Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді ұйымдық-экономикалық жетілдірудің тетіктері

Экономиканың жаһандану жағдайларында мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеуді ұйымдық- экономикалық жетілдірудің тетіктері мұнай-газ саласын дамыту әдістерінен құралады. Бұған келесілерді жатқызуға болады: жалпы мұнай мен газ өндіру саласындағы заңнамаларды жетілдіру, мұнайды өңдеу өндірістерін дамыту, тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту, мұнай-газ саласын техникалық реттеу, жаңа жобалардағы қазақстандық үлес жөнінде, мұнай-газ саласындағы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу.

Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу болашаққа деген даму перспективасы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында толық қамтылған және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі негізгі бағыттарда айқындалған. Бірақ, қазірде әлемдегі болып жатқан түрлі проблемалар бұл стратегиядағы міндеттерді орындауға өз әсерін тигізеді. Соған қарамастан, Қазақстан Үкіметі осы көптеген мәселелердің алдын алуды түрлі жобалар жасау, заңдарға өзгертулер енгізу жүйелері қаралып жатыр.

Мұнай-газ саласын мемлекеттік реттеу болашаққа деген даму перспективасы Қазақстан Республикасы үшін алдағы 5-7 жылдағы проблемалар – қазіргі заманғы меншікті мұнай химиясы базасын жасау. Бұл үшін жаңа мұнай-газ кеніштерінің ресурстары шикізат ретінде қолданылады. Әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны осы мәселелерді жүзеге асыру жылдамдығына байланысты болады. Оны шешу үшін барлық ресурстарды: ұлттық компаниялар мен корпорациялардың, біріккен кәсіпорындардың қаражаттарын жұмылдыру керек деп ойлаймыз.

Қазақстанның көптеген мұнай-газ кеніштерінде өнім өндіру күрделі жағдайда жүреді. Жабдықтар тозған және экономикалық тиімділігі төмен. Осыған байланысты күрделі қаржы салуды талап етеді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін, тиімділігін төмендетеді және мұнай құятын құбырлардың ескіруі мен жабдықтар жиі бұзылуынан орын алатын мұнай және газ қалдықтарының шығу жағдайларына байланысты іргелес аймақтардың экологиясы бұзылуына соқтырады. Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін жаңарту қосымша инвестицияларды талап етеді. Бүгінгі күні көмірсутектерді өңдеуге күрделі қаражат жеткіліксіз болғандықтан, республика олардың көп белігін сатуға мәжбүр болуда.

Демек, қазірдің өзінде-ақ шаралар жүйесі әзірленуі тиіс, бұлардың негізгі нәтижесі - қоршаған ортаның тұрақтылығына кепілдік беретін көмірсутек шикізаттарын өндіру, тасымалдау және өңдеудің барлық буындарының сенімді жұмысы болмақ. Көмірсутек ресурстарын ұтымды әрі кешенді пайдалану - дамудың басты бағыты болуы керек.

Мұнай-газ өндіруші мұнай компанияларда, 2011 жылы алауларда 3 миллиардтан астам газ жанып кетсе, 2010 жылы 1,7 миллион жағылған. Бұл олардың Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп жатқандығын көрсетіп отыр. Бұл деректі биліктің өкілдері растады. «Заманында, онжылдықтан бұрын біз контрактілер бекіткенде, шын мәнінде, ілеспе газ құнсыз болды, - деді мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Сафинов. Негізгі контрактілер мұнайға ғана арналған. Тиісінше газ деген шартта мүлде көрініс таппады деуге болады, ол негізінен жағылуы және қоршаған ортаға зиян келтіру проблемалары тұрғысынан көбірек қарастырылды. Үлкен төлемдер төлеу қажет еді. Сондықтан, сол кезеңде мемлекет: «Жер астынан минералды ресурсқа қатысты не шықса, соның барлығы жер қойнауын пайдаланушының еншісі!» деді. Қазір газдың өте құнды өнімге айналуына байланысты, мемлекет ілеспе газдың босқа жағылуына бей-жай қарап отыра алмайды. Осы себепті, өте қатаң құқықтық режимдер қабылданды», – деді. – Өкінішке қарай, Қазақстанда жеке газ кен орындары жоқ. Газ ресурстары мұнай-газ кендерінде шоғырланған. Бірақ, басымдық - мұнай өндіру еді, ал газ оған ілеспе болды, - деп ашық айтты сенаторларға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Газ жобалары жөніндегі Басқарушы директоры Б.Назаров.

