әкеледі.

Өндірісті бақылау өндірістік циклдың, жабдықты жүктеудің, жұмысшылардың тұрып қалуы, өндірістік шығындардың жоспарлық және ісжүзіндегі көрсеткіштерін салыстыруды көздейді.

Еркін экономикалық қатынастардағы бизнес-жоспарлаудың негізгі объектілері болып жоғары табысты және бәсекеге қабілетті инновациялық жобалар табылады. Бизнес жоспарлар негізінен нарыққа тауарлар мен қызметтердің жоғары бәсекелі жаңа түрлерінің шығуына ықпал ету үшін тағайындалған.

Бизнес-жоспарлар біздің өндірушілер үшін шағын және орта кәсіпорындарда неғұрлым кең тараған ішкі шаруашылық немесе фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа түрі болып табылады. Бизнес –жоспарлар жаңа фирмалар мен олардың бөлімшелерін жобалаумен немесе құрумен, нарыққа талап етілетін тауарлар мен қызметтерді шығаруды әзірлеу және жеткізумен, кәсіпорындарды қалпына келтіру және өнім шығаруды кеңейтумен, өндірістік технология мен ұйымдастыруды жетілдірумен, тауарлардың сапасы мен еңбек өндіргіштігін арттырумен байланысты түрлі инновациялық объектілерге немесе процестерге арналып жасалады.

Бизнес- жоспар И.В. Липсицтің анықтамасы бойынша келешек коммерциялық кәсіпорынның аспектілерін сипаттайтын, оның алдында пайда болуы мүмкін күрделі мәселелер мен қиындықтарды талдайтын, сондай-ақ оларды шешудің әдістерін белгілейтін құжат болып табылады. Бизнес-жоспарды құрастыру әрбір жаңа бастаған, кәсіпкердің инновациялық, шаруашылық, коммериялық немесе инвестициялық қызмет саласына жасаған алғашқы қадамы. Осындай жоспарды әзірлеу келешек бизнес-жоспарды кәсіпқой менеджерлердің жан-жақты экономикалық бағалауын ғана емес, кәсіпкерлердің өздерінің және кәсіпорын немесе фирманың жоғары басшыларының тікелей қатысуын талап етеді.

Біріншіден, бизнес-жоспарлау ішкі өндірістік немесе корпоративтік жоспарлаумен салыстырғанда кәсіпорынның немесе корпорацияның жалпы мақсаттарының бүкіл кешенін емес, тек қызметтің жаңа түрін немесе бизнес-жобаны жоспарлаудың нақты мазмұнын анықтайтын аса маңызды міндеттердің біреуін ғана қамтиды. Бизнес-жоспар ең алдымен кәсіпорынның жаңа стратегиясын немесе даму тактикасын әзірлеуге бағытталады, ал әлеуметтік-экономикалық жоспарлау біріккен ағымдағы және перспективалық қызметтің түрлерін қамтуы мүмкін.

Екіншіден, бизнес-жоспарлар инновациялық жобалар үшін әзірленеді, оларды орындаудың нақты уақыттық мерзімдері болады, бұл уақыт аяқталғаннан кейін бизнес-жобамен жұмыс жасау аяқталады.

Фирма ішіндегі жоспарлау шаруашылықты басқарудың барлық деңгейлерінде үздіксіз жүргізіледі және жүзеге асырылады. Фирмалар бір жылдық жоспарын орындау шамасына қарай тиісті түзетулерді енгізгеннен кейін кезекті жоспарды жүзеге асыруға ауысады. Бизнес – жоспар тек нақты уақыттық қана емес, сондай-ақ неғұрлым тар кеңістіктік шектерге ие болады, ал кез келген ішкі фирмалық жоспар осындай нақты шектеулерге ие болмайды.

