Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мағжан Жұмабаевтың прозалық аудармалары

Аннотация. Мақалада Мағжан жұмабаевтың 1920-1930 жылдардағы көркем розалық аудармаларының көркем аударма шеберлігі және стильдік екрекшеліктері қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде орыс әдебиеті классиктерінің прозалық шығармаларын аударуды қазақ халқының көркемдік-эстетикалық көқарастары мен дүниетанымын көрсетудің құнарлы негізіне айналдыра білген өзіндік ерекшелігі басым ақын М. Жұмабаев шығармашылығы алынған.

М. Жұмабаевтың орыс әдебиетінен жасаған прозалық аудармалары 1923-1927 жылдар аралығында жарияланған. Бұл – ақынның Мәскеудегі Жоғары әдеби-көркем институтында оқыған уақытымен орайласатын жылдар. Ақынның аударғандары – кеңестік кезеңдегі орыс жазушылары М.Горький, Вс.Иванов, Д.Н.МаминСибиряк, П.Дороховтардың прозалық туындылары. Ал қазақ қаламгерінің орыс жазушыларынан аталған авторларға ықылас қою себебіне зер салсақ, Ш.Елеукеновтің: “М.Жұмабаевтың аудармашылық репертуарын талдағанда оның қолына түскенді емес, қазақ тұрмысына қажетті деген шығармаларды іріктеп, белгілі жүйемен тәржімалағанына көз жеткіземіз” [1, 322],деген пікіріне ден қоймақ ләзім.

Ол – орыс әдебиетінен прозалық шығармалар аударған тұста М.Жұмабаевтың тек қана кеңестік жазушылардың туындыларына назар салу себебіне қатысты. Қазақ қаламгерінің орыс әдебиетінен кеңестік жылдар еншісіндегі прозалық шығармаларды ғана аударуының сыры орыстың классикалық прозасының көркемдік тереңіне бойлауға яки орыс классиктерінің тілдік қолданыстарын өз мәнінде игере жеткізуге Мағжанның қабілет-қарымының, білім деңгейінің жеткіліксіз болуынан туындап жатпағанын бірден айту абзал. Басты мәселе сол тұста өз атына, шығармашылығына байланысты түрлі желеулермен түрліше айдар тағып, түртпектеп, соқтығыса берген кеңесшіл “сыншыларға” өзінің жаңа қоғамға қызмет етуге бет бұрғанын көрсетуге ұмтылысынан туған сияқты.

Десек те, осылай болғанның өзінде де, ол өзінің азаматтық, шығармашылық ұстанымынан ауытқымайды. Олай дейтін себебіміз – кеңестік орыс прозасынан аударма жасауға шығармалар таңдау барысында ол өзінің шығармашылық ұстанымына, жазушылық стиліне, азаматтық көзқарасына жақын келетін туындыларға ден қояды. Сол арқылы жоғары көркемдік талаптарына жауап бере алатын ұлттық прозаны туғызуға талап етіп жүрген қазақ жазушыларына европалық дәстүрдегі проза үлгілерін таныстыруды мақсат етеді. Өзінің шығармашылығына етене жақын болып келетін романтикалық сипаты басым М.Горький шығармаларымен қатар, шығармашылық әдісі тұрғысынан бөлектеу ыңғайда жазылған Вс.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк, П.Дороховтардың кеңестік жылдар оқиғаларын арқау еткен туындыларына көңіл қойған тұста да М.Жұмабаев жоғарыдағы мақсатты діттейді.

М.Жұмабаевтың прозалық аудармаларынан байқалатын шығармашылық мақсаттардың бірі профессионалды көркем прозаға тән негізгі көркемдік сипаттардың енді-енді тамырлана бастаған қазақ прозасына дендей енуіне септесу болса, келесі бірі қазақ жазушыларын идеология ырқындағы науқаншыл ұрандар жетегінде кетпей, өз шығармаларында өмірлік шындықты жазуға, халықтық маңызды проблемаларды көтеруге жол-жоба көрсету болды. Бұл жағдайлардың қай-қайсы да М.Жұмабаевтың сол дәуірдегі ұлттық көркем әдебиеттегі өзінің көшбасшылық парызын айқын сезінгендігін аңғартады.