«Бүгінгі күні еліміздің мұнай-газ саласында түбегейлі құрылымдық қайта құрулар жүзеге асып, бұл бағыттағы басқару жүйесінде реформалар жүргізілді. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар 2015 жылға дейінгі газ саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес елді мекендерді газдандыру аясында біршама

жұмыстар атқарылды. Дегенмен де, Газ саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде елді мекендерді газдандыру шарасы сәтсіздікке ұшырап отыр. Жалпылама алып қарасақ, бұған таңданарлық ештеңе де жоқ. Өйткені бұл үдеріс жергілікті сипат алып, онда Қазақстанның солтүстік өңірлерінің мүдделері қорғалмаған еді. Сонымен бірге, бұл бағытта бағдарламаны жүзеге асырудың заманауи, бұрынғыдан тиімдірек әдістері қамтылмады. Оның үстіне бағдарлама тек қана мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асты», - деді жиын барысында сенатор Еділбай Иманқұлов.

2010 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті "мұнайлық ілеспе газды ұлттық меншікке алу туралы» тапсырма берген. Бірақ та, елімізде «көгілдір отын» нарығы, тіпті дамымақ түгілі, әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан да, газбен қамтамасыз ету туралы арнайы заң шығару қажет. Сонда газды тасымалдау, оны бөлу, тіпті күні бүгінге дейін әлі жоқ деуге болатын нарықты құру мәселелері көрініс табуы қажет. Қазірде Мұнай және газ министрлігі заңның жобасын әзірлеп жатыр.

Жаһандық «көгілдір отын» нарығының орталық азияда көп көңіл бөлетін Өзбекстанда екендігі белгілі: «көгілдір отынның» тіпті саяси құрал ретінде жүрер стратегиялық ресурс екендігін зерттеп, зор көңіл бөліп, енді өз қазыналарын газдан түскен мол қаржымен толтырып отыр. Ал бізде «қара алтын» өндіруге көп көңіл бөліп, ілеспе газды көпке дейін көзге ілмей келген. Өндірістің одан әрі өсуі – теңіз және Қарашығанақ кенорындарын қарқынды игеруге, Қашаған кенорнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің басталуына байланысты. Жоба операторларымен бірге аталған кенорындарында жаңа ірі кеңейтулер үшін мүмкіндіктерді зерттеу жалғасуда.

«Теңізшевройл» ЖШС «Болашақ кеңейту жобасы» (БКЖ) шеңберінде шикі мұнайды кері айдау технологиясын қолданып, өндірісті одан әрі кеңейту нұсқаларын қарастыруда. БКЖ негізгі мақсаты – мұнай өндірудің жалпы көлемін ұлғайтумен, шикі мұнайды тәжірибелік кері айдаудың және оның Теңіздің платформалық бөлігінде таралудың табысты өтуіне негізделген, өндірістік қуаттардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Қашаған кенорнын игерудің 2-кезеңі Базалық Жобалау сатысында, оны 2012 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. 2-кезең тәулігіне 1 млн баррельге дейін (46 млн. т/жыл) өндіру деңгейіне қол жеткізу үшін тәулігіне 275 мың баррельден екі кезекті қамтиды. Сонымен бірге, Солтүстік Каспий жобасының Операторы (Норт Каспиан Олерейтинг Компани Б.В.) кенорнын игерудің 2-кезеңі құнының шығындарын төмендету және оның экономикалық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. Жоғарыда аталған барлық кеңейту жобалары бойынша техникалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қарау талап етіледі. Қазақстанда жыл сайын 650 млн. тонна ілеспе газ жанады. Бұл 2 млрд. сағатына /кВт өлшем бірлігінде электроэнергиясы дегенді білдіреді. Газ өндірісін ұлғайту негізінен жаңа және негізгі базалық: Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Толқын және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі тағы бірқатар кәсіпорындарды, сондай-ақ, Каспий қайраңы кенорындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен қамтамасыз етіледі. Өндірілетін газ негізінен ілеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлы газды өндіру және шығару қарқыны мұнай өңдеу қарқынымен және кенорнын игеру бойынша қабылданған технологиялық шешімдермен (мысалы, газды кері айдау) айқындалады. Болжам бойынша 2012 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен – 37,0 млрд. текше метр, ад 2014 жылға қарай – шамамен 55,8 млрд. текше метр құрайтын болады.

