Қазіргі таңда технология жетістігінің арқасында мақта өндірісінің түрлері көбейді, шитті мақтаны өңделгеннен кейін, мақтаның көзектері, жапырағы, сабағы өнеркәсіптік маңызға ие. Бұлардан құрылыс пен мебель жасауға материал, арқандар, жіптер, лактар, қағаздар және т.б. өнімдер дайындалады. Жергілікті тұрғындар мақтаның қалған көзектері мен қозасын малға жем ретінде және жылынуға отқа тамызық ретінде пайдаланады.
2011 жылы оңтүстіктегі шитті-мақта терімі тамыз айында басталып, ерте жиналған мақтаның бағасы да қымбат және сапасы да жоғары болып, әр килосына 105 теңгені құрады. Ал жауын-шашынға қалса, оның сұрыпы төмендеп кетеді.
Мақта терудің әдеттегіден ерте басталу себебі: біріншіден, мақталы алқаптар күзде жыртылып, жердің соры қыста қар суымен шайылып, агротехникалық шаралар толығымен дер кезінде орындалды. Мақтаның шиті сәуірде себіліп біткен. Ең бастысы, мақта егуде жаңа технология қолданылып, бірқатар шаруалар осы жолы американдық әдісті тәжірибеге алды. Оңтүстіктегі мақтаның шығымына бірінші ауа-райының қолайсыздығы ретінде, жаңбырдан соңғы қатқалақтан қатты әсері болады. Қазіргі кездегі американдық тәсіл бойынша әр ұяға 4 дана тұқым салынып, бір жерде топталып көгерген өскін қалай да болмасын қатқалақты жарып шығады. Мұндай әдіс мақтаның шитті-мақтаның өнімділігін арттырады.
Әр гектардан 7-8 мың теңге үнемделсе, жалпы шамамен 700-800 миллион теңге үнемделеді.
Жаңа технологияның арқасында өнімділікті де көбейіп, гектарына 20 центнерден өнім алынуда.
Мақта қозасының түп саны оның өсіп дамуына әсерін тигізіп, өнімділікті арттыратын негізгі фактордың бірі болып есептеледі. Өсімдікті тиімді орналастыру арқылы түсімділігі жоғары өнімге қол жеткізуге болады. Бұл үшін әр аймақтың топырақ құнарлылығын, тұздану дәрежесін, жер асты суларының деңгейін, сумен қамтамасыз етілу дәрежесін, қолданылатын агротехникалық шаралардың деңгейін және себілетін мақта сорттарының өзіндік ерекшеліктерін есепке алып, ғылыми зерттеулерге негіздеу қажет.
Мақтаның өнімділігін арттыру мен оның сапасын көтеру көптеген факторларға, генетикалық мүмкіншіліктері мол, жаңа отандық сұрыптарды өндіріске енгізу, бәсекеге қабілетті етуде пісіп жетілу мерзімі 121-124 күн, талшықтарының ұзындығы 33,5-34 мм. Пахтаарал-3044, 3031 және М-4005 жаңа сұрыптар Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылды.
Отандық жаңа мақта сорттарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мақта егістіктерінің жүйек аралығын қысқартуға болады. Бұл сорттардың ерекшелігі - көп мөлшерде жер асты суларын пайдаланудан тамырларының күшті дамуының арқасында топырақтан керекті қоректік заттарды алады. Соның есебінен су мен минералды тыңайтқыштар үнемделеді.
Бүгінде барлық мақта егістіктері 90 сантиметрлік жүйекаралықпен егілуде. Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей 1 гектар жерге ең тиімді түпсан көлемі 120 мың дана мақта қозасы болып есептелінеді. Аталған түпсанды 70 сантиметр жүйекаралықпен орналастырсақ, әр гектардан 0,22 гектар жер үнемдеуге болады. ОҚО-да бұл көрсеткіш 35-40 мың гектарды құрайды. Осы технологияның есебінен мақта өндірісінің көлемін азайтпай, 18-20 пайыз көлеміндегі бұрын мақта егілген суармалы жерді босатып алуға болады және оған кететін шығынды үнемдеуге қол жеткізіледі. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының біздің өңірдегі шитті-мақтаның өнімділігін арттыруда жасаған еңбектері қазіргі уақытта өз жемісін беруде.