Демек, М.Жұмабаев орыс әдебиетінен прозалық шығармалар аудару барысында екі түрлі шығармашылық мақсат көздейді. Оның біріншісі – қазақ қаламгерінің қандай да бір тапсырыстарға қызмет етуді емес, өзінің рухани болмысы, дүниетанымы, көзқарасы, шығармашылық мұратымен үндесетін және көркемдік бояулары қанық шығармаларды ғана аударуға, сол арқылы қазақ прозасын көркемдік талаптарын игеру тұрғысынан ілгерілетуге септігі тиетін үлгілерді ұсынуға талап қылуы. Оның бұл қатардағы аудармаларын М.Горькийдің “Сұңқар жыры”, “Жұртын сүйген жүрек”, “Ана”, “Темірді жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” сияқты романтикалық сипаты басым әңгімелері, Вс.Ивановтың “Сай”, Д.Н.Мамин-Сибиряктың “Ақбоз ат” сияқты реалистік мазмұндағы әңгімелері құрайды.

Бұл ретте саналы ғұмырын туған ұлтына қызмет етуге бағыштаған Мағжанды Горький әңгімелері жалпы адамзаттық асқақ мұраттарды ұлықтауымен, кейіпкерлерінің кесек іс-әрекет жасауға қабілетті жаратылысымен, сюжет өрбітудегі динамикалық тартымдылығымен қызықтырса, Д.Н.Мамин-Сибиряктың “Ақбоз аты” сахара тірлігін, қазақ болмысын бейнелеудегі, кейіпкердің ұлттық мінезін жеткізудегі шынайылығымен, Вс.Иванов әңгімесі кейіпкерлердің әрекеттері мен жан дүниесіндегі құбылуларды тіршіліктің түрлі жағдайларындағы психологиялық сезім күйлерімен ұштастыра, иланымды суреттеуімен баурағаны анық. Бұл әңгімелерді аудару арқылы ол, бір жағынан, көркем әдебиеттің негізгі екі әдісі – романтизм мен реализмді – көркем прозада қолданудың кейбір үлгілерін көрсетуді көздесе, екінші жағынан, қазақ әдебиетінде көркемдік тұрғысынан ендіенді қанаттана бастаған прозалық жанрлардың сюжет дамыту, композиция түзу, кейіпкердің сыртқы іс-әрекеті мен ішкі психологиялық көңіл құбылыстарын өзара сабақтастыра бейнелеу, түптеп келгенде, өзегінде өмірлік ақиқат жатқан көркемдік шындық жасау тұрғысынан жетілуіне бағыт-бағдар беруді ойласа керек.

Шынайы талант иесі өзінің шығармашылық ісінде қай салада жұмыс жасаса да, солардың қай-қайсынан да оның азаматтық ұстанымы айқын аңғарылып тұрады. Оның сыры хас таланттың қай кезде де, қандай істе де өзінің азаматтық арына, жүрегінің қалауына ғана қызмет етуді мұрат тұтуында жатыр. Бұл сипат М.Жұмабаев аудармаларына да тән. Оған жоғарыда аталған аудармалары да дәлел бола алады. Ал Вс.Ивановтың “Бала”, “Өз өмірімнен әңгіме”, “Темірбай”, “Жолығу”, П.Дороховтың “Большевик баласы” әңгімелерін аударуға ниет еткен тұста қазақ қаламгері шығарма авторларының реалистік суреткерлігіне ден қоюмен қатар, бұл шығармаларға өзінің азаматтық ұстанымы тұрғысынан келгені де байқалады.

Ал бүкіл ғұмырын туған халқына қызмет етуге арнап өткен Мағжан ақынның азаматтық көзқарасында ұлт тағдыры, ел келешегі аса маңызды орын алатыны мәлім. Оның Вс.Иванов пен П.Дороховтың аталған шығармаларын қазақ тілінде сөйлетуге бейіл танытуына бұл шығармаларда қазақтың сол кезеңдегі өміріне де, сондай-ақ, алдағы тағдырына да тікелей қатысы болар оқиғалар мен жағдайлардың көрініс табуы әсер тигізсе керек.

Мәселен, Вс.Иванов әңгімелерінің негізгі арқауына кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ өміріне тікелей қатысы болған оқиғалар алынған. Жазушының “Бала” әңгімесінің фабулалық желісі ақ пен қызыл соғысы кезінде

монғол даласына қашып тығылған шағын ғана қызыл отряд солдаттарының ата-анасын өздері кездейсоқ атып алған орыс баласын аман алып қалу мақсатындағы қарекет-тірлігінен тұрады. Солдаттардың ниеті жақсы-ақ. Бейкүнә сәбиді аман сақтау керек. Бірақ ол үшін дәл өзіндей бейкүнә қазақ баласын өлтіру қажет пе еді? Жауапты әңгіменің өзінен іздейік: “...Афанас Петрович жерді тепкілеп, шиқылдап қоя берді:

– Өзің не оттап тұрсың? Қара домалақ қазақ бала үшін біздің орыс өлсін дейсің бе?!”

