Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмін жетілдіру

Өнеркәсіпті өркендетудің негізгі факторына шаруашылық субъектілері қызметінің институционалды және заңнама шарттарын нақтылау және бюджет-қаржы жүйесін жетілдіру жатады. Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау көрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып көзделуде. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20%-ға дейін төмендету болып отыр.

Осыған байланысты өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу, оның тиімді жұмыс істеу әсерінен экономикада оң нәтижелерге жетудің мүмкіндіктерін анықтау біздің көздеген мақсатымыз болып табылады.

Автордың пікірінше, өнеркәсіпті қайта индустрияландыруды басқарудың ұйымдастыру- экономикалық механизмі – деп сұранысты қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті ғылыми жаңалығы жоғары өнім өндіруге бейімді өнеркәсіп секторлары мен салаларын қайта индустрияландыруды жеделдету мақсаттарын айқындайтын және оған жетуде ынталандырушы ұйымдастыру және экономикалық тетіктердің жиынтығын /жүйесін/ қалыптастыруды айтады.

Өнеркәсіпті қайта индустрияландыруды басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмі:

  • біріншіден, халықаралық келісім-шарт қатынастарына сай сыртқы нарық тұтынушылығын қанағаттандыру, жеке тұтынушылық пен мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ішкі нарық сұранысын, экономиканың, аймақтың және жеке адамдардың тұтынушылықтарын қанағаттандыру;
  • екіншіден, өндірістік қызметтің соңғы нәтижеге жетуді көздеу, сонымен бірге, ұйымдастыру-экономикалық механизмнің негізіне қоғамның дамуының экономикалық және әлеуметтік саяси серпінінен туындайтын мақсаттардың басымдылықтарын айқындайтын мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі жатады;
  • үшіншіден мемлекеттік қолдау мен реттеу және кәсіпорынның мүддесін қанағаттандыратын шаралар үйлесімділігін қамтамасыз ету;
  • төртіншіден, өнеркәсіптік және техникалық өндірісті ұтымды ету, мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді қолдану;
  • бесіншіден, ҒТЖ-ті ынталандыру, техника мен технологияның жаңаша үлгілерін экономикаға енгізу, сала ішіндегі және салааралық технологияны беруде мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу;
  • алтыншыдан, өндірісті тұрақты түрде реконструкциялау, оны модернизациялау, егер де ол ҒТЖ пен техника, ғылым сферасындағы мемлекеттік тапсырысты орындаумен байланысты болуы сияқты талаптарға жауап беруі тиіс.

Экономиканы жаңғыртуда өнеркәсіп құрылымын жетілдіру үшін жаңа салалар мен өндірістік кәсіпорындардың пайда болуы немесе жаңадан қалыптасуы, өндірістерді болашақта шоғырландыру және ірілендіру арқылы өнеркәсіптік-қаржы топтар, өнім көлемі мен шамасы үлкен өндірістік жүйелер құру басты мақсат болуы тиіс.

Қазақстанда қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында белгіленген. Онда монетарлық саясат, валюта қатынастарын ырықтандыру, қаржы рыногына қатынасушыларды институционалдық бағытта дамыту, банк секторын күшейту, бағалы қағаздар және сақтандыру рыногын дамыту жөнінде іс-шаралар ұсынылған. Қаржы институттарын құру және оны ары қарай дамыту арқылы өнеркәсіптің жаңа салаларының пайда болуын инвестициямен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл үшін Даму Банкі, инвестициялық қор, инновациялық қорлардың қаржылары іске қосылып, қаржыландыру көздеріне айналуы тиіс делінген. Олардағы капиталдандыру көлемі 500 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Сонымен қатар, Ұлттық қордың және зейнетақы қорларында шоғырланған ақша қаржылары өнеркәсіпті жаңаша бағытта индустрияландыруды инвестициялауға тартылуы тиіс деп ойлаймыз.