Қазiргi тәжiрибеде полиэтилендi пленка қолданысқа кеңiнен енгiзiлуде. Су тапшылығы жағдайында мақта қозасының жүйек аралықтарына өсімдік қалдықтары мен полиэтилен пленкаларын төсеу арқылы ылғалдылықты сақтаудың маңызы өте зор және мақтаның ылғалдылығын сақтауда тамшылатып суаруда өз нәтижесін көрсетті.
Бұл агротехникалық шара топырақтың жоғарғы қабатындағы судың булану үдерісін 35 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетеді.
Жүргізілген тәжірибе жұмыстары нәтижелеріне сүйенсек, жүйекаралыққа жабылған полиэтилен пленкасы топырақ қабатындағы ылғалдылықты буланудан сақтайды. Топырақтың қызуын қамтамасыз етіп, мақта қозасының өсіп-дамуында тиімділік танытады. Сондай-ақ жыл сайын әр гектарға 2-3 тоннадан бидай сабанын төсеу топырақтың құнарлылығын арттырады.
Полиэтилен пленкасын пайдаланудың пайдасы: бiрiншiден, жердiң құнарлылығы артады, екiншiден, өнiмділік жоғарылайды, үшiншiден, арамшөптердiң өсуiне кедергi жасайды. Сонымен қатар, агротехникалық жұмыстарды жүргiзу шығынын қысқартады. Өнiмнiң сапасы артып, экологиялық таза өнiмді нарыққа ұсынуға мүмкiндiк бередi.
Бұл агротехнологиялық іс-шара арзан болғандықтан ұсақ шаруашылықтарға да, үлкен агроқұрылымдарға да тиiмдi.
Жалпы, мемлекетіміздің суармалы егіншілік саласында әлі шешілмеген мәселелер өте көп. Үкімет соңғы жылдары ауыл шаруашылығына, оның ішінде суармалы егіншілікке табысты жұмыс жүргізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Сондықтан жаңа технологияларды өндіріске ендіру
- бүгінгі күннің басты талабы. Ғылыми негізделген жаңалықтарды, жаңа технологияларды өндіріске енгізу мол және бәсекелестікке қабілетті өнім өндірудің кепілі.
Оңтүстiк Қазақстан облысында 1 миллиондай адам шиттi мақта өндірісімен тікелей байланысты. Соңғы 5 жылда өнiмнiң сатып алу бағасы өте төмен болатын. 2011 жылы Ливерпуль биржасындағы таза талшықты мақта бағасы 1750 доллар көтеріліп, өткен жылдармен салыстырғанда баға қымбаттады.
Кеңес Үкіметі кезінде шитті-мақтаны теруге мектеп оқушыларының еңбегі қолданылатын, ал қазіргі кезде ҚР-ның заңы бойынша қатыстыруға болмайды.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын ауқымды түрде жүзеге асыруға көшу керек деген міндет қойды. 2012 жылы аталмыш бағдарламамен 112 мыңнан астам қазақстандықты қамту жоспарланды «Менің тапсырмам бойынша Үкімет халықты жұмыспен қамтуға бағытталған түбегейлі жаңа бағдарлама бекітті. 2011 жылы Бағдарлама ілкі жоба ретінде іске қосылып, 60 мыңға жуық адам қатысушы атанды. Барлық дайындық жұмыстары, заңнамалық базаға қатысты жұмыстар аяқталды. Енді осы маңызды бағдарламаны іске асыруға көшу керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып, ағымдағы жылы осы бағдарламаны ауқымды түрде жүзеге асыруды қолға алуды тапсырамын», - деп мәлім етті Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Бұл бағдарлама ең алдымен, халықтың тұратын жері бойынша оқуға, жұмысқа орналасуға, өз ісін ұйымдастыруға көмектесуді, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, олардың экономикалық белсенді өңірге өз еркімен қоныс аударуына көмектесуді көздейді.