Бұл – барша адам баласын ұлтына, нәсіліне қарамай, теңдікке жеткіземіз деп ұрандатқан қызыл большевиктің сөзі. Енді олардың әрекетіне назар салайық: “Афанас Петрович қазақ баланы қолына алып, бір жыртық қапқа орады. Шешесі дауыс қылып, ұлып қоя берді. Афанас Петрович аса батырмай, келіншекті ауызға бір қойып, қазақ баланы қырға қарай алып жөнелді...” Мәселені басқаша шешуге де болар еді, бірақ кешегі мұжық – бүгінгі қызыл әскердің шама-шарқы осылай шешуге ғана жетті: “Қостың ішінде қазақ келіншек сары баланы емізіп отыр...”

Әңгіме авторы – кеңестік дәуірдегі орыс жазушысы. Әңгіме кейіпкерлері – кеңес өкіметінің негізгі сүйеніші мұжықтар, солдаттар. Ал тірліктері әңгіменің өне бойында көрініс тапқан.

М.Жұмабаевтың прозасын арнайы зерттеу тұрғысынан қарастырған Б.Әбдешев қазақ қаламгерінің Вс.Ивановтан аударған “Темірбай” әңгімесі туралы: “Темірбай төңкеріс кезіндегі бұқара халық өкілінің бейнесі. Мылтық күшіне сенген орыс әскерлері қазақ халқының тілекмүддесімен есептеспей, қаласа ең шұрайлы жерлерін басып алып, “бұратана” деп кемсіткені орыс жазушысының әңгімелерінде шынайы жазылған” [2, 22],деп көрсетсе, оның келесі әңгімесі жайында: “Жолығу” әңгімесі де төңкеріс тұсындағы қазақ даласында болған оқиға.

...Әңгімеде сол замандағы ақ әскерлерінің қарапайым қазақтарды өлтіру, ел тонау жолындағы қимылдары, зұлымдық, қатыгездіктері сөз болған. М.Жұмабаевтың Вс.Ивановтан аударған қай әңгімелерін алғанда да, өмір құбылыстарын қаз-қалпында көрсетумен қатар, керек деген жерлерде дәлелдеу, өмірдің, яки қазақ топырағында болған өмірдің әр жақтарынан да ақпар бере кетуге бой ұруы да сезілмей қалмайды” [2, 22],деген ой айтады.

1918 жылғы аласапыран оқиғалар тұсында жан сауғалап дала кезген бір отбасының тағдырын арқау еткен Вс.Ивановтың “Өз өмірімнен әңгіме” аталатын шығармасына М.Жұмабаевтың назар аударуы әңгіменің бір бөлігінде аштыққа ұрынған қазақтар өмірінің суреті жасалуына ғана байланысты деп түсінсек, Мағжанның аудармашылық мақсатын тым шектей таныған болар едік. Шындығында, аудармашы мақсаты бұл түсініктен ауқымды кеңістікті қамтиды.

Ойымызды айқындай түсу үшін мысалға назар аударалық. Жазушы бір тұста: “Қарағанның бұтақтарында адамның ішектері ілулі тұр. Ішектер кеуіп қалған. Бұларды дыңғырлататын жел мен күшіген...” -деп суреттей келеді де, келесі бір сәтте жантүршігерлік бұл суреттің себебін ашып өтеді: “Казак-орыс жерге таласып, мұжықпен соғысып жатыр ғой. Казакорыстар қолдарына мұжық түссе, қарнын жарып жіберіп, бір таяқтың басына мұжықтың ішегінің ұшын іліп алып, ұршықтай үйіріп, ішекті таяққа орай береді дейді. Мұжық қарқылдап күледі дейді. Казак-орыстар оған қарап қарқылдап күледі дейді... Сөйтіп, мұжық күлкіден өледі дейді”.

Орыс әдебиетінен прозалық шығармалар аудару барысында М.Жұмабаевтың екі түрлі мәселеге ден қойғанын байқаймыз. Оның бірі шығармашылық ұстанымдары бойынша, яғни әдеби-көркемдік талғам-түсінік тұрғысынан өзімен үндестік тапқан авторлардың шығармаларын аударуы болса, екіншісі – азаматтық ұстанымына, қайраткерлік мақсатына сәйкес келетін туындыларды тәржімалауы.

