Өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру үшін бірқатар әдістемелік бағыттарды іске асыру, оларды бағалаудың көрсеткіштер жүйесін таңдау, сонымен бірге құрылымдық өзгерістерді болжау әдістерін анықтау қажет болады.
Экономиканың өсу жағдайында өнеркәсіптің салалық құрылымының өзгеруіне нарықтық механизмдердің (сұраныс, ұсыныс, баға) әсері күшейе түседі. Өнеркәсіптік өндірістің құлдырау кезінде құрылымдық өзгерістен гөрі, циклдық сипаттың бой алғанын байқадық. Бұл әсіресе өз шикізаты және еңбек ресурстары бар салаларда белең алды.
Өнеркәсіптік өндірістің құрылымын қайта құру әдістемесінің мақсатына өнеркәсіптік саясат пен өнеркәсіптің құрылымын жетілдіру бағдарламасы жасау жатады.
Аталған әдістемені жасау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- өнеркәсіптің дамуының қалыптасқан тенденцияларын талдау жүргізу және нарықтың шаруашылық жүйесіне максималды бейімделу үшін оның шарттарын зерттеу және нарықтың нақты мүмкіндіктерін анықтау;
- өнеркәсіптік өндірістің жағдайын кешенді қаржылай және экономикалық талдау және оның ғылыми-техникалық, өндірістік, инвестициялық және нарықтық әлеуетін анықтау, сонымен бірге негізгі өндірістік салаларды жергілікті шикізатпен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптің құрылымын қайта құру және даму тұжырымдамасын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы шеңберінде зерттеу және талдау;
- өнеркәсіптік саясатты әзірлеу және оның мақсатын анықтау, өнеркәсіптік өндірістің дамуының негізгі міндеттерін және өнеркәсіптің құрылымын қайта құрудың негізгі және басым бағыттарын анықтау;
Жоғарыда келтірілген міндеттерді шешу нәтижесінде өнеркәсіп әлуетін және жағдайын обьективті бағалауға, ұзақ мерзімдік перспективаға және болжамдық мерзімнің әрбір кезеңіне есептелген өнеркәсіптің құрылымын қайта құру және оны жүзеге асыру механизмін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар жасауға, өнеркәсіпті тікелей және жанама мемлекеттік қолдауды талап ететін жобалардың инвестициялық бизнес-жоспарын жасай отырып, ең басты объектілердің тізімін жасауға қол жеткізуге болады.
Әдістемені жасаудың мазмұнын қарастырып көрейік:
- өнеркәсіптің қазіргі жағдайын талдау жүргізу;
- жалпы негізгі құндық және натуралдық көрсеткіштердің динамикасын талдау, соның ішінде салалар және ірі кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өндірістің құрылымдық қозғалыстарын талдау;
- кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының және меншік қатынастарының өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі мен динамикасына әсерін зерттеу;
- өнеркәсіптік кәсіпорынның нақты жағдайын экспресс –талдау;
- ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың нарықтық әлеуетін SMOT-талдау, яғни кәсіпорынның мүмкіндіктерін, ресурстар мен тәуекелін талдау, бәсекелік артықшылықты, өмірлік цикл сатыларын, сыртқы ортаның әсерін талдау бөлімдерінен тұрады.
- 2010 жылға дейін өнеркәсіптің даму тұжырымдамасын жасау
- өнеркәсіптің құрылымын қайта құрудың болжамдық мерзімінің кезеңін және ұзақтығын, мазмұнын негіздеу;
- өнеркәсіпке қатысты жетекші және үкіметтік құрылымның өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасын талдау;
- өнеркәсіптік өндірістің құрылымын қайта құруды жүзеге асыру механизмдерін жасау (қаржы-несиелік, салықтық, амортизациялық және инвестициялық саясат, протекционизм, тік интегрленген компаниялар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, агроөнеркәсіптік корпорациялар және т.б.);
- нарықтағы орнын және бәсекелестік стратегиясын анықтау арқылы өнеркәсіптік кәсіпорынның топтамасы (кәсіпорындар – виоленталар, патиенттер, коммутанттар, эксплеренттер);
- кәсіпорынды таңдау – мемлекеттік қолдау объектілері;
- қайта құрылымдық өзгерістерге және өмір сүруге қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін құру сияқты бөлімдерден тұруға тиіс.
