Кіріспе
Мемлекеттің және Төтенше жағдай мамандары мен Министрліктің алдында тұрған ең бір өзекті мәселелердің бірі – ол халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сонымен бірге жалпы ортадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи сипаттағы және техногенді сипаттағы түрлі апаттар мен авариялардың, жарылыстардың, өрттердің алдын алу мен олардың салдарын жою болып табылады.
Осы орайда Төтенше жағдай Министрлігі мен төтенше жағдай мамандары бұрыннан келе жатқан дәстүрлі әдістермен қатар, қазіргі заманға сай инновациялық, ақпараттық құралдарды пайдалан отырып, осы ТЖ алдын алуға және салдарларына жоюға күш салуда.
ТМД елдерінің ішінде ТЖ салдарын алдына ала болжау және барлау, ақпаратпен қамтамасыз ету құралдары көбінесе Ресейде қолданылып келеді, ал дамыған елдерде осы ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету жүйелері 20 ғасырдың ортасында-ақ дамып кеткен.
Біздің елімізде Төтенше жағдайдың, әсіресе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар көптеп орын алады, мысалы жер сілкінісі, су басу, қар басу, сырғыма, опырылма, орман өрттері сияқты төтенше жағдайлар көптеп кездеседі. Осы төтенше жағдайлардан келетін материалдық шығын мен адам шығыны жыл сайын өсіп келеді. Төтенше жағдай мамандары халық пен қоршаған ортаны, қорғау мақсатында түрлі айла тәсілдерді жасауда, бірақ осы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қазіргі жасалынып жатқан шаралар жеткіліксіз. Өйткені жыл сайын көктем кезінде Қазақстанның барлық аймақтарын қар еріп су басып қалып жатыр. Сол себепті төтенше жағдай мамандары шетелдік әріптестері қолданатын, төтенше жағдайларды ақпараттық болжау, модельдеу, космостық түсірілімдер жасау сияқты іс-шараларды қолданатын болса, елімізде төтенше жағдайдан келетін шығындар, адам шығыны да азаятын еді, сол себепті, мен мақаламда бірнеше ақпараттық қамтамасыз ету құралдарына шолу жасадым.
Соның ішінде – Географиялық Ақпаратты-Аналитикалық Талдау Жүйесі қолданылу өте ыңғайлы (ГАТЖ). Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғауға бағытталған, ақпаратпен қамтамасыз етудегі шешім қабылдаудың тиіміділігін арттыру үшін Географиялық Ақпаратты- Аналитикалық Талдау Жүйесі қолданылады (ГАТЖ).
Қазіргі таңда Төтенше жағдай Министілігінің басқару органдары ақпараттық қамтамасыз ету шарттарын үш жолмен шешуде: жеке компьютерді (ЖК) қолданбай, арнайы бағдарламасыз, жеке компьютерді қолданып арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютерді қолдана отырып. Ақпараттық шарттарды шешу үшін, дәстүрлі базадағы мәліметтерді басқару жүйесін (БМБЖ) қолданылады, мұнда есептік шарттар өндірістік немесе өздері құрған бағдарламалық өнімдерді (БӨ) қолдану арқылы шешіледі.
Географиялық ақпараттық талдау жүйесі (ГАТЖ) «Қауіпсіздік»
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан территория мен халықты қорғауға бағытталған, ақпаратпен қамтамасыз етудегі шешім қабылдаудың тиімділігін арттыру үшін Географиялық Ақпаратты Аналитикалық-Талдау Жүйесі қолданылады (ГАТЖ).
ГАТЖ - бұл стандарттты ГАЖ (геоақпараттық жүйелер). ГАЖ-дың басты шарты- арнайы есептік шешімдерді, ТЖМ басқару органдарының қабылданған шешімдерін қолдау мақсатында, ақпараттық және талдау шарттарын шешуге арналған. Келешекте жүйе келесі шарттарды шешуді қамтамасыз етуі қажет: картографиялық карталарды түзету мен құруды; электронды күйінде мәліметтерді жинауды, өңдеуді және сақтауды; мәліметтерді жоғары жылдамдықпен өңдеуді; жүйені дамыту мүмкіндігін; мәліметтерді ұжымдық талдауды; қолданушының жұмыс істеудегі қарапайымдығы мен қолайлы болуын; сызба, сурет және видеоақпараттармен жұмыс істеуді; әртүрлі географиялық координаталар жүйесін таба білуді; векторлық және сызбалық үлгілердің, АБЖ (ақпараттандырылған бағдарламалар жүйесі) мәліметтеріне қолдау жасауды; тораптар мен маршруттарға өңдеу жасауды; картаны принтерден шығаруды; сыртқы ААЖ (автоматтандырылған ақпараттар жүйесі) мәліметтерін қолдану; қашықтан зерттеу мәліметтерін пайдалануды (ҚЗМ); пайдаланудағы есептік үлгілерді қолдауды; пайдалану үлгісін қабылдау мен жасау мүмкіндігін; атрибуттық және кеңістіктік сұраныстарға өңдеу жасауды; ГАЖ толық талдау жүргізуді; ГАЖ–талдауларының нәтижелерін әртүрлі форматта ұсынуды; үш өлшемдегі үлгі жасауды (3D); үш өлшемді беттерді талдау және құруды.