Елбасының тапсырмасын орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдар, жұмыссыздар және тұрмысы нашар халықпен бірге, жалдамалы жұмысшыларға да қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру көзделген. Және де, қазіргі ережелер бойынша Бағдарлама аясында шағын несиелерді тек ауыл тұрғындары үшін ғана беру жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс орталықтарынан басқа қала тұрғындары үшін шағын несие беру туралы ұсыныс айтылуда.
Ауылдарда жұмыс орындарын ашу үшін ауылды елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын жөндеу, ауылдарды абаттандыруды көздейтін жобаларды жүзеге асыру арқылы бағдарламаға жаңа төртінші бағыт енгізу ұсынылуда.
Мақта терімі маусымында Өзбекстаннан келетiн жалдамалы жұмысшыларға арнайы шектеу қойылып, 2011 жылы квота бойынша көршi елден 1400 адамның келiп, науқандық терiмге қатысуына рұқсат берiлген.
Елбасының халыққа Жолдауда көрсетілген басты мәселесі елдегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту. Осы бағытта тек Өзбекстаннан келетін жұмыс күшін күтпей, Кеңестік Қазақстанда болған үрдіс маусым кезінде, жұмыссыздарды уақытша мерзімдік жұмыспен қамтудың бағдарламасын жасау және оны жүзеге асыру өз тиімділігін береді.
Қазіргі уақытта облыс бойынша шитті-мақта егудегі үлес салмақтың 90% шаруа қожалықтарының үлесінде, болашақта мұндай үрдістердің іс-әрекеттері кооперациялау арқылы сақталады. Облыста, яғни Қазақстан бойынша шитті-мақта өсіруден, бірінші орынды Мақтаарал ауданы алады. Облыстағы мақта өсіретін шаруашылықтардың (52,8%), Мақтаарал ауданында орналасқан, ОҚО барлық жиналған шитті мақтаның 54% осы ауданның еншісінде. Соңғы жылдары Ордабасы ауданының мақта танаптары ұлғайып, облыстағы екінші орынды 32,2% осы ауданның үлесінде. Облыстағы мақта шаруашылықтарының көбісі, мақта танаптарының көлемдерінің ұлғайту себебі, 2003 жылы 1 кг шитті-мақтаның бағасы 90 теңгені құрауы болды. Осы негізде кейбір аудандағы бақша дақылдары мен көкөніс егілетін жерлерге мақта егіліп, өнім жиналды. Ал 2004-2006 жылдардың арасында 1 кг шитті-мақтаның 45-55 теңгені құраған, 2007 жылы облыс көлеміндегі баға 1 кг шитті-мақта 52 теңгені құрады. 2008 ж. 46-48 теңге көлемінде, 2011 ж. 130 теңге құрады.
Мақта өндірісінің өнімдері “валюталық” болып саналады. Мақта өндірісінде еңбек ететін шаруалар осы дақылды өнімділігін арттыру арқылы өздерінің тұрмыстық жағдайларын түзеуге мүмкіндік мол.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жыл.
- Кантуреев М.Т. Совершенствование организационно-экономического механизма хозяйствования в хлопководстве ЮКО: дисс. ... к.э.н. − Тараз, 1999. − 135 с.
- Үмбетбаев И. Батькаев Ж.Я. Система возделывания Хлопчатника на юге республики Казахстан. − Алматы: «Құсшы», 2000. -201 б.
- Үмбетбаев М., Биғараев О., Тағаев А., Мақталық ауыспалы егіс тізбектері-мол өнім кепілі // Жаршы «Бастау». − 2003. − N 6. −Б. 37-40.
- Есиркепов Т.А., Асаинова Б.Б. Становление многообразия форм собственности и хозяйствования в аграрном секторе в условиях переходак рынку. - Алматы: Университет «Тұран», 1998. – 224 с.
- Мақта саласын дамыту туралы заңы ҚР-ның 2007 жылғы 21 шілдегі заңы Ќазаќстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., №16, 130-құжат // "Егемен Ќазаќстан". − 2007, тамыз −2. − N 226-227.