3.Өнеркәсіптік кәсіпорынның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жасау.
Бұл бөлімде дайындалған өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасы негізінде 2005-2010 жылдар аралығында өнеркәсіпті дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері сан жағынан анықталады. Жеке алғанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде өнеркәсіп салаларының жұмысының келесі сипаттамасы көрініс табуы тиіс: пайда мен сату көлемінің абсолютті және өсімшелік көрсеткіштері, инвестиция көлемі, жұмыс бастылық, бюджетке түсім және т.б.
Өнеркәсіп салаларының ерекшелігіне, өнім өндіру және өңдеудің өзіндік сипатына, техника- технологиялық құрылымына байланысты оларға қарасты кәсіпорындардағы пайдаланатын еңбек құралдары мен заттары, жұмысшылардың кәсібилігі өзгеше болады. Сондықтан да барлық кәсіпорындарға ортақ, олардың ерекшелігіне тән индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы жасалуға тиіс деп ойлаймыз. Бұл бағдарламада кәсіпорынның өнім өндіру көлемі, жалпы өнім көлеміндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлес салмағы, инновациялық жаңалығы бар өнімдердің саны, әртараптандыру жоспары, инвестиция көлемі мен оны тарту және пайдалану жобасы, инновациялық жобалар әзірлеу, кәсіпорынның техника-технологиялық құрылымын жаңарту, кәсіпорындарға келіп түсетін тапсырыстар көлемі, импортпен әкелінетін шикізат, комплект бұйымдары, машина, техника, құрал-жабдықтардың көлемі, экспортқа жөнелтілетін өнім көлемі сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер есептелуі тиіс [487].
Өнеркәсіптің құрылымын жақсартуда оның құрамына кіретін кәсіпорындардың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жасау маңыздылығы жоғары. Оның негізгі мақсатына:
- инновациялық жаңалықтардың мазмұнын анықтау, топтау және оларға кодтар беру;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
- өндірісті ұйымдастыруда оның технико-технологиялық деңгейін талдау және болжау;
- жаңалықтар мен инновациялар қоржынын қалыптастыру;
- инновациялық қызметті енгізу және оның тиімділігін есептеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Инновациялық жаңалықтардың өзі түбегейлі түрде жаңадан дайындалған инновациялар,
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде алынған жаңалықтар, әлемдік деңгейдегі жаңалықтар, ғылыми жұмыстар жүргізу нәтижесінде алынған жаңалықтар, қайталанып отыратын жаңалықтар, өнертапқыштардың жаңалықтары негізінде дайындалған жаңа-лықтар болып бірнеше түрге бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу мына міндеттерді шешеді: қолданудың жаңа облысында, табиғат пен қоғамның даму нәтижесінде пайда болған жаңа білімдердің қалыптасуы, өндіріс саласына жаңалықтар енгізудің мүмкіндіктерінің нәтижелерін теориялық және эксперименталдық тұрғыда тексеру, жаңалықтар мен инновацияларды тәжірибеде қолдану және т.б.
Аталған міндеттерді шешу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеруге, кәсіпорынның өмір сүру деңгейін арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жаңа материалдарды, өнімдер немесе қондырғыларды, жаңа үрдістер, жүйелер және қызмет түрлерін енгізу және өндірістік өнімдерді жетілдіру жатады.
Жаңа конструкторлық жұмыстар жүргізу, жаңа идеялар мен нұсқалардың жобаларын жасау, технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, тәжірибелік үлгілерді әзірлеу және тағы басқа көптеген жұмыстарды жүргізу арқылы аталған міндеттерді шешуге болады.
