Қазақстанның оңтүстік – шығысында жүзім дақылын зиянды организмдерден қорғау үшін қазіргі кезде қолданылатын пестицидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерін зерттей отырып, оларға экологиялық сипаттама беру мақсатымен жасалған жұмыс. Пестицидтер өзінің химиялық табиғатымен физиологиялық белсенді заттар болып табылады [3]. Агроценозда оларды қолданғанда жыртылған жердің топырағымен ағынды суларды ластайды [5]. Осыған байланысты пестицидтерді тәжірибеде қолдану негізінде қатаң экологиялық тәртіп орнату маңызды мәелелердің бірі болуда [4]. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануына рұқсат етілген пестицидтердің тізімінде, әртүрлі тамақ өнімдерінде пестицидтердің қалдық мөлшерін бақылайтын гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препарат мөлшері (ЕЖРЕПМ) және ауа мен топырақ үшін пестицидтердің шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) әрбір жеке препарат үшін көрсетілген [2] .
Пестицидтерді сандық анықтауда КСРО Бас санитар дәрігерінің ресми түрде бекітілген анықтамасында «Методы определения микроколичеств пестицидов в продуктах питания, кормах и внешней среде», М., ВО «Колос», 1992, Т.1; М., ВО «Агропромиздат», 1992, Т.2. әдістемесі қолданылды. Тәжірибелер Республиканың оңтүстік-шығысында – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алиев» жеке шаруа қожалығы мен Ақши ауылының «Амрита» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жүзімдіктерінде Ркацители, Пино черный сорттарында жүргізілді [7]. Жүргізілген жұмыстарда жүзімнің және алманың зиянды организмдеріне қарсы – децис, омайт, димилин, инсегар, каратэ, номолт, ортус, инсектицидтері қолданылды [10]. Жүзім шаруашылығы – Қазақстан ауылшаруашылығының оңтүстік аймағындағы ең жоғарғы табысты саласының бірі. Бұл аймақта жүзімдікке көбінесе зиянкестер (жүзім шоғының жапырақ ширатқышы, жүзімнің қышыма кенесі, кәдімгі өрмекші кене) аса көп шығын келтіреді [2]. Ауылшаруашылық өнім өндірушілері жыл сайын аталған зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларын жүргізеді [2]. Бұл тәжірибеде жүзім шоғының жапырақ ширатқышына қарсы үш рет инсектицидтермен өңдеу қарастырылған қорғау шаралар жүйесі 94%-ға тең жоғары тиімділік көрсетті. Біздің жүргізген зерттеулерімізде жүзімнің жапырағы мен жемісінде пестицидтердің ыдырау динамикасымен қалдық мөлшерін анықтау үшін үлгілер қойылған тәжірибелерден алынды.
1-кесте. Жүзімнің (Ркацители) және Пино черный сортының жапырағы мен жемісінде қолданылған инсектецидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшері
Жүзімнің (Ркацители) сортының жапырағы мен жемісінде қолданылған инсектецидтердің түрлері |
Жұмсалу мөлшері л/га, кг/га |
Зерттеу нысаны |
Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг |
Жүзімнің Пино черный сортының жапырағы мен жемісінде пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг |
||||
өңдегеннен кейінгі күндер |
өңдегеннен кейінгі күндер |
|||||||
0 |
30 |
өнімді жинау алдында |
0 |
30 |
өнімді жинау алдында |
|||
Децис, 2,5% э.к. (дельтаметрин) |
0,40 |
жапырақ жеміс |
0,53 - |
0,043 0,034 |
Табылмаған Табылмаған |
0,47 - |
0,10 0,01 |
із мөл. Табылмаған |
Инсегар, 25 % с.ұ. (феноксикарб) |
0,60 |
жапырақ жеміс |
0,68 - |
0,030 0,022 |
Табылмаған Табылмаған |
0,60 - |
0,40 0,11 |
Табылмаған Табылмаған |
Каратэ, 5 % э.к. (лямбда- цигалотрин) |
0,50 |
жапырақ жеміс |
0,71 - |
0,036 0,027 |
Табылмаған Табылмаған |
0,67 - |
0,20 0,17 |
0,01 із мөл. |
Омайт, 57 % с.ұ. (пропаргит) |
2,00 |
жапырақ жеміс |
0,79 - |
0,300 0,200 |
Табылмаған Табылмаған |
0,81 - |
0,55 0,30 |
Табылмаған Табылмаған |
Ескерту: ЕЖРЕПМ – жүзім жемісіндегі гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препарат мөлшері: децис - 0,01 мг/кг; инсегар - 0,1мг/кг; каратэ – нормативте көрсетілмеген; омайт (пропаргит) – 0,5 мг/кг. |
Ескерту: із мөл.- із мөлшерінде |
Біздің зерттеулерімізде, децис препараты 30 күнде жемісінде 0,034 мг/кг шамасында табылған, ЕЖРЕПМ-нен 3 есе жоғары екенін көрсетеді. Омайт препараты басқа препараттармен салыстырғанда жүзім жемісінде күтілу мерзімі 60-күн болғандықтан, инсектицид 30 күнде 0,2-0,3 мг/кг шамасында анықталған, демек, өте баяу ыдырайды. Бірақ, өнімді жинауда инсектицидтердің қалдықтары табылмаған.
