Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төменгі сапалы фосфориттерден натрий үшполифосфатын алу

Натрий үшполифосфатын экстракциялық фосфор қышқылынан алу.

Химия өнеркәсібінің әртүрлі саласында қолданылатын және көп таралған фосфор қышқыл тұздардың бірі – натрий үшполифосфаты болып табылады.

Қазіргі кезде натрий үшполифосфатын алу (НҮПФ) әдістеріне арналған көп жұмыстар бар

[1]. Негізгі алу әдістері және өңдеу технологиясы келесі шикізаттардан алуға негізделген:

  • Термиялық фосфор қышқылын кальцинирленген содамен нейтралдау арқылы моно-, және динатрий фосфаттарын алу;
  • NaH2PO4 пен Na2HPO4 фосфаттарынан жоғары температурада қыздыру арқылы НҮПФ-н

алу;

Әртүрлі өндірістік НҮПФ-ның алыну әдістері меңгеріліп, олар келесі авторлардың

жұмыстарында қамтылған: Позин, Продан, Анарбаев А.А. және т.б. [2-4].

Натрий үшполифосфатын алу бірнеше сатыда іске асырылады:

0,5Na2CO3+H3PO4→NaH2PO4+0,5CO2+0,5H2O (1)

2Na2CO3+2H3PO4→2Na2HPO4+2CO2+2H2O (2)

2,5Na2CO3+3H3PO→NaH2PO4+2Na2HPO4+2,5CO2+2,5H2O

(3)

1және 2 реакциялары бойынша моно және динатрий фосфатын алумен жүретін, фосфор қышқылы мен кальцинирленген сода нейтрализациясы. НҮПФ-н 2Na2HPO4+NaH2PO2 қосындыларын қыздыру арқылы алады.

НҮПФ өндірудегі жауапкершілікті стадиясы 2Na2HPO4 пен NaH2PO4 тұздардың құрғақ қоспаларын қыздыру болып табылады. Бұл процесті мына суммалық теңдікпен өрнектейді:

2Na2HPO4+NaH2PO4=Na5P3O10 +2H2O (4)

Оның механизмі біржолата анықталған жоқ. Ұзақ уақыт бойы мононатрий фосфат метафосфатқа дейін:

NaH2PO4→NaPO3+H2O

Динатрий фосфат пирофосфатқа дейін

2Na2HPO4→Na4P2O7+H2O

дегидраттанады деп саналып келеді.

Метафосфат мен пирофосфат ҮПФ түзе отырып әрекеттеседі:

NaPO3+Na4P2O7→Na5P3O10

Кальцинация кезінде бір уақытта 2 процесс: поликонденсация мен дегидратация өтетіні белгіленген.

Осы қарастырылған әдістердің көп кемшіліктері бар, процестер өте жоғары температурада өтеді және көп сатылы. Термиялық фосфор қышқылының қымбаттылығына байланысты НҮПФ-н Қазақстанда басқа экономикалық және тиімді жолмен алу технологиясын табу керек.

Сондықтан біздің жұмыста кальцинирленген соданы экстракциялық фосфор қышқылымен нейтралдау арқылы Na5P3О10 алу қарастырылған. Ол үшін төменгі сапалы Қаратау және Шилісай фосфориттерінен қосымша тазартудан соң, төменгі температурада экстракциялық фосфор қышқылы алынған.

Қаратау фосфоритінің құрамы:

P2O5=24,69% Fe2O3=1,05% CaO=37,3% MgO=1,35% F=2,79% CO2=4,60% H2O=19,98% MnS=3,0%

Шилісай фосфоритінің құрамы: P2O5=18%

Fe2O3=2% CaO=28% MgO=1% Al2O3=1,53% MnS=2%

Тәжірибелік жұмыс жасау үшін.