Өндірісті ұйымдастыру кезінде оның техника-технологиялық деңгейін талдау және болжау жұмыстарын жүргізуде өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейін көтеру, технологиялық үрдістердің прогрессивтілігін арттыру, технологиялық үрдістер мен құралдардың орташа жасын анықтау, кәсіпорын қызметкерлері еңбегін қормен қаруландыру, өндірісті мамандандыру, кооперациялау деңгейін көтеру, технологиялық құралдардың жұмыс істеу кезектілік коэффициентін анықтау, кәсіпорынның штаттық кестесін есептеу, жұмыс уақытында болатын жоғалтулардың себептерін анықтау, өндіріс қуатын пайдалану дәрежесін талдау және толық жүктелмеу себептерін іздестіру сияқты көптеген жұмыстарды жүргізу өндірісті ұйымдастырудың техникалық деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді. Осындай жұмыстардың нәтижесі стратегиялық болжам жасауға мүмкіндік береді.
Инновациялар қоржынындағы жаңалықтарды пайдалана отырып, жаңа тауарлар жасау, “ноу-хау” негізінде өндірілетін тауарларды жетілдіру, ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып,
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, менеджмент жүйесін құру, шикізат, материалдар мен комплект бұйымда-рының сапасын көтеру және маркетингтік зерттеу шараларын жүргізу қажет.
Бағдарламаның технологиялық құрылымын қалыптастыруда аяқталған ғылыми-техникалық жасалымдарды және ғылыми-зерттеу тақырыптарын зерттеу негізінде белгілі техникалық және технологиялық шешімдерді таңдаумен қатар6 бағдарламаның құрылымын қалыптастыру кезінде технологиялық жүйенің жобасын жасау қажет болады. Сонымен қатар, бағдарламаның құрылымын қалыптастыруда алдыңғы жылдардың негізгі инновациялық өнім өндіру проблемаларын шешу жолдары үйлестіріліп, талданады. Аяқталған жасалымдардың нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері зерттеледі. Отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер жөнінде патенттік – лицензиялық ақпараттар тиянақты түрде зерттелуі тиіс.
Дәл осындай ірі инновациялық бағдарламалар негізгі үш деңгейде жасалынуы тиіс деп санаймыз:
салааралық кешенді инновациялық бағдарлама; салалық кешенді инновациялық бағдарлама; кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы.
Экономикалық және әлеуметтік маңызы жоғары мәселелерді шешу үшін салааралық, салалық ірі инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде Инновациялық қор қаржыларын пайдалану үшін инновациялық жобалар жасау арқылы конкурстарға қатысу өз нәтижесін береді. Инновациялық жаңалықтарды енгізу үшін кәсіпорындарда ынталандыру шараларын ұйымдастыру сыйақының жалпы сомасының шамасы жобаның тиімділігіне байланысты ресурстық сатыларда анықталады.
Ғылым, техника және өндірістің түйісуі арқылы инновациялық өнім өндірумен айналысатын өндірістерде бір жағынан зерттеу жүргізу және оны дайындаумен, ал екінші жағынан - тікелей өнеркәсіптік өндірісте инновациялық өнім өндіру функцияларын орындаумен айналысады. Екі жағдайда да инновациялық өнім өндіруші кәсіпорын еңбек, негізгі қорлар мен айналым шығындарының көбейіп кетуіне байланысты экономикалық көрсеткіштерге теріс ықпалын тигізуі де мүмкін.
Инновациялық өнімді игерудің екі сатысы бар. Біріншісіне – инно-вациялық өнімді сынақтан өткізу, екіншісіне – инновациялық өнімді кәсіпорында игеру жатады. Ол осы сатылардан өткеннен кейін сериялық немесе жаппай өнім өндіріске жіберіледі.
Жаңа инновациялық өнімді игеру үрдісінің динамикасы, ықтималдылық сипаты және тағы басқа себептер мен ерекшеліктері техника-экономикалық көрсеткіштерді жоспарлауда белгілі бір қиыншылықтарды тудырады. Жаңа инновациялық өнімді өндіру жоспарын қалыптастыруда анықсыздық дәрежесін азайту үшін техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгеруін игеру кезеңіндегі динамикасын зерттеп отыру қажет.