Ұлттық қорды құрудың негізгі себептерінің бірі – “голландтық сырқатты” болдырмау және оның алдын алу қажеттілігі, сондай-ақ шикізатты өндіру және сатудан түскен кірістерді ұзақ

мерзімге неғұрлым әділетті түрде бөлу болды. ”Голландтық сырқат” табиғи ресурстарды сатудан елге шетел валютасының көптеп келуі салдарынан және ұлттық валютаның айырбас бағамының нығаюынан туындайды. Нәтижесінде шикізат өндірмейтін салалар импортпен бәсекеге түсе алмайды және күйзеліске ұшырайды. Алғаш рет осындай жағдай Солтүстік теңізде табиғи газдың кенорнын игерген кезде аты айтып тұрғандай Нидерландыда (Голландияда) 80-жылдардың басында байқалды.

Қазіргі уақытта шикізат ресурстарының қоры мол және оларды белсенді түрде экспортқа шығаратын көптеген елдерде немесе олардың жекелеген аймақтарында тұрақтандыру қорлары құрылған. Оларға, Аляска штаты, Норвегия, Чили, Кирибати, Венесуэла, Кувейт, Канаданың Альберта шет аймақтарын жатқызуға болады. Мұндай әлемдегі ірі қорлардың біріне-Норвегия мұнай қорының тәжірибесін жатқызуға болады. Қазақстан Ұлттық қорының алдында екі негізгі мақсат бар, ол–экономикалық жағдайды тұрақтандыру және қаржыны жинақтау. Біріншісі, мұнайға әлемдік бағаның тұрақсыздығынан тұтастай алғанда Қазақстан экономикасының және атап айтқанда мемлекеттік бюджеттің тәуелді болмауын қамтамасыз етеді. Бұл мұнай бағасы жоғарылаған кезде жоспарланған көрсеткіштерден асып түсетін бюджеттік кірістердің бір бөлігінің қорға түсетінін болжайды. Және керісінше, әлемдік баға бір баррель үшін доллардан төмен түскен кезде Ұлттық қордан шығыстардың белгілі бір деңгейін қолдау үшін бюджетке ақша аударылатын болады деп жоспарлануда.

Екінші мақсатқа мемлекеттің қаражаттарын жинақтау және қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарына мұнай кірістерін неғұрлым біркелкі бөлу болып табылады. Осы қордан өнеркәсіпті қайта индустрияландыру үшін қаржы бөлінбей жоғары жетістікке жетеміз деп айту мүмкін емес.

Ал енді осы қордың шығыс бөлігін қарайтын болсақ, ол негізінен кастодиандық қызмет көрсетуге ақы төлеу, кәсіби қызметтер көрсетуге ақы төлеу пункттерінен тұрады. Өңдеу өнеркәсібін көтеру шараларына, оларға қажетті техника мен технологияны қаржыландыруға қаржы бөлу мәселелеріне назар аудару тіпті ескерілмейді. Өңдеу өнеркәсібінің өнім бәсекелестігіне ықпал ететін техниканы сатып алуға бағытталған субсидтер мен субвенциялар беру жөнінде де шығыстар бөлігінде бірде-бір пункт жоқ. Шикізат секторы ұйымдарынан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер және Қорға 2003 жылғы түсетін аударымдардың ара салмағын қарағанда 58:52 құрайды екен. Демек, қордың шығыстарында әртүрлі сыйақылар мен қызмет түрлері үшін аударымдар басым болғанымен, экономиканың үдемелі дамуына әсер ететін өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарын көтеру шараларына қаржы бөлу мүлдем тыс қалған. Ұлттық қор қаражаттарын өңдеу өнеркәсіптеріне пайдалануды ескеретін Үкіметтің орта мерзімдік тұжырымдамасы да жоқ деп айтуға болады. Сонымен бірге, Ұлттық қордың активтерін тиімді басқару механизмін жетілдіруге бағытталған саясат қажет.

Отандық кәсіпорындардың өз қаржыларының жеткіліксіздігі, екінші деңгейдегі банктерден ұзақ уақытқа несие алу мүмкіншілігінің төмен болуы, несиелендірудің жоғары ставкасы бірқатар қиыншылықтарға әкеп соқтырады. Сондықтан индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру үшін мемлекеттің инвестициялау көздері, бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсіпорындардың (Ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаржылары қолданылатын болады. Әр өндірістің әлеуетіне қарай инвестицияларды өнеркәсіптің өңдеуші секторын дамытуға бағыттау экономиканың құрылымын жетілдіретін бірнеше жаңа қуатты салаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Сондықтан стратегияда мемлекеттің инвестициялық және әкімшілік ресурстары шектеулі және барлық ресурстарды көптеген салаларға бөлу қосылған құны жоғары, бірақ салыстырмалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабілеті жоғары емес деңгейдегі орташа дамыған бірқатар салалардың пайда болуына әкеп соғатыны атап көрсетілген.

