Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пестицидтердің алма жапырағы мен жемісіне экологиялық фактор ретінде әсері

Алма және көкөніс өнімдері піскен жас жеміс күйінде, өңдеуші өндірістің жоғары сапалы шараптары мен шампанын, шырындарын, салаттарын дайындауға қажетті шикізаттар ретінде қолданылады. Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық әдіс-биологиялық және экономикалық тиімділігімен, жан-жақтылығымен, өнімділігімен үлкен орын алады. Сондықтан да ауылшаруашылығында жерді игеру мәселесіне байланысты пестицидтердің саны артуда [1]. Мысалы, «2003-2012 жж. Қазақстан Республикасының территориясында қолданылуына рұқсат етілген пестицидтердің тізімі» 249 атаумен қосылады.

Дүниежүзінде өсірілетін өнімдердің азаюына зиянкестер, аурулар және арамшөптер айтарлықтай әсер етеді. Осы зиянды организмдерді төмендету үшін қорғау шараларына мүмкіндік беретін агротехникалық, биологиялық, химиялық және басқа тәсілдер қолданылып келеді. Сондықтан қазіргі уақытта химиялық тәсілді қолдану маңызды болып табылады [2]. Жүзімдіктерді, бақтарды және көкөністерді әртүрлі зиянкестер, аурулар және арамшөптер шығынға ұшыратады.

Ауылшаруашылық өнімдерін химиялық жолмен қорғаудың өзі – өнімнің көбеюіне зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің болмауына сандық, сапалық жағынан пайдасын тигізеді. Республикамызда жыл сайын ауылшаруашылық егістіктері мен жайылымдар, бау- бақшалар пестицидтермен өңделеді. Мысалы, 2002 жылы зиянкестер мен ауруларға қарсы 3189 мың га жер өңделді, ал себілетін тұқымның 30-40 % әртүрлі химиялық препараттармен өңделді.

Сондықтан өсімдіктерде, топырақтарда, ағынды суларда және ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына пестицидтердің таралу динамикасы мен қалдық мөлшерінің әсері маңызды мәселелердің бірі болып саналады [4]. Алынатын алма жемістерімен топырағындағы пестицидтердің құрамы, олардың жұмсалу мөлшеріне байланысты.

Жұмыстың мақсаты – оңтүстік-шығыс Қазақстанның жидек, алма, жеміс және көкөніс дақылдарын зиянды организмдерден қорғау үшін қолданылатын қазіргі заманғы пестицидтердің динамикалық таралуымен, қалдық мөлшері және олардың өнім сапасының негізгі биохимиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу.

Пестицидтерді қолданудың негізгі маңызы – өнімді сақтау, адамдар үшін азық-түлік қорларын көбейту болып табылады. Сонымен қатар қазіргі дәуірде пайдаланылатын пестицидтермен бұрынғы қолданылып келген пестицидтердің айырмашылықтары өте үлкен. Мысалы, 30-жылдары мышьяк қосылысты препараттар (арсенат, кальций арсенаты, париж көгі, ақ мышьяк), натрийдің фторлы және кремнефторлы қосылыстары, никотин және анабазин- сульфаттар алма бақтарына қолданылған. 40- жылдары органикалық препараттар қолданылды. Бұл препараттар қоршаған ортаны, яғни бірінші топырақты ластайды. Хлорорганикалық препараттар шыққанға дейін кальций арсенаты қолданылған, демек, ДДТ препаратымен алмасқан. ДДТ препаратына қарағанда гексахлорциклогексан топырақта 5 есеге тез ыдырайды. Н.Мельников зерттеулерінде ДДТ препараты сиыр сүтінде және ана сүтінде табылған. В.Васильев жәнебасқа авторлардың мәліметтері бойынша [7] алма ағашын өңдеген ДДТ препараты топырақта ұзақ сақталған, яғни 9 жылдан кейін де табылған.