Жаңа инновациялық өнімді игеру кезеңінің ұзақтығы өнімнің алғашқы номенклатурасын өндіруді үйренуді сатып алудың басынан өнімнің толық өзіндік құнына және еңбек өнімділігіне жеткенге дейінгі уақытпен анықталады. Жаңа өнімді игеру сапасы еңбек сыйымдылығының азаю жылдамдығымен, бір өнімді өндірудің толық өзіндік құнымен сипатталады, операцияны орындау сапасы мен режимді таңдау ұтымдылығы жарамды өнімді шығару шамасының өсу динамикасында орын алады (36-кесте).
Әрбір операциядағы өнім бірлігін өндіру үшін ресурс шығындарының барлық негізгі түрлері мөлшерленеді. Мысалы, машинажасау және электронды өнеркәсіпте жаңа өнімді игеру шығындарын табиғи және іске жарамды деп шартты түрде екіге бөледі. “Табиғи өнімдерге” шығындар іске жарамды өнімнің шығуын есептемегендегі шығындарды есептеуде пайдаланылады. Іске жарамды өнім шығындары жарамды өнімдердің шығу коэффициент деңгейімен анықталатын технологиялық жоғалтуларды ескере отырып, өнім өндіруге кететін шығындарды білдіреді. Жарамды өнімдердің шығу коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бұл шығындар табиғи өнім шығару шығындарына жуықтайды. Жоғарыда айтылғандардан технологияны жаңарту сапасы жарамды өнімді шығару коэффициенті арқылы көріне отырып, ресурстарды тұтынуға едәуір әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның инновациялық бағдарламасын жасауда ең негізгі міндетке кәсіпорынның амортизациялық аударымын жинақтау болып саналады. Біздің пікіріміз бойынша, оларды ерекше банк есепшоттарында шоғырландыру қажет. Қорыта айтқанда, отандық өнеркәсіпті индустрияландырудың жаңа сатысына көтерудің басым бағыттарына оның инвестициялық- инновациялық әлеуетін қалыптастыру, тиімді салалық құрылымын жетілдіру, техника- технологиялық базасын күшейту жатады. Осындай басым бағыттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорындардың инновациялық даму бағытын таңдап алуы арқылы табысты молайтуына, соның негізінде жаңа нарықтарға шығуына жол ашылады. Инновациялық даму бағыты ғылыми сыйымды өнімді өндірумен тығыз байланысты болғандықтан шығындылығы басым болады.
Сондықтан тәуекелділігі жоғары мұндай инновациялық өнім өндіру үшін кәсіпорындар алдын ала жасалған экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан дәлелденген бағдарламаларға сүйене отырып, дамуын анықтап алуы тиіс. Сондықтан біз ұсынып отырған кәсіпорынның инновациялық даму бағдарламасы әдістемесінде осы проблеманы шешудің кейбір маңызды тұстары қарастырылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н.А. Казахстан а пороге нового рывка вперед в своем развитии. Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти конкурентоспособных стран мира: Послание Президента РК народу Казахстана // Каз.правда . -2006. -2 марта.-С 1-3
- Веснин В.Р. Менеджмент: Учебник- 2-е издание, перераб.и дополн., М. : Проспект 2005- 540 с.
- Зайцев Л.Г., Соколов М.И. Стратегический менеджмент, учебник- М., Экономист, 2004-416с.
- Сорокина Л.А., Менеджмент в малом бизнесе: Учебное пособие для вузов – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004- 142 с. (серия «профессиональный учебник: менеджмент»)
- Вершигора Е.Е. Менеджмент: Учеб.пособие- 2-е изд, перераб.и дополн., М. : ИНФРА-М, 2005 -283с.- ( Высшее образование)
- 1. Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г.,Нургужин М.Р., Каханова Ш.М., Падиарова И.Л. Системы менеджмента качества организации высшего профессионального образования. Теория и практика. Караганда, Изд-во КазГТУ, 2004 -356 с.