Бірінші мәселеге байланысты ой-пікірімізді М.Жұмабаев аударған М.Горький әңгімелері және Вс.Ивановтың “Сай”, Д.Н.Мамин-Сибиряктың “Ақбоз ат” әңгімелерімен орайластыра айтып өткендіктен, бұл тұста аударма ісіндегі азаматтық ұстаным жайындағы ойымызды түйінделік.

М.Жұмабаев Вс.Ивановтың “Бала”, “Өз өмірімнен әңгіме”, “Темірбай”, “Жолығу”, П.Дороховтың “Большевик баласы” әңгімелерін аударуға қазақ қаламгері, негізінен, өзінің азаматтық ұстанымы тұрғысынан келді. Әрине, бұл жағдай аударма ісінде шығармашылық ұстанымның бірінші кезекте маңызды роль атқаратынын жоққа шығармайды. Десек те, аталған шығармаларды аударуға қазақ қаламгерінің ықылас танытуында оның азаматтық ұстанымының да шешуші маңыз иеленгені даусыз.

Бұл шығармалардың қай-қайсында да азамат соғысы жылдарындағы өмір шындығы, қиынқыстау күндердегі адамдар қарым-қатынасы суреттелген. Сол арқылы олардың шынайы жаратылысы, түпкі мақсаттары ашылған. Аудармашы М.Жұмабаевтың бұл шығармаларға назар аударуы да осы жағдайларға байланысты. Қай шығарманы алсаңыз да, кейіпкерлерінің тірлігінен жан шошиды. Олардың бірі өздері жетім еткен орыс баласын сүтпен асырау үшін ғана қазақ әйелінің нәрестесін өлтіруден шімірікпесе (“Бала”), келесі біреулері жер үшін өз қандасының қарнын жарып, ішегін таяққа орап ойнайды (“Өз өмірімнен әңгіме”), енді біреулері қандастарын өз көрлерін өздеріне қаздырып, атып өлтірсе (“Темірбай”), тағы бірі жазықсыздан-жазықсыз қазақ әйелінің емшегін тірідей кесіп, денесін қылышпен кескілейді (“Жолығу”). Байқалып тұрғандай, бірде-бірінің кісі сүйер қылығы жоқ.

Бүкіл ғұмырын туған халқының тағдырымен сабақтастырған М.Жұмабаевтың бұл шығармаларды аудару барысында көздегені де аңғал да ақкөңіл елін келер күндерде сақтыққа шақыру болса керек. Ендігі уақытта өзгелермен қоянқолтық араласа тірлік етуден басқа жолдың қалмағанын анық түсінгендіктен де, қазақ қаламгері кеңестік орыс әдебиетіндегі шыншыл шығармаларды аудару арқылы, соларда суреттелген шындықты жеткізу арқылы қазақ жұртын қам жасауға бағыттауды діттесе керек. Өйткені мұндай мақсат алаш қамын ойлаған ақын Мағжанның азаматтық жаратылысынан алшақ кетпейді.

Демек, М.Жұмабаев прозалық шығармалар аудару барысында екі түрлі ұстанымды басшылыққа алған деуге толық негіз бар. Оның бірі жазушылық талғам-түсінік, көркемдік-эстетикалық көзқарастардың үндестігіне негізделген шығармашылық ұстаным болса, екіншісі – қазақ ақынының өз халқына қызмет етуді көздеген мақсатымен орайласа танылатын азаматтық ұстаным. Аудармашылық тәжірибесінде Мағжан ұстанған жүйенің басты ерекшелігін айқындайтын бұл ұстанымдардың өз орайында кезектесе маңызды роль атқаратын сәттері әркез ұшырасып жатқанымен, олардың бірінен-бірі ірге ажыратып кетпей, көп жағдайда бірін-бірі толықтырып отыратынын да ескеру керек. Бұл жәйт – Мағжанның прозалық аудармаларына да етене сипат.

М.Жұмабаевтың прозалық аудармалары М.Горькийдің романтикалық дәстүр үлгісіндегі әңгімелерінен бастау алады. “Сұңқар жыры”, “Ана” әңгімелерінің аудармалары алғаш 1923 жылы “Ақжол” газетінде жарияланса, “Жұртын сүйген жүрек”, “Темірді жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” әңгімелері алғашқы аудармалармен топтастырыла, 1924 жылы Мәскеуден шыққан жинақта жарық көрген.