Ілеспе газ өндірісін ұлғайту перспективаларын ескере отырып, бір мезгілде шағын мұнай-газ кенорындарын игеру кезінде газ тазалайтын арнайы қондырғыларды құрып, жұмыс істеп жатқан газ өңдеу зауыттарын кеңейту талап етіледі.

Қазақстан үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мәселесі күннен-күнге маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс өзекті болып табылады. Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау шығындары барынша төмендетілген жағдайда қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай экспортының болжамды көлемдерін бағалау бойынша 75 млн тоннаға дейін өсу көзделеді. Қазіргі сәтте газ экспортының ресейлік бағытына бәсекелесетін баламаның жоқ екенін және ағымдағы сату Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасында жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, қазақстандық тарап уәкілеттік берген ұйым арқылы жеткізуді жүргізіп, әділ нарықтық баға алу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте уәкілетті органдармен ("Трансферттік баға белгілеу туралы" Заңға сәйкес) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында эксперттік

бағаны келісу және бекіту үшін нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормаларды енгізу тиісті жұмыс жүргізу қажет.

Ішкі газбен жабдықтауды дамыту тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған саланы дамыту басымдықтарының бірі болып қала бермек. Қазіргі уақытта республикада 30 және одан да көп жыл бұрын салынған ұзақтығы шамамен 11 мың шақырым болатын орта және төмен қысымды газ тарататын желілерінің басым бөлігі өзінің беріктілік қорын тауысқан. Таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйі негізгі құралдар мен жабдықтың жоғары дәрежелі тозуымен сипатталады. "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ бөлімшелері пайдаланатын газ тарату желілері бойынша газ құбырларының шамамен 18% апат алдындағы жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды пайдаланудың нормативтік мерзімдері 30 жыл болса, жабдық пен құбырлардың 12% 35 жылдан астам пайдаланылып келеді. Бұдан басқа, газ құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырлардың 40%- нің ұзақтығы электр-химия қорғаныссыз пайдаланылуынан болып отыр. Газ реттеу қосындарының жартысына дерлігі және шкафтық газ тарату қосындарының үштен бір бөліп жөндеуді немесе алмастыруды қажет етеді.

Тікелей жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі негізінен ағымдағы мамандарды даярлау жүйесі шеңберінде, сондай-ақ, өз компанияларының біліктілікті арттыру мұнай-газ саласын реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе аймағындағы мұнай компаниялары кәсіби деңгейі жоғары мамандардың тапшы екендігін айтып шағымдануда. Өйткені, Қазақстандағы жоғары оқу орындарын бітірген жас түлектер компаниялар тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді. Тәжірибе ретінде ұсынылған бұл талаптар алдағы 2-3 жыл ішінде жүктелетін міндет ретінде бекітілуі тиіс. Статистика бойынша бүгінде Қазақстандағы еңбекке қабілетті 8413,5 мың адамның 935,9 мыңы ғана өндіріс саласында жұмыспен қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, шетелдік компанияларға қабылданатындары - 3-5 пайызы ғана.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көмірсутектердің өте үлкен қорына ие болу әрқашанда ұлттық әл-ауқаты жақсаруына әкеле бермейді. Мұнай-газ кешенінің сервистік саласы дамуын мемлекеттік реттеу қажет. Мұнай-газ саласы ұйымдарының техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуін арттыру.

Газды кәдеге жарату бағдарламаларына сәйкес мұнай мен ілеспе газды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар 2013 жылға қарай өндірілетін барлық ілеспе газды (жағылатын газдың технологиялық тұрғыдан шарасыз көлемдерін алып тастағанда) кәдеге жарататын болады. 2014 жылға қарай өндірілетін ілеспе газдың кемінде 95% деңгейіне қол жеткізілетін болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 2011 жылғы 18 ақпан. – Алматы: Жеті жарғы, 2011.
  2. Назарбаев Н.Ә.«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 жылдың ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауы.
  3. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары: ҚР Президентінің бұйрығымен бекітілген, 2007 жылғы 4 желтоқсан, № 735. - Астана, 2007.
  4. Қазақстан Республикасының 2009-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму стратегиясы. – ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы, № 30, 2008.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.