Пино черный сортының жапырағында децис инсектициді алғашында едәуір жылдам ыдырайтыны байқалды. Соған қарамастан бұл препраттың әсер етуші заты (дельтаметрин) өнімді жинау кезінде алынған жапырақ үлгілерінде із мөлшерінде кездескенімен, жемісінде табылмады. Ал инсегар және омайт препараты алғашқы отыз күнде ыдырау қарқындылығымен ерекшеленбейді.
Осыған қарамастан, үш айдан соң инсегар мен омайт өсімдік үлгілерінде толық ыдырап үлгерген. Инсектицидтердің ішінде каратэ препараты өнімді жинау алдында жүзім жапырағында 0,01 мг/кг мөлшерінде кездесіп, жүзім жемісінде із мөлшерінде табылған.
Біздің зерттеулеріміз бойынша (2-кесте) Ркацители сортына өңделген каратэ препараты инсегар, ортус инсектицидтеріне қарағанда тез ыдыраған, ал өнімді жинау алдында жапырақтарында 0,001-0,017 мг/кг мөлшерінде табылғанымен жемісінде пестицидтердің қалдықтары табылмаған.
2 - кесте. Жүзімнің (Ркацители) және Пино черный сортының жапырағы мен жемісінде қолданылған инсектецидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшері
ң
Жүзімнің (Ркацители) сортының жапырағы мен жемісінде қолданылған инсектецид- тердің түрлері |
Жұмсалу мөлшері л/га, кг/га |
Зерттеу нысаны |
Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг |
Жүзімнің Пино черный сортыны жапырағы мен жемісінде пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг |
||||||
өңдегеннен кейінгі күндер |
Өнімді жинау алдында |
өңдегеннен кейінгі күндер |
өнімді жинау алдында |
|||||||
0 |
10 |
20 |
0 |
10 |
20 |
|||||
Инсегар, 25% с.ұ. (феноксикарб) |
0,6 |
жапырақ жеміс |
0,87 0,71 |
0,37 0,28 |
0,041 0,026 |
0,001 Табылмаған |
0,75 0,68 |
0,41 0,32 |
0,037 0,031 |
табылмаған табылмаған |
Продолжение таблицы 2
Каратэ, |
жапырақ |
0,52 |
0,33 |
0,026 |
Табылмаған |
0,61 |
0,28 |
0,027 |
Табылмаған |
||
5 % э.к. |
0,5 |
жеміс |
|||||||||
(лямбда- |
0,38 |
0,24 |
0,019 |
Табылмаған |
0,55 |
0,16 |
0,021 |
табылмаған |
|||
цигалотрин) |
|||||||||||
Ортус, 5% с.к. |
жапырақ |
0,88 |
0,38 |
0,044 |
0,017 |
0,78 |
0,35 |
0,039 |
із мөл. |
||
(фенпироксим |
а |
0,6 |
жеміс |
||||||||
т) |
0,65 |
0,28 |
0,031 |
Табылмаған |
0,61 |
0,24 |
0,011 |
табылмаған |
|||
Ескерту: ЕЖРЕПМ – жүзім жемісіндегі гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препарат мөлшері - ортус (фенпироксимат) – 0,2 мг/кг. |
Осы препараттар жүзімнің Пино черный сортында да өңделіп, олардың ыдырау динамикасымен қалдық мөлшері зерттелген. Алынған нәтижелер 2-кестеде көрсетілген.
2-кестеде Пино черный сортында инсегар және каратэ препараттарына қарағанда, ортус препараты жүзім жапырағында із мөлшерінде табылған.
3-кесте. Жүзімнің (Ркацители) сортының жапырағы мен жемісінде инсекти-цидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшері
Нұсқа |
Жұмсалу мөлшері л/га, кг/га |
Зерттеу нысаны |
Пестицидетрдің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг |
|||
өңдегеннен кейінгі күндер |
Өнімді жинау алдында |
|||||
0 |
10 |
20 |
||||
Димилин, 48%с.к. (дифлубензурон) |
0,1 |
Жапырақ Жеміс |
0,71 0,63 |
0,39 0,34 |
0,026 0,021 |
Табылмаған Табылмаған |
Номолт, 15% с.к. (тефлубензурон) |
0,175 |
Жапырақ Жеміс |
0,64 0,58 |
0,25 0,12 |
0,030 0,028 |
Табылмаған Табылмаған |
Ескерту: ЕЖРЕПМ – жүзім жемісінде – димилин, номолт препараттарының гигиеналық нормативтері еш жерде көрсетілмеген. |
Зерттелген инсектицидтердің (3-кесте) гигиеналық нормативтері анықта-малық материалдарда көрсетілмеген, бірақ 20-күнде препараттар 0,021-0,028 мг/кг мөлшерінде болса, өнімді жинау алдында табылмаған.