2003–2015 жылдарға индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру механизмінде Даму институттарына үлкен мән берілгені жөнінде жоғарыдағы параграфтарда айтып өттік. Себебі, Үкіметтің бюджет қаржыларынан құралған арнаулы қорлары коммерция жолына түссе өзінің алдына қойған мақсаттарына жете алмай қалу қаупі туады. Стратегияны жүзеге асыру үшін Даму банкі, инвестициялық және инновациялық қорлар, экспортты сақтандыру Корпорациялары, сонымен бірге маркетингтік- аналитикалық, инжинирингтік және технологияны трансферттеу орталықтары құрылды. Өндірілген өнім идеясынан, оны өндіріске енгізу және жүзеге асыруға дейінгі буындарды толық қамтитын, сызба бойынша мемлекет бюджет қаржыларын стратегияда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсауды жоспарлап отыр. Жаңа институттарды құру кезінде ҚР Үкіметі мұнайды экспорттаудан түскен табыстың көп бөлігін өңдеу өнеркәсібін дамытуға жұмсауды қарастырып отыр. Жаңадан құрылған мемлекеттік институттар өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық саясатын жүргізуге ықпалын тигізуі тиіс деп ойлаймыз. Өңдеу өнеркәсібі құрылымында оң өзгерістер болу үшін екінші деңгейлі банктер көмегі аз болып отыр.

Фискалдық саясат өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының жұмысын ынталандыру үшін белгілі бір деңгейде салық тәртібінің жетілдіруімен байланысты болмақ. Автордың пікірінше, әсіресе ғылыми қамтымды және қосылған құнның үлесі жоғары өнім өндірумен айналысушы кәсіпорындарға корпоративті табыс салығын біршама азайту, қосылған құн салығын жеңілдету, салық салу режимін саланың түріне, кәсіпорынның өнім өндіру ерекшелігіне, ішкі және сыртқы нарықтағы алатын үлесіне, әлеуметтік мәніне, инновациялық белсенділігіне қарай жекеленген (селективті) тәртібін ұйымдастыру қажет.

Инновациялық қор қаржыларын пайдалану жөнінде нақты бағдарлама әзірленіп, оның басым бөлігі бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бағытталған өңдеу өнеркәсіп салаларын көтеруге, ғылыми жаңалығы жиі өзгеріп тұратын кәсіпорындарды ынталандыруға жұмсалуы тиіс деп ойлаймыз. Ысырапшыл-дыққа жол берілмей, аталған қорды мақсатты бағытта пайдалану маңызды рөл атқармақ.

Әрине, әлемдік экономикалық дамудың соңғы он жылында елімізде пайдаланылмаған және ескерілмеген көптеген мүмкіндіктер болды. Ендігі кезекте, дамыған немесе белсенді дамушы мемлекеттердің қолдануға тиімді тәжірибелерін еліміздің барлық ерекшеліктерін ескере отырып, отандық өндірісті жетілдіруге пайдалануы тиіс деген пікір айтамыз. Осы орайда, инновациялық даму үлгілерінің отандық өндіріске лайықты түрлерін қолдану жөнінде және соған орай Инновациялық қорды пайдаланудың ұтымды жолдарын қарастырған жөн деп санаймын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1.Мамыров Н.К., Саханова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Кн.3, Алматы, 2002, 736с
  2. 2.Доклад о развитии человека за 2002 год. Углубление демократии в разобщенном мире, Нью – Йорк,2002.277с.
  3. 3.Хубиев К. Государственная собственность и условия ее эффективности // Экономист, 2003,№1, C. 45-56. 4.Додонов В.Ю. Организация функционирования системы механизмов устойчивого развития
  4. Казахстана / под редакцией О.С. Сабдена, академика НИА РК, д.э.н. профессора – Алматы, ИЭ МОН РК,2006-26с
  5. 5.Додонов В.Ю. Механизмы устойчивого развития Казахстана в условиях глобализации / под редакцией О.С. Сабдена, академика НИА РК, д.э.н. профессора – Алматы, ИЭ МОН РК, 2006-22с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.