Осы қойылған шарттарды шешу үшін ГАТЖ құру кезінде келесі жұмыстар орындалады: ГАТЖ құруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау және нарықтағы бәсекелестікті талдау; ТЖМ БО (басқару органдары) арналған ГАТЖ жасау жобасының ғылыми-әдістемелік негізін құру; ГАТЖ мәліметтер базасының физикалық және концептуалдық үлгісін жасау; ГАТЖ құрамдарының есептік үлгілерінің концепциясын жасау; ТЖМ БО шарттарын шешуге арналған ГАТЖ қабылдаудың мақсатқа сай екендігі мен эксперименталды зерттеу мүмкіндіктерін қарастыру; ТЖМ БО жергілікті деңгейде шешім қабылдауына қажетті БҚ шарттарын шешу үшін, ГАТЖ тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.
ҚР экономикасы саласы мен субъектілерінде ГАЖ БҚ пайдалануды талдау нәтижесінде ESRI фирмасының бағдарламалық өнімдер құрамына кіретін, ArcInfo бағдарламасы пайдаланылуда. ArcInfo, MapInfo, GeoDraw, AutoCAD Map Панорама сияқты бағдарламаларды пайдаланудан қарағанда ArcInfo бағдарламасының базасы сапалы екендігі анықталды.
ГАТЖ шешетін шарттарынан, оны құрудың БҚ құрамы анықталды (2-сурет).
2-сурет. ГАТЖ жобасының бағдарламалық қамтамасыз етудің логистикалық сызбасы
2. Апаттық қауіпті химиялық объектілердегі ТЖ -ды ақпарттық қамтамасыз ету
Апаттық қауіпті химиялық заттар – бұл адам ағзасына, қоршаған ортаға әсер ететін, күшті әсер етуші улы заттар (ҚӘУЗ).
Азаматтық қорғаныста «күшті әсер ететін улы заттар» термині 60-жылдары енгізілген.
«ҚӘУЗ» – бұл ауылшаруашылық мақсатында қолданылатын, сыртқа тасталынғанда немесе төгілгенде ауаны зақымдайды және халықты жаппай уландыруға алып келеді.
ҚӘУЗ басты ерекшеліктері: желдің бағыты бойынша үлкен қашықтыққа таралуға қабілетті және адамдарды зақымдайды; саңылаусыздандырылмаған ғимараттарға өтіп ауаны ластау қабілеті; ҚӘУЗ көп түрлілігі, ол сүзгілі газ қағарлардың жұмысын қиындатады; ҚӘУЗ тікелей әсерімен қоса, сумен, өнімдермен, қоршаған ортадағы заттармен әсер етуі.
2-кесте. МЕСТ 12.1.007-76 (99) сәйкес «Зиянды заттар. Қауіптіліктің жалпы талаптары және топталуы», ҚӘУЗ адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша 4-қауіптілік класына бөлінеді:
Атаулары |
Қауіптілік класына арналған мөлшері |
|||
Көрсеткіштері |
1-ші |
2-ші |
3-ші |
4-ші |
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК), мг/м3 |
0,1-ден төмен |
0,1-1,0 |
1,1-10,0 |
10,0-нан жоғары |
Асқазанға түскен кезіндегі өлімге алып келетін дозасы, мг/кг |
15-ден төмен |
15-150 |
151-5000 |
5000-нан жоғары |
Теріге түскен кезіндегі өлімге алып келетін дозасы, мг/кг |
100-ден төмен |
100-500 |
501-2500 |
2500-нан жоғары |
Ауадағы өлімге алып келетін дозасы, мг/м3 |
500-ден төмен |
500-5000 |
50000 |
50000-нан жоғары |
Ингаляциалық улану мүмкіндігі коэффициенті |
300-ден жоғары |
300-30 |
29-3 |
3-тен жоғары |
Күшті уландыру аймағы |
6,0-ден төмен |
6,0-18,0 |
18,1-54,0 |
54,0-дан жоғары |
Қайта әсер ету аймағы |
10,0-дан жоғары |
10,0-5,0 |
4,9-2,5 |
2,5-тен аз |
класс, өте қауіпті: фосфордың хлор тотығы, этиленимин, сынап.- класс, жоғары қауіпті: акролеин, мышьякты сутегі, күшті қышқыл, диметиламин,фтор,
- класс, орташа қауіпті: үшметиламин.