Үшіншіден, бизнес-жоспардың негізгі мәнісі – кәсіпорындардың жаңа істі ашуында және жобаны орындауға қажетті өндірістік ресурстарды және ең бірінші кезекте ақша қаражаттарын алуында. Сенімді инвесторларды іздеу тек ішкі өндірістік-шаруашылық қызметтегі ғана емес, сондай-ақ сыртқы несиелік-қаржылық және банктік құрылымдардағы орын алатын қауіп-қатер, тәуекел дәрежесін ескере отырып, көптеген қаржы көрсеткіштерін неғұрлым мұқият негіздеуді талап етеді. Ішкі фирмалық жоспарлар көбінесе жеке қолдану үшін қажет, ал бизнес-жоспарлар сыртқы инвесторлар мен несиегерлер үшін қажет.

Төртіншіден, бизнес-жоспарлар кәсіпкер-фирма құрылтайшысының тікелей басшылығымен және жеке қатысуымен әзірленеді. Ішкі фирмалық жоспарлаумен әдетте кәсіпқой менеджерлер- экономистер және кәсіпорынның сызықтық және функционалды бөлімшелерінің жоспаршылары айналысады. Әрбір бизнесмен-кәсіпкер өзінің жаңа кәсіпорынының іскерлік жоспарын әзірлеуге жеке қатысуы тек шынайы стратегиялық және оперативтік мақсатты әзірлеуге ғана ықпал етіп қоймай, келешекте шығыстар мен нәтижелерді салыстырудың негізінде бизнес-жобаның орындалуын неғұрлым жетілдірілген ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бесіншіден, отандық мамандар әлі біздің жаңа нарықтық қатынастарымыздың жағдайларына қатысты бизнес-жоспарларды әзірлеудің ғылыми негізделген әдістемелеріне ие емес, себебі әдістемелік және оқулық ұсыныстардың көпшілігінде қалыптасқан шетелдік нарықтағы жоспарлау тәжірибесі басымырақ келеді.

Бизнес-жоспардың мазмұны, оның құрамы мен детальизациялау дәрежесі өндірілетін өнімнің түрі мен көлемі, нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың шамасы, өндірістің даму деңгейі мен ауқымдары, бизнесті қаржыландыру көзі мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігі секілді

факторлардың ықпалымен анықталады. Бизнес-жобаны алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу үшін, отандық тәжірибеден көретініміздей, келесідей нарық көрсеткіштері, жалпы бастапқы мәліметтер мен жобаны орындаудың шарттары қажет болады:

  1. өнімді өткізу нарығы және өндірістік қуат;
  2. өндірістің материалдық факторлары және қажет ресурстар;
  3. кәсіпорынның орналасқан жері және көлік байланыстары;
  4. жобалау-конструкторлық құжатнама;
  5. кәсіпорынның ұйымдастырылуы және үстеме шығындар;
  6. еңбек ресурстарының қажеттіліктері және оларды жабудың көздері;
  7. жобаны жүзеге асырудың мерзімдерін жоспарлау
  8. бизнес-жобаның қаржылық-экономикалық бағалануы.

Аталған бизнес-жоспардың көрсеткіштері қажетті жоспарлық-экономикалық есептеулердің тек мазмұнын ғана емес, сондай-ақ орындалуының кезектілігін де белгілейді. Сол себепті бизнес- жоспарлардың сапалы әзірленуі үшін шынайы бастапқы маркетингтік, өндірістік, қаржылық және басқа жоспарлық-экономикалық ақпарат қажет. Осыған байланысты шетелдік фирмаларда қолданылатын бизнес-жоспарлардың шамалас құрылымын қарастыралық, олар бастапқы ақпаратты, сондай-ақ оның негізінде әзірленетін жоспарлық көрсеткіштерді неғұрлым мұқият ашып көрсетеді.