Органикалық қосылыстардың ішінде хлорорганикалық инсектицидтер суда нашар ериді, ал органикалық ерітінділерде, әсіресе майларда жақсы ериді. Сонымен қатар олардың көпшілігі ұшқыш қосылыстар, термиялық және химиялық жағынан сыртқы ортаға (температураға, күн сәулесіне, ылғалдылығына) тұрақты. Сондықтан зиянкестерден қорғайтын препараттар ұзақ уақыт сақталатындықтан сыртқы ортамен ауылшаруашылық өнімдеріне қауіпті екені белгілі. Осы топтың препараттары топырақта 2-15 жыл аралығында сақталуы мүмкін, топырақтың беткі қабатынан, ішкі құрылымына баяу көшіп отырады. Содан кейін препараттар өсімдік ішіне кіреді, жаңбыр сулары арқылы өзендермен, көлдерге түседі. Топыраққа шашылған хлорорганикалық қосылыстар 1-8 аптаның ішінде топырақтың микробиологиялық белсенділігін уақытша төмендетеді, бірақ топырақтың қасиетіне елеулі әсер етпейді. Ал суға түскен химиялық қосылыстар бірнеше апталар бойы немесе айларда табылады. Бір уақытта судағы өсімдіктер мен жануарлар организмдеріне сіңіп, жиналады [8]. Зерттеу жүргізілген аймақтарда алма бақтарының жер көлемі – 13 мың га. жерді алып отыр.

Алма – негізгі жемістің бірі болғандықтан, биологиялық-өндірістік нышандарымен, тасымалдануымен және десерттік сапасымен бағаланады. Алма жемісінде қант құрамы, дәрумендер, органикалық қышқылдар және белсенді физиологиялық қосылыстар көп кездеседі.

Зерттеу жұмыстары алманың «Бельфлер» және «Заилийский» сорттарында жүргізілді. Алма жемістерін зиянды организмдерден қорғау үшін – жеміс құрттарына және кенелерге қарсы – аполло, 50% с.к., децис, 12,5 % к.э., инсегар, 25% с.ұ. инсектицидтері; ал жемістің таз қотыры қоздырғыштарымен шірігіне қарсы - дитан М-45, 80 % с.ұ., импакт, 25% с.к, скор, 25 % к.э. фунгицидтері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша инсектицидтердің, фунгицидтердің таралу динамикасы – 1, 2, 3 - кестелерде көрсетілген.

1-кесте. Алма жапырағы мен жемісінде фунгицидтердің таралу динамикасы және қалдық мөлшері, «Бельфлер» сорты

Варианттар

Жұм-алу мөлшері, л/га, кг/га

Зерттеу объектісі

Әсер етуші заттың құрамы, мг/кг

өңдегеннен кейінгі күндер

10

20

45

өнімді жинау алдында

Дитан М-45, 80 % с.п.

0,30

Жапырағы

0,20

0,01

0,005

із.мөл.

(манкоцеб)

 

Жемісі

0,025

0,05

0,003

табылмаған

Скор, 25 % к.э.

0,15

Жапырағы

0,10

0,05

0,005

із.мөл.

(дифеноконазол)

 

Жемісі

0,02

0,01

із.мөл

табылмаған

Алынған нәтижелер бойынша, алма жемісінде фунгицидтермен өңдеуден кейінгі 20-күнде скор препараты із мөлшерінде, ал дитан препаратының - 0,003 мг/кг қалдығы 45-күнде табылғанымен, өнімді жинау алдында бұл препараттар табылмаған. Алманың гүлдеуіне дейін, жемістің грек жаңғағы көлеміндей болғанда және кейінгі өсуімен, жемістің пісіп-жетілуіне дейінгі кезеңдерінде скормен өңдеу үш рет жасалған, ал екінші вариантта алманың гүлдеуіне дейін және гүлдегеннен кейін скормен екі қайтара өңделген.

Жүргізілген зерттеулер бойынша бақылау вариантында алма жемісінің таз қотыры қоздырғыштарының дамуы және өнімнің төмендеуі 70 ц/га болғанда, скор препаратымен өңделген варианттарда өнім 83,0-91,8 ц/га-ға дейін жоғарылап, биологиялық тиімділігі жағынан күшті әсер көрсетті.

2-кесте. Алма жапырағы мен жемісінде пестицидтердің таралу динамикасы және қалдық мөлшері, «Бельфлер» сорты

Вариант

Жұмсалу мөлшері, л/га, кг/га

Зерттеу объектісі

Әсер етуші заттың құрамы, мг/кг

өңдегеннен кейінгі күндер

1

10

20

30

40

өнімді жинау алдында

Аполло,

0,3

жапырағы

-

0,70

0,34

0,29

0,12

0,039

50% с.к.

 

жемісі

-

0,50

0,22

0,13

0,09

0,010

(клофентизин)

               

Децис,

0,3

жапырағы

0,41

0,09

0,010

із.мөл.