- класс, қауіптілігі аз: аммиак, метилакрилат, ацетон.
1 және 2 кластық заттар, кішкене мөлшерде шыққанда адам өміріне қауіпті болады.
Осы күшті әсер ететін улы заттардан қорғану үшін оның алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық бағдарламалар жасалынған. Осы бағдарламалардың көмегімен, АҚХЗ масштабын, көлемін және салдарын анықтауға болады.
«АҚХЗ» бағдарламалық өнімі Visual Basic бағдарламалау орталығында жасалған және ХҚО (химиялық қауіпті объектілер) мен көліктегі апаттардағы АҚХЗ зақымдалу масштабын болжау бойынша ТЖАҚ (Төтенше жағдайдағы Азаматтық қорғаныс) басқару органдарының жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жасалған. АҚХЗ Бағдарламалық өнімді пайдалану халық пен территорияны қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру бойынша шешімдер қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Объект» ақпараттық үлгісі экономика объектісі (90-ға жуық атрибуттар) туралы ақпараттарды өңдеуге және ол келесі шарттарды шешуге арналған: электронды форматта (түрде) объекті туралы мәліметтер жинау; мәліметтерді сақтау мен жинау; қолдағы бар ақпараттарды біріктіру мен жинақтауды жүзеге асыру; ақпаратты жоғарғы жылдамдықпен өңдеуді қамтамасыз ету; мәліметтерді түзету мүмкіндігін қамтамасыз ету; мәліметтерді ұжымдық өңдеу; іздестіру үрдістерін автоматтандыру және мәліметтерді сорттау; қолданушының жұмысын жеңілдету мен ыңғайландыру.
«АҚХЗ» есептік үлгісі химиялық қауіпті объектілердегі ТЖ пайда болуы кезіндегі мүмкін жағдайдың көрсеткіштерін анықтауға арналған және келесі шарттарды шешеді:
- Анықтау: бірінші және екінші бұлттағы заттардың эквивалентті көлемін;төгілу алаңындағы заттардың булану уақытын; бірінші және екінші бұлттардағы зақымдалу аймағының тереңдігін; зақымдалу аймағының толық тереңдігін; мүмкін зақымдалу аймағының бұрыштық өлшемдері мен ауданын; объектіге зақымдалған ауаның жету уақытын; дәрігерлік жоғалым құрылымы мен көлемін.
- АҚХЗ мәліметтер базасын түзету.
- Шарттардың көлемін, күштер мен құралдарды анықтау, ол үшін: қоршаған ортаның жағдайын бақылау және барлау жүргізу; АҚХЗ басқа жерге айдау, қорған қою; халыққа жеке қорғаныс құралдарын беру; жергілікті жерді залалсыздандыру; санитарлық өңдеу жүргізу; техниканы залалсыздандыру.
4-сурет. «АҚХЗ» (апатты- қауіпті химиялық заттар) үлгісінің интерфейсі (адам компьютермен басқаратын, құралдар, әдістер және ережелердегі кез-келген жүйенің өзара байланысы)
Қорытынды
- Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алуға бағытталған ГАТЖ жүйесінің бағдарламалық құралдарына шолу жасалған.
- Географиялық ақпараттық талдау жүйесі (ГАТЖ) «Қауіпсіздік» бағдарламасы, ТЖМ басқару органдарының қабылданған шешімдерін қолдау мақсатында, ақпараттық және талдау шарттарын шешуге арналған құрал екендігі анықталған.
- «Объект» ақпараттық үлгісі (90-ға жуық атрибуттар) туралы ақпараттарды өңдеуге және ол келесі шарттарды шешуге арналғандығы анықталған.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Скворцов, А.В. Геоинформационные системы в дорожном строительстве: справочная энциклопедия дорожника (СЭД). Т. VI. / А.В. Скворцов, П.И. Поспелов, В.Н. Бойков, С.П. Крысин. – М. : ФГУП "ИНФОРММАВТОДОР", 2006.
- Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 1 : учеб. Пособие для студ. Вузов Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. – М.: Издательский центр «Академия», 2004.
- Основы геоинформатики: В 2-х кн. Кн. 2: учеб. пособие для студ. вузов
- Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др.; под ред. В.С. Тикунова. – М.: Издательский центр "Академия", 2004.
- Майкл де Мерс. Географические информационные системы / Майкл де Мерс. – М. : Дата+, 2000.