  1. алғашқы беті: фирманың атауы мен мекен-жайы; құрылтайшылардың аты-жөндері мен мекен-жайлары; ұсынылатын жобаның мәнісі; жобаның құны;
  2. кіріспе бөлім: ұсынылатын жобаның негізгі ережелері;
  3. саладағы жағдайға талдау жасау: ағымдағы ахуал және оның даму тенденциялары; әлеуеттік бәсекелестер; мүмкін болатын тұтынушылар;
  4. ұсынылатын жобаның мәні: шығарылатын өнім; орындалатын жұмыстар мен қызметтер; қажетті құжыралар мен жабдық; қажетті әкімшілік және өндірістік персонал; кәсіпкердің өзі және оның әріптестері жайлы мәліметтер.
  5. Өндірістік жоспар: технологиялық және өндірістік процестердің мазмұны; мүмкін болатын субмердігерлер мен әріптестер; негізгі өндірістік қорлардың құны; өнімнің номенклатурасы және шығарылымының көлемі; қолданылатын материалдардың тізімдемесі; шикізат жеткізушілер.
  6. Маркетинг жоспары: өнімнің болжанылатын бағалары; мүмкін болатын өткізу арналары; өнім жарнамасы; бұйымдардың жаңа түрлерін болжау; мақсаттық көрсеткіштер.
  7. Ұйымдастырушылық жоспар: меншік нысаны; әріптестер жайлы мәліметтер; әріптестердің жауапкершілік шамасы; басқарушы органдардың құрамы; фирманың ұйымдастырушылық құрылымы; міндеттер мен қызметтерді бөлу.
  8. Қаржылық жоспар: табыстар мен шығыстардың жоспары; ақшалай түсімдер мен төлемдер; баланстық жоспар; өз-өзін өтеу нүктесі; ақша қаражаттарының негізгі көздері; табыстарды пайдаланудың тәртібі.
  9. Тәуекелді бағалау: кәсіпорынның әлсіз жақтары; жаңа технологиялардың пайда болу ықтималдылығы; альтернативалық стратегиялар; әріптестер мен жеткізушілердің сенімділігі.
  10. Қосымшалар: негізгі құжаттардың тізімі.

Қазіргі жағдайларда бизнес-жоспар өндірушілер үшін шаруашылық етудің сенімді құралы болып табылады, ал инвесторлар үшін ол – нақты жобаны несиелеу мен қаржыландырудағы негізгі бағдар. Кез келген бизнес-жоспарды нақтылаудың көлемі мен дәрежесі оның тағайындалуымен, қызмет саласымен, өндіріс ауқымдарымен, талап етілетін несиелердің сомасымен, фирманың беделімен анықталады. Жаңа және қымбат тұратын кәсіпорын мұқият әзірленген бизнес-жоспарды дайындауды көздейді, баяғыдан жұмыс істеп келе жатқан жоғары рентабельді фирмалар қысқа бизнес-ұсыныстарды құрастыруы мүмкін. Барлық бизнес-жоспарлар, әдетте, нақты кәсіпкерлік мақсатпен және жобаның қолданылуының белгілі бір мерзіміне әзіріленеді. Қажет болған жағдайда олардың мазмұны толықтырылуы немесе түзетілуі мүмкін. Жиынтық бизнес-жоспардан басқа ірі жобаларға локалдық бизнес-ұсыныстар жаслуы мүмкін.

Резюме - инвесторлардың назарын әзірленіп жатқан бизнес-жоспарға аудару және оны іс жүзінде жүзеге асыруға қажетті несиелерді алуға арналған іскерлік ұсыныстың қысқартылған сипаттамасы. Онда оны қаржыландырудың қажеттілігі, сондай-ақ жоспарланатын тиімділігі мен іс жүзінде жүзеге асырылуы көрсетілуі тиіс. Резюме дайындалып қойылған бизнес-жоспардың негізінде құрастырылады. Әдетте әрбір бөлімнен ең маңызды инновациялық ұсыныстар мен неғұрлым маңызды есептік көрсеткіштер іріктеледі. Резюменің құрылымы үш негізгі бөліктен тұруы мүмкін:

Кіріспе, онда ұсынылатын жобаның басты мақсаты негізделеді, ұсыныстың мәні мен жаңалығы ашылып көрсетіледі, оның жасампаздығы, бәсекеге қабілеттілігі және әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы көрсетіледі;

Негізгі мазмұны, онда қысқартылған түрде жаңа жобаның негізгі артықшылықтары баяндалады және аса маңызды техникалық-экономикалық нәтижелер – сұраныс болжамы, ұсыныс көлемі, жобаның құны, өндіріс шығындары, фирманың табысы, қаржыландыру көздері келтіріледі;

Қорытынды, онда кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижелері жалпыланып түйінделеді, болжанатын шаруашылық ету әдістері сипатталады, басқару командасының кәсіпқойлылығы бағаланады.

Резюменің көлемі – екі парақтан аспауы тиіс, бірақ дұрысы – бір бетке сыюы тиіс. Сондықтан ол өте қысқа және жеткілікті шамада толық түрде бизнес-жоспардың барлық неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін сипаттауы тиіс.

Өнімді немесе қызметтің түрін сипаттаудың мәнісі – бизнес-жоспарда тиісті нарыққа жеткізуге ұсынылатын келешек өнімнің, тауарлар мен қызметтердің негізгі сипаттамаларын неғұрлым нақты және толық ұсынуда. Бұл бөлімде тауар туралы жалпы түсінік беру және оның бәсекеге қабілеттілігін ашу, сұраныс динамикасын, сатылым нарығының кеңеюін, жетілуі және шығындарды қысқарту мүмкіндігін көрсету қажет.

Бизнес-жоспардың осы бөлімінде фирманың қызмет түрін сипаттау негізгі болып табылады.

Кез келген бизнес кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрімен айналысуды көздейді.

Бәсеке стратегиясын таңдау жоғарыда айтылғандай, кәсіпқойлылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуден басталуы тиіс. Нарық негізінен тек өз қызмет саласындағы көшбасшыларды ғана мойындайды. Бәсекенің негізгі белгілері болып белгілі бір тауардың басқа тауармен салыстырғандағы артықшылығы табылады, мысалы, өнімінің сапасы мен қолдану мерзімі, эксплуатациялық және эстетикалық сипаттамалар, қолданыстағы бағалар мен сатудан кейінгі қызмет көрсетудің әдістері. Осының барлығын бизнес-жоспарда ұсыну қажет және ең алдымен бәсеке стратегиясын сипаттау қажет, ол шығындардағы артықшылықтарға, ерекше бірегей қасиеттерге ие өнімді жасау мен жіктеуге негізделуі мүмкін. Бәсеке стратегиясын таңдағаннан кейін бәсекелестердің мүмкін болатын қарсы әрекеттерін қарастыру қажет. Фирманың және негізгі бәсекелестердің жоспарлантын қызметінің салыстырмалы талдауын өнімді жарнамалау, фирманың орналасуы, өнімнің сипаттамасы, бағалардың деңгейі, фирманың имиджі секілді факторлар бойынша жүргізуге болады.

Маркетинг жоспары ұсынылатын тауарды өткізудің тиімді нарығын құруға арналған. Ол бизнес-жоспардың бөлігі ретінде тек фирманың ішкі қызметін ұйымдастыру үшін ғана емес, сондай-ақ сыртқы әріптестермен және инвесторлармен іскерлік байланыстарды орнату үшін де қажет. Нарық қатынастарында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін талап етілетін тауарды жай ғана өндіру жеткіліксіз, сатып алушылардың сеніміне ие болу, оны сатуды қамтамсыз ету және жоспарланған пайданы алу қажет.