табыл-

табыл-

12,5% к.э.

           

маған

маған

(дельтаметрин)

 

жемісі

0,25

0,03

0,008

із.мөл.

табыл-

табыл-

             

маған

маған

Инсегар,

0,6

жапырағы

-

0,67

0,43

0,21

0,12

0,08

25%с.п.

 

жемісі

-

0,48

0,19

0,10

0,06

0,02

(феноксикарб)

               

Импакт,

0,2

жапырағы

-

0,31

0,105

0,050

0,020

0,010

25% с.к.

 

жемісі

-

0,12

0,043

0,006

0,005

із.мөл.

(флутриафол)

               

Скор,

0,2

жапырағы

0,62

0,26

0,090

0,040

із.мөл.

табыл-

25% к.э.

             

маған

(дифеноконазол)

 

жемісі

0,37

0,09

0,022

0,010

табыл-

табыл-

             

маған

маған

Алма жемісіндегі санитарлық-гигиеналық ережемен белгіленген ең жоғарғы шама:– аполло (клофентизин) – 0,02 мг/кг; децис (дельтаметрин) - 0,01 мг/кг; инсегар (феноксикарб) - 0,01 мг/кг; импакт (флутриафол) – нормативте көрсетілмеген; скор (дифеноконазол) - 0,1 мг/кг.

Алынған нәтижелер бойынша (2-кесте), фунгицидтермен өңдеуден кейінгі 30-күнде аурулардың дамуын тоқтату сандық жағынан жеткілікті және 40-күнде олар із мөлшерінде кездеседі. Децис препаратына қарағанда, аполло мен инсегар препараттары баяу таралды. Ал децис препараты 30-күнде алма жемісінде із мөлшерінде кездесті.

3-кесте. Алма жапырағы мен жемісінде пестицидтердің таралу динамикасы және қалдық мөлшері, «Заилийский» сорты

Вариант

Жұмсалу мөлшері, л/га, кг/га

Зерттеу объектісі

Әсер етуші заттың құрамы, мг/кг

өңдегеннен кейінгі күндер

1

10

20

30

40

өнімді жинау алдында

Аполло,

0,3

Жапырағы

-

0,50

0,26

0,12

0,07

табылмаған

50% с.к.

 

Жемісі

-

0,20

0,14

0,10

0,02

табылмаған

Децис,

0,3

Жапырағы

0,40

0,07

0,012

0,008

0,004

із.мөл.

12,5% к.э.

 

Жемісі

0,20

0,02

0,005

0,002

із.мөл.

табылмаған

Инсегар,

0,6

Жапырағы

-

0,47

0,21

0,11

0,041

табылмаған

25% с.п.

 

Жемісі

-

0,28

0,08

0,03

0,013

табылмаған

Импакт,

0,2

Жапырағы

-

0,29

0,121

0,021

0,010

із.мөл.

25% с.к.

 

Жемісі

-

0,10

0,020

0,005

із.мөл.

табылмаған

Скор,

0,2

Жапырағы

0,60

0,22

0,061

0,009

0,025

із.мөл.

25% к.э.

 

Жемісі

0,35

0,09

0,010

0,007

із.мөл.

табылмаған

Алма жемісінде өңделген аполло және инсегар препараттары Бельфлер сортына қарағанда, Заилийский сортында (3-кесте) қарқынды таралған. Яғни, бұл пестицидтердің төмендеу процесін әртүрлі алма сорттарының ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Алма ағашы гүлдегенге дейін және кейінгі өсуімен, жемістің пісіп-жетілуіне дейінгі кезеңдерінде скор, 25 % к.э. және импакт,

25 % с.к фунгицидтерімен екі рет өңделген. Өнімді жинаған кезде децис, импакт, скор препараттары алма жапырағында із мөлшерінде анықталды.

Алманың «Бельфлер және Заилийский» сорттарының салыстырмалы түрде инсектицидтер мен фунгицидтің динамикалық таралуы зерттелген.