М.Горький әңгімелерін аудару арқылы қазақ қаламгері туған әдебиетінде көркемдікті игеру тұрғысынан енді-енді нығая бастаған ұлттық проза жанрына рухы биік, көркемдік бояуы қанық қаһармандар жасаудың озық үлгілерін ұсынды. Мәселен, туған елінің амандығы үшін басын бәйгеге тіккен от жүректі Данко, билік жолына Отанын сатқан шапқыншы ұлын өз қолымен өлімге қиған өр рухты Ана, перзентіне деген ұлы махаббатының құдіретті күшімен қаһарлы Темірді жеңген Ана, хандық биліктен махаббатты жоғары санаған Мүсәлайма Асбап хан сияқты бейнелер кейінгі жылдардағы қазақ прозасында болмыс-бітімі, іс-әрекеті тұрғысынан айрықша сипаттарға ие бірегей қаһармандар мен кейіпкерлердің тууына белгілі бір дәрежеде әсер еткені сөзсіз.

Сондай-ақ, Мағжанның Горькийден жасаған аудармалары қазақ прозасында европалық үлгідегі новелла жанрының тууына із салуы да ықтимал екендігін жоққа шығара алмаймыз. Бұл жағдайлар, әрине, М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты жеке қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.

Горький әңгімелерін аудару барысында М.Жұмабаев, негізінен, өзінің көркемдік-шығармашылық мұраттарына сәйкес еңбек жасаған болса, азаматтық-қайраткерлік мақсаттарына байланысты аудармалар жасаған кезде ол Вс.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк, П.Дорохов сияқты орыс қаламгерлерінің өмірлік шындықты көркемдік шындыққа айналдыру процесіндегі ақиқатқа адалдығын, бейнелеудегі шынайылығын үлгі ете отырып, қазақ жазушыларына өмірлік ақиқатқа сыйымды шыншыл бейнелер жасаудың маңыздылығын көрсетуді, сол арқылы туған жұртын ақ-қараны ажырата білуге үйретуді көздегені анық. Қалай болғанда да, орыс прозасынан М.Жұмабаев жасаған аудармалардың өз кезегінде ұлттық әдебиетіміздің көркемдік дамуында белгілі бір дәрежеде маңызды роль атқарғанын жоққа шығарудың еш орайы жоқ. Өйткені “Әдебиеттер байланысының маңызды факторларының бірі – көркем аударма. Бір халық әдебиетінің таңдаулы көркем шығармасын екінші халық тіліне аудару, немесе сол нұсқада жаңа шығарма жазу ежелден келе жатқан дәстүр. ... Аударма нәтижесінде оқушы сол халықтың өмір тұрмысымен танысады, жаңа мінездер ашады. Әдебиетте мұнан ұтады: көркемдік жақтарынан үйренеді, өсіп-даму, жетілу жолындағы тәжірибесін байытады. Аударманың әдебиеттер байланысын, әрі халықтар туысқандығын күшейте түсетін фактор болатыны осыдан” [3, 124].

Сөз түйінін Р.Бердібай пікірімен тиянақтар болсақ, академик: “М.Жұмабаев пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің “Сұңқар туралы жырын” аударып, оны 1924 жылы жариялаған, Вс.Ивановтың, Мамин-Сибиряктің әңгімелерін тәржімалаған. Орыс, Европа поэзиясынан аудармамен ақын өзінің қысқа өмірінің барлық кезеңінде де ұдайы айналысып отырған. Бұл қатарда Гете, Гейне, Лермонтов, Фет, Кольцов, Тютчев, Блок т.б. өлеңдерін ұшыратамыз. Шығыс шайырларының сарынымен жазғандары өз алдына бір төбе. Осы мысалдар Мағжанның жаһан әдебиетінің көркемдік жетістіктерінен еркін сусындап қана қоймай, олардың нәрі мен дәнін қазақ топырағына дарытуға да жігерлі ат салысқанын дәлелдейді” [4, 361-362],деп нұсқалы ой тұжырған болатын.

 

Әдебиеттер:

  1. Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: Санат, 1995. – 384 б.
  2. Әбдешев Б.М. Мағжан Жұмабаевтың прозасы. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. – Астана, 2002.
  3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005. – 512 б.
  4. Бердібаев Р. Ақын тағдыры // Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. Құраст. Д.Әшімханов. – Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.