Өндірістік жоспар жаңа бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыруды қарастыратын бизнес-жоспарларда қажет болады. Көптеген кәсіпорындардың төмен төлем қабілеттілігі, жаңа нарық байланыстарының тұрақсыздығы, тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің сенімсіздігі, сондай-ақ ұзақ мерзімдік несиелердің тиімсіздігі бизнес-жоспардың осы түрін ерекше мұқияттылықпен әзірлеу қажеттілігін талап етеді, себебі тіпті жеке нақты емес жерлердің нәтижесі өндіруші үшін қиын болуы мүмкін. Бұл бөлімде негізгі өндірістік процестерді сипаттау, материалдық ағыстардың логистикалық схемасын беру, қажетті технологиялық жабдықтың құрамы, қажетті материалдық ресурстардың тізімін беру қажет. Егер бизнес-жобада өндірістік кәсіпорын емес, қызмет көрсету немесе сауда фирмасын құру жоспарланатын болса, бұл бөлімді сауда жоспары деп атап, онда тауарларды сатып алу процедурасын, тауарлар қорының деңгейін бақылау жүйесін және қойма құжыраларының орналасу схемасын сипаттауға болады.

Өндірістік жоспар әдетте бірнеше жылға әзірленеді және келешекте өзгеруі мүмкін.

Қаржылық жоспар бизнес-жобадағы қорытынды бөлім болып табылады. Кез келген қаржы жоспары секілді ол үш жоспарлық құжаттан тұрады: табыстар мен шығыс жоспары, қолма-қол ақшаның қозғалысын болжау және кәсіпорын балансы. Қаржы жоспары әлеуеттік инвесторлар үшін аса құнды болып табылады, себебі онда жаңа кәсіпорынның қажетті инвестицияларға деген мұқтаждығы негізделінеді және осы негізде ұсынылатын бизнес-жоба экономикалық және инвестициялық тұрғыдан алғанда қаншалықты жалпы тиімді болатындығы туралы пікір қалыптастыруға болады. Осы бөлімді құрастыру кезінде жоспарланатын табыстар мен шығыстарды есептеулерге, оптималды экономикалық шешімдерді таңдауға, жобаның шығынсыздығын анықтауға және басқа да қаржылық көрсеткіштерге ерекше көңіл аудару қажет.

Бизнес-жоспарда ұсынылатын инновациялардың өз-өзін өтеуін немесе шығынсыздығын негіздеп дәлелдеу бойынша қажетті ұсыныстарды келтірелік. Өз-өзін өтеу нүктесі деп қазіргі заманғы бизнесте табыстар мен шығыстардың арасындағы айырма нөлге тең болатын фирманың жағдайы аталады, яғни кәсіпорын әлі пайда алмайды, бірақ шығындарды да көтермейді. Осылайша, өз-өзін өтеу нүктесі жиынтық табыстар мен шығыстардың тепе-теңдігін сипаттайды және өнімнің әрбір түрінің шығарылымына қол жеткізген жағдайда табыстар шығыстардан асатын көлемін анықтау мүмкіндігін берді.

Жалпы алғанда шығынсыздық немесе өз-өзін өтеу нүктесін мына формула бойынша анықтауға болады:

Аб=СПИ / Ци-ПИ

мұндағы Аб – шығынсыз өнімді шығарудың көлемі, дана; СПИ – жиынтық тұрақты шығындар, теңге/жыл; Ци- өнімнің бағасы, теңге/дана; ПИ – үлестік ауыспалы шығындар, теңге/дана.

Өз-өзін өтеу нүктесін табу кезіндегі қиындық тұрақты және тұрақсыз шығындардың шамаларын анықтаудан тұрады. Біріншілеріне жабдық амортизациясына, әкімшілік персоналдың еңбекақысына, арендалық төлемге кететін шығындарды және басқа шығындарды жатқызуға болады, екіншілеріне – шикізат пен материалдарды сатып алуға өндірістік жұмысшылардың жалақысына кететін шығындар жатады.