4-кесте. Әртүрлі сорттардағы инсектицидтер мен фунгицидтің салыстырмалы түрде таралу қарқындылығы

Сорт

Зерттеу объектісі

Әсер етуші заттың құрамы, мг/кг

Өнімді жинау алдында

өңделгеннен кейінгі тәуліктер

1

10

20

30

40

Инсегар, 25 % с.п. (феноксикарб)

Бельфлер

жапырағы жемісі

0,69

0,49

0,58

0,37

0,45

0,21

0,34

0,17

0,23

0,11

0,070

0,010

Заилийский

жапырағы жемісі

0,65

0,47

0,54

0,33

0,41

0,19

0,30

0,13

0,17

0,09

0,020

0,007

Каратэ, 5% к.э. (лямбда-цигалотрин)

Бельфлер

жапырағы жемісі

0,54

0,42

0,45

0,30

0,27

0,15

0,11

0,08

0,090

0,040

0,02

із мөл.

Заилийский

жапырағы жемісі

0,52

0,40

0,41

0,27

0,22

0,11

0,09

0,04

0,040

0,007

0,01

із мөл.

Импакт, 25% с.к. (флутриафол)

Бельфлер

жапырағы жемісі

0,45

0,26

0,32

0,13

0,11

0,05

0,08

0,01

0,030

0,005

0,01

табыл- маған

Заилийский

жапырағы жемісі

0,39

0,21

0,28

0,15

0,15

0,04

0,05

0,007

0,010

следы

0,01

із мөл.

Жұмсалу мөлшері: инсегардың – 0,6; каратэнің – 0,5; импактың – 0,2 л/га.

ЕЖКШ (ең жоғарғы көрсеткіш шамасы): инсегар – 0,01 мг/кг; каратэ – 0,03 мг/кг; импакт –

нормативте көрсетілмеген.

4-кестедегі мәліметтер бойынша, зерттелген пестицидтердің ішінде инсегар инстектициді баяу таралған, яғни өңделгеннен кейінгі 40-күнде жапырағы мен жемісінде ЕЖКШ-дан жоғары болған. Инсегардың әсер етуші заты (феноксикарб), алма жемісінің өнімінде 0,07-0,01 аралығында табылған, демек инсектицидтің ЕЖКШ-не жақын немесе тең екенін көрсетеді.

Сонымен, қорытындылай айтқанда зиянкестер мен ауруларға қарсы өңделген пестицидтер айтарлықтай тиімділік көрсетті. Пестицидтердің қолданылуы өсіп келе жатыр және бұл тенденция өнімді көтеру мақсатында болашақта да жалғасатыны анық.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мельников Н.Н. Важнейшие современные направления химизации растениеводства // Агрохимия,1999. - № 9, - С. 5-11.
  2. Мартыненко В.И., Промоненков В.К., Кукаленко С.С., Володкович С.Д., Каспаров В.А. Справочник«Пестициды», М.Агропромиздат, 1992, - С. 3-4.
  3. Сагитов А.О. Состояние и перспективы науки по защите растений в Казахстане // Стратегия научного обеспечения АПК РК в отраслях земледелия, растениеводства и садоводства: реальность и перспективы, книга 2, Алматы, «Агроуниверситет», 2004, - С.165-166.
  4. Санягина Н.А., Легостаев Н.А. Разложение, миграция и трансформация различных пестицидов в агроландшафтах // Агрохимия. 1999, №2. –С. 93-96.
  5. Исмаилова Э.Т., Шанимов Х.И..Ашықбаев Н.Ж., Рвайдарова Г.О. Жүзімдікті зиянкестер мен ау27. Мельников Н.Н. О перспективном ассортименте инсектицидов // Химия в сельском хозяйстве, 1971, № 3, С.34- 38.
  6. Мельников Н.Н. О перспективном ассортименте инсектицидов // Химия в сельском хозяйстве, 1971, № 3, С.34-38.
  7. Васильев В.П., Дегтярева А.С., Косматый Е.С., Гаврилова Г.В. Об остатках ДДТ в тканях различных частей дерева // Химия в сельском хозяйстве, 1971, № 5, С.24-25.
  8. Петрова Т.М. Гидролитическое разрушение инсектицидов // Агрохимия.- 1985.-№ 8.-С.93-99.
  9. Khan S.U. Pesticides in the soil environment. Amsterdam etc.: Elsevier: North-Holland. 1980. 240 p.рулардан қорғау // Жаршы, 2006, № 3, С. 28-31.
  10. Васильева В.П. Охрана окружающей среды при использовании пестицидов. Под. Ред. акад. АН УССР., Киев: Урожай, 1983. 128 с.
  11. Brown A.W. A. Ecology of pesticides. / J. Wiley and sons, 1978, N.Y., 525 p.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.