50 г Қаратау фосфоритін алып, оны 100 мл суда ерітіп, есептелген мөлшер бойынша үстіне 15,2 мл (96% H2SO4) және 20,7мл (70,4% HNO3) құйылды. Температура 90-950C, жүру уақыты 45 минут. Алынған ерітіндіні вакуум сүзгіште сүзіп алып, оны аммиакпен рН=3-ке дейін бейтараптап, тұнбаны кептіреді. Ал сүзіндіні аммиакпен рН=6-ға дейін бейтараптап алынған СаH2PO4 және СаНPO4-ті кептіріп (1000C) анализ жасаймыз. Алынған өнім құрамында P2O5=45%, CaO=36,4% бар екендігі анықталды.

7,5 г дикальций фосфатына есептелінген мөлшер бойынша 4,976 г H2SO4, 24% ЭФҚ-дан 30 г құйып араластырғышта 1,5 сағат, температура 750C араластырады. Толық ыдырағаннан кейін ерітіндіні сүземіз. Алынған экстракциялық фосфор қышқылының құрамындағы Р2O5 20% екендігі анықталды.

24,3г 24% ЭФҚ-ын 7,3 г содамен нейтралдап, сүзіп NaH2PO4 және Na2HPO4 ерітінділерін 1000C-та кептіреді, алынған өнімді муфель пешінде 30 минут, 350-4500С аралығында ұстайды. Кепкен НҮПФ-ның құрамындағы P2O5 57% екені анықталды.

Шилісай фосфоритінен натрий үшполифосфатын алу

50 г Шилісай фосфоритін алып 100 мл суда ерітіп, есептелген мөлшер бойынша үстіне 9,03мл H2SO4, 11,04мл HNO3 құйылды. Ары қарай тәжірибелік жұмыс жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша жүргізілді.

Дикальций фосфаттан НҮПФ алу

Процесс төменгі реакция бойынша жүреді CaH2PO4+H2SO4=CaSO4 ↓+2H3PO4 CaHPO4+H2SO4→H3PO4+CaSO4↓

Алынған H3PO4-тің құрамында 37-42% P2O5 бар

6H3PO4+5Na2CO3→2Na5P3O10+6H2O

Қорытынды

  1. Төменгі сапалы Қаратау және Шилісай фосфориттерін екі қышқылмен (H2SO4 және HNO3 ) өңдеу арқылы СaHPO4 және Ca(H2PO4 )2 тұздары алынды. CaHPO4-тен H2SO4 арқылы экстракциялық фосфор қышқылы синтезделді. Оның құрамында 20-30% P2O5 бар және сол фосфор қышқылын құрамындағы қоспалардан тазартқаннан кейін Na2CO3-пен нейтралдап, Na5P3O10 алынды.
  2. Алынған Na5P3O10 құрамында 57,0% P2O5 бар, рН=8,5
  3. Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша СaHPO4 +Ca(H2PO4)2, тұздарынан алынған Na5P3O10 МЕСТ талаптарына сәйкес келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Продан Е.А., Продан Л.И., Ермоленко Н.Ф.Триполифосфаты и их применение.Минск:Наука и Техника,1969.
  2. Позин М.Е.Технология минеральных солей –Л : Химия, 1974.
  3. Патент США №2419147.Способ получения ТНФН. Опубл. 17.06.84.
  4. Жданов Химия и технология полифосфатов М.:Химия 1979.
  5. Анарбаев А.А Получение триполифосфата натрия из сульфата натрия //Новости наукиКазахстана. Алматы,1999№3.
  6. Темір мен алюминий фосфаттарын қышқылдық ортада натрий үшполифосфатын алу барысында тұнбаластыру/Азаев С.Т.Алматы.1994.
  7. Краткий справочник физико-химических величин под ред. А.А. Равделя и А.М.Пороторевой Л.: Химия-1983
  8. Анарбаев АА.Сатпаев К.К Исследование кинетических параметров технологии получения каль- цинийрованной соды из натриевых солей.// Наука и образование Южного Казахстана Шымкент. 1997-№7
  9. Пред патент РК №6368.Способ получения триполифосфата натрия. Опубл.15.07.98.
  10. А.С.№352835.СССР.Способ получения ТПФН.Опубл.23.11.86.
  11. Шайдарбекова Ж.К. Натрий үшполифосфатын алу процесінің физика – химиялық негіздері, 1- бөлім. ҚазҰТУ, Алматы, 2003.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.