Егер жиынтық тұрақты шығындар 125 мың теңгені құрап, тұрақсыз шығындар 45 теңге/данаға, ал тауардың бір бірлігінің бағасы – 100 теңге болатын жағдайдағы жобаның шығынсыздық нүктесін есептеп шығарудың мысалын қарастыралық. Бұл жағдайда шығынсыздық нүктесі мынаны құрайды:

Аб = СПИ 125000

----------- = ---------------- = 2272

Ци-ПИ 100-45

Есептеудің мәліметтері бойынша бизнес-жоспарды жүзеге асыруға кететін шығындардың өз-өзін өтеу графигін құралық.

Графиктен көретініміздей, өнімді 2272 дана мөлшерінде шығарған жағдайда жиынтық табыстар мен шығыстар өзара тең болады. Бұл нүктеге дейін жоба табыс әкелмейді, ал одан кейін тепе-тең шығарылымнан кейінгі әрбір келесі өнім бірлігінен бастап фирма 55 сом табыс алатын болады. Шығынсыздық нүктесі келешек бизнес-жобаның тиімділік шектерін көрсетеді. Егер өнімнің жоспарлық шығарылымы мысалы, 2 мың теңгені құрайтын болса, жоба экономикалық тиімсіз болып табылады. Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде шығынсыздық нүктесі жоспарланатын тауарлардың барлық түрлері бойынша есептелінеді. Сонымен бірге, шығарылатын өнімнің әрбір түрі бойынша графикте пунктирлі сызықтармен көрсетілген (Дв, Дн) жоспарланатын нарықтық бағалар мен табыстардың түрлі мәндеріндегі бірнеше шығынсыздық нүктелерін анықтау қажет.

Бизнес–жобалардың тиімділігінің жалпы көрсеткіші ретінде алынған пайдамен қатар, оның бастапқы инвестицияларды ескере отырып, бүкіл әрекет ету кезеңіне есептелген таза дисконтталған құнын алуға болады. Егер оның шамасы оң болатын болса, онда бұл әрекеттегі нарықта ұсынылатын инновациялық бизнес-жобаның тиімділік критерийі бола алады, ал бұл оны белгіленген жоспарлық мерзімдерде жүзеге асыру қажеттілігін растайды.

Бизнес-жоспар алынған бақылау көрсеткіштерінің негізінде түзетіледі. Тіпті ең жақсы деген бизнес жоспар уақыт өте келе сыртқы және ішкі факторлардың ықпалымен ескіруі мүмкін болатындығы белгілі. Сол себепті кәсіпкерлер ішкі фирмалық және жалпы экономикалық өзгерістерді ескеруі және өз іскерлік жоспарына тиісті түзетулерді енгізуі тиіс. Бизнес –жоспарға түзетулер енгізу бизнес-жобаның жалпы стратегиялық мақсатын өзгертпестен жаңа нарық жағдайларында оперативтік жоспарлау мен өндірісті басқаруды және жоспарланған ақырғы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

ЛИТЕРАТУРА

  1. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы. – М.:Финансы и статистика. 1997. – 248с.
  2. Айтбаев М. Стратегия планирования в условиях рынка // Азия - экономика и жизнь. Алматы: Казахстан, 1997, апрель, № 14 с.12.
  3. Байзаков С. Стратегическое планирование: опыт и проблемы. В сб.: Стратегия развития Казахстана до 2030г.: проблемы и пути их реализации. Алматы: Казахстан, 1998. с.131-134.
  4. Баранов А. Планирование: от диктата к диалогу. //Экономика и жизнь, Алматы: Казахстан, 1990, май, № 22 с.16.
  5. Липсиц И.В. Что такое бизнес-план и как его составить. - М.: Россия молодая,1992.-45с.

Businessplans serve as founding for the choice of the most economical innovative projects. However efficiency planning business shows up only after realization of project in the real productive or market terms.

КазНТУ им. К.И. Сатпаева Поступила 28.08.11 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.