Жүзімдікке (Ркацители, Пино черный сорттары) өңделген инсектицид-тердің ішінде децис, инсегар, каратэ және ортус препараттары жапырағында із мөлшерінде немесе гигиеналық нормативке жақын шамада анықталды. Өнімді жинау алдында жемісінде каратэ пиретриоды ғана із мөлшерінде табылған.
- Жүзімдіктер мен алма бақтарында қолданылған пестицидтердің ыдырауы сортына және препараттың түріне байланысты:
- Пино черный сортына қарағанда, Ркацителидің жемісінде децис, каратэ, омайт препараттарымен салыстырғанда инсегар едәуір тез ыдырайды;
- Пестицидтерді регламент бойынша қатаң қолданғанда, біз зерттеген ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерінде олардың қалдықтары сақтал-мады немесе шектелген мөлшерден төмен болды. Бірақ кейбір жағдайларда, ауарайы мен дақылдардың сортына байланысты «Тізімде...» берілген мерзімде ыдырап үлгермейтіні анықталған.
- Пестицидтер физиологиялық белсенді заттар болғандықтан жүзім, алма және көкөніс жемістерінің биохимиялық көрсеткіштеріне мынадай бағыттарда әсер етеді:
- инсектицидтер және фунгицидтер жүзім жемісіндегі қант, аскорбин қышқылы және қышқылдылық мөлшерлерін өсімдіктердің сортына, ауарайына байланысты өзгертеді;
- жүзім, алма және көкөніс жемістерінде пестицидтер жалпы қант пен С витаминінің мөлшерін жоғарылатуға әсер етеді.
Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, оның қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Сондықтан қазіргі таңда пестицидтерді экологиялық қауіпсіз жағынан қолданудың маңызы зор. Пестицидтер дұрыс пайдаланбаған жағдайда, қалдық мөлшерімен метаболизмі қоршаған ортада жиналып, ішетін суларды ластап, пайдалы флорамен фаунаны құртуы да мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаның белгіленген нысандарында пестицидтердің мөлшері гигиеналық нормативтен аспауы керек.
Қорытындылай келе, қолданылған инсектицидтер жүзімнің әр сорттарында аз мөлшерде табылып, кейде табылмай, адам ағзасына айтарлықтай зиян келтірмейтіндігін айтуға болады. Яғни пестицидттерді белгіленген регламентке сай пайдалану, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылатуға көмектеседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Мельников Н.Н. Важнейшие современные направления химизации растениеводства // Агрохимия. -1999. № 9. - С. 5-11.
- Сагитов А.О. Состояние и перспективы науки по защите растений в Казахстане // Стратегия научного обеспечения АПК РК в отраслях земледелия, растениеводства и садоводства: реальность и перспективы, книга 2, - Алматы, 2004. - С.165-166.
- Мартыненко В.И., Промоненков В.К., Кукаленко С.С., Володкович С.Д., Каспаров В.А.правочник «Пестициды». - М.: Агропромиздат. 1992. - С. 3-4.
- Конвенция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004- 2015 годы / Казахстанская правда от 10.12.2003. - С.7-8.
- Санягина Н.А., Легостаев Н.А. Разложение, миграция и трансформация различных пестицидов в агроландшафтах // Агрохимия. - 1999. №2. – С. 93-96.
- Исмаилова Э.Т., Шанимов Х.И., Ашықбаев Н.Ж., Рвайдарова Г.О. Жүзімдікті зиянкестер мен аурулардан қорғау // Жаршы. - 2006. № 3. - С. 28-31.
- Алимкулов Д.А. Биологическая защита винограда от листоверток // Защита растений в Казахстане. -1997. № 2. - С.21-22.
- Каирова Г.Н., Береснева Л. Эпифитотия милдью винограда и его сортовая устойчивость к болезни // Защита и карантин растений в Казахстане. - 2003. № 2. - С.26-27.
- Джанузаков А.Д., Карибжанов А.К. Милдью и оидиум винограда и борьба с ними // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. - 1995. № 3. - С. 73-78.
- Шанимов Х.И. Оценка приемов и средств борьбы с яблонной плодожоркой в связи с проблемой интегрированной защиты сада на юго-востоке Казахстана: автореф. …канд. биол. наук:.24.06.80. - Алма- Ата: КазНИИПиВ, 1980. -22 с.